Тіл кемістігі және оның себептері.                                Тіл кемістіктерін топтастыру.

                             

 

Лекциянын мақсаты:

 

         Мектеп жасына дейінгі балаладың сөйлеу тілінің бұзылуы себептерін анықтап,оны болдырмау жолдарын үйрету. Жүйелі ғылыми тұрғыдан тіл кемістіктерін топтастыра білу.

 

  Лекцияның жоспары:

 

1.Сөйлеу тілінің бұзылуының сипатталуы;

2.Баланың сөйлеу тілі патологиясының негізгі себептері.

3.Органикалық тіл кемістіктер

4.Функциональды тіл кемістігі.

 

Лекцияның барысы:

         Тіл кемістігі деп — сөйлеу  қабілетінің психафизиологиялық механиімің бұзылу салдарынан сөйлеушінің сөйлеу тілінің қоршаған ортаға тән мөлшерден ауытқуын айтамыз.

       Сөйлеу тілінің бұзылуы төмендегіше сипатталады:

  1. Өз бетінше пайда болады, жоғалмайды, қайта бекиді;
  2. Сөйлеушінің жас мөлшеріне сәйкес келмейді;
  3. Оның ерекшелігіне байланысты нақты логопедиялық ықпал жасауды талап етеді.
  4. Баланың одан әрі дамуына кері әсерін жиі тигізеді.
  5. Тіл білмейтін – диалектизм тіл кемістігі болып саналмайды.

6.Сөйлеу тілінің психофизиологиялық механизімінің ақаулықтарымен байлаысты.

Бұл ерекшеліктер тіл кемістіктерінің айырмашылығын көрсетеді.

          Баланың сөйлеу тілінің бұзылуының себептері:

  1. Сөйлеу тілінің ең ауыркемістіктері іштегі нәрестенің 4 апталық пен 4 айлық аралығындағы дамуының бұзылуынан пайда болады. Іштегі нәрестенің дамуының бұзылуына анасының екіқабат кезіндегі таксикоз, вирусты және басқада аурулар әсер етуі мүмкін;
  2. Босану кезіндгі жарақаттану және босану кезіндегі балаға ауа жетпеуі;
  3. Бала өмірінің алғашқы жылдарындағы әртүрлі аурулар;
  4. Бала сүйегінің жарақаттануы;
  5. Тұқым қуалаушылық факторлар;
  6. Әлеуметтік тұрмыстық жағдайлардың қолайсыздығы.

     Осы атап өтілген себептер ерекшеліктеріне қарай табиғи және функциональды болып екіге бөлінеді.

   Тілдің табиғи бұзылуының орталықтан пайда болуына алалия, афазия сонымен қатар тіл мүкістіктерінің кейбір түрлері жатады.

         Дислалия – есту  қабілеті мен сөйлеу мүшелері дұрыс сақталғанда кездесетін тіл дыбыстарының бұзылып айтылуы. Синонимдері: тіл мүкістігі, тілдыбыстарын айту кемістігі, фонетикалық кемістік.

         Ринолалия – сөйлеу мүшелерінің анатомиялық – функционалдық  кемістіктерінің салдарынан дауыс әуенінің бұзылуы. Синонимдері: мұрыннан сөйлеуі.

       Дизартрия – жүйке  тамырларының сөйлеу мүшелерінің жұмысын толық қамтамасыз ете алмауына байланысты сөйлеу қабілетнің бұзылуы. Дизартрияның ауыр түрі анартрия деп аталады. Ондай жағдайда адам  дыбыс шығару мүмкіншілігінен айрылады

       Тұтықпа – сөйлеу   мүшелерінің бұлшық еттерінің тартылу салдарынан сөйлеу ырғағының және сөйлеу жылдамдығының бұзылуы. Тұтықпа органикалық және функционалдық болып екіге бөлінеді.

       Брацилалия – сөйлеу   тілінің қалыптан тыс баяулауы. Шапшаң сөйлеген кезде өздігіне кідіріп, мүдіріп,тоқтап қалу полтрн деген терминмен белгіленеді.                                                                                                                       

       Дисфония – дауыс  шығару мүшелерінің қалыптан тыс өзгеруінен дыбыс шығару қабілетінің бұзылуы немесе мүлдем айта алмауы. Синонимдері: дауыстың бұзылуы, дауыстың шаршағыштығы, қырылдап, сырылдап бәсең шығуы.

         Алалия – бас ми қабығындағы тіл аймақтарының жастайынан зақымдануының әсерінен баланың сөйлеу тілінің жетілмеуі немесе мүлдем дамымауы.

     Афазия – бұл сөйлеу тілінің толық немесе жартылай жойылуы. Мидың жарақаттануы, мидағы ісіктің салдарынан адам сөйлеу қабілетінен айырылады.

     Жазбаша тілдің бұзылуы.

     Жазбаша тілдің бұзылуы екі топқа бөлінеді:

  1. Дислексия – оқу процесінің жартылай бұзылуы.
  2. Дисграфия –жазу процесінің жартылай бұзылуы.

           Оқу процесі қалыптаспаған жағдайда аграфия деп атайды.

          Сөйлеу тілі кемшіліктерінің ең басты белгісін анықтау және оның біріңғай педагогикалық амалды жүзеге асырудағы маңызын жете зерттеу негізіне осы топтастыруды Р.Е.Левина ұсынған. Осы топтастырудағы сөйлеу тілінің бұзылуын екі топқа бөлінеді:

         Бірінші топ – қатынас құралының бұзылуы. Оған фонетикалық және фонетика – фонематикалық дамымауы мен жалпы сөйлеу тілінің дамымауы жатады. Сөйлеу тілінің фонетика – фонематикалық дамымауы тіл дыбыстарын айту және қабылдау ақаулықтарының салдарынан әртүрлі тіл кемістіктері бар балалардың ана тілінде сөйлеу жүйесінің бұзылуы.

         Екінші топ – қатынас құралының қолдану кезіндегі бұзылуы. Ондай бұзылуға тұтықпа жатады. Сөйлеу тілінің жалпы толық дамымауы тұтықпа мен тіркесіп аралас қосылған кемістікте болуы мүмкін.

 

Студенттердің оқытушымен бірге орындайтын жұмысы (СООЖ):

  1. Дыбыстардың дұрыс айтылуын қалыптастыру, ринолалия, дизартрия, брацилалия, алалия, афазия ауруларына талдау жасай отырып, олардың бір – бірінен айырмашылығын анықтау.

 

 Студенттердің өздігінен орындайтын жұмысы (СӨЖ):

  1. Балалардың дисграфия мен дислексияға шалдығуының себептері туралы конспекті жасау;
  2. Баланың дисграфиясы мен дислексиясын қалай анықтауға болады.

          Дисграфиялық және дислексиялық қателердің түрлері туралы айтуға дайындалу.

 

         Қолданылатын әдебиеттер:

Петрова В.Г. Развитие речи учащихся вспомогательной школы. М., 1996

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *