ӘРТҮРЛІ ДЕҢГЕЙДЕ ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІ

Құралай ЕРМАНОВА
Қазак мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің магистранты yermanovakuralay@mail.ru

Н.О. ӨТЕГЕН
PhD доктор Алматы, Қазақстан
nurali53@list.ru

Шетел тілін оқыту мен меңгертудің тиімді әдістерін жасау, жетілдіру, оңтайландыру қазіргі қазақстандық білім беру жүйесінің өзекті мәселелерінің бірі болып табылады, әрі бола береді де. Оқытылуға тиісті материалдың көптігі мен оны оқытудың тиімділігі, ең бірінші, оқытылғалы отырған аудиторияны шетел тілін меңгеру деңгейіне тікелей байланысты. Бұл, әдетте, шетел тілін оқытудың, соның ішінде еуропа тілдерін оқытудың классикалық әдістемесі болып табылады.

Соңғы уақытта шетел тілін меңгертудің көптеген жолдары мен әдістері, оқу құралдары, оқу орындарында арнайы лингвофонды және компьютерлік курстар пайда болды. Әртүрлі лингвистикалық орталықтар әртүрлі интенсивті курс түрлерін ұсынуда. Интернет контент те тілді меңгертудің түрлі әдіс-тәсілдерімен толтырылуда. Дегенмен, күнделікті тәжірибе көрсетіп отырғандай, талапкерлердің барлығы да шет тілін меңгеруде үлкен жетістікке жете алмай жатады. Бұған көптеген факторлар әсер етеді, соның ішінде шет тілін оқытудың дұрыс методикасын таңдау басты фактор болып табылады. Ресейлік полиглот Д.Петров «қандай тиімді әдіс болмасын, барлық білім алушыға бұл әдіс өзінің тиімділігін тигізе алмайды, өйткені әр тұлғаға тек белгілі бір әдіс қана лайықты келуі мүмкін» екендігін айтады. Бұдан бір әдістің ғана тиімді болмайтындығын, тиімді әдістің бірнешеу болатындығын аңғарамыз.

Қазіргі қазақстандық білім беру жүйесінде оқытушылар тарапынан қолданылып жүрген бірнеше тиімді әдістер туралы айтып өтпекпіз.

Шет тілдерін оқытудың педагогика тарихында көптеген концептуалды әдістемелері болған: матрикалық әдіс, коммуникативті әдіс, суггестопедия, аудиолингвалды әдіс, аудивизуалды әдіс, Илья Франктың оқыту әдісі, жан-жақты дамыту әдісі, грамматика-аудармалық әдіс, тура әдіс, Г.Пальмер әдісі, құрылымдық әдіс, диалогтық оқыту әдісі,т.б.

Шетел тілдерін оқыту әдістемесінде «әдіс» ұғымының 4 бірдей қолданысын таратып берсек болады:

Оқытудың белгілі бір мақсаты мен қағидаттарына, мазмұнына негізделген тұтас бір бағыт. Мәселен, оқыту әдістемесінде коммуникативтік әдіс, саналы-салғастырмалы, салыстырмалы-салғастырмалы әдіс, аудивизуалды әдіс (Р.Губерния) т.б [1.54].

Сонымен қатар, оқыту әдістемесінде әдіс дегеніміз – белгілі бір автордың ұсынған оқыту жүйесі. Мәселен, Г.Пальмер әдісі, Майкл Уэст әдісі, Д.Петровтің интенсивті әдісі, Игорь Шехтердің әдісі т.б.

Әдіс дегеніміз – қойған мақсатқа жету үшін оқытушы мен оқушының ортақ қызметі (танысу, жаттығу, қолдану).

Әдіс дегеніміз – тілді оқыту тарихында белгілі бір дәуірде қолданылған бірегей оқыту стратегиясы («әскери» әдіс – Екінші Дүниежүзілік соғыс уақытында қолданылған әдіс).

Қазіргі қазақстандық білім беру жүйесі оқушылардың, студенттердің ізденімпаздығы мен дербес жұмыс жасауына, ал оқытушылардың міндеті талапкерлерге тек бағыт берумен байланысты. Бұл бағытта активті әдістермен қатар интерактивті әдістер де кең қолданылады.

Интерактивті оқыту – білім алушылардың ішкі өзін-өзі дамыту механизмдерін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін, сонымен қоса білім беру процесінде оқу сапасын арттыратын және өз бетінше жұмыс істеуде ағымдық бақылауды қамтамасыз ететін формалары қолданылатын оқытушы мен студенттің арасындағы белсенді, үнемі болатын өзара әрекеттесу [2.5].

Интерактивті оқытудың айрықша белгілерін атап өтуге болады: • Белсенділік (физикалық, әлеуметтік, танымдық); • Ынталылық (қызметтің бағыттылғы); • Тәжірибемен өзара әрекеттесу; • Кері байланыс; • Проблемаларды шешу;

• Команда жасау дағдыларының қалыптасуы.

Шетел тілін оқытуда кең қолданылып жүрген тиімді әдістің бірі – Е.И.Пассов ұсынған коммуникативті оқыту әдісі. Әдістің ерекшелігі тілді оқыту әдісін барынша шынайы коммуникацияға, тілдік қатынас жасауға бағытталған. Аталмыш әдістің негізгі қағидаты сөйлеумен, ауызша тіл қатысумен, диалог жүргізумен, жаттығуларды орындай отырып сөйлесім жағдаятын құрумен байланысты. Бұл жайында Е.Пассов: «Если попытаться в общих чертах определить коммуникативность, то можно сказать, что она заключается в подобии процесса обучения процессу коммуникации. Точнее говоря, коммуникативный метод основан на том, что процесс обучения является моделью процесса коммуникации. Как любая модель процесс обучения в каких-то аспектах упрощен по сравнению с реальным процессом коммуникации, но по основным параметрам (по крайней мере по принципально важным) он ему адекватен, подобен», – дейді. [3.33].

Коммуникативтік біліктіліктің негізгі компоненттері: — лингвистикалық (лексика, грамматика) біліктілік;

— дискурсивтік (тілдің коммуникативті қолданылуы) біліктілік;

прагматикалық (коммуникативті мақсатқа жету) біліктілік;

әлеуметтік-мәдени (өзін-өзі ұстау нормаларын игеру) біліктілік;
Мұндағы лингвистикалық біліктілік бұл оқушылардың тілдік білімдері, дискурсивтік біліктілік

– түрлі мәселелік жағдайларда іс-әрекет ету тәсілдері, прагматикалық біліктілік – тілді продуктивті іс-әрекет жағдаяттарда (немесе шынайы жағдаяттарға жақындатылған) қолдануды білдіреді.

Шетел тілін оқытудың коммуникативті әдісі тілді тек оқытып қана қоймайды, сол тілдің мәдени кеңістігімен де таныстырады. Заманауи әдістемеде бұл тезис тілді үйренушінің мәдениетаралық құзіреттілігін қалыптастыруға негізделген лингвомәдени бағыттың іргесін қалауға мүмкіндік берді [4.7].

Тілді антропоөзектік парадигма негізінде қарастыру тіл білімінің лингвомәдениеттану, когнитивті лингвистика, прагмалингвистика, психолингвистика, этнолингвистика, әлеуметтік лингвистика тәрізді зерттеу пәндерін (аспектілерін) қалыптастырды. Білім берудің заманауи тенденцияларының бірі тілді меңгертудің ғаламдық сипат алуымен байланысты.

Шетел тілін оқыту әдістемесінде лигвомәдениеттанымдық, этнолингвистикалық парадигма негізінде білім беру тәжірибесі қолданылып келеді. Тілді оқыту арқылы әлемнің тілдік бейнесін түсіну, әр халыққа тән ұлттық тәрбие мен ұлттық сана-сезімді бағамдаудың тілді үйрену мен меңгеруде маңыздылығы әдістемеде дәлелденген. Тіл ұлт мәдениетінің индакаторы болғандықтан, тілді меңгеру барысында ұлттық мәдени үлгілерді де, ұлттың әлемді тану моделін де түсіндіру үйренушінің тілді терең меңгеруіне мүмкіндік береді.

Мұндайда екі халықтың мәдениетін салыстырып көрсету ең тиімді әдіс болмақ. Сөздерді тек жаттатқанға қарағанда, фразеологизмдер мен идиомалардың мағынасын түсіндірген тиімді болмақ. Мәселен, ағылшын және қазақ тіліндегі (орыс тіліндегі де) кейбір фразеологиялық бірліктердің құрылысы, тілдік конструкциялары, семантикалық мәні дәлме-дәл, баламалы келетіндігін аңғаруға болады. Мысалы:

Тал қармау – хвататься за соломинку – the drowning man will catch at a straw

Екі қоянды бір оқпен өлтіру – убить двух зайцев одним ударом – to kill two birds with one stone Қой терісін жамылған қасқыр – волк в овечьей шкуре – a wolf in sheep’s clothing

Қарға қарғаның көзін шұқымайды – ворон ворону глаз не выклюет – crows – do not pick crow’s
eyes
Add oil to the fire – лить в огонь жир – отқа май құю.

Тіркестің өзге тілдерде де ұқсас келуі кездейсоқтық емес. Қанша дегенмен, белгілі бір халықтарға ортақ мәдени үлгінің бар екенін байқауымызға болады. Мәселен, «Отқа май құю – Add oil to the fire» тіркесінің пайда болуына о бастағы адамдардың отты өшіріп алмаудың амалын қарастырған логикалық ойлам дүниесіндегі ортақтықта жатыр. Одан өзге, фразеологизмдердің баламаларын ұсынса болады:

Ала жібін аттамау – be honest (honest-minded) and be decent
Алдына жан салмау – go ahead of all, be ahead of all, go in advance of all
Аузына ақ ит кіріп, қара ит шығу – use foul language
Сыртына қарап тон пішу – to judge by appearances
Бес саусақтай білу – Like the back of one’s hand

Сол тәрізді кейбір мақал-мәтелдердің де пара-пар баламаларын табуға болады:
«Better late than never». Ештен кеш жақсы.

«First think, then speak». Айтылған сөз – атылған оқ. «East or west, home is best». Өз үйім – өлең төсегім.
Тілді меңгертудің лингвомәдениеттанымдық бағыты тілдік қоғамның негізгі ұғымдары мен түсініктерінен хабар беруге, білім алушының когнитивтік жүйесін кеңейтуге үлкен үлес қосады. Шет тілін лингвомәдени концептілер төңірегінде меңгерту дидактикалық мәліметтердің игертудің тиімді әдісі бола алады [5].

Қазақстандық білім жүйесі шет тілін оқытудың заманауи әдістеріне – лингвомәдениеттанымдық, психолингвистикалық, лингводидактикалық, мәдениетаралық қатынас жүзінде оқыту біртұтас жүйе ретінде қарастырылмаған. Шет тілін үйретудің тиімді тәсілдері ретінде барыншы практикалық-педагогикалық тәжірибе әдістеріне сүйенеді.

Ж.Төлеухан ағылшын тілін оқытудағы кейбір мәселелерді айта келіп, оларды шешуге бағытталған тиімді әдістерді ұсынады [6.7]. Оны келесідей тізіп жазсақ болады:

инновациялық технологияларды қолдау: оның ішінде IPod қолдану, сол арқылы видео, фильм, тедебағдарлама және бейнебаян көріп, оған талқылау жасау, өз пікірлерін айту, басты кейіпкерге хат жазу, мазмұнын айту, фильм кейіпкерлерінің сөздерін не фразаларын қолдану сияқты жаттығу түрлерін сабақта сапалы өткізуге көмектеседі;

шет тілін үйренуде сөз жаттау, сөздік қорды дамыту ең басты қадам, сөзсіз біз шет тілінде сөйлей алмаймыз. Студенттер сабақ барысында алынған жаңа сөздерді келесі сабаққа жаттап келгенімен, бірнеше сабақтан соң ұмытып қалады. Мұндай жағдайларды болдырмас үшін жеке сөз ғана емес, сонымен қатар фразалар мен идиомаларды да көп жаттаған дұрыс.

Сонымен қатар автор көруге берілген медиаөнімдер студент пен оқушыларға ұнайтын, олардың сүйіп тыңдайтын музыкасы, фильмін, мультфильмдер болғаны дұрыс дейді. Ал сөздік қорды ұлғайту барысында жаңа сөздерді көп мөлшерде берудің қажеті жоқ, оның орнынан әр сабақта 6-7 сөзден аспауы керек дегенді айтады. Одан бөлек, автор оқытушы мен студент сабақта кезектесіп жұмыс жасауы керектігін, студенттерді бірнеше топқа бөліп және топты (топтағы студенттер саны 8-10-нан аспауы тиіс) деңгейіне қарай, яғни деңгейі төмен не жоғарыларды араластырып жұмыс істеу оларға қарым-қатынасты дамытуға жақсы жағдай туғызатындығын айтады.

Қазіргі тиімділігі жоғары оқыту технологияларының жалпыға танылған түрлері: модульдік оқыту, проблемалық оқыту, жобалай оқыту технологиясы, жеделдетіп оқыту, сатылай кешенді талдау, ойындық технологиясы, коммуникативтік технология, т.б [7.14].

Коммуникативті үлгідегі сабақтар: КВН-сабақ, конференция-сабақ, Вернисаж-сабақ, жарыс сабақтары, панорама сабақ, «дөңгелек үстел» сабағы, аукцион сабақ, сынақ сабақ, лекция сабақ, семинар сабақ, экскурсия сабақ, көрме сабақ, «сот жүргізу» сабағы, «телекөпір» сабағы, «музыкалық калейдоскоп» сабағы, «хайуанаттар әлеміне саяхат» сабағы, олимпиада сабағы, спектакль сабағы және т.б. [8.25].

Шетел тілін терең меңгертудің тиімді жолдарының бірі – ақпараттық-коммуникациялық технологияны пайдалану болып табылады. Ғалымдар А.А.Андреев, В.И.Солдаткин, В.П.Кашицин ағылшын тілін оқытуда ақпараттандыру үрдісінің ықпалын жан-жақты сипаттай отырып, әсіресе, білім мен ұғымды ұсыну, меңгеру әдістерінің өзгеретіндігін, мұғалімдер мен оқушылардың өзара әрекетінің жолдары туралы айтады.

А.Даулетиярова ақпараттық-коммуникациялық оқыту технологиясының келесідей үлгілерін ұсынады: Project teaching, student team learning: team rewards and individual accountability, Jigsaw,

Learning together, Step by step, Professor Higgins, English Platinum, Hangman, Lex, Self English, Irregular verbs, Albion, BX Language acquisition, English Practice, AcrivStudio, Bridge to English және т.б.

Мәселен, талапкерлердің сөздік қорын, диалогтық сөйлеуін дамытуда Hangman, Lex, Self English,
English Practice, BX Language acquisition, Triple play plus in English, English on holidays бағдарламаларын пайдаланса болады [9.37].

Шет тілін оқытуда кең қолданылып жүрген тағы бір әдіс – дидактикалық ойындарды пайдалану. Дидaктикaлық ойындaрдың мaқсaты – білім aлуғa, кітaп оқуғa жәнe ғылымғa қызығушылық туғызу. Мeктeп пәндeрін оқытудa, бaлaның білімі мeн тaнымдық жaғын aрттырудa дидaктикaлық ойындaр орны eрeкшe. Дидaктикaлық ойын тәсілдeрі aрқылы сaбaқ бeру оқушылaрдың оқуғa дeгeн қызығушылығын ғaнa тудырып қоймaйды, сонымeн қaтaр оқушылaрдың сaбaқ кeзіндe өздeрін eмін-eркін сeзінулeрінe, соғaн сәйкeс кeзeкті aқпaрaтты жылдaм, жeткілікті қaбылдaулaрынa әсeр eтeді.

Дидактикалық ойындардың, әсіресе, коммуникативтік сипаты шет тілін оқытуда барынша кең қолданылады.

Шетел тілі сабақтарында ойын технологиясын қолданудың бірнеше маңызды себептері бар:
1. Тілдік ойындарды қолдану оқушылар бойынан қажетті қызығушылықты тудыра алады.

2. Ойын технологиясы уақытты үнемдеп, үлкен жұмыс көлемін еш қиындықсыз тамамдауға мүмкіндік береді.

3. Ойындар мазмұнды мағыналы қарым-қатынаспен қамтамасыз етеді. Ойын тек дискреттік түрде болғанның өзінде, қарым-қатынас орын алады, себебі оқушы ойынның ережелерін түсінуге ұмтылады және де ойын жайлы өз пікірлерін білдіргеннің өзі де толыққанды қарым-қатынасқа жатады.

4. Меңгерілуге тиісті тілдік материал оңай әрі жағымды жолмен беріледі.
5. Ойын қолданған кезде ең маңызды деген төрт бірдей іскерлікті дамытып отырады.

6. Ойынның білім беру қызметімен қатар тәрбиелік мәні де бар. Мысалы, оқушылар топта, ұжымда жұмыс істеуді үйренеді, сыныптарын құрмет тұтып, өзгенің еңбегін бағалауды үйренеді.

Шет тілін оқытуда жиі қолданыла қоймайтын, алайда өз кезегінде шығармашылық тұрғысынан тиімділігі жоғары әдіс – жобалап оқыту әдісі.

Жобалап оқыту әдісі ХХ ғасырдың басында АҚШ-та пайда болғанымен, АҚШ пен Еуропаның білім беру жүйесі тек өткен ғасырдың 60 жылдарынан бастап қана жандандыра бастады. Ал Қазақстанға 90-жылдары орныға бастады. Профессор Е.П.Полат шетел тілін оқыту тәжірибесінде дәл осы әдістің бастамашысы бола алды [10]. Аталған оқыту әдісінің келесідей қырларын атап өтеді:

Интеллектуалды қабілетті қалыптастырады (ақпаратпен жұмыс жасай алу, оны іздеу, тұжырымдау, қорытынды жасау, талдау тәрізді қабілеттерді қалыптастырады);

Шығармашылық қабілет қалыптастырады (идея тудыруға, алған білімін әртүрлі салаларда қолдана алуға, мәселені шешудің бірнеше жолдарын табу, т.б.);

Коммуникативті қабілет қалыптасады (дисскусия жүргізу, қарсыласын тыңдау мен оған жауап беру, өз көзқарасын дәлелдеу, аргумент ұсына алу қабілеті, өз ойын жүйелі айтуға үйренеді).

Әдіс белгілі бір мақсатқа бағытталады әрі арнайы мәселені шешуге қолданылады.

Әдіс – басты әдістемелік мәселелерді шешуге бағытталған доминант идея негізінде жасалған шетел тілін меңгерту үрдісінде оқытудың негізгі компоненттерін жүзеге асыратын жалпы үлгі [11.31]. Әдіс оқу процесіндегі арнайы міндетті сәтті шешуге мүмкіндік беретін жұмыс жасау тәсілі мен формасы жүйелі түрде қайталаудың негізінде пайда болады.

Кез келген әдіс болмасын, оның тиімділігі коммуникация барысында, функционалды қолданысы барысында айқындала түспек.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *