Босанудың психологиялық сипаттары

Жүктілікке және баланың туылу процесін ұйымдастыруға деген қатынас әр мәдениетте түрліше болғанымен, әрбір дені сау адам баласының дүниеге келуі бір биологиялық тәртіпке бағынады. Бұл тарауда біз босану кезеңдерін, оларға деген түрлі қатынастарды, пренатальді тест пен мониторингті, сондай-ақ, асқыну процестерін қарастырады. 

Босану кезінде бала физикалық және психикалық жағынан қатты стерске шалдығады. Отто Ранк бұл мәселеге қатты көңіл бөліп «босану жарақаты» (акушерлік жағынан емес, психологиялық жағынан атады) және «алғашқы шок» деп атады.

Босану уақытысына бірнеше күн қалғанда әйелде адреналин және норадреналин гармоны көбейеді. Босанып жатқан әйелдің алғашқы баласы болса толғақ 12-16 сағатқа созылады, ал екінші бала болса 8-10 сағат болады.

Босану процесі жатырдың ашылуымен басталады. Жатыр толық ашылғаннан кейін бала іштен шығуға талпынады, әйел көп күш жұмсай отырып өмірге сәби әкеледі. Босанып жатқан әйелге физиологиялық және психологиялық жағымды жағдай болса онда босану процесі қалыпты өтеді. Босану кезінде және босанғаннан кейін де әйел өзге адамдардан мейірім, қамқорлықты күтеді.

Босанғаннан кейін әйел бойында көптеген уайым сейіледі. Босану процесі кезінде әйелдің дәрігер ұжымына толық сенім білдіріп олардың айтқаны істегені абзал.

Ерте кезден-ақ ғалымдар әйелдердің босану жағдайларын анықтай бастаған. Өткен ғасырдың соңында Мишель Оден әйелдердің суда босана алатыны туралы теорияның негізін қалады. Бұл босану түрі жатырдың ашылуына көмектеседі деді. Суда босануды әйел өзі таңдайды, бұл оның жеке ерекщелігіне байланысты. Алайда бұл теорияға көптеген ғалымдар қарсы келеді. Э.К.Айламазян суда босанудың ешқандай пайдасы жоқ дейді. Сонымен бірге суда босануға ұсыныс білдірген әйелдердің көпшілігінде эйфориялық өзгеріс бар екені анықталған. Э.К.Айламазянға келісуге болады қазіргі таңда су құбырларының, судың сапасына сенім аз. Дегенмен де әйел суда босануды қалған жағдайда жақсы жабдықталған құрылғылар бар болса, мамандардың кәсіби денгейі жоғары болса, әйелдің денсаулығы мықты, жүктілік кезеңі жақсы өткен болса рұқсат беруге болады.

Үй жағдайында босану туралы Г.И.Брехман былай дейді; «үйде босану жайлы жарнама жасаудың қажеті жоқ, тек перзентханалар үйге ұқсас жабдықтау керек, әйел өзін бөтен жерде емес үйдегідей сезіну керек». Босану кезінде әйел өзін қатты жалғыз сезінеді, сондықтан серіктестік босануда қазіргі уақытта маңызды. Ресейде 1990 жылдардың соңына қарай пайда бола бастады. Босану уақытысында әйелдің қасында ер адамның болуы жақсы да жаман да жақтары бар. Жақсы жағы ер адамның бұндай жағдайға келісуі. Босану уақытысында ер адам әр түрлі іс-әрекеттер жасайды. Бұл босану алды курсына барған не бармағанын аңғартады. Г.Б.Мальгина серіктестік босанудағы ер адамның 3 түрін анықтап көрсетеді.

  1. Белсенді-адекватты босану процесіне белсене араласады. Әйеліне ыңғайлы жағдай жасайды, дәрігерлердің айтқанын істей отырып, әйелі мен дәрігерлердің арасында дәнекер болады, баланың өмірге келуіне қатты қуанады, бірақ дәрігерлерге еш кедергі жасамайды.
  2. Енжар-бақылаушы — әйеліне қалай, қайтіп көмек берем деп ойланып тұрады, сондықтан босану процесіне араласа алмайды. Бұндай ер адамдар әйелін, дәрігерлерді сырттай бақылап тұрады, бірақ еш кедергі келтірмейді және ешнәрсеге араласпайды. Бала өмірге келгенде қатты қуана қоймайды бірақ балаға деген жылы көз қарас байқалады. Бұл топқа жататын ер адамдардың ішінде өзінің алғысын әйеліне, дәрігерлерге босану процесі біткеннен кейін бір сағат уақыт өткен соң айтатындарда кездеседі екен.
  3. Агрессивті – босану процесіне белсенді қатысады, дәрігерлерге көп араласады, әр істеріне жауап беруді талап етеді, әйеліне көмектеспей бұйрық береді. Ер адамдардағы бұндай қатты қорқыныштың болуы босанудың алдында болатын дайындықтанда пайда болуы мүмкін. Агрессивті ер адамның босану бөлмесінде болуы дәрігерлерге кедергі келтіреді, әйелдің жүйкесіне әсер етеді кейде конфликті болуы да мүмкін. Сондықтан босану уақытысында бұндай ер адамдарды босану бөлмесіне кіргізбеу қажет. Босанғаннан кейін бөлмеге кіруге рұқсат беру қажет әрине бұл уақытта бойындағы барлық агрессия, қорқыныш сезімдері қуанышқа ауысып кетеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *