Балалардағы тұтығуды жоюда отбасы мен балабақшаның ролі

 

 

Лекцияның мақсаты: Балалардағы тұтығуды жоюда ата – аналар  мен тәрбиешілердің ролін түсіндіре отырып, тұтығатын балалармен   жүргізілетін жұмыс түрлерімен таныстыру. Баланы тұтығудан алдын – ала  сақтандырудың жолдарын үйрету.

 

Лекцияның жоспары:

  1. Тұтығуды жоюда тәрбиешілер мен ата – аналардың ролі.
  2. Тұтығатын балалармен жүргізілетін жұмыстың түрлері.
  3. Баланы тұтығудан алдын – ала сақтандырудың жолдары.

 

Лекцияның барысы:

 

Балалардағы тұтығуды жоюда көбінесе ата-аналар мен тәрбиешілердің көмегі арқасында көп жетістікке жетуге болады. Өйткені, олар логопедтің жетекшілігімен баланың жалпы сөйлеу тәртібін ұйымдастырады, жаттығулар, шынықтыру әрекеттерін жасатады, сонымен бірге логопедтің кеңесі мен тапсырмасын орындайды.

Тұтығатын балалар өте тынымсыз, ашуланшақ келеді. Оларды түнде 10-1 сағат, күндіз кемінде 2 сағат ұйыктау керек. Ұйықтаған баланың нерв жүйесі демалады, сабақта жұмыс істеу қабілеті артады. Сабақ кезінде балалар логопедтің көмегімен тоқталмай мүдіріссіз айта алады. Ал басқа уақытта ата-аналар, тәрбиешілер осы дағдысын сақтап,   қолдау   жасап,   сөйлеуін   қадағалап   отырулары керек.

Балаға шектен тыс сұрақ қойып, артық әңгімелесуге де болмайды. Бала әңгімесінде тұтыға бастаған мезетте-ақ сөзін   немесе   сөз   тіркесін   аяқтауға   көмектесу   керек. Баланың   көзінше   оның   кемшілігін   басқаларға   айтуға болмайды. Ата – аналар  мен тәрбиешілер баланы асықпай, ақырын анық сөйлетуге үйрету керек. Үйде бала үшін жағдай жасау қажет. Ұзақ уақытқа дейін баланы қонаққа апаруға немесе баланы қатынастырып   қонақ күтуге болмайды. Тұтығуы жойылған соң баланы бірнеше айға дейін тыныш жерге әкеткен жөн. Осы уақытта өзінен кіші, мінез-құлқы    ұқсас    баламен ойнағаны жөн. Күнге қыздырынуға болмайды. Осы жағдайларды   дұрыс сақтағанда ғана дұрыс сөйлеу дағдарысын қалыптастыруға қол жеткізуге болады.

Баланы тұтығудан алдын – ала  сақтандыру.

Баланы тұтығудан сақтау үшін отбасындағы, балабақшадағы ортасы мен үлкендер тарапынан үлкен профилактикалық (болдырмау шаралары)    жұмыстар жүргізілуі қажет.

Баланың ерте жасынан — ақ үлкендердің сөйлеуіне еліктеушілік    байқала    бастайды.    Сондықтан   баланын айналасындағылар асықпай, анық және дұрыс сөйлегендері жөн. Баладан да солай сөйлеуді талап ету керек. Жылдам сөйлеуге жол бермеу қажет. Өйткені бала жас кезінде ойын, көргенін тез жеткізуге тырысады. Оның ақыры тұтығуға әкеп соғуы мүмкін.

Тұтығу еліктеуден де пайда болады. Сондықтан тұтығатын адамдардан аулақ ұстауға тырысу керек. Сөйлеудің дұрыс қалыпты дамуы үшін нерв жүйесі жағдайының маңызы зор. Сондықтан бала алғашқы күннен бастап, ерекше көңіл аударуды қажет етеді. Баланы психикалық, физикалық жарақаттанудан, соғылудан қорғау керек. Отбасындағы жағымсыз жағдайлар да баланың сөйлеуіне әсерін тигізбей қоймайды. Үлкендер арасындағы ұрыс, жанжал, баланы қорқыту, қатал жазалау сияқты жағдайлар баланы тұтығуға душар етеді. Баланы мөлшерден тыс көп сөйлетуге де болмайды. Өйткені мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу мүмкіндігі шектеулі. Оның сөздік қоры аз, сөйлеу дәрежесі жеткілікті дамымаған, тілдің грамматикалық формаларын жеткілікті меңгермеген.

 

Студентердің оқытушымен бірге орындайтын жұмысы (СООЖ):

  1. Ата – аналар мен тәрбиешілердің тұтығатын балалар үшін жүргізетін жұмыстарыньң маңызын талқылау.
  2. Баланы тұтығудан алдын – ала сақтандырудың жолдары жайында пікір алысу.

 

Студенттердің өздігінен орындайтын жұмысы (СӨЖ):

  1. Өз бетінше баланың сөйлеу тәртібін
    ұйымдастыру жайында   газет – журналдардан  конспекті жасау.
  2. Психотерапиялық емдеу дегеніміз не, анықтама беру, талдау, жүргізу жолдары.

 

Қолданылатын әдебиеттер:

  1. Петрова В.Г. Развитие речи учащихся вспомогательной школы. М., 1996.
  2. В.Г.Леонтьев. Психологические механизмы мотивации. -Новосибирск, 1992 г.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *