әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті тарихы

85 жылдық тарихы бар әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті — еліміздің қоғамдық өмірі мен білім, ғылым, жалпы оқу ағарту саласының қалыптасуы мен дамуы кезеңдерінің куәгері. Университет — ұлағатты ұстаздардың даналығы мен жастардың жалынды істерін, білім мен ғылымға деген ізденісі мен құштарлығын бойына сіңірген, таусылмас білім ордасы. Қасиетті қарашаңырақ тарихының әрбір кірпіші оның белгілі ғалымдары, оқытушылары мен студент жастарының творчестволық талмас қайраты мен күнделікті еңбегінің арқасында қаланған.

1933 жылдың 20 қазанында ССР Одағының Халық Комиссарлар Кеңесінің «Қазақстан үшін мамандар даярлау және Қазақ мемлекеттік университетін ашу туралы» № 2293 Қаулысы қабылданды.

1934 жылдың 15 қаңтары – университеттің нақты құрылған күні болып белгіленді. Дәл осы күні ҚазМУ- дың алғашқы студенттері қабылданып, 19 қаңтар күні Верный ерлер гимназиясының ескі ғимаратында биология және физика-математика факультеттерінің 54 студенті оқуға кірісті. Осы жылдың 1 қыркүйегінде химия факультеті ашылды.

Университеттің тұңғыш ректоры болып ҚазССР халық ағарту комитетінің орынбасары қызметінде болған Ф.Т.Оликов тағайындалды. Университеттің ғылыми және оқыту жұмыстары республикадан тысқары жерлерде арнайы дайындықтан өткен 18 оқытушы құрамымен басталды. 1934 жылдың 2 желтоқсанында университетке С.М.Киров есімі берілді.

  1. 1930 жылдардың аяғына дейін алғашқы гуманитарлық — шеттілдер факультеті (1937) және филология факультеті (1938) ашылды. Қазақ жастарына арналған дайындық бөлімдері ашылып, мамандықтар аумағы кеңейді. 1938 ж. аспирантураның ашылуы мен кандидаттық дәреже және доцент атақтарын тағайындайтын Ғылыми кеңестің құрылуы ҚазМУ-дың даму бағдарындағы маңызды оқиға болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *