Элеваторлар мен шнектер
Жалпы құрылысы. Астық пен майда топандар молотилкаға элеватормен және шнекпен тасымалданады. Жұмыс органдары, әдетте, егер артық жүк түспесе, тоқтаусыз жүмыс істейді. Артық жүк түсуін болдырмас үшін шнекке сақтандыррыш муфта мен сигнализатор орнатылған.
СК-6-дан басқа барлық комбайндарға шынжырлы-қырнауышты әлеватор қолданылған. СК-6-да элеватор шнекті болып келеді.
Шынжырлы-қырнауышты элеватор дегеніміз үзына бойына тақтаймен бөлінген үзынша металл корпус 6 (70-сурет). Осы кор-пустың шет жағына орналасқан екі жүлдызшаға көп қабатты резина белдіктен жасалған қырнауышы 7 бар роликті-втулкалы шексіз шынжыр кигізілген (адымы 38 мм).
Шнек құндағының 13 келте түтігіне 10 сақина 9 бекітілген, Осы сақинаға элеватор корпусы сүйенеді. Элеватор корпусының шнек қүндағымен жалғасқан жері ілмекті болтпен 5 үстатылады,
Қырнауышы бар шынжырды элеватордың жоғарғы қалпақшасы арқылы орнатады: бір мезетте екі тармағын да төмен түсіреді. Дұрыс керілген шынжырда қырнауышты екі жағына да 30° жантайтуға болады.