Протодиолог және ана сүтімен тамақтандыру

Протодиолог және ана сүтімен тамақтандыру

Ана мен бала арасындағы ерте диалогты қалыптастыруда ана сүтімен тамақтандырудың мәні зор. Баланы ана сүтімен тамақтандыру (емізу) жағдайында ана мен баланың физикалық шекараларының бірігуі  біртіндеп қалпына келеді, себебі мұндайда бала жатыр ішіндегі болған кейбір жайттарға еліктейді, баланың сепарациялық (базальды) қорқынышы төмендейді және бұл баланың тойғанына қарағанда маңызы кем емес ана сүтін емізудің  маңызды міндеттерінің бірі. Міне, Винникоттың «емізудегі ең басты нәрсе  емізу емес» екендігін растағаны сондықтан. Анасы мен нәресте емізу жағдайында біріккен кезде, адамдың  қарым-қатынас инициациясы өтеді. Баланың қоршаған  орта нысан мен біртұтас  әлемге қарым-қатынас  үлгісі қалыптасады. Көптеген қазіргі  заманғы  авторлар ананы сәбиін  емізу кезін де онымен өзара әрекетке үйрету (оқыту) қажеттілігіне көп көңіл бөледі. Табиғи (ана сүтімен емізу) тамақтандырудың болу немесе болмауы, бондин, холдинг сапасы көбінесе бауыр басу вариантының қалыптасуын анықтайды.

Бауыр басудың  қалыптасуы және оның түрлері

Баланы дамытудың маңызды ынталандыруы  қоршаған орта туралы ақпараттың жетімсіздігін қысқарту жолмен базальды қорқынышты төмендетуге ұмтылу болып табылады. Мұндайда ол неғұрлым дербес, анасына азырақ тәуелді болады. Бірақ «ана мен бала» диадасы онда өзіндігі сана пайда болғанға дейін өмір сүруін жалғастырады.

Бауырбасу (жақсы көруді) зерттеуге ағылшын психологы  мен педиатры (балалар дәрігері) Дж. Баулби  1951-1960 ж . орындаған жұмыстары орындалған. Өз зерттеулерінде ол баланың психикалық денсаулығы үшін қуаныш әкелетін, жылылық орнататын анасымен өзара қарым-қатынас керек екендігін көрсетті.

З.Фрейд баланың анасына негізгі қарым қатынасы рахаттану принципі деп есептеді, себебі сәби қарнын ана сүтімен тойдырып, ләззат алуға ұмтылады. Фрейдтен айырмашылығы, ләззат алу принципінен бас тартпай, Дж.Баулби жетістікке жету тәсілін дамытумен анаға жақындықты байланыстырады. Жақындық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, зерттеу жұмысымен айналасуға, оқуға, жаңа өмір жағдайына бейімделуге мүмкіндік береді. Демек, жақындықты қажетсіну – баланың негізгі қажеттілігі.

Әлі бір жасқа толмаған бала өзінің қыңқылдауымен өзінің қажеттіліктері  туралы білдіруге және көмек алуға қабілетті.

Егер анасының баласына қолы жетпей жатса, жақындықты қалпына келтіруге бағытталған, баланың іс-әрекеті белсендіріледі. Анасын жоғалтып алу қауіпі (қорқынышы) үрей туғызуы мүмкін. Егер жақын болуға деген қажеттілігі жиі қанағаттандырмаса, онда анасы жанында баланың өзінде бала өзін қауіпсіз  сезінуін доғарады.

Дж. Баулбидің теориялық ережелерін М.Эйнсвортт тәжірибесімен растады. 1-2 айлық балаларды бақылай отырып, ол баланы анасы емізу процесінде бала жылаған кезде және ойын сәттерінде анасымен қандай өзара қарым-қатынас ерекшеліктері  байқалатынын анықтауға тырысты. Зерттеу нәтижесінді, бала мен ананың өзара қарым-қатынасы алғашқы үш ай ішінде қалыптасатындығы және жылдың соңы (1 жас) мен әрі қарай олардың бауыр басушылық (жақсы көру) сапасы қалыптасатындығы анықталды.

Баланың дамуына синхронды қозғалыстағы эмоциясы экспрессивті, баламен  байланысы әртүрлі аналар  қолайлы. Баланы қолына сирек алатын, өз эмоцияларын білдіре білмейтін («ағаш жүзді әйелдер») – керісінше баланың психикалық қызметінің дамуына  себепші болмайды.

М.Эйнсвортқа тәжірибелі жолмен және бақылау нәтижесінде анасымен қарым қатынас әсерімен  қалыптасатын балалар мінез-құлқының  3 түрін бөліп алуға мүмкіндік береді.

А типі (түрі) қашқақтап жүретін жақсы көрушілік шамамен оқиғаның 20-21,5 пайызында кездеседі. Анасының бөлмеден шығып кетуіне, сосын оның қайтып келуіне бала көңіл бөлмейтіндігімен, онымен байланысты іздемей, ойынын жалғастыратындығымен ерекшеленеді. Ол тіпті анасы онымен ойнай бастаған кезде де байланысқа түспейді. Осыған ұқсас мінезді балаларды индифферентті (балалар) деп атайды.

В түрі. Қауіпсіз немесе сенімді, жақсы көрушілік басқаларда жиі кездеседі (65-66 пайыз). Жақсы  көрушіліктің бұл түрі анасы бар кезде  бала өзін жайлы сезінетіндігімен ерекшеленеді. Егер анасы кетіп қалса бала мазасыздана бастайды, зерттеушілік жұмысын тоқтатады. Анасы қайтып келген кезде, онымен байланыс орнатып, тез тынышталады, ісін қайта жалғасытрады.

С түрі. Амбивалентті жақсы көрушілік  шамамен оқиғаның 10-12,5 да кездеседі. Тіпті анасы қасында бар кезінде бала мазасыз болады. Ол кетіп қалған кезде қорқынышы арта түседі. Анасы қайтып келген кезде бала оған ұмтылады, бірақ байланысқа қарсыласады. Егер анасы оны қолына алса, ол қолынан босап шыққысы  келіп жұлқынады.

Кейінірек жақсы көрушіліктің тағы бір Д түрі табылды. Д түрі шырқы бұзылған жақсы  көрушілік шамамен оқиғаның 5-10 пайызында кездеседі. Жақсы көрушіліктің  бұл түрі патологиялық болып есептеледі және баланың қайтып оралған анасын көріп, мемшіп қалады немесе одан қашқақтайды.

Егер, бала анасын мұқият аңдып отырып, ол бөлмеден сәл шығуға әрекет жасаса, оған жармасып, ұстап алып, оны жібермей, тәжірибе жасауға мүмкіндік болмаса, жақсы көрушіліктің симбиотикалық түрі  деп аталады.

Дж. Баулби мен М.Эйнсворттың жұмыстары  бихевиоризмнің негізгі принциптеріне күмән тудырды.

Оперантты себепші болу негіздеріне және реакцияның қалыптасуына сүйене отырып, бихевиористер педагогикаға үлкен әсер көрсете отырып, ана на балаларын қодарына үйрету керек деген ұсыныс жасады, себеі, олардың көзқарасын бойынша бұл, зерттеу жұмысын тоқтатты. Диаданың постнатальды кезеңінде сақталған сапасын көрсететін жақсы көрушілік ерекшеліктері баланың психикалық дамуы сияқты соматикалық жағдайында да әсер етеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *