ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДАҒЫ ДӘРІСТЕР

Елбасы кітапханасының дәріс беру жұмыстарын жүзеге асыру аясындағы кезекті оқу жылы сүйікті елордамыздың тарихына қатысты дәрістен бастау алды.

— Елбасы кітапханасындағы дәрістердің бірнеше ерекшелігі бар. Біріншіден, дәрістердің айрықша тарихи ғимарат – Алматыдан Астанаға (қазіргі Нұр-Сұлтан қаласы) ауысқаннан кейінгі Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың алғашқы резиденциясында өтуі. Бұл ғимарат Қазақстан тәуелсіздігінің қалыптасу тарихымен тығыз байланысты. Екіншіден, дәріс барысында біздің қызметкерлер ғылыми зерттеулер нәтижелерін ұсынып қана қоймай, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Жеке архивінен сирек құжаттарды, Елбасы кітапханасының музейлік қорындағы бірегей жәдігерлерді көрсетеді. Дәріс материалдары сіздердің Қазақстан тарихы туралы білімдеріңізді айтарлықтай толықтырады, — деп атап өтті Елбасы кітапханасы директорының орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты Ботагөз Қайыпова елордалық оқушыларға арналған құттықтау сөзінде.

Елордалық мектептердің педагогикалық ұжым өкілдеріне көпжылғы табысты ынтымақтастық үшін алғысын білдіріп, жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.

Елбасы кітапханасындағы дәрістер қазіргі заманның басты мәселелері есепке алынып әзірленген, сондай-ақ Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ел тәуелсіздігінің қалыптасуындағы рөлін танытатын Қазақстан тарихының негізгі қырлары бойынша 50-ден астам түрлі тақырыптарды қамтиды. Дәрістер оқытудың инновациялық әдістерін енгізуге бағытталған. 2007 жылдан жетекші ғылыми қызметкерлер «Астанатану», «Елбасытану», «Көшбасшылық мектебі» сынды элективті курстар әзірлеп, олар елорда мектептерінде апробациялаудан табысты өтті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *