Археологиялық материалдарды сипаттау және зерттеп сұрыптау
1. Археологиялық заттарды сипаттау.
2. Археологиялық заттарды классификациялау.
Археологияда мәліметтерді есепке алу 3 топқа бөлінеді: жазба материалдар, фотосуреттер және сандық бейнелер, ескерткіш сызбасы. Компьютерлік файлдар есепті жүргізудің маңызды бөлігі.
Жазба материалдар. Қазба жұмысы кезінде археологтың жұмыс блокноты, ескерткіш күнделіктері толтырылады. Ескерткіш күнделігі – ескерткішті қазу жұмыстарындағы барлық оқиғаларды жазып отырады: атқарылған жұмыс көлемі, жұмыс режимі, қазба жұмысының тобындағы адамдар саны және өзге де жұмыс мәселелерін қарастырады. Барлық өлшемдер мен өзге де мәліметтер тіркеледі. Күнделікті қазба жұмысындағы барлық оқиғалар мен іс-әрекеттер тіркеледі. Бұл құжат кейінгі зерттеушілерге көмек береді және алғашқы табылған археологиялық заттарды толықтыруы мүмкін. Сондықтан ескерткіш туралы есепті сандық түрде, ал егер жазба түрде болатын болса архивте сақталуға жарамды қағазға жазу қажет.
Бақылау мен интерпретация арасындағы айырмашылықты нақты ажырату қажет. Кез келген интерпретация тіпті ол жарамсыз болса да күнделікке тіркелуі қажет. Маңызды табылған заттар мен стратиграфиялық детальдар мұқият тіркеледі. Елеусіз мәліметтердің өзі лабораторияда құнды болып шығуы мүмкін.
Ескерткіш жобасы. Ескерткіш жоспары қарапайым контурлық түрден басталады. Ол бүтіндей қаланың не күрделі құрылыстардың комплексті жоспарына ұласады. Өте дәлдікпен жасалған жоспарлар маңызды, онда тек ескерткіш объектісі тіркеліп қана қоймай, траншеяның жалпы схемасын орнатуға қажетті өлшеуіш торлама жүйесі де есепке алынады. Карта құрастыратын компьютерлік бағдарламалар өте дәлдікпен жасалатын карта жұмысын жеңілдетті. Мәселен Autocad бағдарламасы көмегімен Дуглас Гэнн Уинслоу қаласындағы (Аризона штаты) пуэбло Хомольови ескерткішінің үш өлшемді картасын құрастырады. Онда 150 бөлмелі тұрақтың анық реконструкциясы көрсетілген. Компьютерлік анимация, тіпті ескерткіштен хабары жоқ адамға, ескерткіштің шын мәнінде қандай болғандығынан көрініс бере алады.
Стратиграфиялық сызбалар вертикалды жазықтықта немесе осьті қолдана отырып, аксонометриялық түрде жүргізілуі мүмкін. Кез-келген стратиграфиялық сызбалар өте күрделі, ол үшін сызу қабілетімен қоса оны түсіне білу қажет. Күрделі фиксация ескерткіштің күрделілігіне және стратиграфиялық шарттарына байланысты. Стратиграфиялық қималарда әртүрлі тіршілік қабаттары не геологиялық құбылыстар нақты белгіленеді. Кейбір ескерткіштерде қабаттар күрделі әрі айқын емес, әсіресе құрғақ климаттық жағдайларда қабаттың түсі оңып кетеді. Кейбір археологтар қиманы фиксациялауда таңдамалы құралдарды пайдаланады, бұл көбіне үлкен қималарда, қалалық үйінділерде қолданылады.
Үш өлшемді фиксация артефактілерге және кеңістіктегі құбылыстарға байланысты. Археологиялық жәдігерлердің орналасқан жері көбіне оның торламасымен (сетка) анықталады. Үш өлшемді фиксация электрондық қондырғылар арқылы жүргізіледі.
Ескерткіш артефактілерінің алғашқы қалпын фиксациялауда аса қажет немесе ғимарат құрылымының жекелеген кезеңдері таңдап алынады. Жаңа технологиялар үш өлшемді фиксацияны дәл жасауға көмектеседі. Теодолитті лазерлік сәулемен қолдану фиксация уақытын үнемдейді. Контурлық жоспарға сандық фиксация енгізу немесе репрезентация үшін бағдарламалық құрылғылар пайдаланады.
Фиксация процесінің негізінде торлама, бірліктер, форма және этикетка жатады. Ескерткіш торламасы әдетте боялған қазықтар мен арқан көмегімен бөлініп, траншеядан тартылады.
Хилари Дикон Оңтүстік Африкада Боомплаас үңгірінде кішкене артефактілер, объектілер фиксациясын үңгір шатырынан торлама түсіріледі. Лазерлік фиксация бұл әдісті біртіндеп ығыстырып шығара бастады. Торламадағы әр квадрат нөмірленеді. Олар табылған заттың жайын сәйкестендіруге мүмкіндік береді.
Археологиялық қазба жұмысы табылған жәдігерлерді тасымалдау және лабораториялық құжатты толтырумен аяқталады. Іс жүзінде қазба жұмысы мәселелері біткен жоқ. Табылған заттарды сараптау, гипотезалық жобаны тексеру қажет. Сараптама аяқталған соң ескерткіш интерпретациясы мәселесі қолға алынады.
Қазіргі кезде баспа жұмысының құны жоғары, тіпті орташа ескерткіш туралы толық мәліметті жариялаудың өзі қиындау. CD — дискілерінде, не микрофильм түрінде сақтауға мүмкіндік бар. Әдетте ақпарат интернетте орналастырылады, алайда киберархивтың қызметінің тұрақтылығы мәселесі өткір күйінде. Материалды жарияламастан бұрын археологтың мынандай маңызды шаруаны еске ұстауы қажет: Біріншіден, табылған жәдігерлерді және құжаттарды қауіпсіз жерге сақтау және кейінгі ұрпақтарға қолжетімділігін қамтамасыз ету, екіншіден, зерттеу нәтижесі кәсіби-археологтарға және барлық оқырмандарға қолжетерлік болуы қажет.