Отарлық билікке оппозицияда болған саяси партиялар мен қозғалыстар және қазақ мемлекеттілігі туралы мәселенің туындауы (ХХ ғасырдың басы) #2

Ә.Бөкейхановтың белсендігіне тәнті болғанғандар оны кадеттер партиясының 1906 жылғы екінші съезіне шақырды/2/.  Кадеттер партиясының идеясын ұстанған қазақ зиялылары Ресейде  парламенттік, коститутциялық жолмен мемлекет арқылы болашақта республикалық мәртебесі бар ұлттық автономияға қол жеткізуді көздеді. Алайда бұл мәселе тек идея түрінде қалып қойды. Себебі 1917  жылдан бастап кадет партиясының басшылары Ресейдің мемлекеттік тұтастығын сақтау мақсатында біртұтас теңдік және мәдени автономия ғана беруді ұсынды. Мұндай ұсыныс кадет партиясының шет аймақтардағы қолдаушыларына ұнамады. Партияның Қазақстандағы филиалының мүшелері мәдени автономияға үзілді — кесілді қарсы шықты. Ә.Бөкейханов кадет партиясының автономия, жер мәселелеріне байланысты бағдарлмалары мен пікірлеріне наразылық білдіріп, оның құрамынан шығып кетті. Өз ойын Ә.Бөкейханов осыған орай  Мен кадет партиясынан неге шықтым? -деген мақаласында мұны былай түсіндірді: Кадет партиясы жер адамға меншікті болып берілсе жөн дейді. Біздің қазақ жерді меншікті қылып алса,  башқұрдша көрші мұжыққа  сатып, біраз жылда сыпырылып, жалаңаш шыға келеді. Кадет партиясы Ұлт автономиясына қарсы. Біз Алаш ұранды  жұрт жиылып Ұлт автономиясын тікпек болдық /3/. Ресей университеттерінде білім алған қазақ зиялылары қоғамды өркениетті эволюциялық,  демократиялық жолмен дамытуды жақтады. Төңкеріс арқылы саяси билікке жету,  социализм орнату идеясын ұстанған большевиктер партиясының саясатын  қазақ зиялылары қолдамады. Сондықтан да, олар өздерінің ұлттық демократиялық мемлекет құру  идеясын іс-жүзіне асыру мақсатында 1917 жылы Алаш  партиясын құруға белсене кірісті. 1.  Асфендияров С. Қазақстан тарихының очерктері.-Алматы: Қазақ университеті, 1994. 97 б. 2.  Григорьев В. Кадеттер жолын ұстанған партия. // Социалистік Қазақстан. 1990, 13 мамыр. 3. Ғалихан. Мен кадет партиясынан неге шықтым? // Сарыарқа,1918. №29.  Сонымен дербес қазақ автономиясы туралы идея қай кезде пайда болды деген сұрқтың жауабын қарастырсақ. Автономия құру идеясы қазақ зиялыларының ұзақ жылғы саяси күрестерінің, үздіксіз идеялық ізденістерінің нәтижесінде болды деп айтуға болады. Қазақ зиялыларының ұлт азаттығы жолындағы күресі барысында жаңа құқықтық мағынаға ие болып отырды. Бұл жағдайды Ресейдің отарлау аппаратының шенеуніктері де түсіне білді. Көп жағдайларда қазақ зиялылары өз пікірлерін ашық түрде білдіріп отырды. Мысалы мына құжаттағы дерек осының дәлелі бола алады: Ж.Ақбаев граф Паленге жазған хатында “Сіздің Қарқаралы республикасының Президенті болғаныңыз рас па?…”/1/- деген сұрақтың өзі Ж.Ақбаевтың демократиялық республика құру идеясын насихаттағандығы туралы айтуға болады. Дербес автономия мен демократиялық республика идеясын қалыптастыруда Б.Сыртановтың да қатысы болғандығын оның өміріне қатысты деректерден көруге болады. 1905 жылы Орал қаласында Қазақстанның бес облысының өкілдері қатынасқан съезд болып өтті. Оның делегаттары қатарына Ә.Бөкейханов, Ж.Сейдалин, М.Дулатов. Б.Қаратаев, Б.Сыртановтар болды. Бұл съезде “қазақтың конституциялық демократиялық” партиясын құру мәселесі қаралған. Б.Сыртановтың 1911 жылы “Қазақ елінің уставы” атты еңбегі қазақ елінің болашақ мемлекеттік құрылысы туралы идеясының сол уақыттағы алдыңғы қатарлы идея болғандығын дәлелдейді/86/. Мысал ретінде мына құжатты келтіреуге болады: “Қоғамдық жарғылардың одан әрі қүйреуін- халықтың мәдениет пен өркениет игіліктеріне тарту, 17  қазандағы Манифесті жүзеге асыру заңдылық пен құқылық құрылыс орнату керек”/2/.  Алаш партиясының 1917 жылы 21 қарашада Қазақ газетінің беттерінде жарияланған бағдарламасының жобасында  мемлекеттілікке байланысты, басты мәселе ретінде айтарлықтай орын берді. Бағдарламаның бірінші тарауы Мемлекет қалпы деген атаумен көрсетілді. Тарауда Қазақстандағы мемлекет түрі мына төмендегідей нақты айқын етіп жазылды: Россия демократическая федеративная республика болады. Демократия мағанасы мемлекетті жұрт билеуі; федерация мағанасы-құрдас мемлекеттер бірлесуі. Федеративная республикада әр мемлекеттің іргесі бөлек, ынтымағы бір болады, әрқайсысы өз тізгінін өзі алып жүредi /3/. Мұның өзі болашақта қазақ мемлекетінің Ресей құрамында қалып, федеративтік құрылыс санатында тең құқықтық дәрежедегі  қатынастарға ие болуы мүддесі көрсетілді. Шын мәнінде айтатын болсақ мұның өзі бүгінгі таңдағы белгілі тарихшы — ғалым М.Қойгелдиев атап көрсеткендей алаштық интеллигенция ұсынған балама жол қазақ елінің сан ғасырлық даму тәжірбиесін, салт- дәстүрін революциялық әдіспен күрт өзгертуді емес, қайта оларды  эволюциялық жолмен,  басқа өркениетті  елдердің өмір  тәжірбиесін  ескере  отырып, одан әрі  жетілдіре түсуді көздеді. 1.  ҚР ОММ, 64 қор, 1тізбе, 5832 іс, 24 парақ 2. ҚР ОММ. 64қор, 1тізбе, 5832 іс, 27 парақ. 3. Бөкейханов Ә. Қыр баласы. Алаштың талапты азаматына//Қазақ. 1917, №251.21 қараша.  Ең негізгісі, бұл  жол қазақ  еліне өзін-өзі билеуге, сөйтіп өзінің ішкі қоғамдық мәселелерін  өзі шешуге, өз атамекеніне өзі ие болуға мүмкіндік беретін жол еді /1/. Жоғарыда көрсетілгендей патша өкіметіне оппозицияда тұрған саяси партиялардың бірі большевиктер партиясы болды. 1903 жылы Ресей социал- демократиялық жұмысшы партиясының ІІ съезінде ұйымдастырушаық мәселелерге қатысты тартыста көпшілік дауыс алған, марксизм идеяларымен қаруланған большевиктер партиясы В.И.Лениннің басшылығымен самодержавиенің ХХ ғасырдың басындағы саяси өміріне белсене араласып, тарихта айтарлықтай із қалдырды

Источник: https://e-history.kz/kz/historical-education/show/12805/
© e-history.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *