1. ХҰІ-ХУІІ ғасырларда қазақ хандығы нығайып, оның шекарасы едәуір ұлғая түсті. Өз тұсында «жерді біріктіру» процесін жедел жүзеге асырып, неғұрлым көзге түскен казақ хандарының бірі — Жәнібек ханның үлы Қасым. (Туған Жылы 1445 ж.). Іс жүзінде Қасым хан елді Бүрындық кезінде-ақ басқара бастады. Қасым ханның басқаруынан бастап елде билік жүргізу тек Жәнібек үрпақтарының қолыня көшті. Қасым ханның түсында /1511-1523 жж. билік қүрған/ қазақ хандығының саяси және экономикалық жағдайы жан-жақты нығая түсті. Ол феодал ақсүйектердің қарсылығына тойтарыс беріп, әскери күштерді нығайтты, өз билігіндегі жерлерді кеңейтті. Қасым хан билік қүрған кезде қазақ халқы өзінің осы күнгі мекен түрағының негізгі аймақтарын біріктірді. Хандықтың шекарасы батыста Жайыққа, оңтүс-тік-батыста Сырдың оң бойындағы бірсыпыра қалалар қосылды, солтүстікте Қасым ханның қол астындағы қазақ-тардың жайлау қоныстары Ұлытаудан асты. Оңтүстік-шы-ғыста оған Жетісудың көп бөлігі /Шу, Талас, Қаратал, Іле өлкелері/ қарады. Қасым ханның түсында Орта Азия, Еділ бойы, Сібірмен сауда және елшілік байланыс жасалып, Орыс мемлекетімен қатынас қалыптасты. Қазақ ханды-ғымен елшілік байланыс орнатқан алғашқы мемлекеттер-дің бірі — үлы князь III Василий /1505-1533 жж./ билік жүргізген кездегі Мәскеу мемлекеті еді. Осы түста қазақ-тар өз алдына дербес халық ретінде батыс Еуропаға мәлім болды.
Қасым хан алғашқы қазақ заңы — «Қасқа жолды» жа-рыққа шығарады. Бүл заң қазақ арасында бүрыннан қалып-тасқан әдет-ғүрып ережелері негізінде жасалды. Заң сол кезде мүсылман елдерінде жаппай қолданып жүрген ислам дінінің /шариғат/ заңынан өзгеше, көшпелі қазақ өміріне үйлесімді байырғы заң болды. Соның үшін ол Қасым хан-ның атымен байланыстырылып «Қасым ханның қасқа жолы» деп аталды. Бүл заңға кірген ережелер:
5.Жүртшылық заңы (шүлен тарту, ас, той, мереке үстіндегі ережелер, жасауыл, бөкеуіл, түтқауылдардын
міндеті.)
2.Шығай ханның ұлы Тәуекел хан өз билігін өзбек билеушілерімен ұзақ күресте бекітті. 1586-жылы ол Баба сұлтан бастаған өз қарсыластарын талқандап шықты. Сол кезеңде қазақ хандағанаң халықаралық жағдайы әлсіреді. Өз билігінің басты мақсаты ретінде Тәуекел хан оңтүстік қалалаларды хандық құрымына қосуды, нығайтуды көздеді.
1598-жылы Бұхар хандығының ішіндегі қайшылықтардфы пайдаланып, Тәуекел хан Орта Азияға жорық жасайды. Соның нәтижесінде өзбек әскерін талқандап, Тәшкент, Самарқант қалаларын алды.Сонымен осы жылы Сырдария қалалары үшін болған ұзақ соғыс аяқталды деп есептеуге болады.Бұқар қаласына жорық жасағанда жараланған Тәуекел хан кешікпей қайтыс болды.
Қазақ хандығының құрамына Орта Азия қалаларын біріктіру Тәуекел ханның қолынан ғана келді. Түркістан аймағы ХІХғ.басына дейін қазақ хандығының құрамында болды.
3.Есім хан билігі кезінде қазақ сұлтандары оңтүстік қалалар үшін Аштарханидтер әулетімен соғысты.Есім хан мен Тұрсын хан арасында қақтығыстар көп болған.Сонымен, қалмақтардың күшеюі мен қазақтардың этникалық дамуына қауіп төнеді.Осыған қарамастан Есім хан тұсында қазақ хандығын мықты мемлекет деп тануға болады.Кейбір деректерде Тәуекел мен Есім хандарды қазақ қалмақ билеушілері деп атайды. Шығыс деректерінде Есім тұсында қазақтар Шығыс Түркістан үшін саяси күреске араласқан, орыс деректерінде Батыс Сібір үшін қазақтар мен қалмақтар ірі қақтығыстар өткізді. Көшпелі халықтардың күресіне Қытай мен Ресей империялары араласа бастады.
Өзін өзі бақылаудың сұрақтары:
Ұсынылатын әдебиет:
1.Қазақстан тарихы Көне заманнан бүгінге дейін. 4 томдық 2т. А-1996. тарау 3.
2. Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан летопись трех тысячелетий. А-1992. стр. 261-315.