Сӛйлеу тілі бұзылған балалардың категориясы әр түрлі. Сӛйлеу тілінің кемшіліктері пайда болу уақытына қарай бірінші және екінші кемшіліктер түрінде сипатталуы мүмкін. Сӛйлеу тілі бұзылған балалардың қатарына коммуникативтік және танымдық функциялардың бұзылуымен анықталатын психофизикалық кемшіліктер жатады. Г.В.Чиркина балалар мен жас ӛспірімдер арасындағы тіл кемшіліктерін түрлі аспектіде былайша қарастырады:
- сӛйлеу әрекетінің психофизикалық жағының бұзылуы (сенсомоторлы деңгейі, сӛздің мағынасын түсіну деңгейі);
- этиопатогенездік тұрғыда сӛйлеу тіліндегі кемшіліктердің органикалық және функционалдық себептері;
Қазіргі уақыттағы сӛйлеу тіліндегі кемшіліктердің клиникалық-педагогикалық классификациясына сүйенсек, былайша тізбектеледі:
Ауызша сӛйлеудің бұзылуы:
Сөйлеудің фонациялық бейнесінің бұзылуы;
- афония, дисфония — дауыстың болмауы немесе бұзылуы;
- брадилалия — сӛйлеудің патологиялық баяулауы;
- тахилалия — сӛйлеудің жылдамдығы;
- тұтығу — сӛйлеу аппараттарындағы бұлшық еттердің құрысуынан сӛйлеудің бұзылуы;
- дислалия — дыбыстарды айтудың бұзылуы;
- ринолалия – сӛйлеу аппаратының анатомо-физиологиялық құрылысының бұзылуы;
- дизартрия — сӛйлеу аппаратындағы органикалық кемшіліктердің әсерінен дыбыстарды айтудың бұзылуы.
Сөйлеудің құрылымдық-семантикалық жағының бұзылуы:
- алалия — бас миының сӛйлеу зоналарындағы қабықтық бӛлімдердің органикалық зақымдануынан сӛйлеудің болмауы немесе дамымауы;
- афазия —бас миының белгілі бір аумақтарының зақымдануынан сӛйлеу тілінің жартылай немесе толықтай жойылып кетуі;
- Жазбаша сӛйлеудің бұзылуына мынадай кемшіліктер жатады:
- дислексия (алексия) — оқудың жекелей немесе толықтай бұзылуы;
- дисграфия (аграфия) — жазудың жекелей немесе толықтай бұзылуы.
Психологиялық-педагогикалық классификация лингвистикалық және психологиялық
критерийлерге байланысты анықталады.
Қарым-қатынас құралдарының бұзылуы:
- сӛйлеу кезіндегі фонемаларды қабылдаудағы жетіспеушілік, ана тілін меңгерудің мағыналық жағының бұзылуы, фонемаларды қабылдау барысында байқалатын кемшілік;
- жалпы сөйлеудің бұзылуы (ЖСБ 1-4 деңгейде анықталады), оларды сӛйлеу тіліндегі күрделі кемшіліктер біріктіреді.
Сөйлеу әрекеті кезіндегі қарым-қатынас құралдарын қолданудың бұзылуынан қарым-қатынасқа түсудің кемшілігі байқалады.
Тұтығу. Аталған тіл кемшіліктері бар балалар категориясымен жұмыс жасайтын мамандар баланың орталық нерв жүйесінің дамуы мен психологиялық ерекшеліктерін жақсы білуі тиіс. Мұндай ерекшеліктерді бала эмоциясында байқалатын түрлі жағдайлармен, қимылдық қозғалыстағы бала әрекетінің белгілерімен, орталық нерв жүйесіндегі анықталған ауытқулармен, ұсақ қол қимыл моторикасының жағдайымен түсіндіруімізге
болады. Аталған ерекше жағдайларды есепке алуда жүргізілген логопедиялық жұмыстардың қорытындысы баланың жалпы білім беру мекемелерінде білім алуына жағдай жасайды.
Мектеп жасына дейінгі балаларға логопедиялық кӛмек кӛрсету мекемелерінің тізбегі:
- сӛйлеу тілі бұзылған балаларға арналған ясли-балабақша, сӛйлеу тілі бұзылған балаларға
арналған балабақша; ;
- жалпы типтегі сӛйлеу тілі бұзылған балаларға арналған топтар;
- мемлекеттік білім беру мекемелері;
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тіл кемшіліктерін түзету жұмыстары аралас түрдегі оқыту негізінде жүргізіледі де, есту мен интеллектінің ерекшеліктеріне қарай сараланады.
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында логопедиялық жұмыстарды ұйымдастырудың негізгі міндеттері:
- сӛйлеу тіліндегі кемшіліктерді түзету;
- баланы жалпы мектепте білім алуға дайындау;
- күрделі тіл кемшіліктері бар балаларды арнайы мектептерге оқуға дайындау. Типтік жағдайларға байланысты анықталған логопедиялық топтардағы арнайы
кәсіби жұмыстардың мазмұны Т.Б.Филичева, Г.В.Чиркина бағдарламасы бойынша жалпы сӛйлеу тілі бұзылған балалар логопедиялық топтарға екі жылға 5 жастан бастап қабылданады. Топтағы бала саны 10-15 баланы құрайды. Жалпы сӛйлеу тілінің 1-2 деңгейі бұзылған балалар 3 жылға шақталып 4 жастан бастап қабылданады.
Фонемаларды қабылдаудағы жетіспеушілік кезінде балаларды бір жыл уақытқа ересектер тобына немесе дайындық топтарына қабылдайды. Қажет болған жағдайда (дизартрия) кезінде ПМПК мамандарының кӛмегі қажет болады. Мұндай кезде балаға коррекциялық-педагогикалық кӛмек түрі екінші рет кӛрсетіледі. Бұл кездегі топтағы бала саны 12-14 баланы құрайды.
Тұтығу кезінде арнаулы топтарға бала 2-3 жастан бастап 8-10 баладан тұратын топтарға қабылданады. Жұмыс бағдарламасы С.А.Миронованың бағдарламасымен құрылады. Жалпы типтегі оқу бағдарламасы Н.А.Чевелеваның бағдарламасымен жүргізіледі. Аталған әдістеменің мақсаты заттық-практикалық әрекеттерге баулудағы логопедиялық жұмыстардың кӛмегімен мүсіндеу, жапсыру, сурет салу, конструкциялауға баулумен жүргізіледі.
Мектепке дейінгі сӛйлеу тілі бұзылған балаларға логопедиялық кӛмек кӛрсету жұмыстары дәстүрлі түрде ойын, еңбекке баулу, дене тәрбиесі мен музыка, қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру, қоршаған ортамен таныстыру, бейнелеу ӛнері, конструкциялау бӛлімдеріне бӛлінеді.
Негізгі бӛлімдер туралы айтсақ, тіл дамыту бӛлімі сӛйлеудің құрылымдық компоненттерінің барлығын қамтып, танымдық қабілеттерді дамыту жұмыстарын, коррекциялық-педагогикалық жұмыстарды ұйымдастырады.
Логопедиялық жұмыстарды ұйымдастыруда басшылыққа алынатын негізгі бағдарламалар (Т.Б.Филичева, Г.В.Чиркина, Г.А.Каше, Н.А.Чевелева, С.А.Миронова және т.б.)тіл дамыту жұмыстарының мынадай міндеттерін ұсынады:
- құрылымдық — тілдің барлық құрылымдық компоненттерін фонетика, лексика, грамматиканы қалыптастыру;
- функционалдық — қарым-қатынасқа түсу формаларын игерту;
- когнитивтік — тіл мен сӛйлеудің бірлігін түсіндіру, сӛйлеудегі себеп-салдарды анықтау. Жалпы сӛйлеу тілінің бұзылуы, фонемаларды қабылдаудың жетіспеушілігі
кезіндегі логопедиялық жұмыстардың әдістемесі былайша құрылады:
- оқытудың сӛйлеу әрекетінің барлық түрлерімен байланысы;
- тілдік материалдарды ситуациялы-тақырыптық деңгейде қабылдау;
- сӛйлеуге үйретудегі қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру.
V түрдегі мектептерде сӛйлеу тілі бұзылған балалармен жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастыруда педагогикалық жұмыстар жалпы сӛйлеу тілінің 2-3 деңгейдегі бұзылуы анықталған (дизартрия, ринолалия, алалия, афазия, дислексия, дисграфия, тұтығу) балалармен жүргізіледі.Сыныптардың толымы 12 бала. V түрдегі сӛйлеу тілі бұзылған балаларға арналған түзету мекемесі екі бӛлімнен тұрады.
Бірінші бӛлімге жалпы сӛйлеудің күрделі кемшілігі (дизартрия, ринолалия, алалия, афазия, тұтығу) бар балалар қабылданады. Оқушылар арнаулы бағдарлама бойынша білім алады. 10 жыл ішінде жалпы білім беретін мектептің 9 жылдық білімін игереді.
Екінші бӛлімге күрделі түрдегі тұтығу белгіленген балалар қабылданады. Мұнда оқушылар жалпы білім беретін мектептің бағдарламасын нормативтік уақытқа сай (жалпы білім беретін мектептің уақытына) игереді.
Сӛйлеу тіліндегі кемшіліктері түзелген балалар ПМПК мамандарының қорытындысымен кез-келген уақытта жалпы білім беру мекемелеріне ауыстырылады.
Бастауыш білім беру кезінде мұғалім-логопедтердің қызметі ұйымдастырылады. Арнайы мектепте жұмыс жасайтын, яғни жалпы білім беру пәндерін игертудегі мұғалімдер арнайы курстардан ӛтуі керек. Коррекциялық логопедиялық жұмыстарды тіл мамандығын игерген «мұғалім-логопед» біліктілігі бар мамандар жүзеге асырады. Сонымен қатар емдік-сауықтыру жұмыстары, психологтың қызметі, басқа арнаулы мамандардың қызмет түрлері кӛрсетіледі.
Жалпы білім беру мекемесіндегі логопедиялық пункт жұмысының ұйымдастырылуы арқылы 1 қыркүйектен 15 қыркүйек аралығында, 15 мамыр мен 30 мамыр аралығында жалпы сӛйлеу тілі бұзылғнадар, фонемаларды қабылдаудың жетіспеушілігі анықталған балалар қабылданады. Логопедиялық пункттердегі баланың саны қалалық жерлерде 25 адамнан, ауылдық жерлерде 20 адамнан тұрады. Әр топтағы сабақтар жеке түрде 4-5 адамнан жүргізіледі. Топтық сабақтардың ұзақтығы — 40 минут, жеке сабақтардың ұзақтығы — 20 минутты құрайды. Логопедиялық пункттегі логопедтің дайындайтын құжаттары: ПМПК мамандарының қорытындысы бойынша толтырылған хаттама, сӛйлеу картасы мен жеке жұмыс жоспары, тіркеу журналы, перспективті және күнтізбелік жоспар, ата-аналармен, мұғалімдермен жүргізілетін жұмыс жоспары. Сӛйлеу тілі бұзылған балалар логопедиялық қызмет түрлерін денсаулық сақтау жүйесіндегі кабинеттерде, емханаларда, стационарларда, балалар ауруханаларында қабылдай алады.
Денсаулық сақтау жүйесіндегі ұйымдастырылатын логпедиялық жұмыстардың мазмұнын жүзеге асыруда ғы логопедтердің кәсіби әрекеті:
- жүйелі түрдегі кеңес беру бағытында ұйымдастырылатын логопедиялық сабақтар арқылы сӛйлеу тіліндегі кемшіліктерді түзету, жоюға бағытталған педагогикалық (логопедиялық) жұмыстарды жүргізу;
- сӛйлеу тіліндегі кемшіліктерді анықтау, балалардың ПМПК мамандарының тексеруіне жіберілуін қамтамасыз ету;
- мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиеленетін балалардың профилактикалық тексеруден ӛтуін бақылауға алу;
- ата-аналармен, педиатр дәрігерлермен, балабақша тәрбиешілерімен санитарлық-кеңес беру жұмыстарын жүргізу.
Ҧсынылатын әдебиеттер:
1.Захаров А.И.Как предупредить отклонения в поведении ребенка. –Москва, 1986
2.Смирнова А.Н. Коррекционно-воспитательная работа учителя вспомогательной школы.
–Москва, 1982
- Выготский Л. С. Собр. соч.- М., 1984. Т. 4
- Лапшин В.А. Пузанов Б.П. Основы дефектологии . –М, 1990
- Специальная педагогика. Под ред. Н.М.Назаровой. –М, 2007
- Забрамная С.Д. Ваш ребенок учится во вспомогательной школе. — М., 1993.
- Нейман Л.В., Богомильский М.Р. Анатомия, физиология и патология органов слуха и речи. – М.: Владос, 2001.
- Настольная книга педагог-дефектолога. Под ред. Т.Б.Епифанцева и др. –Ростов на Дону,
2008