Президент кеңесшісі: Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 300 мыңнан асады

Құдайбергеновтың пікірінше, коронавирус пен пневмониямен ауырған науқастар санын қосқандағы көрсеткіш жан түршіктіреді.

Дегенмен Құдайбергенов бұл сандардың шынайы екеніне сенімді, айтуынша, оны барлық қазақстандықтар білуі тиіс.

Президент кеңесшісі денсаулық сақтау министрлігінің жаңа есептеу тәсіліне сәйкес, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 230 мыңға дейін өскенін атап өтті.

Экономист статистикада COVID-19 індетімен үйде ауырып шығып, дәрігерлерге жүгінбегендер есептелмейтінін жеткізді. Айтуынша, бұл – елімізде бұған дейін есебі бөлек жүргізілген ауру белгілері жоқ науқастар.

Маманның пікірінше, егер қазақстандықтардың 85 пайызында індет ауру белгілерінсіз өтіп жатқанын ескерсек, елде шамамен екі миллионнан астам адам ауырып шыққан.

Айта кетейік, Олжас Құдайбергенов бұған дейін Қазақстандағы коронавирус инфекциясына қатысты жағдайға пікір білдірген еді.

Оның сөзінше, қазіргі ахуалға бюрократиямен, жауапсыздықпен бірге келе жатқан сыбайлас жемқорлық себеп болып отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *