Жазу мен оқуындағы кемістіктерді түзету жұмыстарының басты бағыттары

 

 

     Лекцияның мақсаты:

     Болашақ мамандарға балалардың жазуы мен оқуындағы кемістіктерді түзету жұмыстарының бағыттарын үйрете отырып ,жазуы мен оқуындағы кемістіктерді алдын алуға дағдыландыру.

 

    Лекцияның жоспары:

1.Логопедиялық жұмыстың негізгі бағыттары.

2.Жазуы мен оқуындағы кемістіктерді алдын алу.

3.Фонетико – фонематикасы  толық дамымаған балаларға сипаттама.

 

           Лекцияның барысы:

         Қазіргі уақытта балалардың ауызекі сөйлеу тілінің толық дамымауы мен оқуындағы және жазуындағы кемістіктердің арасында тығыз байланыс бар екені көпшіліке мәлім. Сондықтан кемістіктерді жою үшін түзету ықпалының біріңғай жүйесі қажет. Дисграфия мен дислекция екеуі бір –бірімен  тығыз байланысты ақаулық.

         Н.А Никишина,Л.Ф.Спирова, Р.И Шуйфер балалардың жазу патологиясын түзету мәселесіне арналған жұмыстарында ауызекі сөйлеу тілінің және оқуы мен жазуындағы кемістіктерін жұмылдырып жою керек екендігіне ерекше көңіл аударды.Бұндай кемістіктерді жою мақсатында логопед сабақтан бос уақытында аптасына 3 – 4  рет логопедиялық жұмыс жүргізеді.Логопедиялық жұмыстың негізгі бағыттары:

  1. Фонематикалық түйсігін жетілдіру. Қарама-қарсы дыбыстарды және буындарды ажырату жұмысын тек айтумен естіртіп қана жүргізіп қоймайды, сондай-ақ оны жазу тілінде бекітіп машықтандырады. Фонематикалық түйсігін қалыптастыруды, сондай – ақ  міндетті түрде тілдің қимылдау анализаторының қатысуымен жүргізіледі. Сондықтан фонематикалық есту қабілетін жетілдірумен дыбыстарды айтқызу жұмыстары бір мезгілде жүзеге асырылады.
  2. Дыбыстарды айтқызу жұмыстары. Ең алдымен бұрмалану ,алмастыру, түсіріліп қалдыру сияқты дыбыстардың айтылуындағы барлық кемістіктерді жою қажет. Кейде сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуы сақталған балаларда кездеседі. Бұндай жағдайда тіл қимылының анализаторларын іске қосу үшін сөйлеу тілі мүшелерінің анығырақ істейтіндей ету керек. Одан басқа фонематикалық есту қабілеті бұзылған кезде ,тіпті сақталған дыбыстардың өздерінің артикуляциясы мүлде анық болиайтынын есте сақтау қажет.

            3.Дыбыстарды талдауға   және жинақтауға дағдылануын жетілдіру.

Фонематикалық түйсігін жетілдіру жұмысы дыбыстарды талдауға дағдылануын жетілдіру жұмысына өтеді. Соңғы жұмыс әр уақытта балалардың дыбыстарды дұрыс айту құралдарымен жүргізіледі. Бұл жұмыстың негізгі түрлері мынандай болады:

     А) сөйлемнен сөзді,сөзді буынды ,буынна дыбыстарды бөлу.Бұндай талдау ұзын сөйлемді ,қысқа сөздерді,ең қысқа буындардан тұратын сөйлем құрастыру беріледі.

      Ә) жетпейтін дыбыстарды,буындарды жазып бітіру;

      Б) бір бағанаға бір буынды сөздерді,екінші бағанаға екі буынды сөздерді жазып ,буындардың сандық мөлшері бойынша сөздерді іріктеу;

     Г) берілген дыбысқа сөздер ойлап табу және оларды жазу,әр сөзге қарама-қарсы дыбыстары бар басқа сөздерді іріктеп алу.

  1. Сөздік қорын байыту және оларды іс жүзінде пайдалана білуге жетілдіру.Әдетте бұл кезеңде балаларға жаңа сөздердің әр түрлі жасалу жолдарын таныстырады.Әр түрлі жұрнақтардың көмегімен бірнше жаңа сөздер жасайды.Мысалы: кел – ін, кел – те, кел – сап, бір жұрнақтың көмегімен бірнеше жаңа етістік сөздер жасайды, мысалы:қолтық – тас, пысық – тас.Сөзді құрастыру жұмысының басқа бір түрі біріккен сөздерді іріктеу болып табылады.Мысалы, аққу, белбеу, тасбақа, Боранбай, Әсемгүл. Бұндай жұмыс дұрыс жазу ережесін жақсартып, баланың ой-өрісін кеңейтеді. Өткізілген барлық оқу жұмысында балалардың сөздік қоры молаяды,бекітіліп тұрақталады. Назар аударатын басты мәселе дыбыстарын талдау бойынша әрбір сөздің маңызын анықтау,жазу мен оқуын жаттығумен байланыстыру. Сөздік қорының белсенділігін арттыру үшін үлкен жұмыс жүргізіледі.
  2. Грамматикалық дағдыларын жетілдіру. Бұл кезеңнің ең негізгі мақсаты жалғаулықтарды түсіндіру және қолдану, жалғаспалы көп бейнелі суреттер бойынша сөйлемдер құрастыру,сөйлемдердің көлемін кеңейту және қысқарту болып табылады.
  3. Ауызша қалай айтылса жазбаша да солай болатын сөйлеу тілінің байланысын жетілдіру. Жазуы мен оқуындағы кемістіктерді жою жұмысы жыл бойына жүргізілуі қажет. Бұл жұмыстың мақсаты сөйлеу тілі мен жазуын жетілдіру болып саналады. Оқу мен жазуындағы кемістіктерді жою жұмысы үздіксіз жүргізілуі тиіс. Бірақ,ол балаларды шаршатып ,оқу үлгерімін төмендетіп те жіберуі мүмкін. Сондықтан бұндай жұмыстарды жүргізгеннен көрі кемістікті болдырмаудың жолын іздеп, алдын-ала сақтандыру жұмыстарын жүргізу керек.

         Фонетико – фонематикасы  толық дамымаған балаларға сипаттама.

          Орта жастағы балалармен мектепте оқитын ересектердің арасындағы көп тараған кемістіктердің бір түрі дыбыстарды бұзып айту болып табылады.Бұл топқа жататын есту қабілеті дұрыс балалар жеке дыбыстарды бір немесе бірнеше топтағы (мысалы,ызың ,ызың және ысқырық)дыбыстарды дұрыс айта алмайтындығы байқалады.Фонетико-фонематикасының толық дамымауын қалай түсінуге болады?

    Фонетико-фонематикасының толық дамымауы  дегенімізол қабылдау түйсігі мен дыбыстардың ақаулықтардың салдарынан болған  сөйлеу тілінде әртүрлі кемістіктері бар  балалардың ана тіліндегі дыбыстардың айтылу жүйесіндегі қалыптасу барысының бұзылуы. Бұл жағдайды сипаттайтын негізгі көріністерді бөліп көрсетуге болады.

  1. Қатаң дауыссыз дыбыстар мен ұяң дыбыстарды ажырата алмауы мысалы:Т дыбысыС,Ч,Ш дыбыстарының орнына айтылады.
  2. Бір дыбыстарды басқаларымен алмастыру. Баланың сөйлеу тілінде жеңіл айтылатын дыбыстар айтылуы қиын дыбыстармен алмастырылып айтылады.

      Бұндай айтылуы жеңіл дыбыстар баланың сөйлеу тілінде ерте жасынан ақ пайда болады да, кез келген қиын дыбыстарды  алмастыра береді.Мысалы, Л дыбысы Р дыбысын, Ф дыбысы Ш дыбысын, Т мен Д дыбыстары ызың мен ысқырық дыбыстарын түгелдей алмастырады.

  1. Дыбыстарды шатастыру. Бұл көптеген дыбыстардың әр түрлі сөздерге қолдануының тұрақсыздығын сипаттайды. Бала бір дыбысты бір сөзде дұрыс қолданады да,ал оны басқа сөздерде айтылуы жағынан ұқсас дыбыспен қатар келсе алмастырып жібереді. Мысалы, Р, Л немесе С дыбыстарын жеке тұрғанда дұрыс айтылады да, ал сөйлегенде ауыстырып шатастырады. Мысалы, Айдар өзенге қармақ шалды. Дыбыстарды алмастырулары мен шатастыруларынан басқа да кемістіктер кездеседі. Бұл кемістіктер өздерінің  ерекшеліктері жағынан алдыңғыларға қарағанда күрделірек. Мысалы, Р дыбысы қырылдап тамақтан айтылады. С дыбысы тістердің арасынан тілі шығып айтылады. Сөйлеу тілі дыбыстарының айтылуындағы бұл сияқты кемістіктер тәрбиешілер мен ата-аналарды ойландыру керек, себебі бұндай кемістіктер фонематикалық есту қабілетінің  толық жетілмегендігін дәлелдейді. Бұндай жағдайда оның дәрежесін анықтауға жәрдем беретін жүйелі тәсілдер бар:

— Дыбыстардың дұрыс айтылуы мен бұрыс айтылуының айырмашылығын және өзі мен бөтен адамдардың сөйлеу тіліндегі кемістіктерді анықтау. Сөйлеу тілінде кемістігі бар балалар бөтен адамдардың сөздерінен айырмашылықты сезіне алмайды. Бұл есту қабілетінің дыбыстарды нашар ажырататындығын білдіреді. Құрамында қарама-қарсы дыбыстары бар және ажыратуы қиын дыбыстары қатар келген буындарды қайталау қиындық туғызады.

— С дыбысының жеке өзін Т,Ц,Ч,Щ,З,С,Ш,Р деген тізбектелген дыбыстардың ішінен бөліп алу;

— Керекті дыбысы бар буында тізбектелген басқа буындардың ішінен бөліп алу (мысалы; са буынын за,ша,са, ча,ша буындарынан);

— Сөздің ішінен керекті дыбысты бөліп алу (мысалы:С дыбысын сағат,астық,қасқыр,мысық,сөздерінің ішінен).

    Айтылған тапсырмалар айтылуында ақауы бар дыбыстарды түсіну мүмкіндігін анықтауға мүмкіндігін анықтауға үлкен жәрдемін тигізеді. Көп жағдайларда түсінігінде сақталған, демек сөйлеу тілінде қажетті тәртіппен айтылып төселген дыбыстардың бұзылатаны немесе қажетті дәрежеде жетілмей қалатындығы жиі кездеседі. 

 

   Студенттердің оқытушымен бірге орындайтын жұмысы  (СООЖ):

1.Жазуы мен оқуындағы кемістіктерді түзету жұмыстарының әр түрлі бағыттарын талдау.

2.Логопедиялық жұмыстың бағыттары мен ерекшеліктерін талқылау.

 

     Студенттердің өздігімен орындайтын жұмысы(СӨЖ):

      Балалардың дисграфия мен дислалияға шалдығуының себептері туралы не білесіңдер? Баланың дисграфиясын қалай анықтауға болады, баланың дислексиясы қалай анықталады, дисграфиялық және дислексиялық қателердің қандай түрлерін білесіңдер деген сұрақтарға жауап іздеп, конспекті жазу.

 

Қолданылатын әдебиеттер:

  1. Рихтермая Г.Л: Формирование представлений о времени у детей дошкольного возраста. – М., 1978.
  2. Усова А.П. Обучение в детском саду. – М., 1981.
  3. Астапов В.М. Введение в дефектологию с основами нейро и патоппсихологии. М., 1991

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *