Археологиялық тексерудің әдістері

Археологиялық тексерудің әдістері

 

1. Барлаушылық тексеру жұмыстары

2. Интенсивті тексеру

 

Тексеру жүргізу әртүрлі болуы мүмкін. Бірақ мақсат барлық жағдайда біркелкі: зерттеу аймағындағы ежелгі қоныстардың ізін ашу, анықтау.

Көптеген мамандар тексеру жүргізу типтерінің түпкілікті ерекшелігін айырып көрсетеді.

1. Барлық мақсатындағы тексеру – негізгі ескерткіштерді сәйкестендіру және ескерткіштің орналасуын жобалау үшін зерттеу аймағын алдын-ала қарап шығуды қамтиды. Барлаушылық тексеру жұмыстарына сонымен бірге егер тарихи мәліметтер болатын болса архив жұмыстары, жер иесімен келісім жасау және қоршаған орта туралы ақпарат жинау жұмыстары кіреді.

2. Интенсивті тексеру бүтіндей аймақты қамтитын жүйелі, детальды зерттеу болып табылады. Сонымен бірге жоғарғы қабатты тесттілеу енеді.

Көптеген тексеру жұмыстары барлауға жатады. Археологиялық элементтерді локализациялауды әртүрлі жүргізуге болады. Нысаналы аймақты көлікпен не жаяу аралап, барлауға болады. Көбіне аэрофототүсіру және қашықтан ажырату әдістері қолданылады.

Кез келген аймақтың барлық археологиялық ресурсын анықтау, сәйкестендіру мәселесін шешуге талпыныс жасалуда. Уильям Сэндерс Мехико бассейнде ұзақ мерзімді археологиялық тексеру жұмыстарын жүргізді. Олар аймақтағы барлық археологиялық ескерткіштерді анықтау үшін бірқатар қазба жұмыстарын жүргізген болатын жазба нәтижесінде тексеру әдістерінің тиімділігі тұжырымдалды. Аймақтағы археологиялық ескерткіштердің орналасуын нақты көрсетіп берді. Бұл ұстаным көбіне егер уақыт және қаржы мәселесі шешімін тапса тиімді.

Археологтар үлгілерді сұрыптауға (отбор проб) және ескерткіштерді ашу мен сәйкестендірудің жаңа әдістеріне көп көңіл бөледі. Тексеру жүргізудің толықтығына басқа жағдайлар да әсер етеді. Олардың көбі халық тығыз қоныстанған аймақтарда жүргізіледі. Ескерткіштерге тексеру жүргізу шөп қалың кезінде, егістік уақытысында және су тасқыны кезінде қиындайды. Мексика, Африка, Калифорнияда тексеру жүргізудің қолайлы кезі — құрғақшылықтың соңғы кезеңі, шөптің қураған уақтысы болып табылады. Американың оңтүстігінде климатқа байланысты зерттеу жүргізу жылдың көп уақытысында мүмкін емес. Тек шурфтық қазбалар мен ескерткіштің жоғары қабатынан мәліметтер жинастыруға болады. Осындай жағдайларда тек айқын ескерткіштерді табуға болады, мәселен, қорғандар.

Жердің жоғарғы қабатындағы тексеру жұмыстары толық емес сипатта болады. Археологиялық тексеру жұмыстары кездейсоқ  сипатта болып келді. Қазіргі заманғы археологиялық тексеру жұмыстары жүйелі мазмұнды болып келеді. Белгіленген аймақтың барлық бөліктерін зерттеуге кепілдік беретін әдістерге негізделеді.

Жоғарғы қабатты интенсивті тексерудің негізгі төрт түрі бар:

  1. Айқын және қолжетімді ескерткіштер жоғарғы қабатты тексеруде анықталады. Катервуд және Стефанс Юкатандағы майя ескерткішін зерттеуде осы әдістермен жұмыс жасады. Зерттеуші тек көрінетін, айқын әрі оңай ескерткіштерді зерттейді.
  2. Ақпарат берушілер көмегімен тексеру жүргізіледі. (жер иеленушілер сияқты) Бұндай қадам 1930 жылдары Миссисипи аймағында көп қолданылады. Бұл тексеру жұмыстары нәтижелі болғанымен, аймақтың археологиялық ескерткіштеріне жартыкеш көзқарас қалыптастырады.
  3. Шектеулі аймақтағы тексеру жұмыстары ескерткіш туралы мәліметтерді сұрастыруды қамтиды. Тексеру жүргізудің бұл түрі верификация жүйесімен толық мәлімет беруі мүмкін.
  4. Интенсивті жаяу тексеру. Археологиялық экспедиция мүшелері белгілі арақашықтықта аймақты аралайды. П.Мартин және Ф.Плог осы әдіспен Хей Холлоу қыратын (шығ.Аризона) 13,5 квадрат километр аймақты аралып, 250 ескерткішті тіркеді. Алайда аймақтың барлық ескерткішін тіркей алмады.

Аймақтың барлық ескерткішін тіркеу кез-келген археологиялық тексеруде мүмкін емес. Дегенмен аймақты интенсивті тексеру жолымен жүргізу тиімді. Аймақ ескерткіштерін толық қамту қашықтан анықтау мен жоғағы қабаттарды зерттеу арқылы жүзеге асады.

Жүйелі әрі мұқият бақылаудағы археологиялық мәліметтерді сұрыптау өте қажет. Қоршаған ортаға бейімделу процесін зерттеуде әртүрлі табиғи зоналардағы ескерткіштердің үлгілері жүйелі топтамасын қолдануға болады.

Үлгілерді сұрыптаудың статистикалық әдісі археологиялық зерттеуде маңызды рөл атқарады. Археологиялық ізденудің нәтижелі жолы зерттеуді жоспарлау мен үлгілерді жинаудың дәл әдістеріне байланысты. Әдетте археологтар кездейсоқ таңдау (случайный выборка) әдісін қолданады. Ықтимал статистиканы мәліметтерді сараптауда қолданады. Бұл әдістің классикалық үлгісі ретінде қоғамдық пікірді сұрау болып табылады.

Үлгілерді сұрыптау зерттеушілерге археологиялық мәліметтердің статистикалық қиықтарын (диаграмма) жасауға, талдауға мүмкіндік береді.

Археологиялық тексеруде және қазба жұмысына әдетте кездейсоқ таңдауда 3 негізгі схема бойынша жүргізіледі.

  1. Жүйелі сұрыптау. Алдымен кез-келген бір элемент таңдалып, сонымен бір жазықтықта өзге элементтер таңдалады. Бұл әдіс ескерткіштің жоғарғы қабатында артефактілердің таралуын зерттеуде маңызды.
  2. Кездейсоқ сұрыптау. Тексерілетін ескерткіш аймағына сетка орнатылады. Оның ұяшықтары нөмірленіп, ұяшықтардағы сұрыптау таблицаның ықтимал сандарымен анықталады. Жинақтау нүктелерінің қашықтықтары бірдей болмайды. Бұл сұрыптау жолымен алынған мәліметтер археологиялық ресурстардың барлық саласындағы ізденістерді бағалауда қолданылады. Әсіресе белгісіз ескерткіштерді тексеруде кеңінен қолданылады.
  3. Стратегиялық сұрыптау. Сала шеңберіндегі таңдалынған элементтер әртүрлі болған жағдайда қолданылады. Оларды жеке топтарға бөледі. Олар әртүрлі экологиялық аймақ, әртүрлі шаруашылық салалары, артефакт классификациялары т.б.

Кәдімгі кездейсоқ сұрыптау тексеру жүргізу және қазба жұмыстарында қолданылатын қарапайым әдістердің бірі болып табылады. Далалық тексеру жұмыстарындағы көптеген кедергілерге қарамастан мәліметтерді дәл сұрыптауды қамтамасыз ететін әдістер мен жұмыс жасау қажет.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *