Ерік қасиеттерінің қалыптасуы
Мектептің 7-8 сыныптарында кейбір жасөспірімдер жүйелі және мақсатты түрде өзін-өзі тәрбиелеумен айналыса бастайды. Бұл әсіресе айналасындағы адамдарды бағалау критерийін анықтайтын, ортасында идеал орнатылған балалар үшін тән. Жасөспірімдер көңілді, романтикалық фильмдер мен сәйкесінше әдебиеттерді ұнатады, өйткені оларда батырлық, қайсарлық, еркектерге тән қасиеттері бар кейіпкерлер кездеседі. Жасөспірімдер осы кейіпкерлерге өмірде еліктеуге тырысады, ол үшін кітаптан оқығандарын әлде фильмдерден көргендерін шынайы өмірде қайталайды. Әсіресе бұл үрдіс 11-13 жас аралығындағы кіші жастағы жасөспірімдер үшін тән. Үлкен жасөспірімдік шақта ұл балалардың көпшілігі тұлғаға қажетті ерік күшін дамытумен шұғыл-данады. Олар жасы үлкен жолдастары, жігіттер мен ер азаматтарға еліктейді. Олармен араласа жүріп, жасөспірім ерік күшін қажет ететін істерге қатысады. Жасөспірімдер арасында тұлғаның ерік күштерін дамытуға арналған кең таралған тәсіл спорт түрлерімен айналысу болып табылады. Спортпен шұғыл-данған кезде күш, қимыл-әрекет жылдамдығы мен шапшаңдығы дамиды. Сосын үлкен және ұзақ жүктемелерге шыдау мүмкіндігімен байланысты қасиеттер: шыдамдылық, төзімділік, сабыр және мақсатына жетуге талпыну қасиеттері қалыптасады. Мұның артынан әлдеқайда күрделі және жұқа ерік қасиеттерінің, мәселен, көңілдің бөлінуі, бір нәрсеге назар аудару, жұмыс істеу қабілетінің қалыптасуы жүреді.