Министрдің айтуынша, статистика 1 тамыздан бастап бірге саналады.
«Мемлекет басшысы коронавирус пандемиясы бойынша статистиканы нақтылау туралы тапсырма берді. Жалпы алғандғы коронавирус жағдайларын есептемегенде, пневмонияға назар аудару қажет. Осыған байланысты, COVID-19 және пневмония жағдайлары бойынша деректердің барынша ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі статистикалық деректерді есепке алу мен қалыптастыруда жаңа тәсілдерді анықтады.
ДДСҰ Еуропалық өңірлік бюросымен өткізілген техникалық кеңестерді ескере отырып, біз COVID-19 жағдайларын халықаралық аурулар жіктемесінің жаңа кодтары бойынша кодтауға және есепке алуға көшу туралы шешім қабылдадық.