Қ.А.ЯСАУИДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Н.Ш.АЛМЕТОВ
педагогика ғылымдарының докторы, профессор
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Шымкент/Қазақстан
n_almetov@mail.ru

Қ.А.Ясауидің түркілік ислам идеологиясын қалыптастырудағы ерекше орны мен беделі ғұламаның бізге қалдырған мұрасын тек діни философиялық тұрғыдан емес, бәлкім зайырлы қоғам құндылықтары тұрғысынан да зерттеуді қажеттейді. Кезінде «діни-мистикалық әдебиет өкілі» деп бағаланған ғұламаның педагогикалық көзқарастарына деген арнайы қызығушылықты біз 1990-жылдардың соңынан байқалады.

Соңғы он жылдықтарда Қ.А.Ясауидің педагогикалық көзқарастарына арналған көптеген еңбектер жарық көрді [1;2;3]. Бұл еңбектердің ұлы ғұлама мұрасын педагогикалық тұрғыдан зерттеуге жоғары үлес қосқандығын айта келе, олардың көпшілігінде Ясауи тарихи-педагогикалық мұрасы ескіше әдіснамалық тұрғыларға негізделіп, зерттеу пәніне бір қалыпты талдау мен баға беруден арылмағандығы байқалады.

Тарихи-педагогикалық зерттеулерде, негізінен ұлттық әдебиет өкілдері – ақынлар, жазушылардың ағартушылық бағыттағы шығармалары мен өлеңдеріне педагогикалық баға беріп, оларды белгілі тарихи кезеңде педагогикалық ой дамуының көрнекті өкілдері қатарына қосатын мысалдар көпшілік. Бірақ шығармаларында тәрбие мәселелері үстіртін емес, терең қарастырылған, педагогиканың кейбір аспектілері бойынша өз заманынан алда қайда озық идеяларды ұсынған әдеби шығарма авторларыда аз емес. Педагогика тарихы әдіснамасы және зерттеушінің әдіснамалық біліктілігі дамыған жағдайда біз педагогикалық білімнің түрлі дерек көздерінен нағыз педагогикалық ой туындыларын таба аламыз.

Қ.А.Ясауидің педагогикалық көзқарастары жаңа, зайырлы, бірақ діни мәдениетке жаңаша көзқарас тұрғысынан, жаңа әдіснамалық тұрғылар және тәсілдер көмегімен зерделенуі қажет деген тұжырымға негізделе, баяндамада педагогикалық ясауитанудың әдіснамалық мәселелері қарастырлады.

Тарихи-педагогикалық зерттеулер жалпы педагогикалық зерттеулермен салыстырғанда, яғни дидактика, тәрбие теориясы немесе мектептану салаларындағы зерттеу жұмыстарынан, немесе қазіргі педагогиканың басқа бағыттарынан тыс, бірқатар өзгеше ерекшеліктерімен сипатталады.

Солардың бірі – уақыт факторы. Оған сәйкес, зерттелінетін тарихи-педагогикалық құбылыстар белгілі тарихи кезең шеңберінде орналастырылады. Мысалы, Қожа Ахмет Ясауидың педгогикалық көзқарастары ортағасырлық дәуір шеңберінде қарастырылады. Сондықтан Ясауидың тәрбие туралы ойлары осы заманда қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдай, жетекші философиялық тұжырымдамалар мен көзқарастар тұрғысынан қаралады. Педагог зерттеуші бірінші кезекте Қожа Ахмет Ясауидың педагогикалық көзқарастарының әлеуметтік-экономикалық алғышарттарын жан-жақты қарастыруға ұмтылады. Ортағасырлық түрік әлемі, ондағы саяси оқиғалар, басымдық идеология, философиялық ағымдар – бұларның бәрі Қожа Ахмет Ясауидың оқыту мен тәрбиелеу туралы пікірлеріне белгілі дәрежеде өз әсерін тігізгендігі мәлім.

Зерттеу нысанының теорриториалдық қатыстылығы, яғни зерттеу нысанының нақытылы территорияға, белгілі өркениетке, мемлекетке және аймаққа тиісілі екендігі де тарихи-педагогикалық зерттеудың тағида бір екерше қырына жатады. Қожа Ахмет Ясауидың педгогикалық көзқарасы бір жағынан ислам діни ықпалымен, екінші жағынан осы заманғы түркі өркениетіне тиісілі болды. Сондықтан Ясауидың педагогикалық көзқарастарында екі ерекше сипатты табуға болады: бір жағынан оның ислам діни құндылықтары шеңберіндегі тәрбие туралы ойлары болса, екінші жағынан түркі халықтар өркениетінің әсері де айқын байқалады. Қарапайым айтқанда, Ясаудың едагогикалық көзқарастарында ислами және түркі педгогикалық құндылықтар ұштасады. Ясауидың педагогикалық көзқарастарын Ислам өркениетіндегі ойшылдардың (мысалы Таяу Шығыс ислам мәдениеті өкілдерінің) көзқарастарынан айрықша, түркі өркениетке тән белгілерді табуға болады.

Қожа Ахмет Ясауидың педгогикалық көзқарастарын зерттеуде тарихи-педагогикалық зерттеулердің тағи бір ерекшелігін ескеру қажет болады. Ойшылдың тәрбие, оқыту, кемел адам туралы ойларын зерттеуде эмпирикалық немесе теориялық педагогикалық әдістерді пайдалану мүмкіндігінің болмауы (мысалы, педагогикалық байқау, анкеталау, интервью, модельдеу сияқты әдістерді қолдану мүлдме мүмкін болмайды). Атап айтқанда, мұнда педагогикалық зерттеу нәтижелерінің шынайылығы мен дәлелділігін қамтамасыз ететіндей тәжірибелік-эксперимент әдісін де пайдаланып болмайды. Сол себепті, педагогика тарихшысы алдына зерттеудің нәтиежелілігі мен шынайылығын қамтамасыз етудей өте жауапты және күрделі міндет қойылады. Педагогика таришысы Қожа Ахмет Ясауидың педагогикалық ойлары қалыптасқан шынайы әлеуметтік-тарихи, педагогикалық ортаны ақиқатқа сәйкесінше ойдан құрастыруына тура келеді.

Тарихи-педагогикалық зерттуеулердің басым көпшілігінің бір кемшілігі – зерттеушілерді бір кездерде қалыптасқан педагогикалық шындықтың шындыққа жақы бейнесін құрудағы қателігі. Педагог-зерттеуші өткен дәуірді жаңа заман тұрғысынан көреді. Жаңа дәуір, білім беру саясаты тұрғысынан бағалауға тырысады. Бірақ педагогикалық көзқарастардың, идеялардың авторы осы идеяларды ұсынған замандағы педагогикалық шындықты суреттеу педагог-зерттеуші үшін қаншалықты оңай түседі?

Демек, Қожа Ахмет Ясауидың педагогикалық ойларын зерттейтін педагог ғалым бірінші кезекте азаматтық тарихты, анығырақ айтатын болсақ – ортағасырлық ислам және түрік өркениеті тарихын де жан-жақты білу керек емеспе?

Осы тұрғыдан Ясауи педагогикалық мұрасы тек педагогикалық әдіснама тұрғысынан зерттелуі зерттеудің нәтижелеріне, шынайылығы мен дәлелдігіне теріс әсерін тігізеді. Педагогика мен азаматтық тарихтың ұштасуын педагог-зерттеуші бір сәтте естен шығармауы тиіс [4].

Ясауидың педагогикалық көзқарастары туралы жарық көрген еңбектердің бағасы мен құнарлылығын төмендетпей, біз тарихи-педагогикалық құбылыстарды және оларды суреттейтін педгогикалық идеяларды тек тар педагогикалық тұрғыдан қарастыру зерттеу мәселесін толық ашып беруге мүмкіндік бермей отырғандығын атап өтеміз. Ортағысарлық түрік ғұламаларының педагогикалық көзқарастарын зерттуеде бір қалыптағы баяндау схемалары көзге тасталады: ойшыл немесе ағартушы кемел адам туралы, адамгершілік, ақыл-ой, еңбек, дене немесе сұлулық тәрбиесі туралы қандай ойларды айтқандығы баяндалады. Типті егер ойшылдардың атаулары, еңбектері мен шығармаларынан көшірмелерді айтпасақ, түрлі ойшылдардың бір қалыптағы педагогикалық тұжырымдар жасаумен шектелгенмен деген сұрақ туындайды. Әдебиет өкілдерінің бәрі педагог-ағартушыларға айналады. Олар бірдей бағыттарда педагогикалық көзқарастарын сипаттайды.

Ясауидың педагогикалық көзқарастарын зерттеу қалайда бір емес, бір неше жетекші әдіснамалық тұрғыларды (тәсілдерді) пайдалануды талап етеді. Әдіснамалық тұрғыларды кешенді түрде пайдалану ғана зерттелінетін тарихи-педагогикалық құбылыстар мен көзқарастарды құндылық-бағдарлылық, мәндік-мағыналық және характерологиялық құрамдастарын жан-жақты бағалау және талдауға мүмкіндік ашады. Зерттеуші мұнда негізгі және қосымша (толтырушы) тұрғыларды пайдаланған жағдайда зерттеу пәнін — Ясауидың педагогикалық көзқарастарын толығырақ аша алады. Қоғамдағы демократиялық үрдістер кеңестік дәуірде қалыптасқан әдіснамалық тұрғылар мен құндылық басымдықтарды жарамсыз етті. Кеңестік идеологияның орыны алатын жаңа қазақстандық идеология қалыптасып үлгірмеген 1990-жылдарда жаңа идеялық және дүниетанымдық сипаттағы басымдық құндылық бағдарлар мен әдіснамалық тұрғыларды іздену мен таңдауға қажеттілік күшейді. Енді тарихи-педагогикалық зерттеулерді жаңа әдіснамалық тұрғылары қажет еді. Дәл осы жағдайларда ұлттық сана-сезімнің дамуы қазақтың, түрік әлемінің рухани мұрасына деген аса қызығушылықтын арта түсуіне себепші болды.

Тарихи-педагогикалық зерттеулердің жаңа әдіснамасы қалыптасып үлгірмеген кездерде түркі ғұламалардың шығармалары педагогикалық тұрғыдан зерттеліне басталды. Соның ішінде кешегі кеңестік заманда «діни-мистикалы әдебиет қайраткері» Қожа Ахмет Ясауидың педагогикалық көзқарастарын зерттеулерді атап өтуге болады. Әдіснамалық иргетасының жетілмегендігі Ясауи педагогикасын зерттеулерге әсерін тігізмеді деуге болмайды. Нәтижеде сыртынан Ясауи мұрасына «оң көзбен» қараған педагог зерттеушілер, түбінен оны ашып көрсетуге ескі әдіснамалар тұрғысынан қатынас жасады.

Мәселе барша тарихи-педагогикалық зерттеулер үшін қалайда бір әмбебап әдіснама әзірлеуді білдірмейді. Біз мақала ясаында Қожа Ахмет Ясауидың педагогикалық көзқарастарын зерттеудің арнаулы әдіснамалық тұрғыларын қарастыруды мақсат еттік. Мұнда соңғы жылдары жарық көрген тарихи-педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық ережелері қарастырылған фундаментальді еңбектерге (М.А.Захарищева, З.И Равкин, В.Г. Пряникова [4;5;6]) негізделеміз.

Жүйелі тұрғы Ясауидың педагогикалық көзқарастарының бүкіл ислам әлемі, сонымен қатар түрік әлемі және Орталық Азияда халық ағару ісі, педагогикалық ой дамуына оң әсерін анықтауға мүмкіндік береді. Бұл Ясауи мұрасының педагогикалық тұрғыдан құндылық мазмұнын бағалау үшін оның негізгі мағыналық-мазмұндік сипатын ажрату арқылы жүзеге асады. Мысалы, баға бергенде қаншалықты діни түс берілгенімен, Ясауидың кемел адам, адамгершілік құндылықтар туралы және басқа да ойларының осы кездегі қоғам дамуында маңызды рөл атқарады.

Өркениеттік тұрғы Ясауи шығармашылығын ғұлама өмір сүрген заманның өркениеттік мінездемелері – ортағасырлық түрік әлемінің рухани-адамгершілік құндылықтары, интеллектуалдық қатынас формалары, ислам діни, қоғамдық және жеке дара идеялар әлемі, халықтар өмірлік қызметінің материалдық-заттық ортасымен, отбасылық, білімдік, тұрмыстық және басқа да ерекшеліктерімен байланыста зерттеуды талап етеді. Ясауи шығармашылығын ислам әлемі, түркі дүниенің тарихи дамуы мен сабақтастығы үрдісінде зерделеуді қажеттейді.

Мәдениеттанымдық тұрғы Ясауи мұрасының педагогикалық аспектілерін әлеуметтік-мәдени жүйе тұрғысынан зерттеуге мүмкіндік береді. Әлеуметтік-мәдени жүйе нормалар, құндылықтар мен идеялардың мәдени сабақтастығын қамтамасыз етеді, тұлғаны қоғамда және осы қоғамға тән мәдени ортада табысты өмір сұруге дайындаудың тәсілі болып қызмет етеді. Ясауи педагогикалық көзқарастарын жан-жақты мінездеуде әлеуметтік тарих пен мәдениет тарихи арасындағы қабыспауын жеңуге мүмкінік ашылады. Мәдениеттанымдық тұрғы Ясауи шығармаларының түркі халықтардың салт-дәстүрлері, этнопсихологиясы, халық педагогикасы тәжірибесімен байланыстылығын зерттеуге мүмкіндік ашады.

Аксиологиялық тұрғы Ясауи педагогикалық мұрасын түркі халықтар мәдени өмірінің, әдебиетінің мәнді жетістігі ретінде білім беру мазмұнында көрініс табуы, осылайша ұлттық құндылықтар маңызына ие болып өскелең ұрпақтардың азаматтық және патриоттық тәрбиесіне белсенді түрде әсерін тігізуін зерттеуді болжайды. Ұлттық құндылықтардың мұндай қызмет жасауы олардың гуманитарлық бағытталғандығы және демократиялық мәнін, яғни халықтық негіздермен байланыстылығын айқындайды.

Тұлғалық (биографиялық) тұрғы өткен заман тұлғасы – тарихи дерек, шығарма авторы тұлғасын, яғни тарихи тұлғаны зерттеуді көздейді. Тарихи-педагогикалық зерттеулерде тұлғалық тұрғы адамның ішкі дүниесін, оның рухани дамуын, оның айналадағылармен қарым-қатынастарын зерделеуді болжайды. Біздің мысалымызда, тарихи тұлға – Қожа Ахмет Ясауидың биографиясы туралы деректер ғұламаның дүниетанымын, педагогикалық ой-пікірлерін қалыптасуымен ара қатынастарын зерттеуге мүмкіндік береді.

Жалпы Қожа Ахмет Ясауидың бізге қалдырған мұрасындағы педагогикалық ой-пікрілерді зерттеудің мынандай әдіснамалық мәселелерін ажратып көрсетуге болады:

— Қожа Ахмет Ясауидың шығармаларында тәрбиенің мәні мен мағынасы, тәрбие заңдылықтары мен ұстанымдарының көрініс табуы;
Қожа Ахмет Ясауидың әдеби-фалсафи мұрасындағы тәрбие идеалы мәселесі;

Қожа Ахмет Ясауидың діни-философиялық идеяларының зайырлы қоғам рухани өмірі қажеттіліктері мен нормаларынан туындайтын педагогикалық құндылық-бағдарлылық сипаты;

Ясауи шығармашылығында педагогикалық әсер құралдарының көрініс табуы (тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеу әдістері мен құралдары);

Ясауи шығармашылық мұрасының қазақ халқы, Орталық Азия мен түркі әлемнің мәдени-тарихи, педагогикалық құндылықтарын қалыптасуына әсері;

Ясауи шығармашылығындағы әлеуметтік-педагогикалық ой-пікірлердің жалпыадамзаттық сипаты, дүниежүзілік педагогикалық ойлармен ара қатынасы;

— Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанда білім беру мазмұнын жаңғырту кезенінде Ясауи шығармашылығын мектептің және жоғары оқу орындарының білім беру мазмұнына кірістіру, оқушы-жастар тарапынан оқып-үйрену, ғұлама тарихи-педагогикалық ой-пікірлерін одан әрі зерттеудің басым бағыттарын айқындау.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *