Нәрестелерді тексеру
- Жас нәрестелерді зерттеудің негізгі әдістері
2. Апгар шкаласы.
3. Брезелтон шкаласы.
4. Үйрену мен дағдылану
Жаңа туылған балалардың барлығында туылуға байланысты күрт өзгерістерге бейімделуге қажетті тумысынан берілетін өмірлік күш қоры бірдей емес. Осы себепті бала денсаулығының әлсіз тұстарын мүмкіндігінше ерте анықтау өте маңызды. 1953 жылы Вирджиния Апгар стандартталған бағалау шкаласын жасап шығарды, осының арқасында дәрігерлер жаңа туылған сәбидің денсаулығын жылдам және обьективті анықтауға мүмкіндік алды. Бағалау бала туылғаннан кейінгі 1 минуттан кейін жүргізіледі және 5 минуттан соң тағы қайталанады. Тамыр соғысы өлшенеді, тыныс алу, бұлшық ет тонусы, рефлекстік қозуы бағаланады, терісінің түсі тіркеледі. Аталған шкала бойынша алуға мүмкін болатын ұпай саны 10 балл, ал 7 және одан жоғары ұпай сандары қалыпты деп есептеледі. 7-ден төмен ұпай саны бала ағзасының қандай да бір жүйесі толықтай қызмет жасамай жатқанын және ол көбірек көңіл бөлуді, үздіксіз бақылауды қажет ететінін көрсетеді. Бағалау саны 4 баллдан төмен болса баланы бірден өмірді қамтамасыз ету жүйесіне қосу қажет.
Жаңа туылған сәбидің жағдайын бағалау үшін Апгар шкаласы
Белгілері |
Белгілерді ұпай бойынша бағалау |
||
0 |
1 |
2 |
|
Жүрек соғысы |
жоқ |
Жиілігі 100соғ/мин кем |
Жиілігі 100соғ/мин артық |
Тыныс алу |
жоқ |
Баяу, бір қалыпты емес |
Ащы айқай |
Бұлшық ет тонусы
|
әлсіз |
Сәл қимылдай алу деңгейі |
Белсенді қимыл |
Рефлекстік қозуы |
жоқ |
Әлсіз көрінеді(гримаса) |
Күшті көрінеді (айқай) |
Терісінің түсі |
Көгірек немесе ақшыл |
Терісінің түсі қызғылт және шет жағы көгірек |
Қызғылт |
Көптеген клиникаларда Т.Бэрри Брэзелтонның жаңа туылған балалардың мінез-құлқын бағалау шкаласы (BNBAS; алғаш рет 1973 жылы, заманауи версиясы 1995 жылы жарық көрді) қолданылады, мұнан өзге оны көптеген ғылыми жұмыстарда қолданды. Ол 28 өлшемнен тұрады, бұларды мінез-құлық көріністерінің біршама жалпы 7 тобына біріктіруге болады. Олар: бейімделу, бағдарлау реакциясы, бұлшықет тонусы және қозғалыс белсенділігі, жай-күйінің динамикасы, жай-күйінің реттелуі, вегативті тұрақтылық пен рефлекстер. Брэзелтон шкаласы кәдімгі неврологиялық тесттерден тұрады, бірақ оның негізгі белгіленуі – жаңа туылған балалардың мінез-құлық мүмкіндіктері мен әлеуметтік көңіл білдіре алуды бағалау.
Жаңа туылған сәбилер өзінің реакциясына қарай жаңа, қолайсыз немесе созылмалы стимулдарға бөлінеді. Бір балалар салыстырмалы түрде қоршаған ортадағы өзгерістерді тез анықтап, оларға өз зейінін бағыттайды да тез бейімделеді. Ал еңді біреулері не онша сезімтал емес, не аса қабылдағыш немесе тіпті тітіркенгіш болады; бұл жағдайда олардың зейінінің көлемі мен тұрақтылығы (және сәйкесінше бейімделуі) төмендейді. Жаңа туған сәбидің әсер ету мүмкіндіктері мен тәсілдерін Брэзелтон шкаласы бойынша бағалау баланың жеке тұлғасының дамуы мен әлеуметтік дамуына қатысты ерте болжамдарды жасауға мүмкіндік береді. Балалары Брэзелтон шкаласын қолданып тексеруден өткен ата-аналар өз балаларының қабілеттері мен жекелік ерекшеліктеріне көбірек көңіл бөледі. Көбінесе, «күрделі» баланың әкесі мен анасы арнайы дайындықтан өте алады, мұнда олар өздерін не күтіп тұрғаны, балалырымен алғашқы ай барысында өзара әрекеттесуді қалай жақсартуға болатыны туралы кеңес алады.
Жаңа туылған сәбидің мінез-құлқын бағалау үшін Брэзелтон шкаласы
- Үйрену
Нәресте жарыққа, қоңырау және сылдырмақ дауысына, түйреуіш ұшына қаншалықты жылдам әсер береді және оларға үйренеді?
- Бағдарлау реакциясы
Бала қаншалықты тез жұбанады және жарық, қоңырау дауысы, ересек адамға қарай немесе оның даусы шыққан жаққа бұрылады?.
- Бұлшықет тонусы және қозғалыс белсенділігі
Баланың қозғалыс белсенділігі қаншалықты күшті және тұрақты?
- Жай-күйінің динамикасы
Бала ұйқыдан сергектікке қаншалықты тез және жеңіл өтеді? Жылауы ше?
- Жай-күйінің реттелуі
Бала қалай жұбанады? Оны жұбату оңай ма?
- Вегативті тұрақтылығы
- Рефлекстер
Жаңа туылған сәби өмір сүру рефлекстері мен қарапайым рефлекстік реакцияларды адекватты көрсете алады ма?
Жаңа туылған нәрестелердің үйрену қабілеті туралы дәлелдейтін деректер аз емес. Олар үйренген дыбыстарын, өлеңдерді, бесік жырларын ести отыра жұбанады. Үйрену дәлелдерінің тағы бірі – нәрестелердің еліктеу негізінде мимикалық маскаларды қайта жасай ала білуі. Жаңа, жетілдірілген бақылау әдістері біздің өкімімізді олардың айтарлықтай күрделі мінез-құлық реакцияларын игеру қабілеті туралы көптеген құнды мәліметтермен толықтырды.
Жаңа туылған нәрестелерде шартты реакцияларды жасау бойынша алғашқы зерттеуде оларды қоңырау даусына қарай солға бастарын бұруға үйретті және баланың әрбір табысын сүт құйылған бөтелкемен бекітіп отырды. Бұл сыйлық қоңырау даусы шыққан кезде басын оң жаққа бұрған балаға да берілді. Мұнан кейін тапсырма күрделенді: қоңыраудың дыбыстық мәні қарама-қарсы жаққа өзгерді. Балалар ойынның жаңа ережесіне сәйкес бастарын бұруды тез үйренді. Сонымен қатар, жарықты бала басын солға бұрған кезде қосу бойынша да эксперимент жүргізілді. Біршама уақыттан соң балалардағы хабитуация процесін терең түсінуге мүмкіндік беретін таңқаларлық жағдай орын алды. Нәрестелерді бұл ойын зеріктірген кезде олар ойынға деген қызығушылығын жоғалтты. Мұны ойын шартын қарама-қарсы өзгерте отырып жаңғыртуға болар еді. Алайда мұның өзі балаларды тез жалықтырды.
Хабитуация — бұл үйрену түрі, ол қандай да бір стимулмен танысуды және содан соң оған біртіндеп үйрену барысында әсер етуді тоқтатуды білдіреді. Нәрестелер мағынасы жоқ стимулдарға, мысалы, олардың киімдеріне жай ғана тиюге, немесе қоршаған ортадағы кез-келген қайталанатын дыбыстарға (үй дыбыстары немесе сырттан келетін дыбыстар) оларды теріске шығару, елемеу үшін үйрену керек. Мұнан өзге, хабитуация феномені маңызды зерттеу техникасына негіз салды. Үйрену әдісін қолдана отырып, зерттеушілер баланы оның перцептивті зерттеу үшін мүмкіншіліктерін бір стимулдарға үйретеді