Металдың ерекшеліктері мен қолданылуы
Адамдар ерте кезден – ақ темір, мыс т.б алтын, күміс,қорғасын, қалайы, сынап сияқты металды өндіре бастаған. Сондықтан адамдар көне заманнан бері игерілген алғашқы материалдардың бірі темір материлдары болып саналады. Алтын табиғатта таза күйінде кездескендіктен ол ерте кезден – ақ құмды шаю арқылы өңделген қорғасынды алғашқы кезде күміс қоспасыннан алған. Қазірге кезде халық шаруашылығында әртүрлі салаларда металдармен метал құймалары кеңінен қолданып келеді.
Материалдар электр тогын, жылуды жақсы өткізген жылтыр пластикалық қасиеті жоғары болған бағалы зат болып саналады. Темірден жасалған қорытпалар мыс,болаттардың әр түрлі сорттары қазіргі техниканық негізгі материалдары.
Металдар 2 – топқа бөлінеді.
1. Қара металдар оларға: темір металдары мен құймалары. (болат , шойын)
2. Түсті металдар оларға алюмин, магнит, цинк, мыс қымбат бағалы металдарға алтын , күміс, платина жатады.
Жеңіл металдарға алюмин, ртуть, олово, жатады. Аз кездесетңн металдарға вольфрам.
Радиоактивті металдарға Уран, Торий жатады.
Металдар өндіретін заводтарда әр түрлі құймалар көбінесе жазық түрде( мыс) рельс түрінде, трудо түрінде шығарылады.
Метал өндірумен айналысатын саланы металлургия саласы деп атайды.Металлургия грек сөзінен шыққан рудо- өндірілген, металл — өңдеймін, metalla – рудник, металл, epgon-жұмыс. Ғылми технологиялық жолдармен өндіретін, өңдеу жұмысымен айналысатын сала.
Металлоконструкциялар — әртүрлі металдан болаттардан жасалған курстық конструкциялар.
Металлоконструкциялар берік болумен қатар әрі жеңіл болып келеді. Мыс, алюмин қорытындысынан дайындалған конструкциялар құрылыс саласында , өндіріс саласында кеңінен қолданылады.
Бұлардың басты артықшылығы жеңіл әрі коррозияға төзімді және оңай өңделеді. Сол себептен ұшақ жасау, зымыран жасау саласымен машина жасау , электроника саласында , құрылыс саласында мұнаралар тұрғызу үшін кеңінен қолданылады.
Металлдар сыртқы ортаның әсерінен тотығып бүлінеді. Бұндай процесті металдар коррозиясы деп аталады. Корозия салдарынан Х\Ш саласында орасан зор зиян келеді. Жыл сайын барлық өндірілген металдардың 25% — тен тотығудан бүлінеді.
Металдар коррозияға ұшырамау үшін темір қоспасына мырыш қоспасын қосады. Бұл деген металдың коррозия тұрақтылығын арттырып қоспалар қосындысы кезеңінен өткзеді.
Металдардан көп қолданылатын түрлеріне сымдармен және жұқа қаңылтырлар жатады. Бұл саладағы еңбекке баулу себептерін сарамандық жұмыстарында алюмин, мыс, сияқты жұмсақ сымдармен жұқа қаңылтырлар қолданылады. Алюмин мыс сымдар қырқуға , ал жұмсақ жұқа қаңылтырлар қиюға, майыстыруға, дайындауға қолайлы болып келеді. Алюмин мыс сымдар электротехника саласында радио, телевизор жасау саласында және байланыс жүйесі ретінде сымдар кеңінен қолданылады. Болат сымдарды машиналардың қақпасы ретінде қолданады, жүк көтерген крандардың тросы ретінде кеңінен қолданылады.
Жұқа металл қаңылтырларға темір, болат қаңылтырлар, фольга, жатады. Жұқа қаңылтырлар өндіріс орындарында , жеңіл өнеркәсіп, электротехникалық, радиотехника саласында кең қолданылады. Қара, ацинкаланған, болат, темір қаңылтырлар көбінесе үйлердің, құрылыс объектерінде шатыры ретінде, су ағатын трубалар ретнде , терезе астындағы су ағар ретінде т.б түрлі шаруашылық ыдыстар есебінде қолданылады.
Фольга қаңылтырдың қалыңдығы 0,2 мм болып келеді, радиоэлектроника саласында, сүт , айран, қаймақ сияқты ағарғандардың қақпағы ретінде және шоколадтарды орауға қолданылады.
Станиоль жұқа қаңылтыр түрінде шығарылады. Электроника, радиотехника саласында дайындау ешқандай сұйық заттарды ұшып кетпеуі үшін қолданылады. Еңбекке баулу сабағында бұл жұқа қаңылтырлардан ойыншық түрлерін дайындаумен бірге, жапсырмалау жұмыстарында қолданылады. Жұмсақ сымдардан аңдардың, құстардың, жануарлар қаңқасын жұқа сыммен бедерлеп пішінін дайындауға және жұмсақ сыммен ойыншықтармен, қуыршақтарды дайындауға үйретеді.