«Дефектология» термині екі сӛзден құралған: «дефектус» – кемістік, кемшілік; «логос» — ілім, сӛз; яғни, кемістік туралы ілім деген мағынаны білдіреді. Дефектология – дене бітімі және психикалық дамуында кемістігі бар балалардың ерекшеліктерін, оларды оқыту және тәрбиелеу істерін жүйелі түрде жүргізуге кӛңіл бӛледі. Ғылым ретінде ӛзінің зерттеу пәні, объектісі, негізгі категориялары (ұғымдары) бар. Пәні – кемтар балаларды
оқыту, тәрбиелеу және оларды дамыту мәселелері, объектісі – дене және психикалық дамуында кемістігі бар балалар ұжымы, тобы немесе жеке бала.
Дефектология педагогикалық ғылымдар қатарында, оның зерттеу аймағы – арнайы оқыту, тәрбиелеу, дамыту үрдісі. Сондықтан, «дефектология — кемтар балалардың психофизиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, оларды оқыту мен тәрбиелеу заңдылықтарын зерттейтін арнайы педагогика ғылымы»,- деген анықтама оның мәнін толық ашып кӛрсетеді.
Шектелген мүмкіндіктеріне байланысты кемтар балаларды оқыту, тәрбиелеу, түзету мәселелерін зерттейтін дефектологияның бірнеше салалары бар: сурдопедагогика,
тифлопедагогика, олигофренопедагогика, логопедия.
Сурдопедагогика- есту қабілеті бұзылған немесе есту мүшелерінің кемістігі бар балаларды оқыту, тәрбиелеу мәселелерімен айналысады.
Тифлопедагогика – кӛру қабілеті бұзылған немесе кӛру мүшелерінің кемістігі бар балаларды оқыту, тәрбиелеу және түзету мәселелерін зерттейді.
Олигофренопедагогика – ақыл-есі кеміс немесе интеллектуальдық дамуында кемістігі бар балаларды оқыту және тәрбиелеу заңдылықтарын анықтайды.
Логопедия – сӛйлеу тілі бұзылған немесе тілінің мүкістігі бар балалардың тілін түзету, оларды оқыту-тәрбиелеу істерімен шұғылданады. Сонымен қатар, дефектологияда жалпы психикалық дамуы кешеуілдеген (тежелген) балаларды оқыту, түзету, тәрбиелеу заңдылықтарын зерттейтін; тірек — қимыл аппараты бұзылған немесе қимыл-қозғалыс қабілеті нашар дамыған балаларды оқыту-тәрбиелеу мәселелерін қарастыратын; жалпы дамуында күрделі кешенді (комплексный) немесе бірнеше бірлескен кемістіктері бар балаларды тәрбиелеу, олардың күнделікті ӛмір сүруіне жағдай жасауды міндет ететін бӛлімдер бар.
Дефектологияның негізгі міндеттері: кемтар балалардың мүшелік бұзылыстары мен
қалыпты дамудан ауытқуларын, олардың себептерін зерттеу; ғылыми негіздерді басшылыққа ала отырып, балалардың даму мүмкіндіктерін бақылау; арнайы оқыту-тәрбиелеу әдістері, тәсілдері, түрлері, формалары, мазмұнын анықтап, соларды тиімді пайдалану арқылы психикалық дамуын үдету; кемістіктерін түзету; қоғамдық ӛмірге бейімдеу; еңбекке икемділігін арттыру мәселелерін қарастыру. Жоғарыда аталған негізгі міндеттермен қатар дефектология мынадай мәселелерге кӛңіл бӛліп, оларды шешумен айналысады:
— Балаларды кемістіктерден сақтандыру, кемістіктерді болдырмау, оның алдын алу шараларының жүйесін дайындау;
— Кемтар балаларға арналған арнайы мекемелерді ашу, оларда тәрбиелеу-оқыту жұмыстарының талапқа сай ӛткізілуін ойластыру;
— Болашақ педагогтарды, дефектологтарды, балабақша тәрбиешілерін арнайы біліммен қаруландыруды, олардың іскерлік, дағды, икемдіктерін қалыптастыруды теориялық тұрғыдан зерттеу;
— Ғылыми педагогикалық зерттеулер нәтижелерін практикаға енгізу;
-Мүмкіндігі шектеулі, кемтар балаларға психологтық- педагогтық-медициналық әлеуметтік кӛмек беруді ұйымдастырудың негіздерін анықтау және т.б.
Ғылыми тұжырымдарда, теорияларда анықталған дефектологияның арнайы педагогикалық ұғымдары (түсініктері) – дефектологияның категориялары деп аталады. Жалпы ғылыми ұғым – заттар мен құбылыстардың мәнді ерекшеліктерін, сол заттың, құбылыстың мазмұнын ашатын елеулі қасиеттерін және олардың байланыстарын бейнелейді. Оны белгілейтін сӛздер немесе таңбалар – ғылыми терминдер деп аталады.
Дефектологияның негізгі категориялары: коррекция, компенсация, әлеуметтік бейімдеу, әлеуметтік қалыпқа келтіру, кемтар бала, мүмкіндігі шектеулі бала, кемтарлық, қалыпты дамудан ауытқу, кемтар баланы оқыту, кемтар баланы тәрбиелеу — ұғымдары осы пәннің мазмұнын, ерекшеліктерін, зерттеу бағыттарын анықтайды. Енді осы категориялардың мағынасын анықтайық. Коррекция — баланың қалыпты дамудан ауытқуларын түзету,
кемшілігін жӛнге келтіру. Компенсация — бұзылған немесе зақымдалған дене мүшесінің қызметін басқа қалыпты дамыған дене мүшесінің қызметін жандандыру арқылы орнын толтыру, толықтыру, ауыстыру. Әлеуметтік бейімдеу — мүмкіндігі шектеулі баланы, оның даму ерекшеліктерін ескере отырып, тіршілік жағдайына бейімдеу, ортада ӛмір сүруге икемдеу. Әлеуметтік қалыпқа келтіру – кемтар баланың мүмкіншіліктерін, қабілеттерін ескере отырып, қоғамдық талапқа сай ӛмір сүруге бағыштау, әлеуметтік ортаға енгізу, қалыпқа келтіру. Кемтар бала — дене бітімі мен психикасы жағынан қалыпты дамудан ауытқыған, жалпы дамуында елеулі кемістігі бар бала. Кемтарлық — әртүрлі себептерге байланысты қалыпты дамудан ауытқудың кесірінен адам бойында пайда болған елеулі кемістік. Мҥмкіндігі шектеулі бала — белгілі бір кемістіктің салдарынан ӛз бетінше жүру-тұру, қозғалу немесе сӛйлеу, кӛру немесе есту, ойлау т. б. қабілеттері бұзылғандықтан сырттан қолдауды, кӛмекті қажет ететін бала.
Қалыпты дамудан ауытқу — ағзаның психологиялық, физиологиялық, анатомиялық даму заңдылықтарына қайшы келетін ӛзгерісі.
Кемтар баланы оқыту – оқытушының кемтар баланың даму ерекшеліктерін, мүмкіндіктерін ескере отырып, деңгейіне сай оған ақпарат жеткізуге, біліммен қаруландыруға, оқу іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған қызметі.
Кемтар баланы тәрбиелеу – педагогтің кемтар баланы қабілеттері мен табиғи мүмкіндіктеріне, кемшілігінің деңгейіне сәйкес ӛзіне-ӛзі қызмет ете білуге, кейбір еңбек түрлеріне дайындауға және балалардың түрлі қасиеттерін ашуға, сезімдерін оятуға бағытталған қызметі.
Дефектология әртүрлі ғылыми зерттеу әдістері арқылы — бақылау, байқау, эксперимент, әңгімелесу, сауалнама, тест қолдану, іс-әрекеттерді талдау, социометриялық, статистикалық әдістер, т.б. — қоршаған орта құбылыстарын зерттеп, ғылыми жаңалықтар ашады. Басқа ғылымдар негіздеріне, тәжірибелеріне сүйене, олардың ғылыми нәтижелерін ӛңдеп, практикаға енгізіп отырады, сӛйтіп, заман талаптарына сай үнемі дамып, ӛзгеріп отырады. Дефектология педагогиканың барлық салаларымен тығыз байланысты: жалпы педагогика, жасерекшелік педагогика, әлеуметтік педагогика, салыстырмалы педагогика,
ғылыми педагогикалық зерттеу әдістемесі, т.б.Педагогика ғылымдарының заңдылықтарын, қағидаларын, әдіс-тәсілдерін, педагогиканың теориялық негізін, ӛзінің пәндік ерекшеліктерін ескере отырып, дефектология негізгі мәселелерін шешуде басшылыққа алады, мағлұматтар жинақтауда, зерттеу жұмыстарын жүргізгенде қолданады.
Дефектология қалыпты дамуында ауытқулары, түрлі кемістіктері бар балаларды зерттеумен айналысатындықтан медицина ғылымымен де байланысты. Бұл ғылымның түрлі салалары арқылы баланың денсаулығын анықтауға, ауруының себеп-салдарын білуге, дене мүшелерінің қызметін бақылауға, ауытқуларды кӛріп-біліп отыруға мүмкіндік алады, емделу жолдарын байқайды. Мысалы: невропатология – нерв жүйесінің түрлі аурулары жӛнінде медициналық ғылым, патоанатомия – дене мүшелерінің құрылымындағы түрлі ауытқулар туралы ғылым, патофизиология – ағзадағы
патофизиологиялық процестердің дамуы, созылуы туралы ғылым, жалпы және медициналық генетика — тұқымқуалаушылық ауруларды, оның себептерін зерттейтін ғылым, педиатрия — балалар аурулары, оларды анықтау және емдеу туралы ғылым.
Дефектология ғылымы психология ғылымдарымен де байланысты дамып отырады. Себебі психология арқылы бала психикасының, танымдық процестерінің негізін, жалпы даму заңдылықтарын біліп, кемістігі бар баланың психикалық ӛзгерістерін, жалпы дамуын салыстыра отырып, мағлұматтар жинайды, балаға әрі қарай әсер ету әдіс-тәсілдерін, шараларды т.б. қарастырады, зерттейді. Мысалы: психологияның мынадай салаларымен байланысты: жалпы психология, балалар психологиясы, патопсихология, педагогикалық психология, әлеуметтік психология, психодиагностика.
Дефектология қоғамдық-әлеуметтік ғылымдармен ( әлеуметтану, саясат тану, тарих, философия ) байланысты, олардың негізіне сүйене отырып, қоғамда ӛмір сүру
заңдарын, қоғамның , әлеуметтік ортаның адамға әсерін, адамдарға қоятын талаптарын, әлеуметтік ӛмір қағидаларын түсініп, мүмкіндігі шектеулі баланы сол қоғам мүшесі етіп қалыптастыру, әлеуметтік жағдайларға бейімдеу мәселелерін шешуге, тереңдей зерттеуге мүмкіндік алады.
Ҧсынылатын әдебиеттер:
1 Лапшин В.А. Пузанов Б.П. Основы дефектологии . –М, 1990
2. Специальная педагогика. Под ред. Н.М.Назаровой. –М, 2007
3. Сурдопедагогика. Под ред. М. И. Никитиной. – М.: Просвещение, 1989
4. Ульенкова У.В. Дети с задержкой психического развития. – Н. Новгород: НГПУ, 1994
5. Байсалбаева Ш.А., Хусаинова Ш.Н. и тд. Медико-социальное обследование семей детей-инвалидов. Педиатрия и детская хирургия Казахстана. 1998
6. Забрамная С.Д. Ваш ребенок учится во вспомогательной школе. — М., 1993.
7. Белова Н.И.Специальная дошкольная сурдопедагогика.-М, 1985
8. Нейман Л.В., Богомильский М.Р. Анатомия, физиология и патология органов слуха и речи. – М.: Владос, 2001.
9. Настольная книга педагог-дефектолога. Под ред. Т.Епифанцева. –Ростов на Дону, 2008
10. Боскис Р.М. Глухие и слабослышащие дети. –М, 1963