Карабалаева Орал Егизбаевна,
Акмола облысы, Астрахан ауданы
«Алтын дән» балабақшасының тәрбиешісі
«Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс».Н.Ә.Назарбаев
Қазіргі таңда «Келешекке кемел біліммен» деп Президентіміз Н.Ә.Назарбаев ұстаным еткендей, келешекке кемел біліммен қадам басып, әлемдік білім кеңістігінің құпияларына үңіліп, қоғамға бейім, өз қабілетін таныта алатын, жан-жақты дамыған, бірнеше тілді меңгерген, құзіретті тұлғаны қалыптастыру басты мақсаттардың бірі болып отыр.Елімізді жаңа саяси жолға бастайтын Президентіміздің «Қазақстан — 2050» Стартегиялық Жолдауында Қазақстан азаматтары 2025 жылға дейін үштұғырлы тілді меңгеру керектігі , білім арқылы интеграциялану үшін ағылшын тілінде жақсы білу қажеттігі айтылған болатын.Сондықтан да ел басы жолдауының басымдылықтарының бірі – үштұғырлы тілді азаматтар қалыптастыру.Осы «Үштұғырлы тіл» атты мәдени жобасын Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев алғаш рет 2006 жылы қазан айында өткен Қазақстан халықтар ассамблеясының ХІІ құрылтайында жария еткен болатын. Ал , 2007жылы Елбасының «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» жолдауында «Тілдердің үш тұғырлылығы» атты мәдени жобасын кезең –кезеңімен іске асыруды ұсынды. Осы мәдени жоба Қазақстан үшін үш тұғырлы тіл – елдің бәсекеге қабілеттілікке ұмтылудағы бірінші баспалдағы болмақ .Тілдерді қолдану мен дамыту бүгінгі таңда мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігіне айналып отыр.
Себебі,тіл саясаты оның ішінде мемлекеттік тілдің проблемалары еліміздің қауіпсіздігіне , оның мемлекеттілігінің нығаюына тікелей қатысты мәселелер болып табылады.Қазақстан халықтары тілдерін дамытудың стратегиясы үш негізгі мақсатта : мемлекеттік тілдің әлеуметтік – коммуникативтік қызметін кеңейту мен нығайту: орыс тілінің жалпы мәдени қызметін сақтау: этностық топтардың тілдерін дамыту бағытында жұмыстар атқарылуда.
Біз тәуелсіз елімізді «Мәңгілік ел» етуді мұрат қылдық! –деп елбасымыз айтқандай қай заманда қай кезде болсын бірнеше тілді меңгерген халықтар өзінің коммуникациялық және интеграциялық қабілетін кеңейте отырып, ел іргесінің тыныштығы мен бибітшілігін басты назарда ұстаған. Үш тілді қатар меңгеру – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылуды жеделдете түсетіні сөзсіз. Бүгінгі таңда Қазақстан үшін үштұғырлы тіл-елдің бәсекеге қабілеттілікке ұмтылудағы бірінші қадамы десе де болады. – «Үштұғырлы тіл» саясаты – елдігіміз бен бірлігіміздің тірегі. «Тіл-ақылдың өлшемі ,ұлттың жаны» -деген ұлы данышпан жандардың сөзіне сүйенер болсақ,елдің елдігін де бірлігін де айқындайтын тіл екендігі белгілі.
Бүгінгі күні ,үшінші мың жылдықтың есігін ашып XXI ғасыр табалдырығын аттап кірген шақта, Тәуелсіз Қазақстан Республикасының ендігі болашағы , шығар биігі саяси-экономикалық жағдайлармен қатар оның мемлекеттік тілі-қазақ тілінің тағдыры екендігін баршамыз жан – тәнімізбен сезініп ,терең түсінеміз.Көптілділікті жаңарту үдерісін мектепке дейінгі жастан бастау керек, өйткені дамудың осы кезеңінде жеке тұлғаның қалыптасуының негізі қаланады.
Мектепке дейінгілердің тілдік сауаттылығының өзектілігі экономикалық, мәдени және саяси салалардағы жалпыға ортақ әлемдік ықпалдастыққа беталыста анықталады. Қазіргі еңбек нарығы маманнан әлеуметтік – саяси, көпмәдениетті, коммуникативті, ақпараттық құзыреттіліктерді меңгеруді талап етеді.
Көптілділік құзыреттілігі жеке тұлғаның әлеуметтік мәдени және кәсіби салалардағы сәтті іске асуына себепші болады, өркениетті диалог негізінде адамдық және іскерлік қатынасты құруға мүмкіндік береді.
Мектепке дейінгі жастан басталатын қоғамдық өмірге белсене араласатын және жеке бәсекеге қабілеттітілікті анықтайтын, ынталандырушы, әрбір Қазақстан азаматының борышы және міндеті болуы керек.
Ана тілін қадірлей отырып ,өзге тілді білуге ұмтылу-уақыт талабы.
Қазіргі таңда мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру жүйесінде үш тілдікті тұғырлы тілді үйрету біздің міндетіміз.Тілдердің үштұғырлы саясатының астарында ел азаматтарының мемлекеттік тілді білу ғана емес,өркениетті елдермен тереземіз тең болу үшін басқа тілдерді меңгеру ,өз қоғам білімін дамыту.
Дамытсақ орыс тілін үйренеміз,ағылшын тілі жаһандану экономикамыздың дамуының қайнар көзі деп атауға болады.Үш тілді қатар білу бәсекеге қабілетті білімді ұрпақ ұлт болашағының тағдыры тірегі. Үш тілді оқыту — заман талабы. Үштілділік бәсекеге қабілетті елдер қатарына апарар басты баспалдақтардың бірі. Осы «Үштұғырлы тіл» туралы идеяны мемлекет басшысы іске асыруды балабақшадан басталуы тиіс. Мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында әрбір қазақстандықтың өміріндегі үштілділіктің маңыздылығы туралы айтып өткендей, болашақта еліміздің дамып өркендеуіне жас ұрпақтың үш тілді игергені жөн.
Қазіргі таңда біздің балабақшада қазақ,орыс,ағылшын тілдерін бүлдіршіндердің санасына тіттейінен сіңіріп жатқан аудандағы балабақшамыздың қызметі жайлы әңгімелесек.
Осы орайда тәрбиешілер бәсекеге қабілетті тұлғаны даярлауды зор деп танылуда.
Қазір заман талабына сай үш тұғырлы тіл саясатын бәріміз де қолдаймыз.
Ақмола облысы Астрахан ауданы «Алтын дән» балабақшасында тәрбиемен оқыту жүйесінде үш тілдіктің негізгі бағыттарын анықтау,үштілдіктің психолог-педагогикалық аспектілерін жетілдіруде практикалық ұсынбаларды әзірлеуде.Әлемдік білім беру кеңістігінде көп мәдениетті тұлғаны қалыптастыру негізі бәсекеге қабілетті білімді ел маман даярлау құралы ретінде қолдану дамыту барысында жоспар жасауда.Сол бойынша үш тілдікті үйренуге жұмыс жасаудамыз.
«Үштілдік-достық пен келісімнің тірегі» үш тілдікте мақал сайысы өтеді.
«Үштілдік – кемел болашақтың тұғыры», «Үш тұғырлы тіл-елдігіміз бен бірлігіміз тірегі» тақырыбында үш тілде тақпақтар сайысы.
«Let’s speak English» ағылшынша сөйлейік ,күнделікті оқу іс-әрекетімізді де поливингвальдік тілде жас буындарға үш тілде үйретудеміз.
Әрбір жас буынды кәзіргі таңда үштілдікте үйрете білсек болашағымыздың жаһандану кезінде экономикамыздың дамуына ,білімді ел болуымызға 30 елдің қатарына қосылуына бірде-бір қайнар көзі бұлағы деп білемін.Ұлт болашағы жас буындардың тағдыры тірегі.
Көп тіл білу-заман талабы.Елбасы өзінің 2007 жылғы «Жаңа әлемдегі –жаңа Қазақстан» атты жолдауында : «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі-ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі-жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі».
Әлемдегі дамыған елу елдің қатарына қосылу үшін билік «үш тұғырлы тіл» саясатын қолға алып жатқаны белгілі. Ақпараттық техниканың дамыған заманында тілді үйрену қиындық тудырмайды, қайта көп тіл білгеннің ешбір зияны жоқ.
Қазақы қасиетпен жетілген бала кейін қандай ортада жүріп, қанша тіл үйренсе де, өз тілін ұмытпайтын, ұлттық қасиетінен көз жазып адасып қалмайтын болады.
Әлемде екінші ұстаз,ұлы ғұлама Әбу-Насыр Әл-Фараби өмірінде 76 ұлттың тілі білсе, өр рухты дауылпаз ақын Махамбет пен қазақтың бір туар ұлы Шоқан да бірнеше тіл білсе керек. Ұлы Абай орыс-қазақ тілдерімен қатар парсы, араб тілдерін меңгерген. Орыс тілін орта жастан асып барып, кеш меңгерген.
Адам көп тіл білген сайын оның көкірек көзі ашылып, өмірінің көкжиегі кеңіп, өрісі ұлғая түсетін болады. Үштілділіктің маңызын түсіне білген жанның болашақтағы өмір белесінен, білім кеңістігінде алары да, берері де мол.
Қоғамның даму кезеңінің қазіргі сатысында ағылшын тілінен бас тартып,одан қашқақтауға ешбір мүмкіншілік жоқ.Осы үш тіл еліміздің дамуына ,өсіп өркендеуіне бірдей қызмет етеді.Қазақ тілі мемлекеттік тіл болса, орыс тілі бұрынғы одақ көлеміндегі байланыс тілі қызметін атқарады,ал ағылшын тілі әлемдік тіл деңгейінде қалыптасып отыр. Әлемнің кез келген елімен қарым-қатынас жасап,байланыс жүргізу үшін мүмкіншілігі мол.
Үш тұғырлы тіл деп елімізде осыны дамыту мақсатты түрде қолға алып отырғаны өте орынды. Біздің келешегіміз қазақ тілін,орыс тілін,ағылшын тілін қатар дамытуға байланысты бұдан қашқақтаудың ,енжарлық танытудың ешқандай реті жоқ.
Тілді көп білгеннен ешкім де ұтылмайды,-қайта ұтады. Бұл тілдерді үйренгенде
қазақшаны да, орысшаны да,ағылшын тілін де салыстырмалы түрде үйрену керек. Үш тілді білген оқушы болсын,азамат болсын оның қабілет –қарымы артады.Өмірден кез келген уақытта өзіне лайықты орын таба алады.Қазір біздің қоғамда басқа ұлт өкілдері келіп,инвестиция жасап жатыр. Ал бұл жұмыс орнындағы байланыс үшін үш тілдің үшеуі де қажет. Аудармашы керек,аудармашы болмаса, жұмысты жүргізу мүмкіндігі жойылады. Тіл —
қоғамдық қарым-қатынас құралы,түсінісу құралы.Тілсіз бірін-бірі ұғуға, ұғынысуға,байланысуға болмайды.Тілсіздік мылқаулыққа жеткізеді.Мылқау адамды қазақ кеміс деп атайды.Сондықтан Абай мен Мұхтардың, Пушкин мен Тургенев, Гогольдің,Шекспир мен Байронның тілін оқып үйренген адам қазіргі кезеңде салтанат
құрып ,салиқалы өмір сүреді.
Үш тұғырлы тіл – қазақ тілі,орыс тілі,ағылшын тілі бүгінгі күнде өмірімізге ,тұрмыс-тіршілігімізге еніп,өзінің қажеттілігін білдіріп отыр.
Әрбір қазақ осы тілдерді ,үш тұғырлы тілді игерсе, үйренуге ұмтылса, өмір жолы кедергісіз ,жасыл жарық жана түседі.Бақыттың ,ізгіліктің нұрына шомылады.Дамыған елдер арасында бәсекеге түсу үшін тілді жетік меңгеру маңызды роль ойнайды. Сонымен қатар, қазіргі таңда мектеп оқушылары қазақ, орыс, ағылшын тілдерін қатар игеруде. Ағылшын және орыс тілдерін үйрену басқа елде тәжірбие алмасуға, танымдық көзқарастарын, басқа ұлт өкілдерімен қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік туғызады.
Болашақта Қазақстан тоталитарлы, дамыған елдер арасында бәсекеге қабілетті мемлекет болуына болашақ ұрпақтың үш тұғырлы тілді жетік білуі қажет.Қорыта айтатын болсақ, Қазақстанның тілдер саясындағы басты бағыт-тілдердің үштұғырлығы. Басымдылық
мемлекеттік тілге бріліп отырғаны баршаға белгілі.Ағылшын тілін меңгеруге ден қойылуда.
Алайда,Қазақстан жерінде тұратын азаматтардың басын біріктіретін тіл ретінде қазақ тілі көш бастауы керек. Келер ұрпақтың мемлекеттік тілде сөйлеуі заман талап етіп отырған жағдай. Ұлттық мүддемізді ту еткен ұлттық дәстүрімізді бойына сіңірген жаңа заманда жаңа біліммен сусынданған алымды да,дарынды ұрпақтарымыз көп болсын.Елдің ертеңі өресі биік,дүниетанымы кең,кемел ойлы азаматтарын өсіру үшін бүгінгі ұрпаққа ұлттық рухани қазынаны әлемдік озық ой-пікірімен ұштастырған сапалы білім мен тәрбие берілуі қажет.
Қолданылған әдебиеттер
Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың
2011 — 2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы. 2011 жыл 29 маусым
Нормативтік құжаттар балабақшада үштұғырлы тілді үйрету 2016ж
Рысбаева Г.К «Шет тілін білу-жас ұрпақтың бәсекесі қабілетті кепілі» Мектепке дейінгі шет тілі журналы 2015 ж.