1680 жылы Қазақстан жеріндегі хандықтардың билігі Жәңгірдің баласы Тәуке ханға (1680-1717 жж.) көшті. Ол өзін жақтайтын феодалдардың, ел силаған билердің қолда-уына сүйене отырып, халықтың, елдің бірлігінің туын жоғары үстады.
Тәуке хан 1687-1688 жж. Бүхара ханы Сүбхан-Кулимен Ташкент туралы келіссөз жүргізген, тіпті қаланы алуға әре-кетгенген. Сырдария бойындағы Тәукенің хандық өкіметі нығайып, Түркістан қаласы оның астанасы болған. XVII ғ. 90-шы жылдарында, яғни Тәуке ханның түсында жоңғар феодалдарьшың казақтардың жеріне қысьшы босаңсыды. Өйткені бүл кезде казақ, қырғыз, оған қарақалпақтардың бір бөлігі бірігіп қимыл жасады. Дегенмен, жоңғарлардың тонаушылық шапқыншылығы тоқтамай, жалғасып түрды. Олардьщ 1680 жылы Оңтүстік Қазақстанға шабуылы кезі-нде тек Түркістан қаласы ғана жоңғарлардың тонаушылы-ғынан аман қалды. Өйткені мүнда әскерлерімен Тәуке хан болған еді. Жоңғарлардың салған ойраны Қазақстанның оңтүстігіндегі қалалар тіршілігін күйзелтті, маңызды сауда жолдарын кесіп тастады, бүқара халықтың шаруашылығы-на үлкен зардаптарын тигізді.
Тәуке хан феодалдық өзара тартыстарды уақытша тый-ып, үш жүздің үшеуінде де тыныштықты қалпына келтіруге тырысты. Осы арқылы ол қазақ руларының қоныстарын сыртқы жаулардан қауіпсіздендіруге күш салды. Тарихи деректерде айтылғандай, Тәуке ханның өз билігінде 80 мын-дай жауынгерлерінің болуы, оған сыртқы және ішкі жау-лармен күресте жетістіктерге жетуге мүмкіндік берді. Тәуке хан өкіметтің беделін көтеруге және оған үш жүздің руларын бағындыруға бағытталған шаралар қолдан-ды. Оның түсында «Жеті жарғы» деген атаумен қазақ коғамындағы әдеттегі қүқық өлшемдерінің жинағы қүрас-тырылды. Мүнда феодалдық қүқық тәртібі мен мемлекеттік күрылымның негізгі шарттары белгіленді. Тәуке хан елдің бірлігін, ынтымағын ойлап, халықты ру-руға, жүзге бөліну саясатын және бет-бетімен әрекет жасауды шектеу үшін аянбай күресті. Осы максатта ол қазақ мемлекетінің саяси-күкық жүйесін белгілеп, халықты бірлікке, ынтымаққа ша-қырды. Тәуке хан өз төңірегіне ¥лы жүзден Төле биді, Орта жүзден Қаз дауысты Қазбекті, Кіші жүзден Әйтеке биді кеңесші ретінде қызметке тартты. Сөйтіп, қазақ халқ-ының тарихына ірі қүқықтық өзгерістер енгізді. Бүл оның халыққа кең тараған «Жеті жарғысымен» байланысты еді. Ол тек сол заманға сай қүқықтық күжат емес, сонымен қатар кешпелі қазак халқының этиикалық, шаруашылыкты үйымдастыру және жағрафиялық ерекшеліктеріне сай келетін аса қүнды ескерткіш. Бүл заңдарда сондай-ақ фео-далдық меншікті қорғауға және меншік жөніндегі дау ша-раларды шешуге баса мән берілген.
«Жеті жарғы» көшпелі қазақтардың ел билеу заңы бо-лып табылады. Оның негізгі баптарының мазмүны:
Тәуке хан заң баптарының орындалуын жүзеге асыруда хан бастаған барлық сұлтандар, рулардың ақсақалдары мен билеушілері халық істерін талқылау үшін күз айында бір жерге жиналып, маслихат еткізуді белгілеген. Халық жи-налысына бірде-бір казақтың қару-жарақсыз келуіне бол-майтындығы және қарусыз адам дауыс бере алмайтындығы атап көрсетілген. Сондай-ак қару ұстап жүре алатын кез-келген адам хан мен билеушілерге жыл сайын мал-мүлкінің 20-дан бір бөлігін салық ретінде төлеп отыруға тиісті болғ-ан.
Тәуке ханның «Жеті жарғысының» әрбір бабы сол заманның талаптарына сай келді. Онда әкімшілік, қылмысты істер, азаматтық қүқық өлшемдері, сондай-ақ салықтар, діни көзқарастар, жер дауы, қүн дауы туралы ережелер енгізіліп, ол қазақ қоғамы өмірінің барлық жағын түгел қамтыды. Оның жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте қазақ қоғамында заңдылықты, тәртіпті нығайтудағы рөлі де зор болды.
2.XVIII ғасырда Алтайдан Атырауға дейінгі байтақ дала-ны алып жатқан қазақ халқы жерінің жағрафиялық жағ-дайына қарай үш жүзге бөлініп өмір сүрді. Оның әрбір Жүзінің өзі Еуропадағы әлденеше шағын елдер мен мемлекеттерді сыйдырарлық көлемдегі жерлерді жайладЫ-Қазіргі Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда облыстарын мекен еткен Кіші жүз, Ортальік Қазақстанға жататын аймақтарды мекендеген Орта Жүз елдің Оңтүстік және Оңтүстік-Шығысын қоныс еткен ¥лы жүздің әрқайсысының өз хандары болды. Кіші жүзде Әбілхайыр, Орта жүзде — Сәмеке /Шахмүхамбет/, ¥лы жүзде — Жолбарыс, Түркістан қаласын астана еткен Үлкен Орданың ханы Тәуке еді. Бүл хандардың акылшысы болған үш жүздің басьш біріктіріп, даулы істеріне билік айтып, береке бастаушы болған Кіші жүздегі Әлім руынан шыккан Әйтеке биді, Орта жүздің биі арғын, Қаракесек оуынан шыққан Қаз дауысты Қазыбек биді, Үлы жүздің биі үйсін, Жаныс руынан шыққан атақты шешен Төле биді, Үлкен Орданың сарай ақыны Бүқар жырауды бүкіл қазак жұрты, алты алаштың адамдары жаксы білді.
Үш жүздің билеушілері әдетте бас косып, оқтын-оқтын мәслихат-мәжіліс өткізетін. Ондай мәжілістер Сайрам манындағы тауларда, Мәртебе жотасында өтетін. Оларда қыстау жағдайы, қауіп-қатерден сақтану мен қауіпсіздік мәселесі талқыланатын. Бірақ, қазақ жерінде біртүтас бір иелікке бағынған, басқару жүйесі орталықтанған ірі мемлекеттің жоқтығы ылғи да сезіліп түрды. Мүны қазақ жеріне ерте-ден көз алартып келе жатқан Қазақстанмен жапсарлас, жерлері шектесіп жатқан елдердің билеушілері пайдала-нып қалуға тырысты. Оңтүстік-батыстан Жайық казак-оры-старының колдап-қолпаштауымен Еділ өзенінің бойындағы башқүрттар, қалмақтар Кіші жүздің халқына тынымсыз ша-буыл жасады. Қазақ жеріне солтүстіктен Сібір казақ-орыстары килікті. Орта Азиядағы Бүқара мен Хиуа хандықтары да қазақ жерінен дәмелі болды. Оларға қазақ жасақтары табандылықпен тойтарыс беріп отырды. Осылардың бәрінен де асып түскен, қазақ халқына мәңгі жойылып, қүрып кету қаупін тендірген жау — жоңғарлар еді.
XVII ғасырдың біріғіші жартысында ойраттар мен қазақ-тардың арасындағы әскери қактығыстар жиілей түсті. Ой-рат феодалдарының Шығыс Моңғолияға қарсы ойдағыдай жүргізген соғыстары олардың күшін нығайтты. XVI ғасыр-ДЬ‘Ң аяқ шенінде ойраттар басты-басты төрт тайпалық оірлестіктен қүралды. Олар: Тарбағатайдан Шығысқа карай өңірді алып жатқан торғауыттар, Ертістің жоғарғы ағысын «оилай қоныстанған дербеттер, қазіргі Дихуа қаласының төңірегіндегі хошоуыттар және Іле өзенінің жоғарғы жа-ғыңдағы шоростар еді.
Жан-жақты әскери дайындығы бар және шабуыл жасайтын жерлердегі жағдай жөнінде толық мағлүмат жинаған жоңғарлар 1710-1711 жылдары қазақ жеріне басып кіріп, қырғын соғыс жүргізді. Көп олжа алып, кері оралған олар 1717 жылы жазда Аякөз өзенінің жағасында қазақтардын 30 мың жасағын талқандап жеңді. Келесі жылы жоңғар-лардың әскері тағы да қанды жорыққа аттанып Бөген, Шаян, Арыс өзендерінің бойында қазақтарды қырғынға үшыратты.
1718 жылы Тәуке хан өліп, билік оның баласы Болат ханға өткен түста қалмақтардың қазақ жерлеріне жорығы күшейді. Бүл жорықтардың табысты болуына шведтін ар-тиллерия сержанты Иоганн Густав Ренаттың тигізген әсері үлкен. 1709 жылы Полтава түбінде орыстардың қольіня түскен Ренат Тобыл қаласына айдалады, осында Ертістій бойымен жоғары өрлеп бара жатқан Бухгольцтың экспеДй» циясы қүрамында Кереку қаласының маңында 1715 жьілы кьіста ол қалмақтарға түтқынға түседі. 1733 жылға дейін калмақтардың қолында болған ол қалмақтарды темір бал-кьітып зенбірек жасауға, оның оғын дайындауға, тіпті бас-пахана жасап, әріп қүюға үйретеді. Сонымен бірге қазақтарды өз қол астына өтуге мәжбүр еткісі келген Ресей Калмактарға Сібір бойындағы бекіністерден зеңбірек бер-ген деседі. Ренаттың көмегімен зеңбірек атыс жарақтарьін жасап, жүз мыңнан астам әскер қүрап, қалмақтар казактарға қарсы соғысқа дайындалып жатқанда казақтар жағы олардан қауіп күтпей, ішкі талас-тартыспен жүрген болатын. Бүл тұста қазақтар мен қалмақтардың ше-карасы Ертіс өзені, Балқаш көлі, Шу, Талас өзендерінің аралығымен өтетін.
1723 жылы көктемінде қазақ жерін бет каратпай ба-сып алуға әбден бекінген жоңғарлар шешуші жорыққа шықты. Мол әскер жинап, барынша толык қаруланды-рьш, оның қолбасшылығына Шуно Дабо деген қалмақ баһадүрін тағайындады. Оныц тактикалық жоспары бой-ынша қалмақ әскерлері стратегиялық екі бағытта қимыл жасауға тиісті болды. Бірінші бағыт Қаратауды басып өтіп, Шу мен Талас өзендеріне шығу болса, екінші ба-ғыт — қазақтарға ес жиғызбай соққы беріп, Шыршық өзенінің қойнауына жету еді. Бүл жоспарды іске асыру үшін әскерлер жеті топка болініп, оның бірі Жетісу Ала-тауының етегіндегі Балқаш көліне қүятын төрт езеннің бойына топтастырылды. Қалмақтың ірі қолбасшысы Амур-сана басқарған 70 мың адамнан түратын екінші бір тобы Іле өзенінің бойына, Ксген озенінің солтүстік жағасына, Нарын өзенінің күншығыс жағындағы Кетпен тауының баурайына орналасты.
3.Қазақ жасақтарының қолбасшысы болып Әбілхайыр хан және Бөгенбай батыр сайланды. 1727-жылы Кіші жүз жасақтары, ондағы айтулы батырлардың бірі Тайлақ және оның жиені Ұлы жүздің ошақты руындағы тасжүрек тайпасынан шыққан Саңырық батыр, Ырғыздың Оңтүұстік Шығыс бетіндегі Бұланты өзенінің жағасында «Қара сиыр» деген жерде қалмақтарға есенгірете соққы берді. 1729-жылы көктемде Балқаш көлінің маңында қазақ пен қалмақтар арасында тағы бір қатты қырғын соғыс жүрді. Бөгенбай, Қабанбай, Шапырашты Наурызбай, Жәнібек, Бөкебай, Малайсары сияқты атақты батырлар бастаған қазақ қолдары мен жасақтары қалмақ әскерлеріне екінші рет күйрете соққы берді.
Абылай және қазақ әскерлерінің қолбасшылары Қабанбай, Бөгенбай т.б. батырлары қазақ жасақтарының басын қосып, 1750-жылы Аякөз өзені бойындағы ірі шайқаста жеңіп шықты.
Абылайдан кейін Орта жүздің ханы болып, оның баласы Уәли сайланды. Үш жүздің басын біріктіріп, жоңғар басқыншыларын қазақ жерінен қуып, қазақ халқының тәуелсіздігін сақтап қалуда үлкен еңбек сіңірген Абылай атақты мемлекеттік қайраткер ретінде тарихта өшпес із қалдырды.
Өзін өзі бақылаудың сұрақтары
Ұсынылатын әдебиет:
1.Қазақстан тарихы Көне заманнан бүгінге дейін. 4 томдық 3т.
2.Моисеев В.А. Джунгарское ханство и казахи:
XVII – XVIII вв. а-1991.
3. Тынышпаев М. Ақтабан шұбырынды. А- 1992. стр. 137-148.