Мал мен құс қораларына қойылатын зоогигиеналық талаптар. Жануарлар қораларына сырттан келетін инфекцияға жол бермес үшін, олардың организмдеріне керекті физиологиялық қажеттерді толығымен қамтамасыз ету керек. Мал мен құстың қоралары олардың түрлеріне, жасына, беретін өніміне, жатып-тұру әдетіне, желдетуге ыңғайлы, жылы болуға тиіс. Тұрғын үй мен қора арасындағы қашықтық 20-30 метрден кем болмауы тиіс. Жылы күндері малды, құсты далаға шығару үшін қоршаулы ашық алаңдар жасайды.
Жарық коэффициенті, яғни, терезелер мен еден көлемдерінің қатынасы -құс қорасында 1:10, қой мен ешкі қораларында 1:20, ірі қара мал қораларында 1:16 болуға тиіс. Малды аурудан сақтау үшін қораны таза ұстап, микроклиматты сақтау қажет. Қой мен ешкі қораларының сәкісі саз-балшықтан, ал ара қара малдікі – тақтайдан жасайды. Тәулігіне ірі қара мал 20 л, ал бұзауы – 2 л зәр шығарады, сондықтан сәкінің зәр ағып шыға алатындай ойыс арығы болуы керек. Қора ішінде зәр мен нәжістен улы булары көтеріледі, тығыз концентрациялы ауыр булар таза ауаның алмасуына бөгет жасайды. Сондықтан улы зәр булары жиналатын жерде қораның төбесіне биіктігі 1 м тақтайдан құбыр орнатады. Қораның ішіндегі микроклиматтың тазалық дәрежесінен мал мен құстың өнім беру қасиеттері 20%-тен 40%-ке дейін кемітеді. Мысалы, қыс кезінде ірі қараның қорасындағы ауа температурасы 8-12о С, құстың қорасында – 13-17о С болу керек; ылғалдылығы 60-70%-ке тең; ауа ағынының қозғалыс жылдамдығы қыста 0,1-0,2 м/с, жазда 0,3-0,5 м/с тең; көмірқышқыл газының ауадағы мөлшері ірі қара мал үшін 0,25%, төл үшін 0,2%, құс үшін 0,15-0,18%-тен аспағаны жақсы, аммиактың сақа мал үшін 20 мг/м3, ал төл үшін 10 мг/м3 аспау керек.
Ірі қараны күніне 3 рет, сауынды сиырды 4-5 рет, қой мен ешкіні 1-2 рет, шілдеде 3 рет сауады. Орта есеппен тәулігіне: ірі қара 60-70 л, 6-айлық жас бұзау 10 л, қой мен ешкі 8 л, қозы мен лақ 4 л, қоян – 3 л, ірі тауықтар 0,3 л, күркетауықтар 1 л, ірі үйректер 0,7 л, ірі қаздар 1,2 л, жылқы 80 л, түйе 100 л су ішеді. Түйе жаз айларында 16 тәулік, ал қыста 46 тәуліке дейін су ішпей, жүре береді.