Логопедия ғылымында қолданылатын тәсілдер

 

 

Лекцияның мақсаты: Болашақ мамандарға балалардың тіл мүкістерін жоюда қолданылатын тәсілдерді ұғындыру.

 

Лекцияның жоспары:

  1. Балалардың тіл кемістігін түзетуде қолданылатын тәсілдер.
  2. Сөйлеу ырғағының бұзылу себептері, оны түзетудің жолдары.

 

Лекцияның барысы:

 

Логопедияда тіл кемістіктерін жою үшін әртүрлі тәсілдер колданылады. Оларды бірнеше топқа шартты түрде бөлуге болады. Олар бақылау тәсілі, әңгімелесу  тәсілі,  тәжірибе жасау тәсілі т.б.

Бақылау тәсілі – бұл  кең тараған педагогикалық тәсіл.  Бұл тәсілді педагогикада да, психологияда да кеңінен қолданады сонымен қатар, логопедияда пайдаланады. Бұл  тәсілді  пайдаланғанда белгілі бір талапты сақтау кажет. Бақылаудың  кандай түрі болмасын мақсатқа сәйкес болуы керек.  Әрдайым сөйлегенде ғана бақылай бермей, ол үшін  алдын – ала  мақсатын   қою   керек.   Мысалы:    бір   кезде баланың  сөздік  қоры немесе грамматикалық құрылысын   қадағаласақ,    бір   жағдайда   дауысты    және   дауыссыз дыбыстардың    айтылуын   тексереміз.   Бұл   тәсіл   мектепке дейінгі балалардың сөздік қорын зерттеуде кеңінен  қолданылады.    Бұл    тәсілге қойылатын  ең    маңызды талаптың    бірі   бақылаудын        жүйелілігі        мен  жоспарлылығында.   Баланың   тілін   анықтау   үшін   ұзақ бақылауды талап ететін жағдай жиі кездеседі. Ол үшін жоспарды алдын – ала дайындау қажет.

Әңгімелесу тәсілі — екінші маңызды тәсіл. Ол тіл кемістіктерін  әңгімелесудің   көмегін   анықтайтын тәсіл. Әңгімелесу    арқылы   баланың   дыбыстардың   қайсысын дұрыс     кайсысын   бұрмалап   немесе   тастап   кетіп,   бір дыбысты     екінші    дыбыспен    алмастырып    сөйлейтінін анықтаймыз.

Тәжірибе жасау тәсілі — бұл тіл кемістіктерін зерттейтін тәсілдердің үшінші түрі. Бұл тәсілдің  басқалардан  айырмашылығы және артықшылығы сол, ол оның  мұқияттылығымен және қатаң жүйелілігімен  өкшеленіп,  бізге  керекті  нәтижені  тезірек  алуымызға мүмкіндік береді.                   

Тәжірибе жасау тәсілі екі топқа бөлінеді:

А) табиғи тәжірибе;

Ә) лабораториялық тәжірибе.

Табиғи тәжірибе баланы әдеттегінше  ойнату, оқыту немесе еңбек еткізу жүргізіледі. Ол үшін  арнаулы керекті кұралдар арқылы дыбыстардың айтылуын тексереді.

Лабораториялық тәжірибе тіл кемістіктерін тереңірек және көбірек анықтап зерттеу мақсатында қолданылады. Ол үшін әртүрлі аппараттар пайдалануы мүмкін. Мысалы: тұтықпа баланың сөзін жазу үшін таспа, есту кабілетіне арнайы аудиометр.

Логопедияның тәжірибесінде дәрігер мамандардың қызметін пайдаланумен кейбір медициналық тәсілдер де қолданылады. Мысалы:

А) Операция жасау: Кейде баланың тіл кемістігі артикуляция аппаратының органикалық қатты бұзылуынан пайда болады. Таңдай мен еріннің, тістің көмегімей айтылатын дауысты, дауыссыз дыбыстардың дұрыс шықпауы, сонымен дауыстың мұрын арқылы шығып мылқаулануы осындай кемшіліктің айғағы. Мұндай жағдайда таңдай мен еріннің тілінген жерін операция жасап тіккеннен кейін дыбыстардың жақсы, әрі анық естілуіне орай арнайы логопедиялық жұмыс жүргізіледі.

В) ІІротездеу: Кей жағдайда таңдайдың жарығын операцияға дейін уақытша жасанды таңдаймен жауып қояды.

Есту мүмкіндігі төмендеген жағдайда да сөйлеу тілі жиі бұзылады. Соның салдарынан жақсы естімейтін бала  басқа кісінің сөзін ұқпайды, сонымен бірге өзінің сөйлеген сөзін де жеткілікті түрде бақылай алмайды. Бұндай жағдайда есту аппаратының немесе есту протезінің көмегін пайдаланады.                                                           

В) Жақ сүйегін түзету және реттеу. Жақ сүйектер  мен тістердің құрылысының түзелуінің дұрыс болмауы салдарынан тіл мен тістің көмегімен айтылатын дыбыстардың сөйлеу сиқы бұзылады. Бұндай жағдайда дәрігер мен жақ сүйектерін реттеп түзеткенде ауыртпайды  сонымен қатар жақсы нәтижеге жетеді.

Г) Дәрі — дәрмекпен емдеу: дәрі-дәрмекпен емдеу логопедияда қолданылатын медициналық тәсілдің ең қажетті бір түрі. Егер бала жиі сырқаттанудың әсерінен асқа тәбеті шаппайтын болып, тағы да басқа жағдаймен реңі нашарлап кетсе, онда денсаулығын нығайту үшін  дәрігер –терапевт  қажетті режим мен дәрі — дәрмек  қабылдауды ұсынады.

Д) Физиотерапиялық, психотерапиялық емдеу.

Физиотерапия ағзаны жалпы нығайту үшін жәрдем береді. Ол сумен, жарықпен, тоқпен емдеу деген сөз.

Психотерапияны кейбір тіл кемшілігінің салдарынан немесе  ықпалынан пайда болған жағымсыз мінезін өзгерту үшін  адамның психикасына сөзбен әсер ету деп түсінеміз. Мысылы: тұтықпасы бар адамның қорқып сөйлемеуі, күманданғыштығы, үндемеуі сияқты жағымсыз қылықтарды түзету.

Психотерапиялық жұмыстың міндеті түсіндіру, көндіру, әңгімемен ұйыту арқылы жағымсыз мінездерді өзгерту болып табылады. Кейде психотерапияның бір түрі гипноз  да қолданады. Бұл тәсілді тек қана дәрігер мамандар  пайдаланады. Ол тек жоғарғы сыньштағы балалардың және ересек адамдардың ғана тұтықпаларын жою үшін басқа тәсілдермен қатар қолданылады.

Логопедия педагогика, медицина, лингвистикамен тығыз  байланысты.

 

Студенттердің   оқытушымен   бірге  орындайтын жұмысы (СОӨЖ):

 

  1. Ресейдегі тіл мүкістігі бар мектеп жасына дейінгі балаларға арналған оқулықтарды талдай отырып, біздің оқулықтармен айырмашылығын анықтау.
  2. Педагогикалық газет – журналдардағы мектеп жасына дейінгі балалардың тіл кемістігін түзетуге арналған мақалаларды талдау.

 

Студенттердің   өздігінен   орындайтын   жұмысы (СӨЖ)

  1. Сөйлеу ырғағының бұзылу себептерін анықтап, оны түзетудің жолдарын қарастыру.
  2. Мектеп жасына дейінгі бапалардың тіл кемістігі жайында зерттеулер   жүргізген   авторлар   жайында   мәліметтер дайындау.

 

Қолданылатын әдебиеттер:

  1. Каффеманас Р.Б. сравнительное исследование осязания у аномальных детей разных категорий.. дефектология, 1991, № 5
  2. Кулагин Ю.А., Лубовский В.И., Петрова В.Г. Изучение психического развития аномальных детей. //Дефектология, 1988, №6.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *