Биологиялық ресурстар

Биологиялық ресурстар (Биологические ресурсы) — тірі табиғат объектілеріндежинақталған (қорланған) адамға қажетті материалдық және рухани байлықты (өсімдіктермен жануарлар дүниесі, табиғаттың таңғажайып ландшафтары, микроорганизмдер) алудың көздері мен алғы шарты. Жалпы Биологиялық ресурстарбиосфераның орта түзуші барлық тірі рауыштары өндірушілерден, тұтынушылардан және ыдыраушылардан түзіліп, олар сан, мөлшер жағынан, жыл сайын өніп-өсіп қайталанып отырады. Дегенмен Биологиялық ресурстарсан жағынан қалпына келгенмен, сапа жағынан қалпына келе қоймайды, оған себеп: тірі түрдің, оның ішінде ірі жүйелі топтың немесе экожүйеніңжойылып кетуі. Биологиялық ресурстарөсімдіктер ресурстары және жануарлар әлемініңресурстары және т.б. болып бөлінеді. Генетикалық ресурстардың маңызы ерекше.[1]

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *