Тұлғаның барлық тіршілік орталарына әсер ететін тәрбие мен өзіндік тәрбие әдістері

Тұлғаның барлық тіршілік орталарына әсер ететін тәрбие мен өзіндік тәрбие әдістері

Тәрбие әдісі (грек тілінің «методос» — «жол» сөзінен алынған) – тәрбие мақсаттарын жүзеге асыру тәсілі. Тәрбие әдістері тәрбие процесі компонентте-рінің әрқайсысының міндеттерін табысты шешуді қамтамасыз ететін басты құралдар болып табылады. Тәрбиенің дәстүрлі әдістері адамның өмірлік орталарына әсер етуші тәсілдер ретінде қарастырылады. Алайда, мұндай түсінік негізінде объективті-субъективті әрекет жатқан біздің тәрбие процесі туралы түсінігімізге сәйкес келмейді. Тәрбие әдістері дегенде біз мұғалімдер мен оқушылардың өзара әрекеттесу тәсілдері деп ұғынамыз. Бұл процесте тәрбиеленушілер тұлғасы қасиеттерінің даму деңгейінде өзгерістер орын алады.

Тәрбие мақсаттарына қол жеткізу әдістер үйлесімділігін жүзеге асыру процесінде жүргізіледі. Әрбір жағдайда бұл әдістердің үйлесуі қойылған мақсатқа және балалардың тәрбиелік деңгейіне адекватты. Осындай үйлесімді-лікті таңдау мен тәрбие әдістерін дұрыс қолдану – педагогикалық кәсібиліктің шыңы.

Мұғалімнің негізгі міндеті – баланың дамуына жәрдем беру, сондықтан бүкіл гуманистік педагогикалық практика баланың барлық адами орталарының дамуы мен жетілдірілуін қамтамасыз ету керек. Барлық әдістер адамның барлық өмірлік орталарына үйлесімді әсер етеді. Алайда, әрбір тәрбие әдісі мен оған сәйкесінше өзіндік тәрбие әдісі адамның қай тіршілік ортасына доминант-ты әсер етуіне қарай бір-бірінен ажыратылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *