ҚАРАҚАЛПАҚ ЖЫРАУШЫЛЫҚ ӨНЕРІ

Сарыгул БАХАДЫРОВА
филология ғылымдарының докторы, профессор Өзбекстан ғылымдар академиясының Қарақалпақстан бөлімі
Нөкіс/Қарақалпақстан/Өзбекстан
sarygul@mail.ru

Эпос (ежелгі гректердің «сөз», «болған оқиғаны айту», «қосық» сөзінен келіп шыққан), немесе дастан (дастан-парсы тілінен алынған, «әңгіме» сөзінен келіп шыққан)–халық ауз әдебіятының ең көлемлі жанры. Ол ауыз екі туылады, ауыз екі атқарылады, ауыз екі түрде неше ғасырлерді басып өтіп бізге жетті. Оның барлық жасау өмірі ауыз екі түрде өтеді(ал, оның хатқа түсірілуі, жазба нұсқасы екінші мәселе, біз казір ауыз екі дастандарды көзде тұтамыз). Дастанды атқарушысы миллионға жақын текстті жадында сақтайды, оны атқарады, халық арасында таратады және өз өнері өліп кетпеуі ұшын шәкірт дайындайды. Демек, бұл жан-жақлама толық жетіліскен өз алдына өнердің түрі. Оның өз дәстүрі, жолы, өз заңы, теориясы, өзінің механизмі бар. Жыраудың ғажайып осы өнері қалай іске асады, қандай методтар негізінде олар үлкен көлемдегі дастандарды жаддаған, ауыз екі түрде жасаған, ауыз екі ғасырдан ғасырға қалай жеткен деген мәселе дүние фольклористика ғылымының өзекті мәселесі болып келеді. Бір неше ғалымдардың еібектері жарыққа шықты, бірақ қазіргі күнге дейін олар ауыз екі эпостың патриархы – эпос атқарушысы жыраудың атқару сырларын аша алмай келе жатыр.

«Жырау» деген сөз түркі халықтарынан қазақ, қарақалпақ, өзбек халықтарында батырлар жырының жыршысы деген мағынаны береді. «Жырау деген атау оған қаһармандық эпосты өте көп білгендігі үшін берілген» дейді қазақ жыраулар шығармашылығын зерттеуші ғалым Мұхтар Мағауин [ М. Мағауин, 2007. 4, 157]. Жырау дегенде біз ежелгі жырлау манерасы мен батырлар жырын, тарихи тоғауларды, ақыл- насихат беретін термелерді қобызда атқаратын жыршыларды түсінеміз. Түркі халықтарында эпостар әр түрлі атқарылады. Қарақалпақ, қазақ батырлар жыры тек қобызда, жыраудың күркірген, көкті жарған қырылдаған дауысы мен атқарылады, ал якут олонхолары, қырғыз халқының «Манас» эпосы да музыкасыз атқарылады.Түркі халықтарында жырау ерекше ел құрметінде болған, бұл өнерді Аллатағала тарапынан жіберілген киелі өнер деп санаған. Батырлар жырын жырлаған жыраулардың барлығына жыраушылық сиқырлы күш пен, қәлендер келіп қобызын береді, немесе, сен жырау боласың деп айтып кетеді, қандайда құдіретті күш ауадан келіп оған бұл өнерді береді( Мысалы, өзбек батырлар жырын жырлаушы Фазыл Юлдаш, «Манас» жырын жырлаушы С.Қаралаев, қарақалпақ жыраулары Есемұрат жырау, Қыяс жырау, т.б.) Жыраушылық өнерін меңгеруде араласатын осы «ғажайыптылық», сиқырлы күш бұл өнердің ежелгі дәуірден келе жатқанын көрсетеді.

Жыраудың түркі халықтарында қоғамдағы орны жоғары болғандығы, оның әскери жорықтарға қатнасатыны, әскерлерді жеңіске үндеп, сөзбен оларды ерлікке, батырлыққа шақырып отыратын, ол патшалардың ақылгөйі, кеңесшісі, патшаға дұрыс саясат жүргізуін айта алатын батыр болатынын ғалымдар айтып кетті. Соппаслы Сыпыра жырау патшаның ақылгөйі, Қазтуған жырау /XIV ғ./, Доспамбет жырау /XV ғ./ -патшаның әскер басы болған. Орайлық Азияға келген Европа саяхатшыларының бірі Марко Поло жыраудың патшаның жанында отырып оған шарап қуйып беріп, патша мен теңдей отырғанын өз көзі мен көргенін жазады.

Қазіргі таңға дейін фольклористтер эпосты мазмұнына қарай классификация (қаһармандық, ғашықтық, ертегілік-фантастикалық, социалдық-тұрмыстық, тарихи) жасап келді. Ал, эпостың тек мазмұнын ғана жыршы айтпайды, ал эпос жырланады, атқарылады, онда бір неше мелодиялар пайдаланады, оның мазмұны сияқты оның мелодияларының да эпос мазмұнын ашуда белгілі роль атқарады. Фольклорда халықтың өзі осыған үлкен мән берген.

Жыраудың эпосты атқаруы- бұл музыкалық драма, немесе опера, оперетта сияқты оның мазмұны қара сөз бен, өлең мен және музыка мен атқарылған. Мысалы, қарақалпақ фольклорында қаһармандық дастандарды тек ғана жыраулар, қобызда, өз алдына манерада, көкті күркіреткен қырылдаған дауысы мен атқарады, ал ғашықтық дастандардың атқарылуы басқаша. Оны бақсылар( қарақалпақ фольклорында «бақсы» деп тек ғашықтық жырларды атқарушыны түсінеді) дутар мен атқарады, оның музыкалық инструменті, атқарылуы, мелодиялары жыраулар репертуарынан мүлде басқа. Ал, тарихи дастандар, тарихи жырлар да жыраулар репертуарында атқарылады. Ал, қалған дәстандар жырау мен бақсы репертуарында араласып келеді. Мысалы, тарихи дастан «Едіге» жырау репертуарында, тарихи дастан «Дәулетиярбек» бақсы репертуарында атқарылады. Бақсы мен жыраудың атқарыу манерасы, мелодиялары бір-біріне ұқсамайды. Қарақалпақ жырауларының репертуарында 25 ке жақын дастан болған /мысалы, Қурбанбай жырау репертуарында/, сол дастанды атқарғанда қанша мелодия пайдаланған деген сұрақ туады. Проф. Қ.Мақсетовтың пікірінше қарақалпақ жырауларының намалары 40 тан астам болған [5].

Қарақалпақ жырауы ХХ ғасырдың соңына дейін жасады, бірақ ол осы кезге дейін жасағаны мен оның қоғамдағы халыққа қызметі тек ХХ ғасырдың орталарына дейін ғана болды. Ал, қазақ жырауы жөнінде М. Мағауин былай дейді: « Жырау – көне патриархалдық- рулық қоғамның перзенті еді. Сондықтан қазақтың рулық өзззінің әу бастағы ерекшеліктерінен айырыла бастаған кезде жырау да сахнадан кетуге тиіс болды. Қазақстанның Россияға қосылу дәуірінде өмір сүрген Бұқар шын мәнісінде жыраулық поэзияның ең соңғы көрнекті өкілі-тін» дейді [М. Мағауин, 2007. 4,161]. Ал, қарақалпақ жырауының жасау жағдайы басқаша. Қарақалпақтарда жыраушылық өнер ХХ ғасырдың бірінші жартысында өзінің дамыған қалпында жасады. Ол ХХ ғасырдың 40-50 жылдарына дейін қоғамда жырауды тыңдау, профессиональ жырауларды тыңдау, жырау айттыру жағдайы болды. Ал, ХХ ғасырдың 70-80 жылдарына келгенде ол қоғам тұрмысынан жай жылысып орнын өзгерте бастады. Ал, ХХ ғасырдың соңында жыраушылық өнер, тойларда жырау айттыру, жыраулардың шәкірт дайындау өнері бірожола тоқтады.

Жыраушылық өнері бізге не береді, не үшін біз оны зерттейміз деген сұрақ туады. Жыраушылық өнері біздің ата –бабаларымыздың неше ғасырлар бойы барлық рухани байлығы, философиясы, педагогикасы, білімі, тәжрибесі, барлық саналы өмірінің қаймағы сақталған энциклопедиясы, қазынасы. Біз қазіргі таңға дейін фольклористика ғылымы жыраушылық өнерінің тек бір тарапын ғана зерттеп келді. Жырау дегенде батырлар жырын атқарушыны түсінеміз. Солай екен, ол жыр музыкасыз атқарылмаған. Сондықтан біз жырау дегенде эпостың мазмұнын айтушыны емес, оны атқарушыны, белгілі бір искусство, өнердің қатысы, музыканың жәрдемі мен атқарушыны түсінеміз.

Біздің ата-бабаларымыздың музыканы адамдағы, адамгершілік, жақсылық сезімдерін оятатын дерек ретінде қараған. Ата-баба мұрасына осылай қарасақ жырау музыкалары сұлулық пен адамгершіліктің музыкасы. Жыраудың батырлар жырын жырлағанда музыканы қалай пайдаланғанын қарақалпақ жырауы Қыяс жырау репертуары негізінде зерттеп көрейік. Қарақалпақ жырауларының тамақты қырып кең бір қырәтте күркіреген дауысы мен жер-көкті күңірендіріп жырлауында терең мазмұн барлығын өзбек музыка зерттеушісі проф. Ф. И. Караматлы дұрыс анықтады. Ол «Бұл дауыс адамзат пайда болғаннан келе жатқан музыканың ең ежелгі нұсқасы» екендігін айтады.

Біз соның жырау репертуарындағы дастандардан «Алпамыс» дастанының (Ә. Диваев жазып алған Жиемұрат жырау және қарақалпақ жырауы Қыяс жырау варианты бойынша) музыкасы мен сөзінің дастан мазмұнын беруде қызметін сөз етеміз. «Алпамыс» дастанының Қыяс жырау вариантының сюжеті негізінен 16 бөлімнен тұрады:

Биперзент екі байдың ақтай құда болуы. 2) Алпамыс пен Гүлпаршынның дүниеге келуі. 3) Байбөрінің баласына той беруі. 4) Тойда кокпар ойынында Байсарының Байбөріге өкпелеуі. 5) Байсарының қызын алып қалмақ еліне көшуі. 6) Алпамыстың ер жетуі, оның қалыңдығын іздеуі. 7) Қалмақ елінде Гүлпаршын үшін жарыс өткізілуі. 8)Алпамыстың аты Байшұбардың жарыстан озуы.

Гүлпаршынды алып еліне келіп той беруі. 10) Қалмақ елінде қалған Гүлпаршынның ата-анасын әкелу үшін келуі. 11)Алпамыстың қалмақ елінде зінданға түсуі. 12) Зінданнан шығуы. 13) Алпамыстың еліне келуі. 14) Алпамыстың әйелінің тойының үстінен шығуы. 15)Алпамыстың құлдарды жеңіп баласы Жәдігер, әйелі Гүлпаршын мен табысуы. 16) Алпамыстың мақсатына жетуі мен сюжет аяқталады. Осы сюжеттік мотивті тыңдаушыға жеткізуде тек оқиғаның мазмұнын қырықтан астам мелодияларды пайдаланып жырлап берген.

Алпамыс»дастанының Қыяс жырау варианты 14.000 жол өлеңнен тұрады, осыншама жол өлең қанша мелодия мен атқарылған деген сұрақ туады. Дастан атқарылатын мелодиялар басқа дастанды атқарған мелодияларға мүлде ұсамайды.

«Алпамыс» дастанының Қыяс жырау вариантында пайдаланған мелодиялар «Жолшы», «Нама басы», «Қайырым», «Жортулы», «Толқын», «Шаңқай», «Алпамыс», «Жанажан», «Келте зибан», «Шарбайыт», «Келте толғау», «Ноғайлы», «Ағылым», «Аудан», «Уллы зибан», «Ылғал», «Қәнигул», «Гулпаршын», «Көз айдын», «Айға шап», «Ерман толғау», «Тууысқан ел», «Асырым», «Дилим», «Дийдар», «Хаужар», «Сайқылы», «:йге кир», «Яғлы бәүәр» намалары берилген. Бұл мелодиялар Өтенияз жырау мелодияларынан бүтіндей ерекше.

«Алпамыс» дастанының Қыяс жырау вариантының 40 ға жақын мелодия жазып алынған. Бұл мелодиялар қандай жерде пайдаланылады, музыкалық жақтан безелуі қандай деген мәселеге көңіл бөлгенде төмендегі жағдайды көреміз: Байбөрі мен Байсарының өкпелесуіне себепші көкпар ойынына арналған көрініс «Жолшы» мелодиясы мен берілген. Өлең 7-8 буынды өлең мен беріледі. Өлеңде көкпар ойынында Байсары мен Байбөрінің тартысы, Байбөрінің Байсарыға қамшы мен ұрғаны суреттенеді. Енді Байсарының қалмақ еліне көшер кезінде әйеліне Байбөріге өкпелегенін баяндап тұрған жерін «Нама басы» мелодиясы мен береді. Дастандағы сюжеттің басты конфликті осы жерден басталады. Дастандағы ең әсерлі эпизодтың бірі адамның туылған жерін, қатар-құрбысын тастап жат-жұртқа көшу қайғысын берген жері. Осы қайғылы оқиғаны Байсарының қызы Гүлпаршынның ел мен хоштасу өлеңі мен берген. Бұл Гүлпаршынның өз елі мен хоштасу өлеңі «Қайырым» мелодиясы мен берілген. Бұл мелодия ә0-әғ буынды өлеңге құрылған.

Дастандағы Қаражанның аты Алпамыстың кележатқанын білдірген жеріндегі жағдайын «Не көрдің қара ат, не көрдің» өлеңі «Жортулы» мелодиясы мен беріледі. Бұл мелодия басқа дастандарда аттың шабысына, батырдың узақ жолда бара жатқан жерін суреттегенде беріледі.

«Алпамыс» дәстанының ең күшті берілетін суреттеудің бірі Гулпаршынның салтанатты көрінісін беретін жері. Бұл суреттеу «Толқын» мелодиясы мен беріледі. Мелодия толқын сияқты, мелодиядағы музыкасының желісі бірінен соң бірі толқынданып, бір-біріне жалғасып келеді.

«Алпамыс» дастанында ең көп пайдаланатын мелодия «Шаңқай». Бұл мелодияны жыраулар көбінесе 10-12 буынды өлеңдерге пайдаланады. Дастанда бұл Тайшаханның жасауылдарының Гүлпаршынға таласқан шопандар мен сөйлескен жеріне пайдаланған.

Алпамыс пен Қаражанның кездескен жерінде, Алпамыстың келбетін Қаражанның тілінде суреттенуі «Алпамыс» мелодиясы мен беріледі, өлең II буынды, бұл өлеңнің мелодиясы мен дастан мен бірге келе жатқан көне жырау мелодияларының бірі.

Алпамыс пен Қаражанның күрескен жері тез-тез айтылатын мелодия мен беріледі. Бұл жерде жырау батырлардың күресі қалай болып жатқанын суреттейді және осы эпизотты жеткізетін «Жанажан» мелодиясын пайдаланды.

Бир-бирине ат қойды,
Ат кетинен қарады,
Бир-бирине ат айдап,
Жағаға қоллар салады. «Алпамыс». Қыяс жырау.

Өлең 7-8 буынды болғаны мен ол толғау берілетін мелодиялардан ерекше, ритм үсті-үстіне төніп, күрестің тездігін беруге құрылған Қыяс жырау «Жанажан» намасы мен «Едіге» дастанындағы Едігенің атының дүрсілдісін берген жерге пайдаланады.

Таң сәхәрдиң уағында,
Дүбир-дүбир сес келди,
Әзиз жаны сескенди. «Едіге» Қыяс жырау.

Дастандағы Байсарының қызын айттырған жаушыларға не жауап айтарын білмей қиналған атасына Гүлпаршынның «Атажаным не жерлерің ауырды» деп айтылатын өлеңі «Келте зибан» мелодиясы мен беріледі. Осы мелодия Алпамыстың Қаражанға Гүлпаршынды іздеп келе жатқандығын айтқан жерінде де пайдаланылады.

Дастандағы Байсарының Тайшаханның Гүлпаршынды айттырған жаушыларға не жауап берерін білмей қызынан ақыл сұраған жерінде «Шер бейит» мелодиясы пайдаланылады. Өлең жеті сегіз буынды, бір қәліпте атқарылады, бұнда кейіпкердің ішкі толғанысы, өкініші беріледі.

Алды бийик, арты жар,
Айналурға жери бар,
Сен болмасаң шырағым,
Байбөридей атаңның,
Қәуендери ким болар. «Алпамыс». Қыяс жырау.

«Ағылым» мелодиясы көбінесе аттың шабысын суреттеуге пайдаланады. Мелодияда ағылып тұрған ырғақ, толғаныс беріледі, ол дәрияда аққан судың сылдырлаған дыбысына ұқсайды.
Сауирден аққан қара тер,

Жумалап жерге тамады,
Оқ жыландай атылып,
Аққан суудың жарысын,
Қыя майдай далада,
Қус пенен жарысып,

Шөллерге сегбир қылады.«Алпамыс». Қыяс жырау.

Дастандағы «Ағылым» мелодиясында музыка мен толып-тасып ағып тұрған дәрияны, бұрын мінбеген тұлпар аттың үстіне адам мінгенде кең даладағы шабысы суреттеуге пайдаланған. Дастанда «Ылғал» мелодиясы көп жерде пайдаланылады. Осы мелодия Тайшахан мен Қаражанның жаушыларының Байсарыға сөйлеген сөзі осы мелодия мен беріледі.

Ханға берсең қызыңды,
Хан атасы боласаң,

Алтын таққа минесең,… «Алпамыс». Қыяс жырау.

Дастанда «Гүлпаршын» мелодиясы мен Гүлпаршынның Тайшаханның жаушыларының алдына өзі шығып берген жауабын суреттеген жерде пайдаланылады. Бұл мелодия пайдаланатын өлең екі бөлімнен тұрады. Біріншісінде қыздың ғажайып келбеті, әдемі киімдері, қыз салтанаты суреттенеді. Екінші бөлімі толғауға жақын, алты ай мүддет сұрап, «Жарыста озғанға тиемен» деген өлеңге пайдаланылады. Бұл мелодияда Гүлпаршынның келбеті толық суреттенеді.

Дастанда «Айға шап» мелодиясы Мыстан кемпірдің Алпамысты қолға түсіретін жерінде пайдаланған. Бұл мелодия «Қоблан» дастанында Қыдырбайдың әйелі жолбарыстың жүрегіне жеріген жерінде Қыдырбай жолбарысты қолға түсіру үшін оны мақтап, айға қарай шаптырып ең күшті хайуанды әйле мен қолға түсіруін беруде пайдаланған. Алпамыста жолбарыс сияқты күшті батырды Мыстан кемпірдің алдап әйле менен қолға түсірген жерінде пайдаланған. Бұннан біз мелодиялардың пайдалануының өзінде ішкі бір-біріне жақын келетін заңы бар екендігін көреміз. Әрбір мелодия тосыннан пайдаланылмайды, және ол мелодиялардың аты, мазмұны, орны, бәрі бір-бірінен туылған өзінің тәртібі бар.

«Алпамыс» дәстанындағы ең күшті эпизодтардың бірі Алпамыстың аты Байшұбардың жарыстан озып келгенде Гүлпаршынның атқа айтқан алғысын «Көз айдын» мелодиясы мен беріледі. Бұл мелодия «Алпамыс» дастанының мазмұнынан туылған мелодиялардың бірі. Дастанда бұлардан басқа «Аудан толғауы», «Ерман толғауы», «Қәнігул толғауы» т.б. авторы белгілі мелодияларда пайдаланылады.

Әр бір мелодия дастанның мазмұнын тыңдаушыға терең жетуі үшін қызмет етеді, өлеңнің тексті, дастандағы оқиға, оның атқарылуы, мелодияның мазмұны бір-біріне жауап берген жағдай да ғана халыққа дастан толық түрде жетеді. Біз дастандарды оқығанда оның бізге жеткен тек бір тарапын ғана, яғни сөзін білеміз, ал онда пайдаланған мелодияларды, сол мелодиялардың орналасу тәртібін, атқарылуын білмейміз. Жырау болған оқиғаны суреттейтін жыршы ғана емес, ол музыка мәдениятінің жиынтығы, ол өзінше театр, симфония, оркестрі жоқ болғаны мен екі тарлы қыл қобызда атқарылған бай дүние, даланың симфониясы, дала театры.

Демек, жырау-халықтың ежелгі дәуір дәстүрі және бір неше жүз мың жылларда қобыз арқалы бізге жеткен көркем өнердің ерекше түрі. Жырау дастанның жыршысы, атқарушысы ғана емес, бұл бізің ескіден бар өнерімізді бізге жеткізуші архивіміз, энциклопедиямыз, ежелгі цивилизациядан қалған тарихи мұра.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *