Афазия

 

                                             

 

Лекцияның  мақсаты: Бас миының зақымдануынан пайда болған афазия жайында теориялық білім бере отырып, афазияның түрлерімен таныстыру. Афазияның түрлерінің ерекшеліктері мен айырмашылықтарын түсіндіру. Афазияны жою жөніндегі педагогикалық түзету жұмысының бағыттарын анықтау.

 

Лекцияның жоспары:

  1. Афазия ауруына жалпы сипаттама.
  2. Афазияның турлері оның айырмашылықтары.

          Афазияны   жою   жөніндегі   педагогикалық   түзету жұмысының бағыттары.

Лекцияның барысы:

Афазия дегеніміз бас миының жайылмаған зақымына байланысты    сөйлеу   тілінің   толық   немесе    жартылай жойылуы.

Афазия пайда болу себебі мидың қан айналымы бұзылуынан (ишемия,геморрогия) зақымданудан, ісіктен, бас миының жұқпалы ауруларға шалдығуынан болады. Қан тамырларының бұзылу салдарынан болатын афазия көбінесе  ересек адамдарда пайда болып қалыптасады. Бас ми  қан тамырларының (аневризм) кеңейіп жарылуының, тамырлардағы қанның ұюынан (тромбозмболий) бітеліп қалуының, жүректің бұлшық еттерінің (ревматизм) шаншып ауруынан кеселденуінің (порок) және бас сүйегі мен мидың зақымдануының нәтижесінде афазия жасөспірімдер мен жастарда жиі байқалады. Афазия бас миының қан айналымының шамамен үштен бірі бұзылған жағдайда пайда болады және көбінесе қозғаушы афазиясы жиі байқалады.  Балалардың афазиясы тек бас сүйегі мен мидың зақымдануының, ісіктің пайда болуының немесе жұқпалы аурудан кейінгі асқынудың  салдарынан ғана болады.

Афазия дегеніміз мидың өте қатты зақымдануының зардабынан  сөйлеу тілі құрамының  барлық бөліктерінің жүйесі бұзылған ақаулық. Афазиядағы сөйлеу тілі бұзылуының күрделілігі зақымының орнына мысалы: ми қыртысы астындағы бөлігіне қан құйылған кезде болған зақым ошағы орналасқан жері сөйлеу тілінің өз еркімен калыптасуына үміттенуге мүмкіндік береді. Афазияның  кезінде ауыз екі сөйлеу тілі, сөзді есінде сақтауы, фонематикалық есту қабілеті, сөзді түсінуі, жазуы, оқуы, есептеуі сияқты сөйлеу тілі әрекетіндегі көріністердің әртүрлі деңгейдегі ерекше жүйелілікпен бұзылады.

1861 жылы француздың П.Брока деген дәрігері  афазиямен ауырған адамнын бас миының үшінші маңдай қатпарының артқы бөлімін қамтитын сол жақ орта тұсындағы ми күре тамырын жұмсартып кеңейгенін көрсетті. Брока маңдай миының бөлімінде ауыз екі сөйлеу тілінің жинақталған орталығы барын дәлелдедім деп есептейді. 1874 жылы Вернике 10 ауру адамның бас ми қабығының сол   жағындағы  самай бөлімінің зақымдануынан сөйлеу тілін түсінуінің бұзылуын және сөйлеу тілі мәнерлілігінің, оқуы мен жазуының өзгеше болып бұзылуын түсіндіріп жазды. Бұл оған сенсорлы (сөзге түсінбейтін) афазияның  дамуын жоғарғы самай қатпарының артқы жағының үштен бір бөлігінің жинақталған патологиялық ошағымен байланыстыруға негіз болды.

 

             Афазияның түрлері.

Акустико — гностикалык сенсорлы афазия.

Сенсорлы афазияны ең алғашқы рет немістің психиаторы Вернике сипаттады. Ол сенсорлы афазияның бас миының сол жақ жарты шарының артқы жағындағы үшінші жоғарғы самай қыртысынң  зақымдануынан пайда
болатынын көрсетті. Афазияның  бұл түрінің ерекшелігі естіген сөзді қабылдау түсінігі бұзылады. Афазияның бұл түріндегі түсінуінің бұзылу себебі ұзақ уақытқа дейін түсініксіз болып келді. Тек 20- ғасырдың 30 жылдарында бұрынғы кеңес психологтары акустиканың агнозия
фонематикалық есту қабілетінің бұзылу себебінен пайда болатынын анықтады.

Акустико – гностикалық  афазияда тілі оқуына  қарағанда қатты бұзылады, себебі ол фонематикалық есту  қабілетінің жағдайына тікелей байланыста болады.

Акустико-мнестикалық афазия.

        Самай миының орталық және артқы тұсындағы бөліктерінің зақымдануынан пайда болады. Бұндай ауруға шалдыққан баланың естіген сөзді есінде сақтауы  төмендейді. Бұндай ақаулықтар буындар мен сөздердің тізбектерін қайталағанда байқалады. Жекелеген сездерді қайталау қабілетінің біршама сақталуы мен  мағынасы бір-бірімен үйлеспейтін үш – төрт сөзді қайталау мүмкіншілігінің бұзылуымен  сипатталады. Әдетте ауру адам өзіне тапсырылған сөздердің алғашқысын және соңғысын, ал одан әрі қиындау сөздердің тізбектерін бергенде барлығын бірдей есінде сақтай алмайтындығын айтып, тек біреуін ғана қайталайды. Берілген сөздерді екінші қайтара мұқият таңдап алғанның өзінде тізбектік реттік қатарын сақтай алмайды. Немесе біреуін калдырып айтпай кетеді. Естіген сөздерін есіме сақтауының бұзылуы афазияның  басқа түрлерінде  де  байқалады,  бірақ  бұл кемістік  тек акустико – мнестикалық  афазияның ғана негізгі
ақаулығы болып саналады, өйткені онда фонематикалық
есту қабілеті мен дыбыс шығаратын сөйлеу тілі
мүшелерінің      қызметі       бұзылады. Аурудың айналасындағылармен қарым -қатынастағы сөйлесу белсенділігінің жақсы жетілгендігі байқалады.

Семантикалық афазия.

     Бас миының жарты шарының артқы төбе  аймағындағы сөйлеу тілі орталықтарының зақымдануынан  пайда болады. Бас миының сол жақ жарты шарының артқы белігі зақымдалған кезде сөйлеу тілінің  құрылысы дұрыс сақталмайды, сөздің арасындағы керекті дыбыстар байқалмайды да сөз мағынасыз болып естіледі. Есте сақтау қабілеті төмендейді немесе фонематикалық есту  қабілетінің жағдайы нашарлайды. Семантикалық афазияда керекті сөзді немесе заттың  атын  өз бетімен іздестіріп табуда қиыншылық байқалады. Ауру адам сөздердің септелу және жіктелу үлгісін табуда қиналғанда заттың іс — әрекетін  және сапасын синтагматикалық әдіспен сипаттауға тырысады, демек сөзді басқа сөзбен алмастырмайды.

Септелгенде, жіктелгенде өзгерген сөздердің және  қосымшалардың жалғануы арқылы туған жаңа сөздердің сөйлем құрамында әр түрлі септеулік шылаулармен тіркесіп сабақтасқандағы грамматикалық өзара байланыстарын және мағыналарын түсінудегі ауытқуын импресивтік аграмматизм деп атайды.

Семантикалық афазияда метефораны, мақал — мәтелдерді, қанатты сөздерді түсінуі мүлдем жойылады, олардың мағыналарының астарын түсінбейді, есептеу, санау қабілеті бұзылады.

Афференттік моторлы  афазия. Бас ми қыртысының төбеден төменгі  және тұрақты орталық   бөлімдерінің қосымша аймағында орналасқан артқы орталық мидың зақымдануынан пайда болады.

Афференттік моторлы афазияға тән ерекшелік ол күрделі буындардың құрамын таңдауы қиындайды. Бұндай ауруға шалдыққан адамдар тұйық буындарды екі ашық буынға бөлшектейді, буындағы дауыссыздардың  тіркесіп қатар келген жерін бөлшектейді, дауыссыз дыбыстарды түсіріп қалдырады. Сондықтан да то, жаз, мал сөздерін «то – н», «жа – з», «ма – л» деп те айтады. Зақымданудың немесе инсульт   алған   кездегі   алғашқы   кезеңінде   афференттік моторлы     афазияда     сөйлеу     тілін     түсінуі     өрескелі бұзылатындығы байқалады. Бірақ ол көпке созылмайды,  инсульттан  кейінгі   немесе   бірнеше   тәуліктен   кейін  олардың ауыз екі сөйлеу тілін, жеке сөздердің мағынасын, жеңіл – желпі     нұсқауларды   түсініп   орындауы   қалпына келеді.

Эферентті моторлы афазия.

Эфрентті        моторлы       афазия       орталық       ми тамырларының       сол       жағындағы       тармақтарының зақымданунан      пайда     болады.     Бұндай     жағдайда  бағдарламаны игеріп алуы мен еске түсіруі қиындайды.    Ми қимылы бөлімдерінің алдыңғы жағының зақымдануы   дыбысқа,   буынға   және   лексикалық   орын    ауыстыруы, еліктеп   сөйлеуінің   қиындығын   туғызады. Буындар   мен  сөздерді   қайталауы   қиындайды,   кейде   оқуы,   жазуы,    ауызекі сөйлеу тілі толығымен орындалмайды. Өрескел    бұзылған     эферентті     моторлы     афазияның      алғашқы кезеңінде ми   қан  айналымы  бұзылғаңнан кейін  өзінің сөйлеу тілі мүлде болмай қалуы мүмкін. Афазияның бұндай түрінде   жеке   дыбыстарды   қайталауында   қиналмайды, керісінше  буындардың немесе дыбыстардың  көп түрін қайталауда қиналатындыгы байқалады. Афазияның бұл түрінде   мақалдарды,  астарлы   сөздерді,   көп   мағыналы сөздерді   толық    түсінбейді.     Оқуы    мен     жазуында айтарлықтай қиындықтар кездеседі.         

          Динамикалық афазия.

Ми сыңарларының  сөйлеу тілінің маңдай артқы бөлімінің сол жағындағы орталық жүйкесі зақымданған кезде пайда болады, немесе үшінші функционалды блок деп атайды. Ол блок сөйлеу тілі қызметінің белсенділігін, реттеуін және жоспарлауын қамтиды.

Афазияның бұл түріндегі сөйлеу тілінің негізгі ақаулығы сөзді қиналып айтқандығы, ал кейде емін – еркін  белсен сөйлеуге  мүмкіндігі мүлде болмайды. Динамикалық афазияда жекелеген дыбыстар дұрыс айтылады, сөздерді және қысқа сөйлемдері артикуляциясының қиындығынсыз қайталайды, бірақ тілінің қызмет қатынасы бұзылады. Өрескел бұзылу тек сөйлеу тілінде ғана білініп қоймайды, сонымен бірге әңгімелесуші адамның тек сөйлеген сөзін естіп қана емес, өзіне қойылған сұрақтарды, тіпті қимылдарын да аңғармай соған еліктеп қайталайды. Динамикалық афазияның негізгі бөлімі өз еркімен байланыстырып сөйлеуі бұзылады. Динамикалық афазияда заттарды атаған кезде, әсіресе таныс  адамдардың, әкесінің немесе өзінің есімдерін, қалалардың, көшелердің аттарын атаған кезде ұмытшақ бола бастауы байқалады. Сөйлеу тілі барысының селқостығы салдарынан санды аяғынан бастап басына қарай қатарымен санап шығу тапсырмасын орындай алмай едәуір қиналады. Мысалы 20 – дан  1 – ге  дейін.

Маңдай миының сол жағы кең көлемде зақымданған кезде, ойлау ниетін және мінез-кұлкын, тәртібін  бағдарлауы қатты бұзылады, айналасындағылармен ісі болмайтыны байқалады. Өтінішін ешқашанда тұжырымдап айтпайды, сұрақтар да қоймайды. Өз еркімен мүлдем сөйлей алмауы мүмкін.

Динамикалық афазияда да эфферентті қозғаушы афазиядағы сияқты сөйлегенде түсінуі бұзылатындығы білінеді, күрделі сөйлемдердің мазмұнын түсінбейді. Әсіресе өзінің түсінігіне жеңіл болу үшін сөйлемдердегі сөздердің орындарын ауыстырып қоюды талап ететін қиындығы туындайды.

Афазияға шалдыққан кездегі мидың күрделі қыртысының қызметін зерттеудің жалпы мазмұны төмендегідей жүргізіледі:

  1. Сөйлеу тілі қатынасының жалпы қабілетін зерттеу сөйлеу тілінің толықтығын, күнделікті тұрмыста қолданатын сөйлеу тілін түсінуін, сөйлеу тілінің белсенділігінің дәрежесін анықтау мақсатында ауруға шалдыққан адаммен сөйлесу.
  2. Сөйлеу тілін түсінуін зерттеу. Бір және көп бөлімді арнайы нұсқауларды естіртіп айтады, заттарды іздеп табу тапсырылады, қысқа әңгімені есту бойынша айтып береді, логико-грамматикалық құрылысты шешеді. Фонематикалық есту қабілеті, естігенді жадында сақтауы, мақалдардың  мағынасын түсінуі тексеріледі.
  3. Сөйлеу мәнерін зерттеу. Машықтандырылған сөйлеу тілі дыбыстарды, буындарды, күрделілігі әр түрлі дәрежедегі сөздерді қайталауы, бейнелі    суреттердегі заттарды атауы, іс — әрекеттердің  қимылдарын атауы, бейнелі суреттердегі оқиға желісіне қысқа сөйлемдер және әңгіме құрастыруы, оқыған әңгімесін айтып беруі жатады.
  4. Оқуын, жазуын және есебін зерттеу.
  5. Акустикалық және оптикалық аңғаруын зерттеу.

 

Афазияны жою жөніндегі педагогикалық  түзету жұмысының багыттар.

 

Афазияны жою жөніндегі логопедия жұмысына жалпы дидактикалық негіздегі оқыту пайдаланылады (көрнектілігін, түсініктілігін, саналылығын және басқалар) алайда осыған байланысты, сөйлеу тілі қызметін калпына  келтірудің  үйрету жұмысын қалыптастырудан айырмашылығы бар. Жаңа сөйлей бастаған балаға қарағанда сөйлейтін және жазатын ересек адамның миындағы қыртыстың күрделі қызметі біршама қысқаша құрылған. Педагогикалық түзету жұмысын жоспарлағанда негізгі төмендегідей қағидаларды басшылыққа алған жөн.

  1. Сөйлеу тілі қызметін қалпына келтірудегі педагогикалық түзету жұмысының тәсілдерін таңдау кезеңге немесе сатыға байланысты. Инсульттан кейінгі алғашқы күндеріндегі жұмыс сөйлеу тілін қалпына келтіру барысында аурудың біршама енжарлықпен қатысу арқылы жүргізіледі. Сөйлеу тілі қызметінің тежелуін түзететін және алғашқы кезеңде қалпына келтіретін эферентті моторлы афазиядағы кездесетін литеральды парафазия сияқты сөйлеу тілінің бұзылуынан алдын ала сақтандыру тәсілдерін пайдаланады. Сөйлеу тілін міндетті түрде қалпына келтірудің ең соңғы кезеңінде ауруға тілін түзету жұмысының жолын және  жоспарын түсіндіреді, тілін түзету жұмысына пайдалануға болатын  көрнекі кұрал беріледі.
  2. Педагогикалық түзету оқуының жүйесі не алғашқы бұзылған функцияларын қалпына келтіруге, не болмаса сөйлеу тілі қызметінің сақталған бөлімдерін қайта кұруға мүмкіндік беретін жұмыс тәсілін таңдауды ұйғарады. Мысалы, сенсорлы афазиядағы фонематикалық есту қабілетін қалпына келтіру барысы сақталган оптикалық және кинестикалық қабілеттерін пайдалану жолымен іске асырылады.
  3. 3. Алғашқы нейропсихологиялық алғы  шартының  қайсысы бұзылғанына қарамастан афазиянын кез келген, түріндегі сөйлеу тілінің сөйлеу мәнері, түсінуі, оқуы және  жазуы сияқты барлық жақтарымен жұмыс жүргізеді.
  4. 4. Афазияның барлық түрлерінде сөйлеу тіліне өздігінен бақылауы дамытылады, сөйлеу тілінің қатынас  қызметі қалыптасады. Тек аурудын өз қатесін түсінген   жағдайда ғана сөйлеу тілін бақылау үшін, әңгімесін  жоспарлау үшін парафазияны түзету үшін жағдай туғызуға  болады.
  5. Афазияның барлық түрлеріндегі сөз түсінігін қалыптастыру үшін әр түрлі сөз тіркестеріне қосып  жаттықтыру жұмысы жүргізіледі.
  6. Мектеп жасына дейінгі балалар мен ересектерге қарағанда 5 – 6  жастағы балалардың афазиялық бұзылуы  тезірек түзеледі. Афазияны  түзетуде   логопедиялық   жұмысты  баламен де, топ балалармен де жүргізеді. Логопедиялық  жұмысты жеке баламен айналысатын түрі негізгі болып саналады, себебі тек осындай жұмыс қана аурудын  сөйлеу тілінің  ерекшелігін есепке жиі – жиі  алып тұруды, оның өзімен  тығыз байланысын қарым-қатынас жасап тұруды және   де  психотерапевтикалық   ықпал    жасауға мүмкіншілігін     қамтамасыз    етеді.    Инсульттан    кейін  алғашқы    кезеңдегі    әрбір   оқу   жұмысының   өткізетін уақытының    ұзақтығы   орта   есеппен   10   минуттан  15минутке дейін күніне 2 рет, ал одан кейінгі кезендерде 3О минуттан 40 минутке дейін аптасына кем дегенде 3 рет  болады. Сөйлеу     тілі     бұзылған     балалармен    топтан жүргізілетін  логопедиялық жұмыстың уақыт ұзақтығы 4О-5О минут болады. Ауруының қиындығына байланысты логопед  оның   жеке   басының   ерекшелігін   туыстарына   айтып  түсіндіру міндетті.

 

Студенттердің оқытушымен бірге орындайтын  жұмысы (СОӨЖ):

 

  1. Афазияның түрлерін атап, олардың ерекшелік белгілері  жайында пікір алмасу.
  2. Сенсорлы афазиктермен сенсорлы алалеяның айырмашылығын талқылап, оның пайда болу себептерін талдау.

 

Студенттердің өздігінен орындайтын жұмысы (СӨЖ)

 

  1. Афазия қандай себептердің салдарынан пайда болады және оны емдеу жұмыстарының түрлеріне байланысты өздіктерінше реферат дайындау.
  2. Афазияға шалдыққан кездегі мидың күрделі қыртысының қызметін зерттеудің жалпы мазмұнын анықтап, оны емдеудің жолдарын іздестіру.
  3. Афазияны жою жөніндегі түзету жұмысының бағыттары жайында ой түйіндеу.

 

        Қолданылатын әдебиеттер:

 

  1. Блюмина М.Г. Распространенность, этиология и некоторые особенности клинических проявлений сложных днфектов //Дефектология, 1989, №3//
  2. Каффеманс Р.Б. сравнительное иследование осязания у аномальных детей разных категорий. // дефектология, 1991, №5//
  3. Кулагин Ю.А., Лубовский В.И., Петрова В.Г. Изучение психического- развития аномальных детей // дефектология, 1988, №6//

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *