ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ТҮРКІЛЕРІНІҢ ЖАЗБА ДЕРЕККӨЗДЕРІНДЕГІ МӘДЕНИ МҰРАСЫНЫҢ ТОЛЫҚМӘТІНДІ ДЕРЕКТЕР БАЗАСЫ (ХІХ ғасыр)

А.С.ҚАСЫМБЕКОВ
техника ғылымдарының кандидаты, «Компьютерлік ғылымдар» кафедрасының доценті
abbazbek. kasymbekov@ ayu.edu.kz

Э.Е.АЛЬЖАНОВА

тарих ғылымдарының кандидаты, «Тарих» кафедрасының доценті Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті elmira.alzhanova@ ayu.edu.kz. Түркістан/Қазақстан

Орталық Азия түркілерінің мәдени мұрасына тиісті өткен ғасырлардағы көне қолжазбалар мен сирек кездесетін толықмәтінді құжаттардың жақын және алыс шет елдердің кітапханалары мен мұрағаттарында сақталғандығы туралы мәліметтерге сүйенсек, бір ғана «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша қыруар жұмыстар атқарылған. Олар әлі де өзінің жалғасын табуда және көлемі жағынан алдағы жүргізілетін зерттеулерге негіз бола алады. Әсіресе өте сирек кездесетін басылымдар мен қолжазба нұсқаларының электрондық коллекцияларын құру, оларды өскелең ұрпақ өкілдері үшін сақтау мақсатында бірыңғай виртуалды орталар арқылы ғылыми айналымға ендіруде, тарихи жазба деректер мен көне жәдігерлерді зерттеудің маңыздылығы бүгінгі күнде өзекті.

Солардың қатарында – жақын және алыс шет елдердің кітапханалары мен мұрағаттары қорларында сақталған жазбаша дерек көздеріндегі Қазақстан мәдени мұрасына тиісті ақпараттық ресурстар көптеп кездеседі. Түркілердің мәдени мұраларын сақтау және оларды қорғау мәселелерін түбегейлі шешудің бірден-бір сара жолы – оларды сандық форматтағы қалыпқа түсіру қажеттігі дәлелденген. Себебі, өткен ғасырлардан қалған көптеген құнды құжаттар уақыт мерзімі өте келе тозығы жетіп деформациялану және т.б. зақымдарға ұшырауы нәтижесінде жарамсыз болып, олардан пайдалану мүмкіндігі шектеледі.

Сондықтан, сирек кездесетін тарихи құнды құжаттар мен қолжазбаларды электрондық сандық форматтардағы қалыпқа түсіру және заманауи ақпараттық технологиялар негізінде виртуалды ақпараттық орталар қалыптастыру арқылы ғылыми айналымға қосу үшін технологиялық алғышарттарды қалыптастыру, тарихи жазба деректер мен көне жәдігерлерді сақтау үдерісінде, бүгінгі күндегі кезек күттірмейтін мәселелердің бірі болып табылады.

Білім беру жүйесінің ұлттық компьютерлер торабында жұмыс істейтін интегралданған ақпараттық жүйелердің құрамында, арнайыландырылған дербес дерекқорларын жасау барысында, еліміздің тарихына, мәдениетіне, ғылымына қатысты көне қолжазбалар мен сирек кездесетін толықмәтінді ақпараттық ресурстарға қашықтықтан қолжетімділікті ету және олардың толық қорғалуын қамтамасыз ететін бағдарламалық кешендер жүйесін жасау және оларды қазіргі заманға сәкес талаптар бойынша жетілдіру, бүгінгі күндегі Қазақстанды санды форматқа көшіруде, өзекті мәселелердің бірі саналады.

Университет ғылыми кітапхана жүйелерінің заманауи талаптарға сай ұйымдастырылуында, автоматтандырылған кiтапхана жүйелеріндегі ақпараттық ресурстардың электрондық коллекцияларын жаңа ақпараттық технологиялар негізінде интеграцияландыру және кооперациялау үдерістері қарқындап дамып, бүгінгі күнде өзінің жемістерін беруде.

Түркістан өлкесінің бүгінгі күндегі Қазақстандық бөлігінің өткен шағы туралы өте сирек кездесетін құнды тарихи-мәдени дереккөздер мен материалдар топтамаларының арнайы мәліметтер базасын жаңа ақпараттық технологиялар негізінде құру әртүрлі деңгейлерде өрбіп, жалғасуда. Орталық Азия түркілерінің мәдени мұрасына тиісті өткен ғасырлардағы көне қолжазбалар мен сирек кездесетін толықмәтінді құжаттарды өскелең ұрпақ үшін жинақтау, өңдеу және жүйелеп талдау негізінде сақтау, зерттеудің маңыздылығын арттыра түседі.

Орындалатын зерттеу жұмыстарын тиімді үйлестіруге, тұтынушыларға сол бір өткен заман дәуіріндегі тарихи-мәдени мұраларға тиісті өте сирек кездесеткездесетін құнды дереккөздердегі ресурстарға қолжетімділік рұқсатын ауға мүмкіндік беретін жаңа ақпарттық технологияларды қолдану нәтижесінде, оларды бірыңғай виртуал орталар арқылы ғылыми айналымға ендіру мүмкіндігі туып отыр. Бұл өз кезегінде жүргізілетін ғылыми зерттеулердің деңгейлерінің артуына және оқыту барысында нақты ресурстарды қолдануға мүмкіндік береді.

Бұл бағыттағы өткізілген нақты зерттеулерге жасалған ретроспективалық шолулардың нәтижелері көрсеткендей, Түркістан өлкесінің негізгі тұрғылықты халықтарының мәдени мұрасы болып есептелетін, ішінде бірегей және толық мәтінді ақпараттық деректерге негізделген материалдар келтірілген ХІХ ғасыр жазбаша дереккөздері посткеңестік кеңістіктегі елдердің кітапханалары мен мұрағаттарында сақталған [1].

Бір-бірінен уақыт өтімі мен міндеттері жағынан алшақ та болған осы бір тарихи-мәдени танымдық коллекцияларды зерттеу, ХІХ ғасыр жазбаша дерек көздеріндегі Түркістан өлкесінің халықтарының мәдени мұраларына тиісті түрлі аспектілерін әр қырынан қарастырып талдауға және мұқият саралауға мүмкіндік береді. Осы көріністерді өзара салыстыру барысында Түркістан өлкесіндегі Қазақстандық ерекшеліктерді анағұрлым бедерлі түрде жаңғыртып, сол бір өткен кезеңдердегі қалыптасқан жағдайдың жазбаша дереккөздердегі сирек кездесетін тарихи-мәдени мұралардың құрылымдық элементтерінің өткен тарихын пайымдауға болады. Солардың қатарында ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан мен Орталық Азияның басқа да елдері туралы жарияланған құжаттар мен фотосуреттердің көшірмелерінен жинақталған құнды ақпараттар толық мазмұндалған «Түркістан жинағы» мен «Түркістан альбомы» аталады.

“Түркістан альбомы”, Түркістан өлкесінің генерал губернаторы жобасы бойынша, 1871-1872 жылдары Санкт-Петербург университетінің шығыс тілдері факультетінің аса талантты түлегі А.Кун тарпынан құрастырылған [2]. Мұнда отаршылдықтың қасірет қамытын киген Түркістан өңіріндегі қазақ жұртының тыныс-тіршілігі, өмір сүру үлгісі, Сырдария аймағындағы көне қалалар мен мазарлар, Ахмет Ясауи кесенесіндегі жәдігерлер өз бояу-өрнегімен берілген. Альбомда, Бүкіл түркі жұртының алтын бесігі аталған киелі Түркістан өлкесінде ХІХ ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген Ұлы Түркі Елінің бір бөлігі – қазақ даласы тарихының жаңа беттері ашылады. “Түркістан альбомы” атты кітап-альбомда туған жердің тарихы мен мәдениетін қадірлей білетін баршаға ұмытылмас бағалы сыйлық болатындай, берер тағылымы, көрсетер үлгісі бөлек суреттерден тұрады.

Біздердің зерттеулеріміз үшін, әлбетте, қазан төңкерісіне дейінгі Түркістан өлкесінің түркілерінің XIX ғасыр жазбаша дереккөздеріндегі тарихи-мәдени ресурстарға арналып жазылған кітаптар мен мақалалар, жазбалар, карталар, кестелер мен суреттердің топтамасы келтірілген «Түркістан жинағы» [3] көбірек қызығушылық туғызады. Көптеген саяхаттар мен экспедиция материалдарында, өлкенің табиғи жағдайлары туралы ғана емес, сонымен бірге оның тарихы мен экономикасы, этнографиясы мен археологиясы, құқықтары мен статитикасы жөнінде (жолжазба, очерк, есеп формасындағы және т.б.) қызықты мәліметтер келтірілген.

Жинақта Түркістан өлкесінің, қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстанның жекелеген бөліктерінің тарихы, қазақ хандары мен сұлтандары туралы материалдар; Түркістан өлкесінің Ресейге қосылуына, Бұқара, Хиуа және Қоқан (мұнда Бұқара әмірлігіне, Хиуа хандығына және т.б. бағынышты осы Түркістан өлкесінің иеліктерінде өмір сүрген қазақтар туралы мәліметтер де аз емес) хандықтарына қарсы әскери әрекеттердің жеңісіне арналған кітаптар мен мақалалар бойынша біршама материалдар ұсынылған. Әр түрлі тарихи басқыштардағы қазақ даласының әкімшілік құрылыстары, Жетісу қалалары тарихы, қазақ даласына енгізілген басқару туралы Ережелерге қарсы туындаған қазақтар арасындағы толқулар келтірілген.

Сонымен қатар, қоныс аударушылар мәселесі бойынша көптеген материалдар бар: қоныс аударушылардың тарихы мен олардың көшіп-қону барысы, қоныс аударылған орыстардың экономикалық жағдайлары; орыс шаруаларын қоныстандыруға қажетті жердің мүмкіндігінше мол қорын табу және олардың егіншілік үшін жарамдылығын анықтау, қазақтардың жер пайдалану нормаларын белгілеу, осылардың нәтижесінде қазақтардың «артық жерінің» көлемін анықтап, онан қоныс аудару қорын құру туралы да деректер келтірілген. Сонымен қатар, көшпелі қазақтардың жекелеген рулары, олардың таралуы және рулық өзара қарым-қатынастардың шекаралары жайлы жазылған авторлардың жұмыстары да үлкен қызығушылық тудырады.

«Жинаққа» көптеген зерттеушілер мен ғалымдардың кеңінен белгілі жұмыстарын, ағымдағы оқиғалар туралы көптеген түсініктеме берушілердің әр түрлі жазбалары мен мақалаларын кіргізе отырып, В.И.Межов және оның ізбасарлары Түркістан өлкесіндегі халықтардың тарихы, тұрмыс-тіршілігі мен өнегелі істері, түрлі салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары (үйлену, кісіні жерлеу) туралы мол мәліметтерді, жоқтау мәтіндерін, ұлттық ойындарының мазмұнын ашатын ойын аттарына барынша кең кескіндеме жасап шығарған.

«Жинақта» қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстанның сот құрылысы, қарапайым және жер-су құқықтары жайлы статистика, жекелеген облыстардың ауылшаруашылығы туралы және демографиялық мәліметтер мен статистикалар жөніндегі жұмыстар да ендірілген. Мұнда тарихшылар үшін республиканың халық шаруашылығы туралы да көптеген қызықты материалдар бар. Онда жергілікті халықтың және де басқа жақтан қоныс аударған тұрғындардың жер және мал шаруашылықтарының жағдайын көрсететін материалдар кездеседі. Жергілікті билік тарапынан көрсетілген қысымдармен бірге, сондай-ақ, көршілес Ресеймен пошталық, телеграфтық байланыстар орнату, жол қатынастары мен өлкенің су шаруашылығын реттеуге бағытталған кейбір іс-шаралар да келтірілген.

Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстан өнеркәсібі тек қана жекелеген аз ғана иеленуші топтар арқылы көрініс табатыны белгілі. Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін кішігірім зауыттар ғана болған. Табиғи ресурстарға өте бай өлкенің тау-кен өнеркәсібін пайдалануға, Түркістан-Сібір темір жолы құрылысын жобалауға қатысты деректер де келтірілген. Сонымен қатар, жинақта өлкенің медициналық қызметі мен халыққа білім беру саласының жағдайын көрсететін материалдар да баршылық.

Төңкеріске дейінгі зерттеушілердің көп томдығында біз үшін тарихи үлкен маңызы бар бірқатар географиялық карталардың орын алғандығы да қуантады. Бұл тарихи, геологиялық, археологиялық, этнографиялық карталар, қазақтардың кең-байтақ жерлерін пайдалану картасы, Түркістан өлкесіндегі елдердің және олардың жекелеген бөліктерінің, солардың ішінде Қазақстанның картасы. Библиограф мамандар түсіндірмелерімен берілген кескіндемелерде – өлкенің өміріның түрлі жақтары сипатталған: Шымкент қаласының, Ембі бекінісінің, Түркістанның және т.б. сол сияқты нысандар пейзаж болмысыменен жазылған суреттемелер келтірілген. Жекелеген тұрмыстық құралдар

– үй жихаздары, ат әбзелдері, күймелі арба, киіз үй жабдықтары. Портреттік топтар – қазақтардың жерленген адамдар басына орнатқан сағаналары, кесенелері, балбал тастар мен жерлеу рәсімдеріне қатысты құрылыстар және т.б. құнды шығармалар бар.

«Түркістан жинағына» енгізілген шет елдік ғалымдардың әдебиеттердегі зерттеулердің материалдарына жасалған шолулар көрсеткеніндей, Түркістанның далалы өлкесінде болған шетелдік саяхатшылардың жазбалары орын алған [4]. Бәрінен бұрын, бұл жұмыстарда жолжазбалық сипатта болған этнографиялық және статистикалық мәліметтер мен бірқатарда географиялық суреттемелер арқылы жанамалай келтірілген тарихи деректер келтірілген. Кейбір кітаптар мен мақалалар жеке мәселелерге (климат пен ауа райына, жануарлар мен өсімдіктер әлеміне және т.б.) арналып жазылған. Жинақта біздің отандастарымыздың шет тіліне аударылған еңбектері де кездеседі [5].

Жинақ материалдарын зерттей отырып, біз өлкенің барлық өмірін – әлеуметтік-экономикалық даму жағдайынан бастап өндірістік күшіне, бай ресурстарына дейінгі қал-ахуалын, бұрын болып өткен тарихи зерттеулерін, тұрмыс-тіршілігін, салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын, өнегелі істерін көз алдымызға елестетіп, қайта қалпына келтіруге болады. Сонымен қатар, Н.М. Пржевальский, И.В. Мушкетов, Н.А. Северцов, Н.А. Маев, В.Ф. Ошанин, А.П. Федченко және т.б. сол сияқты аса көрнекті географ, этнограф және тарихшыларының зерттеу еңбектерімен, ғылыми экспедициялық жазбаларымен танысуға болады.

Сондықтан, Түркістан өлкесінің XIX ғасыр жазбаша дереккөздеріндегі ақпараттық ресурстардың толықмәтінді электрондық нұсқалары негізінде электрондық коллекциялар құру мүмкіндігін беретін бағдарламалық кешендерді пайдаланып жасалатын арнайы мамандандырылған толықмәтінді мәліметтер базасын заманауи ақпараттық технологиялар негізінде қалыптастыру, бүгінгі күндегі актуалды мәселелер қатарында болып, нағыз шынайы қызығушылық туындауда екендігін атап өтуге болады.

Бүгінгі күндегі қалыптасқан жағдайда, бұл құндылықтарды іргелі түрде зерттеу үшін мүмкіндіктер жеткілікті, яғни оларды жүйелеп бірізділендіру және каталогтандыру үшін қажет болған материалдардың сандық форматтағы нұсқалары бар. Мұндай түрдегі мәліметтердің үлкен қорлары, қайта өңдеу мен жүйелі талдауды қажет етеді және оларды халық игілігіне пайдалану үшін, тұтынушыларға ыңғайлы түрде ұсыну керек.

Бірақ, бұл аталмыш жинақтағы ақпараттық деректер мен құжаттардың түрілерінің сан алуандылығы мен көлемділігінің және құрылымдық кейіптерінің ретсіздігі соншалықты, оларды зерттеу үшін қолданыстағы дәстүрлі әдістер мен құрал-саймандардан пайдалану жеткіліксіз. Қажетті релевантты материалдарды жедел түрде іздестіріп тауып, оларды сәйкестерінше өңдеу, саралау және жүйелі түрде талдау жүргізіп құрылымдау негізінде қалыптастырылатын электрондық ресурстарды жасау үшін заманауи ақпараттық технологияларға негізделген бағдарламалық кешендер қажет. Жасақталған нақты электрондық ресурстардан пайдалану үшін корпоративтік жүйелер мен желілер торабында жұмыс жасай алатын электрондық кітапханалар қажет.

Электрондық кітапхана жүйелері мен желілерін жобалау үдерісін жүзеге асырудың ерекше айқындалған бағыттар мен тәсілдері ерекшеліктерін шартты түрде екіге бөліп – корпоративтік каталогтау жүйесі және кітапханалық жүйелер мен желілер ретінде қарастыруға болады. Оларды жобалау мен жүзеге асыру үдерісі – бір жағынан автоматтандырылған жүйелерді жасаудың жалпы тәртібіне бағындырылған болса, ал екінші жағынан өзіндік заманауи ерекшеліктермен сипатталады [6].

Корпоративті каталогтау жүйелерін жасаудың негізгі мақсаты: жаңа ақпараттық технологиялардың автономды дербес жұмыс істеу жағдайында едәуір қомақты болып, әрі әрдайым тұрақты өсу ағысына бейім болатын каталогтандырудың шығындарын қысқарту; электрондық каталогтарды ақпараттық (формат саны бойынша) және лингвистикалық өзара ықпалдастығын әрі кітапханалық ресурстарға толыққанды ену мүмкіндігі үшін, кітапханалық мәліметтер базасын (бір ел аумағында немесе әлемдік қауымдастықта тұтастай біріктіретін) қамтамасыз ету; түпнұсқа құжаттарды сипаттап жазу, библиографиялық жоғарғы сапасын қамтамасыз ету; осы қызметке қатысудан (салалар бойынша) нақты табыс табудың қаражат көздеріне айналдыру. Осы бағытты табысты жүзеге асырудың әлемдік кітапханалық тәжірибедегі көрнекті мысалдарының бірі OCLC (Online Computer Library Center) корпорациясы саналады [7].

Қазіргі таңда, ғаламтор желісінің инфрақұрылымдары мен ондағы қолданыстағы заманауи ақпараттық технологиялар негізінде жасақталған электрондық каталогтар мен толықмәтінді деректер базасындағы ақпараттық ресурстарды жедел іздестіріп табу, сұрыпталған тиісті деректерді қайта өңдеу және оларға қашықтықтан қолжетімділік рұқсатының қамтамасыз етілу мүмкіндіктері бар виртуалдық орталар қалыптасуда. Виртуалды орталар пайдаланушылар үшін басқадай жолмен алынуы мүмкін болмаған (немесе өте қымбат) көптеген ақпарат кеңістігіне жол ашуда. Әр түрлі типтегі желілерді біріктіре отырып, қазіргі таңда жасақталған және қолданыстағы электрондық коллекциялардағы деректерді дербес іздестіру үдерісінің ерекшеліктерін ескеру мүмкіндігі бар динамикалық ақпарат дерек көздеріне айналуда [8].

Осы орайда, ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің 2015-2017 жж. арналған гранттық қаржыландыру бойынша «Орталық Азия түркілерінің XIX ғасыр жазба дерек көздеріндегі мәдени мұрасының виртуалды кітапханасы» тақырыбы бойынша (жоба жетекшісі – доцент Э.Е.Альжанова) Ахмет Ясауи атындағы университет қабырғасында жүргізілген ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелерін атап өтуге болады. Жобаның орындалу барысында қол жеткізілген арнайы дербес электрондық каталог пен деректер базасын толтыру үшін әзірленген ақпараттық ресурстардың электрондық коллекциялары мен бағдарламалық кешеннің алғашқы нұсқасы, аталмыш бағдарламаның нақты іске асырылу барысында жасалған байсалды қадамдардың бірі болып саналады.

ХІХ ғасыр жазба дереккөздеріндегі Орталық Азия түркілерінің мәдени мұрасының бірегейі болған – «Түркістан жинағы» топтамасындағы құжаттарға негізделген ақпарат материалдары бойынша жүргізілген зерттеу жұмыстарының Қазақстан мәдени мұрасына қатысты алғашқы нәтижелері – тарих, этнография және археология салалары бойынша іріктеліп алынған және тиісті рубрикаларға жүйеленіп бөлінген ақпараттық ресурстардан тұрады. Бұл арнайы жасақталған дербес электрондық коллекциялардың толықмәтіндік құжаттарымен, төменде көрсетілген мекен жайлардағы URL-сілтемелер бойынша танысуға болады [9].

Түркістан өлкесінің Қазақстан тарихы (https://yadi.sk/d/6svDDFOpoRNCC) және этнография (https://yadi.sk/d/PNoZd6g0nu6Vo) мен археологиясы бойынша (https://yadi.sk/d/PNoZd6g0nu6Vo) электрондық коллекциялар сипаты уақытша, тиістісінше көрсетілген сілтемелерде орналастырылған.

Арнайы жабдықталған электрондық каталогтардағы библиографикалық жазбаларға негізделіп әзірленген ақпараттық ресурстар дереккөздерінің алғашқы нұсқасы – 12-рубрикаға бөлінген «бас тақырыптар» бойынша 312 толықмәтінді дереккөздерден сомдалған келесі жазбалардан тұрады: этнографияның жалпы мәселелері (57); Әдет, ғұрып және салт дәстүрлері (7); Үйлену рәсімдері (9); Жерлеу рәсімдері (10); Мазараттар және қабірлер ескерткіштері (14); Нанымдар. Ырымдар. Жоралғылар (17); Ойындар. Қызықтар. Аңшылық (5); Халық ауыз шығырмашылығы (1). Мақал мәтелдер. Афоризмдер. Жұмбақ жаңылтпаштар (10). Қиссалар. Аңыздар. Хикаялар (15). Ертегілер. Әңгімелер. Мысал мысқылдар (29). Поэзия. Поэмалар. Өлеңдер. Музыкалар (11). Негізгі дереккөз құжаттарының толықмәтінді тізімінің 12-шрифте терілген жалпы көлемі 25 беттен тұрады.

Бұл аталмыш этнографиялық электрондық коллекциялар материалдары бойынша посткеңестік дәуірінде жүргізілген ғылыми зерттеулердің көлемінің ауқымдылығын атап өту үшін, тек бір ғана атақты этнограф-ғалым, фольклорист Ә. Диваевтың ғылыми шығармаларын атап өтуге болады. Мұндағы толықмәтінді деректер базасындағы библиографикалық көрсеткіштердің жазбаларына сәйкес әзірленген дербес электрондық каталогда, 89-дереккөзден тұратын толықмәтінді құжаттардың мәтіндері берілген. Кейбір ғылыми зерттеулерде келтірілгендей. бұлардың жалпы саны, 100-ден астам дереккөзден тұрады деп көрсетіледі [10].

Этнографиялық электрондық коллекцияда алыс шетел ғалымдарының – А. Вамбери, Г.Миллер, И.Фальк, X.Барданес, И.Э. Фишер, Ф.Базинер, Ю.Скайлер, С.Гедин, Т.Аткинсон, Г.Мозер және т.б. зерттеушілердің еңбектері жайлы мәліметтер келтірілген [11]. Дерекқордағы «этнографияның жалпы мәселелері» бөлімінде жалпы саны 57 — толықмәтінді құжат келтірілген. Солардың қатарында венгерлік шығыстанушы және саяхатшы Арминий Вамберидің «Түркістан жинағы» топтамасының беттерінде сипатталған дереккөздер бар [12- 16].

Университет қабырғасында орындалған зерттеулерге жасалған шолу мен талдаулар нәтижелерін қорытындылай келе, Түркістан өлкесінің Қазақстандық бөлігінің тарихы мен мәдениетін зерттеушілердің назарына «XIX ғасыр жазба дереккөздеріндегі Қазақстан» электрондық каталогы мен деректер базасының алғашқы нұсқасының жасалғандығын атап өтуге болады.

Деректер базасындағы дереккөздерді жедел іздестіріп табу, сұрыпталған тиісті деректерді қайта өңдеу арқылы қажетті материалдардың толықмәнді нұсқаларымен танысу және көшіріп алу, оларға қашықтықтан қолжетімділікті қамтамасыз ету нәтижесінде қалыптастырылған виртуал ортаны пайдаланушы қауым өкілдерін нақты релевантты ақпараттармен қамтамасыз ету үшін жүйеде тиімді жұмыс жасауды ұйымдастыру мүмкіндіктері қарастырылған.

Автоматтандырылған кітапханалар жүйесінің құрамында жұмыс жасайтын «XIX ғасыр жазбаша дереккөздеріндегі Қазақстан» деректер базасының алғашқы нұсқасының электрондық каталогы – ақпарат ресурстарын іздестірудегі негізгі құрал болып табылады. Қазақстан мәдени мұрасына тиісті тарих пен этнография, археология және т.б. салалары бойынша іріктеліп алынған және тиістісінше, жиырма пәндік рубрикаларға бөлініп жүйеленген және құрылымданған ақпараттық ресурстары аннотациялы библиографиялық көрсеткіштер арқылы өрнектелген.

Электрондық каталог құжаттарының аннотацияланған библиографиялық көрсеткіштеріндегі деректерді – 20 пәндік рубрикаларға бөлінген тақырыптар мен авторларына, түйінді сөздері, баспалары мен шыққан жылдары және т.б. элементтері бойынша толық өңдеу мүмкіндіктері қарастырылған, яғни жүйе деректердің ашық түрдегі стандарттары мен форматтары негізінде жасалған. Пайдаланушылар, электрондық каталогты пайдалана отырып, кітапхана қорындағы қазақ, орыс және т.б. шет тілдеріндегі қажет электрондық ақпараттық ресурстардың тізімдері мен нақты электрондық нұсқаларын жедел және тиімді түрде іздестіріп тауып, олардың тиісті нұсқаларын pdf-форматта көшіріп алу арқылы толықмәтінді нұсқаларына қол жеткізе алады.

Арнайы электрондық каталог пен дерекқор жасақтаушы бағдарламалық кешеннің алғашқы нұсқасының қолданыстағы аналогтармен салыстырғанда келесі ерекшеліктерге еге: әмбебап құрылымды библиографиялық ақпараттар сипаты (MARC, DUBLIN CORE) халықаралық стандарттарға бағытталған; соңғы қолданушылар (оқытушылар, ғылыми қызметкерлер және т.б.) арнайы білімсіз ақпарат көзіндерін (оқулық, мақала және т.б.) енгізуге және сонымен қатар, корпоративтік желіде жұмыс істеуге; зерттеушілерге электрондық ресурстарға онлайн қолжетімділігін, электрондық каталог арқылы түрлі ақпараттық ресурстардың толық және тиімді іздестірілуіне, зерттелінетін тақырыптың ақпараттылығын арттыруға; Орталық Азия түркілерінің ақпараттық ресурстарының электрондық коллекцияларын жасақтауда; автономдық режимде жұмыс істейтін және корпоративтік желілердегі ресурстардың орналасқан жеріне байланысты болмаған, таолап етілген қажетті ақпараттармен шұғыл қаматамасыз ету мүмкіндіктері қарастырылған.

Зерттеулер барысында алынған нәтижелердің мақсатты тұтынушылары: ғылыми зерттеу және білім беру мекемелері; электрондық кітапханалардың ғылыми-білімдік ресурстардың мәліметтерінің базасын жасауға, жетілдіруге және оларды іске асыруға мамандандырылған коммерциялық мекемелер болулары мүмкін. Сонымен қатар, жоғары оқу орындарының ғалымдары мен оқытушылары, PhD-докторанттар мен магистранттар, студенттер мен білім жүйелеріндегі басқа да қызметкерлер қауымының өкілдерінің пайдаланушылары болуы мүмкін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *