Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы (1925-1936)

Қазақ Автономиялы Социалистік Кеңес Республикасы (Қазақ АКСР, Қазақстан) (қаз.Qazaq Aptonom Sotsijalistik Sovettik Respublikasь, Qazaƣьstan, қаз. Қазақ Автономиялы Социалистік Кеңестік Республикасы, Қазақстан) — Қазақстанаумағындағы РКФСР құрамындағы әкімшілік-шекаралық бірлік, Қазақ ұлттық автономиясы.1925 жылдың 15 маусымынан 1936 жылдың 5 желтоқсанына дейін өмір сүрді. Бастапқыда бұл автономия Қырғыз Автономиялы Социалистік Кеңес Республикасы (1920-1925)деп аталып келді, кейіннен 1925 жылы ҚазАКСР орталық атқару комитетінің төрағасы «қырғыз» деген атауды «қазақ» деген атаумен алмастыру туралы қаулысымен Қазақ АКСР-ы деп аталынды.

ҚазАКСР-ның әкімшілік орталығы — алдымен Қызылорда (1920-1924), кейіннен 1927 жылдан бастап Алматы қаласына көшірілді.[1].

 

ШекарасыӨңде

1932 жылдары батысында Төменгі-Волжск өлкесімен. солтүстік-бастысында — Ортаңғы-Волжск өлкесімен, солтүстігінде — Орал облысымен, солтүстік-шығысында Батыс Сібір өлкесімен, оңтүстігінде — Орталық Азия Кеңестік республикаларымен, оңтүстік-шығысында Қытаймен шекарала жатты.

 

Ауданы және Халқы

Ауданы (1933 жылғы 1 қаңтарында) 2 853 мың шаршы км. құрады. Халқы — 1931 жылдың 1 қаңтарындағы санағы бойынша — 7 260,5 мың  адам, оның ішінде қала тұрғындары (1926 жылығы санақ) — 911,2 мың  адам болды.

 

Қазревком мүшелері

  • С.Меңдешев (1882-1937)
    • 1912 жылы коммунистік партия мүшесі, Бөкей губерниялық атқару комитетінің төрағасы;
    • 1919 жылы Қазревком төрағасының орынбасары;
    • 1920-1925 жылдары Қазақ АКСР Атқару Комитетінің төрағасы;
    • 1937 жылы репрессия құрбаны болды.
  • Ә.Т.Жангелдин(1884-1953)
    • 1915 жылы коммунистік партия мүшесі;
    • 1916 жылы ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының бірі, Торғай әскери комиссары;
    • 1918 жылы Торғай облыстық Кеңесі атқару комитетінің төрағасы;
    • 1918 жылы Қазревком төрағасының орынбасары.
  • А.Байтұрсынұлы(1873-1937)
Толық мақаласы: Ахмет Байтұрсынұлы
    • «Алаш» партиясын құрушылардың бірі — «Қазақ» газетінің редакторы;
    • 1919 жылдан Қазревком мүшесі, оқу министрі;
    • 1937 жылы репрессия құрбаны болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *