Педагогикалық босаңсыған оқушылар
Педагогикалық босаңсуды қолайсыз әлеуметтік-педагогикалық жағдайлар тудырады. Ол жағдайлар қажетті білім қорының жинақталмауына әкеп соқты-рады. Егер осы жағдайлар жастық дамудың тым ересек кезеңінде қалыптасса, педагогикалық босаңсу негізі қалануы мүмкін.
Дегенмен, мұндай типтегі оқушылардың арасында кейде жоғары үлгерімді балалар да кездесіп жатады.
Осы орайда Г.П.Антонова 3, 8-сынып оқушылары арасында жүргізген ұзақ мерзімді зерттеулердің нәтижесі қызғылықты. Оның мәліметтері бойынша, екіге дейінгі аралықта төмен бағалар алған 6 және 7-сынып оқушыларының арасында төменгі сыныптарда үздік оқыған және психологиялық тәжірибелер кезінде интеллектуалды дамудың жоғары деңгейіне ие болған оқушылар кездескен. Осы оқушыларды тереңдетіп саралау көрсеткендей, олардың үлгері-мінің күрт төмендеуіне нақтылы мүмкіндіктері мен оларға қойылған талап-тардың арасындағы алшақтық себепші болған. Талаптар тым жеңіл болып, оқушылардың психикалық қызметін белсендірмеген. Өзгелерден жақсы дамы-ған мұндай балалар кіші сыныптарда оқу жаттығуларын қиналмай орын-дайтын; оларды мақтап, басқаларға үлгі ететін, соның салдарынан олар өздерін-өздері асыра бағалай бастады. Оқудың тым жеңілдігінен олар қиындықтарды жеңуге үйренбегені былай тұрсын, олардың жұмысқа деген интеллектуалды құлшынысы қалыптасқан жоқ. Біртіндеп орта сыныптарға ауысқан сайын оқу материалы күрделене түскендіктен, оқушылар бұрынғысынша аз еңбек ете жүріп, еті үйренген жоғары бағаларды ала алмады. Сол себептен, олардың мұғалімдерге кері қатынасы қалыптасты, өйткені, олардың ойынша, мұғалімдер оларға себепсізден-себепсіз «қырғидай тиетін». Білім қорындағы үлгермеуші-лікті жою үшін ерінбей еңбек етудің орнына олар бұрынғысынан да бетер талпынуды қойды. Ал өздері туралы қалыптасқан жоғары пікір сол күйі қалды, бірақ енді олардың өздерін-өздері бағалауы сыныптағы дәрежесі мен білім-деріне сәйкес келмейтіндей тым жоғары болды. Нақтылы білім мен оларға қойылған талаптар арасындағы алшақтық күрт өсіп, оқушылардың мектепке, оқуға деген ықыласы күрт кеміді, оқушылардың педагогикалық босаңсуы тереңдей түсті.
Оқушылардың нақтылы мүмкіндіктері мен өздері жеткен даму деңгейінің арасындағы алшақтық мектептерде тым жиі кездеспейді.