Итальян костюмі

Итальян  костюмі

 

Жаңару дәуіріндегі Италия костюмі жөніндегі мәліметтерді атау үшін негізіненбіз Флоренциялық модаға ерекше тоқталуымыз қажет.

ХҮ ғ. Мода орталығы Флоренция, ал xv ғ.- Венеция саналды. ХҮ ғ. Флоренциялықтар киімінде әлі готика стілінің басымдылығын байқауға болады. Дегенмен Италияда оның ішінде Флоренцияда киім үлгілерін дайындауда жаңа бағытқа бет бұрды. 15ғ костюм тарихы екі бағытта байқалады: 1-Готика стилінің жоғары деңгейі бургундік мода, 2-алғашқы жаңару дәуіріндегі Флоренция костюмі, бұл костюм  үлгілері орта ғасырлық дәстүрлерден мүлде бөлек бағытты басшылыққа алды. Флоренциялық киім үлгісі пішімі мен формасы қарапайым әрі табиғи адам тұлғасының пропорциясын өзгертпей, аса көп әшекейлерден, үлкен көлемді формалардан бас тартты. Сонымен қатар киім өзінің ыңғайлылығымен, функционалдылығымен, жарасымдылығымен, түрлі пішімдегі шешімділігімен ерекшеленеді. Флоренциялық костюмдердің құнды жақтарына мыналар жатады: пішімнің қарапйымдылығы, айқындылығы, адамның табиғи жаратылысы мен сұлулығын ерекшелеуі .  Бұрынғыға қарағанда киім бөліктерінің формасы жетіле түсті, мойын ойындысы қарапайым әрі айқын пішімде, көйлектің бел сызығында тігіс түсіп, кеуде денеге қыналып, енсіз жең конструкциясы қимыл- қозғалысқа икемді болды. Жалпы Флоренциялық костюм пішімі жан-жақты шешімділігімен таңдандырады.

 

Ерлер киімі

Ерлердің негізгі киімі:түрлі түсті гүлді матадан тігілген қынамалы көйлек; шамалы тік жағасы бар қынамалы желетка; қысқа тар шалбары мен шұлық шалбары ол желетка бау арқылы байланды. Сырт киім ретінде кең қоңырау секілді жеңі бар —  догалине сырт киімін киді, оның етегімен жең ұшы жиектерін үлпекпен әшекелейді. ХҮ ғ Флоренциялық ерлер киімінде ашық, контрасты түстер үйлесімі мен кестелері, үлпекті жиекті, шаршаулар кеңінен қолданылды.

Ерлер мен әйелдер киімінде жұқа ақ кенептен тоқылған ұзын жолақтар пайда болды. Ол жолақтың екі шетін әдіптеп тікті. Венециялық сәнді костюмі өзінің колористік шашімділігімен, формасының тамаша әшекейленуімен ( жеңі буфамен кестеленіп, қайырмалы үлпек жағалар қондырылуымен ) қатпарлардыңтүстік шешімі мен зергерлік – алқа, жүзік тағумен ерекшеленді. ХҮ – ХҮІ ғасырдағы Италиян жігітерінің бай, тамаша сәнқойлығын байқатты.

 Бұл уақытта алғаш тоқыма машинаоары өндіріске еніп, онда жібек шұлықтар тоқыла бастады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *