Тұлғаның мотивациялық-ерікті шеңбері
Жұмыс істеу қабілетінің жоғарылығын сақтауда мотивация, баланың өзі істеп жатқан нәрсеге қызығушылық танытуы аз-кем рөл ойнамайды. Мұғалім немесе ата-аналарға бала белгілі бір уақытта елеңдемей қателіксіз жүмыс істей ала ма деп сұрақ қойғанда, көбінесе: «Егер қызықса, иә» деген жауап естуге болады. Кез келген мұғалім бұл ережені, бастауыш сынып оқушысын оқу қызметінің өзіне қызықтыру өте қиын екенін, дегенмен қызығушылық туған жағдайда нәтижесі міндетті түрде болатынын біледі. Осы арада бастауыш сынып оқушыларының қызығушылықтары тұрақсыз екенін, олардың оқу қызметін өздігінше қолдамайтынын, үлгерімі төмендеген жағдайда оқу мате-риалы мен тапсырмаларынан бірден жалығатынын, соған орай жұмыс істеу қабілетінің күрт төмендейтінін ескеру қажет. Бұл туралы әдетте «жалықтыр-ғыш жұмыс» деп айтады. Алайда, педагогтар да, психологтар да кейде бастауыш мектептің соңына дейін балаларда оқу жұмысы процесіндегі қиындықтармен күресуге ынтасы пайда болмайтынын алға тартады. Бұл оқушыларды көбіне жұмыстың өзіне емес, тек соңғы нәтижеге (баға, бағалау), белсенді шығармашылық жұмысқа емес, «сұрайды-сұрамайды» сәттілік жағда-йына бейімдейтіндіктен орын алады.
Үлгермеушілік проблемасын шешу жолдары: психологиялық қызметті құру, түзету сыныптарын ұйымдастыру
Бастауыш сынып мұғалімдерінің көпшілігі еңбексүйгіштік пен ынталылық-ты үлгерімнің табыстылығын қамтамасыз ететін негізгі факторлар деп санайды. Бұл көзқарас түбегейлі дұрыс емес, себебі ынталылық пен еңбексүйгіштік оқу тиімділігін денсаулық жағдайының, оқудың, мотивация және басқа факторлар-дың нақтылы деңгейімен үйлескенде ғана қамтамасыз ете алады. Сондықтан, оқушыларға жеке дара жақындасу әрекетін жасағанда, оқытудың диффе-ренциалды әдістерін құрастырғанда жалғыз бір факторды емес, бүкіл кешенді толығымен ескеру керек.
Мұғалімдер жұмыс істеу қабілеті төмен, аз қабілетті, тез шаршайтын және оқуда қиыншылықтар кешеніне ие балаға айрықша көңіл бөлген жөн. Өкінішке қарай, көптеген мектептерде мұндай оқушыларға көңіл бөлмеудің кері салдары тым күшті. Әрине, әрбір сыныпта ойлау қабілеті жоғары балалардың кейбірі қараусыз қалады. Оқушылардың түрлі үлгерім бойынша жіктелуі бірінші сыныптан бастау алады. Қажетті түзету жұмыстарының, дифференциалды талаптар мен альтернативті әдістемелердің болмауы оқушылардың бірсыпыра-сының инерция бойынша сыныптан сыныпқа ауыстырылуына әкеледі.