Археологиялық ескерткіш туралы мәліметті тіркеу (фиксация).

Археологиялық ескерткіш туралы мәліметті тіркеу (фиксация).

  

          1. Археологиялық ескерткіштерді іздеу және бағалау

2. Археологиялық тексеру

3. Ескерткіш туралы мәліметті тіркеу.

 

Археологтар қазба жұмысының археологиялық ескерткіштерді іздеу және бағалау әдістеріне көңіл бөліп келеді. Археологиялық зерттеулерге жаңа ұстаным, ескерткіштерді қашықтан табудың жаңа әдістері, әсіресе, ескерткішті сақтаудың және мәліметті тіркеу мәселесінің өткірлігі (өзектілігі) археологиялық зерттеулердің жаңа негізін салды. Археологиялық ескерткіштің таралуы мен орналасауы, археологиялық материалдың бағалануы туралы мәліметтер көптеген мәселелер шешімін табуға қолдануға болады. Ежелгі сауда құрылымының өзгерістерінен темір өндірісінің технологиясының пайда болуына дейінгі мәселелерді қамтуға болады. Кейбір жағдайларда ақпараттар археологиялық ресурстарды бақылау мен қорғау үшін жиналады. Археологиялық ескерткіштерге әсер ететін құрылыстарды бағалауға көп уақыт жіберіледі. Қазіргі кезде құрама штаттарда мемлекеттік қаржы негізінде құрылыс не өзге нысандардың басталуы алдында археологиялық зерттеулер жүргізуге мемлекеттік және федералдық заңдар мүмкіндік береді. Көптеген қалаларда кездейсоқ табылған ескерткіштердің бұзылуының алдын алатын заңдар қабылданған. Осыған байланысты ескерткіштерді зерттеу, қорғау мәселесі шешіледі. Далалық археологиялық мәліметтер интерпретациясына мына өзара байланысты процестер кіреді:

1. Археологиялық іздеу – жердегі археологиялық ескерткіштердің таралуын тіркеу, сәйкестендіру және жүйелі түрде іздеу жұмыстары болып табылады.

2. Ескерткішті бағалау — әрбір археологиялық ескерткіштің археологиялық мазмұндығын, маңыздылығын анықтайды. Бағалау кезінде ескерткіштің орналасуы және жоғары қабаттан алынған мәліметтер, кейбір жағдайларда электронды түрде жоғары қабаттан алынған мәліметтер есепке алынады. Археологиялық зерттеудің бұл ұстанымдары археологиялық ескерткішті бүлдірмейді.

Археологиялық ескерткіштер әртүрлі түрде айқындалады. Олардың кейбірі тіпті анық байқалады, мәселен, тұрмыстық қалдықтардан тұратын қолдан жасалған төбелер. Басқа ескерткіштерді қираған үйінділерден, қоқыс қалдықтарынан байқауға болады. Көптеген ескерткіштерді табу оңай емес, жоғары қабаттарда кейде ешқандай із де байқалмайды, оны кейінгі қабаттарды аршу жолымен табуға болады. Археологиялық ескерткіштердің негізгі индикаторларын қарастырайық:

  • ескеткіштердің айқын белгілері – жер үйлердің, тас үйінділердің немесе т.б. жердің жоғарғы қабатындағы белгілер. Мысал ретінде Жаңа Зеландиядағы қорғаныстың жер үйінділері немесе Эвбюридегі мегаметтік құрылыстарды жатқызуға болады. Азияның оңтүстік-батысындағы Телли қонысын ежелгі саяхатшылар аңғарған. Американың археологиялық ескерткіштерін, мәселен, Теотиуаканды алғашқы конкистадорлар жазып қалдырған. Майя ескерткіштерін Д. Стефенсон және Ф. Казерьуд ХІХ ғ. суреттеп, жазып қалдырған.
  • жердің жоғарғы қабатынан табылған артефакт, сүйек, керамика және өзге де материалдар археологиялық ескерткішке бағдар болуы мүмкін. Көптеген жағдайлар, өсімдіктер дүниесі, жердің жыртылуы, жер қыртысының жел не су эрозиясы, артефактінің өзіндік ерекшелігі «жоғарғы қабаттағы» материалдардың айырмашылығына әсер етеді. Бұндай қалдықтар артефактілердің шығарылып тасталуынан туындауы мүмкін, кейбір жағдайларда жел эрозиясы артефактілерді қоршаған жапырақты, не жер қыртысын араластыруы мүмкін, нәтижесінде артефактілер жер бетіне шығып қалады. Енді паналайтын жануарларда артефактілерді сыртқа шығарып тастауы әбден мүмкін.
  • Өсімдіктер де пайдалы мәліметтер бере алады. Жер қыртысындағы азот құрамы жоғары болса, өсімдік көп өседі. Және керісінше, көптеген калифорниялық шұнғылша үйінділерінде (раковина) өсімдіктер сирек өседі. Кейде ағаш не бұталардың кейбір түрлерін археологиялық ескерткіштермен байланыстыруға болады. Майялардың нан ағашын не рамонды жатқызуға болады. Бұл ағаштар ежелгі қоныстар маңында өсетін кәдімгі қарапайым өсімдіктер, оларды көптеген археологиялық ескерткіштерінің орналасуын анықтауға пайдаануға болады.
  • Жер қыртысының түсінің өзгеруі археологиялық ескерткіштің белгісі ретінде пайдалануға болады.

Ауыл шаруашылығы, өндірістік құрылыс, қалалардың өсуі т.б. қиратушылық іс-әрекеттер көптеген археологиялық ескерткіштерді ашты. Техникалық прогресс өткен тарих ескерткіштерінің қас жауы болса да, осы іс-әрекеттің нәтижесінде маңызды археологиялық ашылулар жасады. Көптеген археологиялық ескерткіштер кездейсоқ ашылған болатын.

Далалық тексеру немесе космостық түсіру жолымен археологиялық ескерткіш анықталып, оның орналасуы, детальдары және көлемі мұқият тіркеледі. Тіркелген мәліметтер зерттеу мәселелерінде қолданылады. Археологиялық объектілердің дәл орналасуын анықтаудың ғылыми маңызы зор.

Ескерткіш туралы мәліметті әртүрлі жолмен тіркеуге болады. Ескерткіштің картадағы орнын, оның көлемі, белгіленген жасын тіркеу жеткіліксіз. Ескерткіштің орналасуы туралы мәлімет арнай карточкаға жазылады, ескерткіш жоғарғы қабатының сипаттамасы, жер иесі туралы мәлімет, ескерткішке төнген қауіптер туралы мәліметтер келтірілуі тиіс. Құрама штаттардағы әрбір ескерткішке ат қойылады және нөмір беріледі. Мәселен, Калифорниядағы Санта-Барбара графтығындағы ескерткіш Са-Sba(номер) деп белгіленеді. Солтүстік Америкада археологиялық ескерткіш туралы компьютерлік мәліметтер қоры қызмет жасайды, онда ескерткіштің таралуы мен сипаттамасы туралы жан-жақты мәліметтер сақталады.

Карта көптеген археологиялық мәліметтерді сақтаудың тиімді әдісі болып саналады. Картографтар мәліметті тіркеудің және оны графикалық түрде бейнелеуде көптеген әдістерді, құрылғыларды қолданады, олар археологиялық есеп беруде өте пайдалы. Ескерткіштер көлемі мен орналасуына байланысты түрлі масштабтағы карталарға тіркеледі. Жол жүйесі, ірі қоныстар секілі үлкен ескеркіштерді космостық, аэрофотосурет көмегімен ірі масштабтағы картаға тіркеу тиімді. Өте ұсақ объектілерді толық егжей-тегжейлі карталардан табу мүмкін емес. Карта әдетте қолдан жасалады, бірақ қазіргі кезде мәліметті тіркеуде және сақтауда компьютерлік картографиялық бағдарламалар жиі қолданылады.

Археологиялық ескерткіштердің орналасуын әдетте топографиялық картаға енгізеді. Онда ежелгі қоныстар төбе, аңғар, тау, өзен маңына орналастырылады. Топографиялық картада төбе, биік аңғарлар шоғырлы сызықтармен көрсетіледі, бұл тәжірибелі зерттеушіге жергілікті жер туралы оның мәлімет бере алады. Бұл картаға өсімдіктер қабаты, қабат типтері, ескерткіштің таралу туралы мәліметтерді шартты белгілермен көрсетуге болады.

Соңғы жылдардағы археологиялық мәліметтерді картаға тіркеудегі жетістік – спутник көмегімен объектінің орналасуын белгілеудің жаһандыө бағдарлау жүйесін (GPS) жасау болды. GPS портативтік құрылғыларын кез-келген ортада қолдануға болады және объектінің орналасуын өте дәлдікпен (метрге дейін) анықтауға мүмкіндік береді. Оның артықшылығы қолайсыз аймақтарда қолдануға ыңғайлы.

Археологияда жалпы картаның 3 түрі қолданылады. Археологтармен арнайы жасалатын ескерткіш жоспарында артефактілер, азық қалдықтары көрсетіледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *