Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов студенттер 42 500 теңге төлем ала ма деген сауалға жауап берді деп хабарлайды

Бұл туралы Біржан Нұрымбетов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында айтты. «Студенттер мен декретте жүрген әйелдерге 42 500 теңге беріле ме» деген сұрақтар да бар. Бұл бойынша арнайы санат жоқ. Яғни, студент болғаны үшін 42 500 теңге берілмейді. Студент жалданып жұмыс істеп жатса, жұмыс берушісі өтініш береді. Жеке кәсіпкер болып, ай сайын бірыңғай жиынтық төлемді төлеп тұрып, карантинде кәсібі тоқтаса, 42 500 теңгені алады. Осы күнге дейін еш жерде тіркеуде болмай, ресми жұмыс істемей, бейресми жасадым деген студенттер төлемді ала алмайды», — деді ол.  

Министрдің сөзінше, заңнама бойынша студенттер экономикалық белсенді халықтың қатарына жатпайды.  «Оларды жұмыссыз ретінде тани алмаймыз. Ол кісілер жұмыссыз күштің санатына жатпайды», — деп түсіндірді ол.  Еске сала кетсек, осыған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов шілде айында төленетін 42500 теңгеге өтініштер қашан басталатынын айтты. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *