Қазіргі уақытта ресейлік медиктер тобы Нұр-Сұлтан қалалық фтизиопульмонология орталығында жұмыс істеуде. «Қазір барлық пневмониялардың коронавирус инфекциясы болуы ықтимал. Себебі жазғы кезеңдегі эпидемиологиялық көрсеткіштер пневмонияға тән емес. Біз жай ғана статистиканы алып, өткен жылы қанша пневмония болғанын салыстыра аламыз. Осы сандарды алып тастағанда, коронавирус инфекциясының таралуын байқаймыз», – деп түсіндірді РФ денсаулық сақтау министрлігінің фтизиопульмонология және жұқпалы аурулар ұлттық медициналық зерттеу орталығының пульмонологы Евгений Попов. Читайте больше: https://kaz.nur.kz/1865134-resejlik-drigerler-kazakstandagy-belgisiz-pnevmoniaga-katysty-ojyn-ajtty-video.html