К.АСЕТОВА
«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының қызметкері Түркістан/Қазақстан
Бүгінгі күні Құран мен хадиске тек діни тұрғыдан көңіл аударылып кележатқандығы әмбеге аян. Ғылыми талаптарға сай діни мәселелерге арналған зерттемелер жоқтың қасы деседе болғандай. Хадис-дін ғылымының бір саласының зерттеу нысаны ғана емес, ол-дін саласының ішіндегі ең құнарлы қатынас құралы. Хадис дін саласында жан жақты, көп қырлылығымен де ерекшеленеді. Хадис деген уақытта ойға Пайғамбарымыздын айтқан сөздері, дін тұрғысында берген үкімдері оралатыны да рас. Сондықтан хадис белгілі бір мәселеге орайластыра айтылған сөз десе де болғандай. Оның белгілі бір авторы бар.Ол-Мұхаммед с.ғ.с.
Міне, сондықтан да Пайғамбардың айтқан сөздері, яғни хадистері мен дін негізінде жасаған іс амалдары халқымыздың дәстүрімен де, әдеп ғұрпымен де біте қайнасып өзіндік орын ала білді. Сол негізде пайғамбар айтқан өсиеттер бабалар тіліндегі нақылға айналып, ел аузында кеңінен тарала бастады.
Қандай да бір ғылым болмасын, сол ғылымнын өзіне тән тілдік және терминдік мағыналары болады. Әсіресе дін саласындағы шариғат мәселелері қамтылған оқулықтар мен кітаптарда сөздердің тілдік мағынасынан гөрі терминдік мағынасы үлкен рөл атқарады. Себебі терминдік мағына арқылы дін үкімдері мен ереже қағидаттар бекітіледі. Соған орай дін үкімдері орындалып, амалдар іске асады. Ал осы дін заңы бойынша өзіндік үлкен маңызы бар, мұсылман өмірінде Құраннан кейінгі Ислам дінінің екінші дереккөзі ретінде қарастырылған хадис ғылымының да тілдік және терминдік мағыналары жеткілікті. Хадис терминдерін білу-хадис кітаптарын оқуда, оны дұрыс ұғынуда, шариғат үкімдерін үйренгенде және оған зерттеу жүргізгенде өте маңызды роль атқарады.Хадис терминдерінің қатарына қандай сөздер жатқызылатынынан жұртшылықтың жалпы мәліметі болғанымен,бұл салада да түсіндірер жайттар аз емес. Олардың анықтамасына келгенде, мәнін, құрамын, көкейкестілігін анықтауда әр алуан түсінік бар.
Хадистің тілдік мағынасы қандай, Хадис араб тілінде «хадисун»деп айтылады,көпше түрі «Ахаадис» Араб тілінің грамматикасында есім сөздерден, көбінесе, етістіктерден жасалады. Мұндағы «хадисун» сөзі «фиғлу суляси мужаррад» І бап етістігінің түбір формасында тұр. «Хадис» сөзі көп мағыналы сөздерге жатады, хадистің «жана», «сөз», және «әңгіме» деген тілдік мағыналары да бар.
Хадис терминінің қалыптасу жолы мен түрлеріне тоқталсақ. Термин ретінде хадис «Мұхаммед с.ғ.с пайғамбардың айтқан сөздері-«Ақуал», істеген іс әрекеттері «афаал», және бір іске немесе оқиғаға байланысты берген құптаулары «тақрир», сондай ақ «хулқи»- мінез–құлқына қатысты сипаты және «халқи» бейнелік сипаты деген анықтаманы білдіреді». Толығырақ айтатаын болсақ хадистын терминдік ережесі : «Аль хадис: Хуа ма удифа илан Набиий Саллаллаху аляйхи уасаллям мин қаулин ау фиғлин ау уасфин халқин ау хулқин(уа ма удифа иляс сахаби ау ат табиғи)» «Хадис деп:сөз,іс – амал,үкім, жаратылыс немесе мінез-құлыққа қатысты пайғамбарға (немесе сахабаға немесе табиғинге тиісті айтылған барлық нәрсені айтамыз».
Хадис Ғылымындағы осы терминдік анақтаманы ашып айтар болсақ:
Араб тілінде сөз дегеніміз-«қаулун», көпше түрі «ақуал»,пайғамбардың түрлі жағдайларда және әр түрлі мәселелерде айтқан сөздері. Мәселен, «Әр бір амал ниетке байланысты» деген сөзін алайық. Бұл хадис мәтіндерінде мынадай сөздер арқылы келген: «Қала ән-Набийю», пайғамбар былай айтты. «Қала Расулуллах»-Алланын Елшісі былай деді, «Амара ән-Набию пайғамбар былай бұйырды». мұны қаули хадис деп айтады.
2.Пайғамбардың істеген іс әрекеті мен атқарған амалдары жекеше түрде «фиьл»,көпше түрде «афаал» үлгісінде келеді. Мысалы:дәрет алу, намаз оқу, қажылық жасау, және т.б. Пайғамбардың бұл іс әрекеттерін көзімен көріп, маңайында жүрген сахабалар арқылы жеткендігі мағұлым. Мұндай хабарлар «Калан Набийю», «Пайғамбар солай істеген болатын, істеген еді». «Раайтун Набия»,«пайғамбардын осылай істегенін көрдім», деген сөздермен келеді. Осылайша іс қимыл арқылы келген сүннеттерді хадис терминінде «фиғли сүннет » деп айтады.
3.Бір іске немесе оқиғаға байланысты берген келісім немесе құптау «Тақрири».Бұл «қарар» сөзінен шыққан, яғни пайғамбардың қарсылық білдірмей мақұлдаған сөздері.Бұл екі түрлі жол арқылы жүзеге асқан.
А) «Сарих тақрири»-сөзбен құптауы.Мысалы, кейде сахабаларды бір жерге аттандырар сәтте барған жерлерінде түйткіл мәселелер орын алып жатса, оны қалай шешу керектігін сұраған. Сонда сахабалар Құраннан яки хадистен таппаса, өздерінің ыждағаттықтарымен (ізденістерімен) шешетіндігін айтқан.Осындай жауапты естіген кезде пайғамбар сахабаларына ризашылық білдіріп, сөзі мен құптаған. Бұған байланысты түйіндерді хадис мәтіндерінен көптеп кездестіруге болады.
Ә)Үнсіз құптауы «димни тақрири». Бұл жайында да хадистер баршылық. Бір ғана мысал келтірейік, әскер қолбасшысы болған сахаба Халид Ибн Уалид күннің суықтығына байланысты ғұсыл алмастан таяммуммен намаз оқиды. Пайғамбар бұны естігеннен кезде үндеместен мақұлдағанын білдіреді. Жалпы үнсіз құптауы хадис мәтіндерінде мынадай үлгілерде келеді. «Фатәбассәман Набию», «Пайғамбар ол жағдайды көріп күлімсіреді.»
Мінез құлқына қатысты сипаты -«хулуқи» және «хилқи»-бейнелік сипаты. Хулқи «ахлақ» деген сөзден тарайды. Мұнын баламасы әдеп, этика деген сөз. Мысалға, Пайғамбар адамдардың ішінде ең жомарты еді. Ол өте сабырлы болатын. Ал «хилқи»-яғни пайғамбардың тұлғалығы жайындағы хадистер, айталық, «пайғамбар өте келбетті болатын. Ол көзге түсетін ұзын бойлы да, қысқа бойлы да емес ті». Міне, осы секілді мәліметтер хадистанушылар арқылы жеткен.
Қ.А.Ясауи кесенесіндегі жалпы кітапханада сақталған қолжазба кітаптардың бір бөлігі жойылып, бір бөлігі басқа қорларға көшіріліп, ал кейбіреулері жеке адамдардың қолдарына түсті, нәтижесінде 1977 жылы мұражайды негіздеу шеңберінде қолжазбаларды жоспарлық тұрғыдан жинақтау жүргізілген кезде кесене кітапханасында бірде бір кітап қалмаған. Кітаптардың қорға мол түсімі 1978-1979 жылдары жүзеге асырылды. 1978 жылдың 30 қыркүйегінде мұражай тұсауын кескен кезде мұражай жетекшілігі Орталық Азияның әр аймақтарында археографиялық экспедицияларды ұйымдастырды. Қазіргі уақытта «Әзірет Сұлтан» қорық мұражайының жазба ескерткіштер қорында екі мыңнан астам қолжазба кітаптар сақтаулы тұр, оның 500-і литографиялық тәсілмен жарық көрген. Бұл барлық кітаптар бір бөлмеде анықталған температурада сақталған, ал кітаптарды сақтау шарты талаптарға сәйкес келеді. Кітаптар сөрелер мен стеллаждарға ретімен қойылған.
Қорға келіп түскен кезде көптеген кітаптар түптелмеген күйде болды, мұны бірқалыпты түптелген кітаптардан көруге болады, олар бір уақытта түптелген болуы керек. Түптеуші тек осы кітаптарды түптеп және түсіп қалған парақтардың орнын білмесе де арасына тігіп отырумен ғана айналысқандай әсер қалдырады. Бұл парақтарды түптеу кезінде бірнеше кітаптар 2-3 парақ бойынша тігілген, көптеген көне кітаптардың ішіндегі парақтардың кітап тақырыбымен де ешқандай байланысы жоқтығы көзге ұрып тұрады.Бір кітаптың барлық парақтары түгел сияқты,бірақ парақ тәртібі түсініксіз, және кейде әртүрлі үзінділерді құрап-құрап, бір кітап шығарған.
Литография жазық баспаға жатады, бұл бойынша теруші және баспа формасының аралық элементтері бір деңгейде орналасқан. Литография сөзі XVIII ғасырдың аяқ жағында «litho» – «тас», «grapho» – «жазамын» деген ұғымнан шыққан. Бұл тәсілді ойлап тапқан Алоизия Зенефельдер. Литографиялық тәсілмен теруге мүмкіндік болмаған кезде олар қолмен көшірілген, бұл жаңалық барлық ертеде шыққан көне баспа кітаптар тәжірибесінде кездеседі.
Жоғарыда айтып кеткендей, қорда литографиялық тәсілмен басылып шыққан 500 кітап сақтаулы тұр. Зерттеу кезінде олардың жартысының екі тілде: араб-парсы тілінде немесе араб-түрік тілінде басылып шыққаны белгілі болды, негізгі мәтіннің араб тілінде жазылуына назар аударған. Бұл кітап бөліміндегі туындылар араб тілінде жазылған, ал қалғандары 25% түркіше, және шамамен 25% парсыша.
Нәтижесінде біздің қордағы литографиялық тәсілмен жазылған кітаптар төмендегідей ғылым салалары бойынша топтауға жатады:
1) Құран мен Құран ғылымы;
2) Хадистер;
3) Догматика;
4) Фикх;
Логика;
Филология;
Поэзия;
8 ) Мутафарриқат
Қордағы Құран және Құран ғылымы бірнеше Құран кітаптарынан тұрады, бұған тажуид – Құранды дұрыс, жүгіртіп, қатесіз оқу, Құранның тәпсірі «Джами ут тафсир қади ва хашияту шейх зада», Құранды түсіндіру, «Илм ат тафсир» еңбегі кіреді. Бұл Құран тәпсірі туралы ғылым, авторы танымал ғалым Джалаладдин ас-Суфти. «Тахсилуль баян фиттафсириль Құран» тәпсірі Құранның мәні мен тәржімасымен таныстыру және т.б.
Хадистер арасында өзінің үлкен көлемімен Мұхаммад аз Зарканидің «Шарх ала Сахих әл Муватта» еңбегі айрықша орын алады. Бұл атақты мухаддис Мәлик бин Анастың қаламына тән «әл Муватта» хадистер жинағына түсініктеме болып есептеледі. Сонымен қатар Касталанидің «Джами матн хадис ва шарх Касталани» хадистері, әл Баркауидің «Мусталихаль Хадис», Сейд аш Шарифтің «Ар-рисала фи Мусталихатил-ахадис» атты жинақтары және сол сияқты авторлары белгісіз болып келген «Мажма ъаул Латиф» және «Рисаляту нахбатил фикр» атты еңбектер де сақталған. Сонымен қатар қорда хадис ғылымының көшбасшы ғұламасы Имам әл-Бухаридің (810-870/194-256 гг.х.) шынайы хадистер жинағы «Сахих әл-Бухаридің» құнды нұсқасы орын алған.
Догматика бөлімінде мұсылмандық догматика (әл-ақида) бойынша, шамамен алғанда, Абу Ханифаның, Ан-Насафидің қырыққа жуық еңбектері бар, айта кетерлік бір жайт, ан-Насафидің кітабына оннан аса түсініктемелер жазылған, сонымен қатар ат-Тафтазанидің, әл Иджи Джалаладдин ас Суютидің, аль Хайали, ас-Сиялкутидің де еңбектері осында жинақталған.
Фикх бөлімінде Ханафиттік мазхаб бойынша еңбектерді қоспағанда, басқа да шығармалар орын алған. Фикх бойынша еңбектер қатарында айтарлықтай танымал еңбектер «Убайдуллах ибн Масъуди» (747/1346) «Мухтасар әл-вакайя», Лютфуллах ан-Насафидің (750-1349 ж. қайтыс болған) «Фикх әл-Қайдани» сияқты шығармалар көрініс тапқан. Және осы кітаптарға түсініктеме ретінде авторлар ұжымының «Әл-Фатуа әл аламкирия» атты тақырыпта көп томдық еңбегі, сонымен қатар Шамсуддин Мухаммад әл-Хорасанидің «Джамиь ур румуз», Мухаммад Абдуль Хайй әл Хисари әл-Хидаяның және басқа да авторлардың туындылары жинақталған.
Логика бойынша еңбектер арасында да бірнеше кітаптар бар, олардың ішінде Кутбуддин ар-Разидің (х. 766 қайтыс болған) «Әл Кутби Ма`ас Са`дия» және «Ляуа`ми ул-асрар». Садуддин ат Тафтазанидің «Тахзибул калям фи тахририл мантики уал калям» Мубарак шах әл-Бихаридің «Шарх Хикматил айн». Адуд ад-дин Эль Иджи (х. 759 ж.) «Рисаля уйдия», Мухибаллах әл-Бихаридің (1707 ж.) «Суллямум улум» және т.б. кезігеді.
Филология. Филология бойынша еңбектер үлкен топқа жатқызылады. Мұнда араб грамматикасы, лексикографиясы, морфологиясы мен риторикасының мәселелері қарастырылады. Бұл шығармалар «Илмус Сарф», «Илмун Наху» және т.б. Еңбектер Абдул Қахири әл-Журжанидің (471/1079 ж. қайтыс болған), Аззамахшари (538/1144 ж. қайтыс болған), Ибн әл Хадиба (646/1249 ж. қайтыс болған), әл Жами (898/1492 ж. қайтыс болған) қаламына тән. Ерекше атап көрсетуге болатыны грамматика бойынша ибн Малик және әл фияту бин Маликтің Ибн Хадибаның «Кафия» еңбегімен салыстырғанда өте сирек ұшырасатын грамматика бойынша жазған кітабы.
Поэзия. Бұл бөлім өзіне бірнеше еңбектерді қосып алады. Бұл имам әл Буватаридің «Қасидатул Бурд» еңбегі және бұл еңбектің тізіміне түркі тілінде жасалған түсініктемелер кіреді. Олар Мухаммад әл Ханафияның «Қасидату әл Хайя» және Тадж ад-дин ас Суютидің «Қасида Мунфариджа» атты жұмысы.
Ал мутафарриқат бөлімінде Имамуддин бин Мутфуллах әл Мухандистің астрономия бойынша «Ат таслих фи шархит ташрих» атты бірнеше еңбектері жинақталған. Сонымен қатар Муса ар Румидің «Шарх Джаъмини» кітабы мен оған жасалған түсініктеме де бар. Анатомия мен медицина бөлімінде ас-Суютидің «Илмут ташрих», «Илмут тибб» кітаптары бар, сонымен қатар діни, ғылыми, саяси мәселелер талқыға түскен «Азхарул Хаққ» жинағы да осында. «Баян ун нубзати мин манақибил аимматил Мужтахидин» атты шығармада Абу Ханифа мен оның шәкірттерінің өмірлеріне сипаттама жасалады және жұма күндері айтылатын уағыздар, өсиеттер, күнделікті оқылатын жеке дұғалар және дәрет алу, әртүрлі намаздар, ораза ұстау және басқа да көптеген жайттар қамтылған еңбектер өз құндылықтарымен де дараланады. Мұнын бәрі зерттеушілерге өз кезкгін күтіп жатқан дүниелер екендігі даусыз.