Ескерткіштердің жасын анықтау.
1. Ескерткіштердің жасын анықтаудың әдістері
2. Абсолютті және салыстырмалы хронология
Археология- тарихи ғылымдардың бір шама жас саласы. Ол XIX ғасырдың екінші жартысында, ал Қазақстан археологиясы одан да кешірек қалыптасқан. Оның негізгі принциптерінің және бағыттарының анық болмағандығына байланысты жақынға дейін оны білімдердің әртүрлі салаларына, соның ішінде биологиялық ғылымдарға, өнертануға жатқызған. Бірақ археологияның жылдам табыстары оның қоғамдық ғылымдар арасындағы орынын анықтап берді. Көне тарихтың біртұтас бөлімдері археологиялық мәліметтердің негізінде жаратылған.
Ескерткіштердің жасын анықтаудың әдістері. Археологияның ең маңызды міңдеттерінің бірін ескерткіштің жасын анықтау құрайды. Әдетте белгілі бір ескерткіштің, қатпардың немесе заттың жасы анықталады. Жасы анықталған ескерткіштерді, қатпарларды және бұйымдарды өзара салыстыру қажет болған жағдайда синхрондастыру міндеті пайда болады. Синхрондастыру сол жердің немесе басқа аймақтың әртүрлі ескерткіштерінің уақыттық қатынасын орнатады.
Археология жасты анықтаудың әр алуан деректері және әдістеріне ие. Оларға ежелгі тарихи шығармалар, бұйымдардың бетіндегі жазбалар, теңгелер, бұйымдар мен суреттердің көркемдік ерекшеліктері, стратиграфия, типологиялық қатарлар, ежелгі өсімдіктердің қалдықтарын анализ жасау, ежелгі сүйектердегі фтор және уранды анықтау арқылы, сақталып қалған ағаш немесе бөршелердің жылдың сақиналарына қарап, күйдірілген лайдан жасалған бұйымдардың магниттік қасиеті негізінде калий, аргон, радиактивтік изотоптары бойынша уақытын анықтаулар кіреді. Бұл деректер және әдістердің әрқайсысының өзіндік маңызы және кемшіліктері, мүмкіндіктерінің шектері және табысты пайдалану шарттары бар. Аталған әдістердің ешқайсысы бірі – бірінен бөлек қолданылмайды.
Археологиялық нысандардың жасын анықтау әдістерін үш топқа бөлуге болады: тарихи – филологиялық, археологиялық және табиғи – ғылыми. Біріншісіне тарихи шығармалардың куәліктері жәрдемінде, ежелгі жазулар, монеталар, бұйымдар және сурет бейнелердің көркемдік ерекшеліктері бойынша мерзімдей жатады. Екіншісіне – стратиграфиялық және типологиялық әдістер, ал үшіншісіне – археомогнетизм, термолюминесценция, радиоизотоптар және т.б.
Бұл әдістердің әрқайсысы кәсіптік білімдерді және тәжірибені талап қылады. Жазба деректерден табысты пайдалану үшін ежелгі тілдерді білуі керек.
Монеталар бойынша жасты анықтау мүмкін емес. Нумизматикалық білімдерді білместен өнертанулық әдістерді меңгерместен ежелгі көркем бұйымдардың жасын білу қиын. Радиоуглерод немесе термолюминесценция бойынша тек арнаулы лабораторияда жасты анықтау мүмкін. Ғылымның соншалық әр түрлі салаларында маман болу мүмкін емес.
Аналогия бойынша мерзімді анықтау. Біз қазір мәдени айырбас деп атайтын құбылыс барлық кезде болған. Ежелгі ұжымда ерікті немесе еріксіз түрде әрдайым заттармен, идеялар, тәжірибелер, дәстүрлермен айырбастау жүргізген. Бұл әртүрлі: алғашқы айырбас, сауда, тонау, ұсталарды тұтқындап алып кету, ең жақсы үлгілерге еліктеу және т.б. жолдар арқылы жүзеге асқан. Нәтижеде бір жерде жасалған заттар, кейбір кезде бірнеше км ұзақ жерлерде табылып қалады. Бұл жағдайда кейбір ерекшеліктердің жасын анықтауға болады. Бірақ «тікелей» мерзімдерді сөзсіз анық деп айтуға болады. Сол себепті археологтар көп сатылы салыстырулардан пайдаланғанды жөн көрді. Бұндай әдісті неміс археологы Г.Эгерс «домино» әдісі деп атайды. Онда бірдей заттарға немесе әрбір қос комплекс үшін ұзын тізбек жасалады.
Қарама-қайшы мерзімдеу әдісі біраз сенімдірек нәтижелер береді. Бұл әдіс бойынша комплекстер бір-біріне қарама-қарсы бағытта тізбектеледі.Бірақ ежелгі өндірісте бір ұстаның қолынан екі бірдей зат шығуы өте сирек. Әдетте ескеркіштерден ұқсас заттарды табады. Мұны аналогия бойынша мерзімдеу әдісі деп атайды.
Абсолютті және салыстырмалы хронология.Археологияда жас анықтаудың 2 жүйесі пайдаланылады: абсолюттік және салыстырмалы. Абсолюттік мерзім қашан деген сұраққа жауапты календарлық көрсеткіште беріледі. Мысалы: б.з.д.ІІ м.ж, 1267 ж 23 майы, т.б.
Табиғи – ғылыми әдістер ежелгі заттардың «физикалық уақыттағы» абсолюттік жасын анықтайды. Мысалы б.ғ.д. 3807-90 ж — энеолит Кавказ. Бұндай жас жылды емес, ал 180 жыл ұзақтағы аралықты көрсетеді. Ескерткіштің нағыз жасы осы аралықта жатыр деген сөз.
Археологиялық әдістермен анықталған кейбір уақыт мерзімдері де осындай болуы мүмкін. Мысалы, мазардан табылған заттар б.з.д. І ғасырдан ерте емес және эрамыздың V ғ. кем емес дәуірге тиісті деп есептеледі. Бұл осы мазар 500-600 ж барысында қолданылған дегенді білдірмейді. Ол 50 немесе 100 жыл істеп тұрған болуы мүмкін.
Салыстырмалы мерзімдер «неге дейін немесе неден соң» деген сұраққа жауап береді. Олар қабаттардың, қабірлердің, құрылыстардың уақыт ішіндегі ізбе-ізділігін көрсетеді.Алғашқы археологияда салыстырмалы мерзімдер жақынға дейін басымырақ еді.
ХІХ ғ. аяғы — ХХғ.б. жаратылған палеолит, неолит, қола дәуірлерінің кезеңдестіру кестесі толығымен салыстырмалы хронология әдістеріне негізделген.Олардың негіздері өзгерген жоқ, бірақ қазір көп санды абсолюттік мерзімдерді анықтау мүмкіндіктеріне ие болды.
Археологияда кәсіптік тілде «төменгі мерзім», «жоғарғы мерзім» деген терминдер пайдаланылады.