КВИ бойынша республикалық және аймақтық мәліметтер неге сәйкес келмейді

«Коронавирус инфекциясы бойынша статистика күн сайын жүргізіледі. Біздің аймақтық департаменттер мен тест жүргізетін зертханалар ақпараттық жүйелер аясында КВИ жұқтырғандардың санын тіркеп отырады. Мәліметтер минут сайын жаңаратындықтан әлбетте аймақтық деңгейде КВИ жұқтырғандардың саны бойынша жаңалық Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне қарағанда жаңалау әрі жеделірек. Міне айырмашылық осындайда пайда болуы мүмкін», — деді Тимур Сұлтанғазиев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында. Айта кетейік, онлайн брифингте Денсаулық сақтау министрлігі комитетінің басшысы елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған 306 пациенттің жағдайы ауыр екенін хабарлады. «Қазіргі уақытта ауыр жағдайдағы науқастарымыз жансақтау мен анестезиология бөлімінде емделіп жатыр. Олардың саны – 306 адам. Ауыр жағдайда 265 сырқат, өте ауыр жағдайдағы 41 науқас бар. Өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған 67 науқас (коронавирус жұқтырған) ем қабылдауда. Инвозивті емес өкпені жасанды желдету аппаратында 133 сырқат жатыр. Өзінше демалатын оксигенотерапия алып жатқан сырқаттардың саны – 106. Өз бетінше демалатын науқастардың саны – 9265 науқас», — деді Сұлтанғазиев. Читайте больше: https://kaz.nur.kz/1865234-kvi-bojynsa-respublikalyk-zne-ajmaktyk-mlimetter-nege-sjkes-kelmejdi.html

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *