Зияты зақымдалған балалардың психолого-педагогикалық мінездемесі

Ақыл-ой дамуы кешеуілдеген балалардың құрамын бас миының органикалық зақымдануынан жоғары психикалық функциялардың (қабылдау, ерікті зейін, сӛздік-логикалық ойлау, сӛйлеу) тұрақты түрдегі бұзылуына ұшыраған балалар құрайды. Ақыл-ой дамуы кешеуілдеген балаларға тән қасиеттер эмоцияның бұзылуымен түсіндірілетін шектен тыс қозғыштық, қызығушылықтың, әлеуметтік әрекеттердің қиындықпен дамуы болып табылады.

 

Ақыл-ой дамуы кешеуілдеген балалардың кӛпшілігінде физикалық дамудағы кемшіліктер дисплазия, бас сүйегінің деформациясы, аяқ-қолдардың пішініндегі ӛзгерістер, жалпы ұсақ қол моторикасы мен артикуляциялық моториканың бұзылуы түрінде байқалады. «Ақыл-ой дамуындағы кемшілік» түсінігі психологиялық-педагогикалық тұрғыда бұзылу симптомдары арқылы олигофрения мен деменцияға бөлінеді.

 

Олигофрения (грек тілінен аударғанда оlygos — азаю, кішірею, рhren — ақыл) — тұқымқуалаушылық жолмен таралатын патологиялық жағдайлар, хромосомдық аберрация

 

әсерінен орталық нерв жүйесінің ұрықтық даму кезеңінде, постнатальды дамудың ерте

 

кезеңінде (2 жастан — 2,5 жасқа дейін) зақымдануынан болатын психикалық жетіспеушіліктің күрделі формасы.

 

Олигофрения кезіндегі органикалық жетіспеушілік психиканың жалпы даму заңдылықтарына байланысты түзету әрекеттеріне бейімділік кӛрсеткенімен, ОНЖ-нің тұрақты түрдегі бұзылу салдарынан тежелуге тән белгілерді береді.

 

Деменция (латын тілінен аударғанда dementia — аз милылық) — танымдық әрекеттердің тұрақты түрдегі әлсіреуі. Деменцияның негізгі себептері нейроинфекцияның, соққылардың әсерінен резидуальды-органикалық бұзылулармен түсіндіріледі. Деменция кезінде гидроцефалия, ОНЖ-нің аурулары, шизофрения, эпилепсияның әсерінен интеллекті тӛмендейді.

 

Халықаралық аурулар жіктелісі бойынша (ХАЖ-9) ақыл-ой дамуының кешеуілдеуін үш деңгей бойынша қарастырады.

 

Дебиль— ақыл-ой дамуының жеңіл түрдегі бұзылуы, имбециль — ақыл-ой дамуының орташа түрдегі бұзылуы, идиотия ақыл-ой дамуының күрделі түрдегі бұзылуы. Қазіргі уақытта (ХАЖ-10) бойынша ақыл-ой дамуының жеңіл түрі, орташа түрі, күрделі түрі және ӛте күрделі түрі деп қарастырылады.

 

И.Л.Баскакова, И.М.Бгажнокова, И.В.Белякова, Т.Н.Головина, Л.В.Занкова, А.Р.Лурия, В.И.Лубовский, Н.Г.Морозова, В.Г.Петрова, Б.И.Пинский, С.Я.Рубинштейн, И.М.Соловьева, В.А.Сумарокова, Ж.И.Шиф, М.С.Певзнер және т.б. зерттеушілер олигофренияның психологиялық құрылымдарына зерттеу жасауда оның клиникалық формаларын ұсынады.

 

М.С.Певзнердің ұсынуы бойынша олигофренияның жеңіл және күрделі формалары белгіленген. Ресейлік психиатрияда Г.Е.Сухарева 1956 жылы олигофренияның үш тобын бӛліп кӛрсеткен.

 

— бірінші тобы — ата-аналардың генеративтік клеткаларының жетіспеушілігінен, ата-аналардағы тұқымқуалаушылық аурулардан болатын олигофрения;

 

  • екінші тобы — ұрықтық даму кезеңіндегі патология (инфекция, интоксикация);

 

  • үшінші тобы — туылу кезіндегі соққылар және ОНЖ-нің постнатальдық кезеңдегі зақымдануы.

 

Ақыл-ой дамуындағы кемшілікті диагностикалау критерийлері үш түрде қарастырылады:

 

  • клиникалық жағдайда (бас миының органикалық зақымдануы);

 

  • психологиялық жағдайы (танымдық әрекетің тұрақты түрдегі бұзылуы); — педагогикалық (білімді игерудегі қиындық).

 

Кӛмекші мектептегі оқушылар құрамының психологиялық мінездемесі балаға кәсіби тұрғыдан бақылау жасаудағы мұғалімнің әрекеті қажетті ақпараттармен қарулануы арқылы анықталады. Дамудағы кемшіліктің диагнозы мен тарихын білу оқушының психикалық жағдайы мен тәртібіндегі ерекшеліктерді жақсы түсіну, оқыту мен тәрбиелеу ісінде мақсатқа бағытталған жеке әдістерді таңдай білуге кӛмектеседі.

 

Кӛмекші мектептегі оқушылар құрамын практикалық мақсатта анықтау үшін дамудағы кемшіліктердің себептерін ұрық кезінде немесе ерте нәрестелік шақтағы бас миының зақымдануы және мектепке дейінгі, ерте балалық шақтағы бас миының зақымдануы түрінде екі топқа бӛліп қарастырамыз. Ақыл-ой дамуында кемшілігі бар балалар VIII түрдегі кӛмекші мектептерде білім алады. Арнайы мектептегі оқушылар құрамын «олигофрения» клиникалық диагнозы қойылған балалар құрайды. Ақыл-ой дамуы кешеуілдеген балаларды оқытудың еркшелігі мынадай белгілермен анықталады:

 

Ақыл-ой дамуының кещеуілдеуінде баланың физикалық статусы ӛзгерістерге ұшырайды, яғни бала бойындағы физикалық жетіспеушілік бас миының күрделі

 

бұзылуларының ерте кездегі анықталуымен сипатталады. Оларды ішкі органдардың ӛзгерістерге ұшырауы, туа пайда болған жүрек аурулары, тыныс алу органдар жұмысының бұзылуынан байқауға болады. Осы факторлардың барлығы балаға еңбек

 

сабақтарында, физикалық күш түсіру кезіндегі сабақтарда коррекциялық жұмыстарды жүргізудің қажеттілігін анықтайды. Күрделі локальдық неврологиялық симптомдар олигофрения кезінде сирек кездеседі. Олар: бас-миының зақымдануынан болатын қылилық, жоғарғы қабақтың тӛмен түсуі, нистагм (кӛз алмасының ритмикалық қозғалысқа түсуі), бет нервісі мен тіл асты нервтерінің салдануы;

 

  • қимыл-қозғалыстың бұзылуы: салдану, буындар тонусының ӛзгеруі;

 

— қимыл-қозғалыстың дамуындағы кешеуілдеу, қимыл-қозғалыстың бұзылуы жылдамдықтың, дәлдіктің, ептіліктің бұзылуы;

 

  • сӛйлеу функцияларының қалыптаспауы;
  • анализаторлар жұмысының бұзылуынан бала психикасындағы белсенділіктің тӛмендеуі;
  • вегетативтік нерв жүйесінің бұзылуынан қан тамырларының дистониясы, тершеңдік.

 

Осы факторлардың барлығы олигофрен-балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі коррекциялық түзету жұмыстарының қажеттілігін байқатады.

 

Психикалық әрекеттің бұзылуы — олигофрения кезіндегі кемшіліктің негізін құрайды. Психикалық бұзылулардың клиникалық сипаттамасы мына факторларға тәуелді:

 

  • орталық нерв жүйесінің бұзылуы;

 

  • психикалық функциялардың белсенді дамуы кезіндегі жағымсыз әсерлер; Психикалық кемшіліктер кезіндегі олигофрен – балаларға тән белгілер:

-қоршаған ортаны тану кезіндегі белсенділіктің тӛмендігі, ұмытшақтық;

-сӛздік-логикалық    ойлаудың  тӛмендігінен   ӛз       ойын,  пікірін,   қоршаған  орта   туралы

мінездемелерін берудегі қиындықтар;

-эмоциялық-ерік     сферасының    бұзылуынан    мақсатқа    жетудегі,    ӛз    инициативасын

кӛтерудегі әлсіздіктер.

 

Осы айтылған ерекшеліктердің барлығы олигофрен-балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі арнайы жүйелерді талап етеді. Жеңіл дәрежедегі олигофрен-балаларды оқыту мен тәрбиелеу оларды ӛмір сүруге бейімдеу мен жеткілікті білім беруді кӛздейді. Ақыл-ой дамуы кешеуілдеген балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі коррекциялық жұмыстар бірнеше кезеңдерді қамтиды:

 

-1-ші кезең (4-8 жас) – санитарлық-гигиеналық талаптар мен моториканың дамуын анықтайды. Баланың танымдық қабілетінің дамуына, сӛйлеу тілінің дамуына, ортаға бейімделуіне кӛңіл бӛлінеді. Бұл кезең баланы әлеуметтік бейімдеуге бағытталғандықтан, тәрбиелеу жүйесінде негізгі роль білім, дағды, іскерліктің қалыптасуына сәйкес, баланың болашақтағы білім алуы мен тәрбиесіне негізделеді.

 

  • 2-ші кезең (8-16 жас) — ӛз-ӛзіне қызмет ету мен гигиеналық дағдыларды игеруді қорытындылау, тұрмыстық қажеттіліктерді қагнағаттандыру кезеңі. Бұл кезеңде балалар қарапайым сауаттылықты, байланыстырып сӛйлеуді игереді.

 

  • 3-ші кезең (16-18 жас) — әлеуметтік бейімделу кезеңі. Ақыл-ой дамуы кешеуілдеген балалармен жүргізілетін коррекциялық жұмыстың мақсаты – оларды болашақ ӛмірге бейімдеу, еңбекке араласуға үйрету, әлеуметтік ортаға бейімдеу. Бұл кезеңде мынадай міндеттер орындалады:

 

  • оқыту процесінде баланың танымдық әрекеті мен психикалық функциясын дамыту, бала бойындағы психофизикалық жетіспеушіліктерді түзету;

 

  • ақыл-ой дамуының күрделі формасындағы олигофрен-балаларға тәртіп нормаларын үйрету;

 

  • еңбекке үйрету, спортқа бейімдеу, ӛз-ӛзіне қызмет ету дағдысын қалыптастыру;
  • тұрмыстық қажеттіліктер мен әлеуметік ӛмірге бейімдеу.

Олигофрен — балалармен жұмыс жасудағы негізгі ерекшеліктерге тоқталсақ:

 

  • медициналық-клиникалық бағыты – ақыл-ой дамуындағы кемшіліктің этиологиясын анықту, интеллекттінің дамуындағы кемшілікке апаратын генетикалық себептерге, анатомиялық-физиологиялық себептерге назар аудару,

 

  • психологиялық бағыты – интеллект дамуы кешеуілдеген баланың эмоциялық-ерік сферасына, психикалық әрекетіне назар аудару,

 

  • педагогикалық бағыты – интеллект дамуы кешеуілдеген балаларды оқыту мен тәрбиелеудің әдістеріне, формаларына, принциптеріне назар аудару;

 

— психометриялық бағыты – интеллектінің даму ерекшеліктеріне баға беру. Интеллектісі бұзылған балаларға арналған мектепке дейінгі білім беру

 

мекемелеріндегі жүргізілетін коррекциялық-педагогикалық процестің негізгі бағыттары баланың әлеуметтік және потенциалдық мүмкіндіктерін қалыптастыру, жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің

 

 

 

 

 

 

 

 

 

теориясы мен әдістемесі Л.Б.Баряева, О.П.Гаврилушкина, Е.А.Екжанова, А.Зарин, Т.Н.Исаева, А.А.Катаева, Н.Д.Соколова, Е.А.Стребелева және т.б. еңбектерінде толық

 

қарастырылған. Е.А.Екжанова мен Е.А.Стребелева интеллектісі бұзылған балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелердегі диагностикалық, тәрбиелік, коррекциялық-дамытушылық, білім берудегі міндеттерді шешуді ұсынады.

 

Диагностикалық блоктың жетекші міндеттері — баланың жеке даму бағдарламасын құруға қажетті жан-жақты тексерудегі медициналық-психологиялық-педагогикалық жұмыстарды ұйымдастыру.

 

Тәрбиелілік блоктың міндеті — бала мен отбасының әлеуметтенуі, ӛз бетінше дамуы, автономиялылығын анықтау, баланың тәртібі, жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру.

 

Коррекциялық блоктың міндеті — біріншіден, психика мен бала әрекетін компенсациялауға бағытталса, екіншіден балабақша ұжымымен дамудағы екінші кемшіліктердің болдырмау жақтарын қарастыру болып табылады.

 

Ақыл-ой дамуы кешеуілдеген балаларды оқыту мен тәрбиелеу VIII түрдегі (түзету) мектептерде жүргізіледі. VIII түрдегі (түзету) мектептерінде бала дамуындағы кемшіліктерді түзету, оларды еңбекке баулу, әлеуметтік-психологиялық оңалту жұмыстары жүргізіледі. Сыныптағы оқушылар саны — 12. Оқытудың ұзақтығы 10-11 жылды құрайды. Мектепте оқытудың кезеңдері бірнеше кезеңдерден тұрады:

 

  • пропедевтикалық-диагностикалық кезең 0 (дайындық сыныбы) ;
  • бастауыш оқыту кезеңі -1-4 сыныптар;
  • жалпы білім беру кезеңі- 5-8 (9) сыныптар;
  • әлеуметтік – еңбекке дайындықтың аяқталу кезеңі.

 

Мектеп оқу жылының ұзақтығын аймақтық, экономикалық, материалдық жағдайларға байланысты ӛзгерте алады. Кӛрсетілген уақыттырдың ұзақтығы дайындық сыныптарына байланысты ӛзгеріп отырады.

 

Оқу пәндерінің барлығы жалпы білім берушілік және коррекциялық-дамытушылық блоктарға бӛлінеді.

 

Базистік оқу жоспарына ана тілі, жазу, математика, биология, география, Отан тарихы, ӛнерге баулу, музыка, бейнелеу ӛнері, дене тәрбиесі, еңбекке баулу пәндері кіреді.

 

Олигофрен — балалардың қатарындағы сӛйлеу тілінде кемшіліктері бар балалармен жұмыс топтық сабақтар (2-4 баладан) және жеке сабақтар түрінде жүргізіледі. Аталған жұмыс кезіндегі логопед 15-20 баламен жұмыс жасайды. 10-11 сыныптарда еңбекке баулу сабақтары баланың еңбекке дайындығын тереңдетуге бағытталады.

 

Оқушылардың қызығушылықтары мен қалауларына, қабілеттеріне, икемділіктері мен дағдыларына қарай тігін ісі, ағаш шебері, аяқ-киім шебері мамандықтары игеріледі. Жақсы үлгерім кӛрсеткен оқушыларға біліктілік разряды беріледі.

 

Ҧсынылатын әдебиеттер:

1.Смирнова А.Н. Коррекционно-воспитательная работа учителя вспомогательной школы.

 

–Москва, 1982

2.Выготский Л. С. Собр. соч.- М., 1984. Т. 4

3.Лапшин В.А. Пузанов Б.П. Основы дефектологии . –М, 1990

  1. Специальная педагогика. Под ред. Н.М.Назаровой. –М, 2007

 

  1. Головчиц Л.А. Дошкольная сурдопедагогика: Воспитание и обучение дошкольников с нарушениями слуха: Учеб. пособие для студ. высш. учеб. заведений. – М, 2001

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *