Қылмыстық қудалау дегеніміз – қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекет пен оны жасаған адамды анықтау және соңғының қылмыс жасаудағы кінәлілігін анықтау, сондай-ақ осындай адамдарға жаза немесе басқа да қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын қамтамасыз ету үшін айыптау тарабы жүзеге асыратын іс жүргізу қызметін айтады.
Қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын оарганға мыналар жатады: 1) прокурор, 2) тергеуші, 3) анықтау органы. Сот қылмысты қудалау органына жатпайды. ҚР Конституциясының 83 бабында былай жазылған, прокуратура заңмен белгіленген жағдайда, тәртіпте және шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.
Прокурор қылмыстық қудалауды және қылмыстық істі тергеудің заңдылығына қадағалауды жүзеге асыра отырып, төмендегідей құқықтарды пайдаланады:
1) тергеу және тексеру әрекетіне қатысуға, қылмыстық істі қозғау туралы мәселені шешу үшін басқа да әрекетті жүзеге асыруға;
2) қылмыстық істі қозғауға немесе оны қозғаудан бас тартуға, тергеу әрекетін жүргізу жөнінде жазбаша нұсқаулар беруге;
3) қылмыстық қудалаудан иммунитеті бар адамдарды қылмыстық жауапкершілікке тартуға келісім алу үшін ұсыныс енгізуге;
4) қылмыстық істі сотқа жолдай отырып, айыпкерді сотқа беруге, сондай-ақ заңда көрсетілген басқа да әрекеттерді жүргізуге;
заңда көзделген өзге де шараларды жүзеге асыруға құқығы бар.
Тергеуші қылмыстық қудалауды мынадай жолмен жүзеге асырады:
- қылмыстық істі қозғау;
- адамды айыпкер ретінде жауапқа тартуға;
- қылмыстық іс жүргізушілік мәжбүрлеу шараларын қолдану;
- айыптау қорытындысын жасау т.б.
Қылмыстық қудалау келесі нысанда жүзеге асырылады:
- жеке айыптау тәртібі бойынша;
- жеке-жариялы айыптау тәртібі бойынша;
- жариялы айыптау тәртібі бойынша
Жоғарыда көрсетілген нысанға бөліну жасалған қылмыстың ауырлығына және сипатына байланысты жүргізіледі.
Жеке айыптаудың ісі жәбірленушінің шағымы бойынша ғана қозғалады және оның айыпкермен келісімге келу тәртібімен қысқартылады. ҚІЖК-нің 33 бабында көрсетілген қылмыстар туралы жеке айыптау тәртібі бойынша іс қозғалады. Бұл ҚР ҚК-де келесі баптарында қарастырылған қылмыстар бойынша жүзеге асырылады: 105,111(денсаулыққа абайсызда зиян келтіру),129(жала жабу), 130(қорлау), 136(алимент төлеуден жалтару), 140, 142,144б.1,2б.145б.1б.,188б. т.б.
Жеке-жариялы айыптау тәртібімен тергелетін істер жәбірленуші шағымы бойынша ғана қозғалады және жәбірленушінің айыпкермен келісімге келу үшін ҚР ҚК-тің 67 бабында көрсетілген талап бойынша жүргізіледі.
Жеке-жариялы айыптау тәртібімен ҚІЖК-нің 34 бабында көрсетілген қылмыстар бойынша тергеу жүргізіледі. ҚР ҚК-нің 103,1б., 104б.1б., 117б.1,2б.(заңсыз аборт жасау), 120.1б., 135б., 139б., 144б.3б.(дәрігер құпиясын жария ету),176б.1,2б., 184б.1б.(жеке меншік құқықты бұзу),187б.1б.(бөт.мүл. қас.бүлд.және жою), 296б.1б., 327б.1б. (өзінше билік ету) т.б. қылмыстар бойынша айыптау жүзеге асырылады.
ҚІЖК-нің 33,34 баптарына сәйкес істерді жәбірленушінің шағымы жоқ болса да, егер әрекет етуге дәрменсіз, өзіне тиесілі құқықтарды өз бетінше пайдалануға қабілетсіз адамдардың немесе басқа да жағдайға тәуелді адамның мүддесіне ықпал ететін, не басқа адамдардың, қоғамның немесе мемлекеттің мүддесіне елеулі зиян келтірсе прокурор іс қозғай алады.
Жоғарыда көрсетілген қылмыстардан басқасы жариялы айыптау тәртібімен тергеу жүргізіледі.
Мұндай істер бойынша қылмыстық қудалау жәбірленушінің шағымына байланыссыз жүзеге асырылады. Негізінен қылмыстық сот тергеуі жәбірленушінің арызына тәуелсіз жариялы айыптау тәртібімен жүзеге асырылады және де бұл тәртіп қылмыстар туралы барлық істерге таралады.
Жариялы тәртіп әрбір қылмыс белгілерін тапқан жағдайда, қылмыстық істі қозғау, ашу, тергеу және қылмыс туралы істі соттың талқылау ережесі ретінде болжайды.
Егер ҚР ҚК-нің 8 тарауында көзделген әрекет мемлекеттік кәсіпорын болып табылмайтын тек қана коммерциялық немесе өзге ұйымның мүдделеріне зиян келтірсе қылмыстық жауапқа тарту осы ұйымның немесе уәкілетті орган басышысының арызы не олардың келісімі бойынша жүзеге асырылады.
Қылмыстық қудалауды жүзеге асырудың жалпы талаптары заң қылмыстық сот ісін жүргізу міндеттерін орындау мақсатында тергеу органдары өз құзыреті шегінде әрбір анықталған қылмыс белгілері үшін заңмен қарастырылған барлық шараларды қолдану міндетін жүктейді.
Қылмыстық іс жүргізуді жүзеге асырудың талаптары жәбірленушіге сот әділдігіне қол жеткізуін қамтамасыз етуге және қылмыспен келтірлген зиянның орнын толтыру шарасын қабылдау қылмысты қудалау органдарының міндеті болып табылады.
Қылмысты қудалау органдары өз қызметін қандайда бір органдардың немесе лауазымды адамдардан тәуелсіз жүзеге асырады. Қылмысты қудалау органдарының заңға сәйкес талаптары барлық субъектілерге міндетті. Аталған міндетті орындамау заңда белгіленген жауаптылыққа тартылады.
Қылмыстық қудалауды болдырмайтын мән-жайлар.
Істердің қозғалуы мүмкін емес және қозғалған істер қысқартылуға жататындығы туралы мән-жайлар заңда көрсетілген.
Мұндай мән-жайлар қылмыстық істі қозғау туралы немесе олар жүргізудің кейінгі сатыларында анықталуы мүмкін.
Бұл мән-жайлардың бірі қылмыстық қудалауға негіз жоқ деп куәландырса, ал келесісі қылмыс жасаған адамның жауапкершілігін болдырмайды. (мыс., амнистия)
Қылмыстық іс қозғауға болмайтын, ал қозғалған іс қысқартылуға тиіс, оған мыналар жатады:
1. Қылмыс оқиғасы болмауы. Ол бірінші іс материалдарын қарау барысында сол құқық бұзушылықтың шын мәнінде жоқ және болмағандығымен түсіндіріледі. (Мыс., полицияға ұрлық туралы хабарлама келіп түсті, бірақ тексеру барысында оның шындығында болмағандығы анықталды).
2. Әрекетінде қылмыс құрамының болмауы. Түскен арыз туарлы әрекет немесе әрекетсіздік түрі орын алған, бірақ ол өзінде қылмыс құрамының белгілері жоқ болуы мүмкін. (Мыс., фактілік қате, қажетті қорғану).
3. Егер ол жасаған әрекет үшін жаза қолдануды жойса, рақымшылық ету актісінің салдары. Рақымшылық белгілі қылмыс түрлері бойынша қылмыстық жауаптылықтан толық немесе ішінара босатуды көрсетеді. Жоғары мемлекеттік билік органдарының жарлығымен жүргізілген акті. Рақымшылық актісі бойынша іс қозғалуына және қысқартылуына айыпкер қарсы болса, іс сотқа дейін жүргізілуге тиіс.
4. Мерзімнің ескіруіне байланысты. ҚР ҚК-тің 69 бабына сәйкес «Егер қылмыс жасалған күннен бастап мынадай мерзімдер өтсе, адам қылмыстық жауаптан босатылады:
1) жеңіл қылмыс жасалғаннан кейін 2 жыл өтсе
2) орташа ауырлықтағы қылмыс жасалғаннан кейін 5 жыл өтсе
3) ауыр қылмыс жасалғаннан кейін 10 жыл өтсе
4) аса ауыр қылмыс жасалғаннан 20 жыл өтсе»
Мерзімнің ескіруі қылмыс жасалған күннен бастап және сот үкімінің заңды күшіне енген кезіне дейін есептеледі. Мерзімнің ескіруі, егер қылмыс жасаған адам тергеуден немесе соттан бой тасалап қашып кетсе, онда тоқтатылады. Осыған байланысты адам, егер қылмыс жасалған кезден 25 жыл өтсе және ескіру тоқтатылмаса адам қылмыстық жауапкершілікке тартылмауы тиіс.
Мерзімнің ескіруі үзіледі, егер ол адам жаңа қасақана қылмыс жасаса. Жасалған қылмысы үшін өлім жазасы тағайындалуы мүмкін адамға ескіру мерзімін қолдану мәселесін сот шешеді. Бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігіне қарсы қлмыс жасаған адамға ескіру мерзімі қолданылмайды.
5. Қылмыс туралы іс бойынша жәбірленушінің шағымы болмаса, қылмыстық қудалау жеке, жеке-жариялы тәртіпте жүргізілсе, мұндай жағдайда қылмыстық іс қозғалуы және көрсетілген қылмыс санаты бойынша жәбірленушінің шағымы жоқ болғанда қылмыстық қудалау болмайды.
6. ҚР ҚІЖК-нің 33 бабының 1 бөлігінде көзделген және жеке тәртіпте қаралатын қылмыстар туарлы істер бойынша жеке айыптаудан бас тартқанда.
7. Егер ол іс бойынша заңды күшіне енген соттың үкімі болса, екінші рет ол іс бойынша іс қозғалмайды. (ол үкім бұзылмайынша қозғалмайды) Қылмыстық қудалаудың мүмкін еместігін белгілейтін соттың күшін жоймаған қаулсы бар адамға қатысты қохзғалмайды.
8.Адамға қатысты қылмысты қудалау органының қылмысты қудаладан бас тарту туралы қаулының күші жойылмаған болса, қылмыстық іс қозғалмайды.
9. Істі қозғауға медициналық мәжбүрлеу шараларын қолдану қажет ететін адамнан басқа, есі дұрыс емес күйде жасаған адамға іс қозғалмайды.
10. Қылмыс жасаған кезде белгілі жасқа толмаған адамға іс қозғалмайды. Оларға соттан тыс тәрбиелеу шаралары қолданылады.
11. Өлген адамға қатысты іс қозғалмайды. Кейде өлген адамды ақтау үшін немесе істі басқа адамға қатысты тергеу үшін іс қозғалады, өлген адамға қатысты іс қысқартылады.
12. ҚР ҚК-нің ережелеріне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылуға жататын адамға қатысты іс қозғалмайды. (65-68 баптар) Жеңіл және орташа ауырлықтағы қылмыс бойынша кінәсін мойындап келсе, қылмысты ашуға көмектессе, келтірілген шығынды өтесе, іс қозғалмайды. Сондай-ақ ұйымдасқан топпен және қылмыстық сыбайластықпен жасалған қылмыстың алдын алу және ашуға көмектескен үшін.
Қылмыстық іс оқиғаның болмауына және қылмыс құрамының болмауына байланысты негіздер бойынша дәлелдеу кезіндегі қылмыс оқиғасының және құрамының болмауына байланысты ретінде, не олардың болуы егер қосымша дәлелдерді жинау үшін барлық мүмкіншіліктер жойылса дәлелденбеген ретінде де қысқартылады.