1.1941 жылы 22 маусымда фашистік Германияның әскерлері Кеңестер Одағына басып кірді. Төрт жылға созылған ¥лы Отан соғысы Кеңес Одағы үшін бұрын-соңды бастан кешкен барлық соғыстардың ішіндегі ең ауыры болды. Со-ғыс елді біртұтас жауынгерлік лагерьге айналдыруды, бүкіл экономика мен кеңес халқының күш-жігерін майдан мүддесіне, жауды жеңу мақсатына жүмылдыруды талап етті. Қазақстан еңбекшілері бүл міндетті толығымен қолдады. Сөйтіп, халық азаттық соғысына бір кісідей көтерілді. ¥лы Отан соғысы басталған алғышқы күндері өткен жиындар-да олар Отан алдындағы парызын орындауға әзір екендік терін білдірді. Қызыл Армияныц қатарына өз еріктерімен баратындықтары туралы қалалық және аудандык әскери комиссариаттарға мыңдаған арыздар түсіп жатты. Жас жігіттер мен қыздар, аға буын өкілдері қолдарына қару алып, майданға аттануға тілек білдірді.
Соғыстың алғашқы күндерінде-ақ Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қырғызстаннан шақырылған жігіттер-ден 316-атқыштар дивизиясы жасақталды. Оның командирі болып азамат соғысына қатысушы генерал И. В. Панфилов тағайындалды. Соғыстың бастапқы үш айының ішінде Қазақстанда 238, 310, 314, 387 жәпе 391-атқыштар дивизиялары қүрылды. 1941 жылдың аяғына дейін мұнда тағы бір дивизия, үш бригада жасақталды. Соғыс кезінде неба-ры республикада 12 атқыштар, 4 атты әскер дивизиясы, жиырмадан аса атқыштар және атты әскер бригадалары, әуе күштерінің, зеңбірекшілерінің полктері, әр түрлі соғыс саласының ондаған батальондары қүрылды. Республика адам күштерімен тек қазақстаидық қүрамалар мен болімше-лердің ғана емес, сондай-ақ Қазақстаннан тыс жердегі ба-сқа да қүрамалар мен болімдерді толықтырып отырды. Қарулы күштер мен еңбек армиясының қатарына барлығы 1,8 млн. қазақстандықтар қатысты. Республика майданға 14,1 мың жүк және жеңіл автомашина, 1,5 мың трактор, 110,4 мың жылқы және 16,2 мың арба жіберді.
Қазақстан офицер кадрларын және армия мен флот үшін резерв даярлау ісіне лайықты үлсс косты. 1941-1945 жж. әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам жас қазақстан-дықтар жіберілді, республика жерінде түрған 27 әскери оқу орны 16 мыңдай офицер даярлап шығарды.
Гитлершіл басқыншылардың Мәскеу түбінде талқанда-луы жау әскерлерінің рухын түсірді. Гитлердің қауырт со-ғыс жоспары біржолата күйреп, неміс-фашист армиясынын жеңілмейтіндігі жөніндегі аңыз адыра қалды.Қазақстанда қүралған басқа дивизиялар, бригадалар мен полктер ¥лы Отан соғысы майдандарына 1942 жылы кіргізілді- Бүл кезде Ақтобеде жасақталған 312-ші дивизия Малоярославль түбінде жаудың үш-төрт дивизиясына қар-сы бір жеті бойы қасарысқан қорғаныс үрысын жүргізді. щымкент қаласында қүрылған 102-ші дивизия Украина-ныН солтүстік-шығысында қорғаиыс шебін үстап түрды, одан Солтүстік Кавказға шегініп, адам күштері аз қалған-нан кейін сол жерде таратылды.
Ұлы Отан соғысы барысьшда Сталинград шайқасы бет-бүрыс кезең болды. Бүл сүрапыл шайқасқа қатысқан қүра-малардың арасында Қазақстанда жасақталған 38-атқыштар дивизиясы бар еді. Ол әр кезде 62-армия /қолбасшысы В. И. Чуйков/, 57-армия /қолбасшысы Ф. И. Толбухин/, сон-дай-ақ Сталинград үшін болған шайқастың негізгі ауырт-палығын көтерген 64-армияның /қолбасшысы М. С. Шумилов/ қүрамында соғысты. Сталинград түбіндегі үрыстарда Жамбыл қаласында жасақталған 81-атқыштар дивизиясы жауды талқандауда салмақты үлес қосты. 1942 жылғы қара-шаның аяғы — желтоқсанның басында бүл дивизия Котель-никово қаласын алуға, сөйтіп Сталинград қаласында қоршауда калған Паулюстің армиясын босату үшін әрекет жа-саған неміс-фашист әскерлеріне қарсы шайқастарға қатысты. Сондай-ақ Орал қаласында жасақталған 152-ші атқыш-тар бригадасының батальондары Элиста-Астрахань жолы арқылы Еділ өзенінің төменгі сағасына өтуге тырысқан неміс, румын әскер белімдерінің жольш бегеді. Қызыл әскер бөлімдерімен шайқастарда кептеген шығындарға үшыраған неміс-фашист әскерлері Астраханға шабуыл жасауға тырысқан әрекеттерінен бас тартты.
Қазақстандық жауынгерлер тек Сталинград түбінде ғана емес, сонымен қатар Курск иінінде, Днепр, Ленинград үшін шайқастарда жанқиярлықпен соғысты. Ленинград қоршау-ьшдағы әскери бөлімдерде қызмет еткен жауьшгерлердің арасьщда Д. Шыныбековтың, алысқа ататын зеңбірекке бе-кітілген аэростат командирі С. Жылқышиевтің есімдері мақ-танышпен аталды. 1942 жылғы шайқастардың бірінде Батыс Қазақстан облысындағы Жаңақала ауданыньщ түлегі Арыстан Ахметов өз есімін ошпес даңққа бөледі. Ол 19 жауынгермен әскери маңызы бар бір төбені жаудан қорғап, соңғы адамы қалғанша соғысты.
1944 жылдың күзі – 1945 жылдың көктемінде қазақстандықтар Еуропа халықтарын немістік езгіден азат ету ісіне де үлкен үлес қосты.
Ұлы Отан соғысы майдандарында көрсеткен ерліктері үшін 96638 қазақстандықтар Кеңес Одағының орден, медальдармен наградталды. 500-ге жуық қазақстандықтарға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Солардың қатарында Кеңестік Шығыстың қос қарлығашы, қаһарман қыздары — Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова бар.Кеңес Одағының Батыры атағы ұшқыштар Т.Бигельдинов, Л.И.Беда, И.Ф.Повлов, С.Д.Луганскийге екі реттен берілді.110 қазақстандықтар Даңқ орденінң үш дәрежесіне ие болды. Соғыс Қазақстан үшін өте қымбатқа түсті. Ұлы Отан соғысына 603 мыңдай Қазақстан азаматтары ерлікпен қаза тапты.
2.¥лы Отан соғысы жеңіспен аяқталғаннан кейін Қазақ-стан еңбекшілері бейбіт құрылысқа қайта оралды. Соғыс Қазақстан экономикасына да үлкен зардаптарын тигізді. Өнеркәсіп өнімдерінің, әсіресе бүқара халық көп қолдана-тын тауарлар өндіру түрлері қатты қысқарды. Еңбек ресурстарының проблемасы едәуір шиеленісті. Ауыл шаруашы-лығының материалдық-техникалық базасы әбден төмендеді. Сондықтан Кеңес өкіметі, оның жергілікті басшы органдары халық шаруашылығын қалпына келтіруге айрықша көңіл бөлді, оның қарқынын шапшаңдатуда тиісті шаралар жүзеге асырыла бастады. Елдің шаруашылық қүрылысы мен мәдени саласына мемлекеттік бюджет пен күрделі қаржы қайта бөлінді. Әскери шығындар барынша қысқартылды. Республикада соғыс қажеттерін өтеуге жүмыс істеген жүзде-ген кәсіпорындар азаматтық өнімдер шығару үшін қайта қүрылды.
жылы 18 наурызда қабылданған төртінші бесжылдыққа арналған жоспар бойынша соғыстан бүлінген аудандарды қалпына келтіру, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының соғыстан бүрынғы дәрежесіне жетіп, одан едәуір асып түсу міндеті белгіленді. Сонымен бірге онда Қазак-
стан экономикасын өрге бастыруға үлкен мән берілді.Республикада ауыр индустрияны жедел дамыту, сондай ак, женіл және тоқыма өнеркәсібін одан әрі өркендету көзделді. Түрғын үй қүрылысын және қалалар мен жүмысшылардың түрақты аудандарында мәдени-түрмыстық орындар жүйесін кеңейтуге ерекше көңіл бөлінді. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын өркендету негізінде республика еңбек-шілерінің материалдық және мәдени тұрмыс дәрежесін одан әрі көтеру көзделді. Қазақстанға бөлінген күрделі қаржы көлемі одақ бойынша үшінші орынға шықты. Мүнда күрделі қаржы кәсіпорындарды қалпына келтіруден гөрі бүрынғыларын кеңейтіп, жаңа кәсіпорындар салуға бағытталды. Төртінші бесжылдықта бүкіл елде өнеркәсіп өнімі 1940 жылмен салыстырғанда 40 пайызға өсетін болып бел-гіленсе, Республикада ол 2,2 есеге арту көзделді.
Қазақстан халқы соғыстан кейінгі төртінші бесжылдық жоспардың көрсеткіштерін орьшдауға қүлшына кірісті. Бүл кезде, әсіресе ауыр өнеркәсіптің қара металлургия және түсті металлургия саласы ойдағыдай дамыды. Теміртаудағы қазақ металлургиялық қайта ецдеу зауытында үш прокат станы мен екі мартен пеші, Ақтобе ферросплав зауытының үшінші кезегі іске қосылды. 1950 жылы металлургиялық процестердің түйық цикілімен жүмыс істейтін Қарағанды металлургия зауытының қүрылысына арналған дайындық жүмыстары басталды. Өскеменде қорғасын-мырыш комби-натының қүрылысы одан ары жалғасты, 1947 жылы ол алғаш рет мырыш берді. Балқаш мыс қорыту зауытының қуатын арттыру женіндегі жүмыстар одан ары жүргізілді. Жезқазғанда аса ірі мыс балқыту комбинатының обьекті-лерінің кешенін салу жалғастырылды. Текелі қорғасын-мы-рыш комбинатының скінші кезегін іске қосуға әзірлік бас-талды. Шымкент, Риддер қорғасын зауыттары мен жүмыс істеп түрған басқа да кәсіпорындар қайта қүрылып ке-ңейтілді.
Тортінші бесжылдық тапсырмаларын орындау барысын-Да енеркәсіп салаларында жаңа техника түрлері енгізіліп отырды. Қарағанды көмір бассейиінде жұмыс істейтін алты жаңа шахта іске қосылды. Саран учаскесі пайдалануға оерілді. Көмір ашық әдіспен қазылатын Екібастүз кен орны паидалана бастады. Бесжылдық аяғына таман көмірді шабу мен қопару және оны темір вогондарына тиеу толық меха-никаландырылды. Бірқатар мүнай кәсіпшіліктерінің, соныңішінде Қаратон, Мұнайлы және басқа кәсіпшіліктердің і қосылуы мұнай өндіруді 1950 жылы соғысқа дейінгі кезең-мен салыстырғанда 52 пайызға көбейтуге мүмкіндік берді.
1950 жылы электр қуатын өндіру 1945 жылға қарағанда 2,3 есе өсті. Бесжылдық тапсырмасы бір жарым есе ар-тық орындалды. Өскемен жылу электр орталығының бірінші кезегі, Алматы қүлама су-электр станциялары-ның 6, 7, 8 ГЭС-тері, Тишин ГЭС-і, Қүлсары ЦЭС-і және басқалар іске қосылды. Қарағанды ГРЭС-інде жаңа қуат-тар орнатылды, жұмыс істеп тұрған көптеген электр стан-цияларының куаты арттырылды. Республикадағы аса ірі Өскемен ГЭС-ін, Жезқазған жылу-электр орталығын салу одан әрі жүргізілді.
Машина жасау өнеркәсібінде Ақмолада (Астана) бұрын-нан жұмыс істеп тұрған «Қазақсельмаш» зауытын, Қара-ғандыда автомобиль жөндеу зауытын салу аяқталды. Хи-мия өнеркәсібінде «Қаратау» кен-химия комбинатының, Жамбыл суперфосфат зауытының бірінші кезектері пайда-лануға берілді. Қостанай жасанды талшық зауыты алға-шқы өнімдерін шығарды. Қарағанды синтетикалық каучук (сағыз) зауытында екі цех қатарға қосылды. Ақтөбе химия зауыты кеңейтілді.
Темір жолмен жүк тасу 1945 жылғымен салыс-тырғанда 1950 жылы екі есе өсті. Бүл кезде темір жолда Матай станциясы депосының аға машинисі М. Қаптағаев-тың бастамасымен ауыр салмақты шапшаң составтар жүргізу үшін бесжүздікші машинистер қозғалысы өрістеді. Оның ізбасарлары локомотивтің тәуліктік орташа жүрісін 500 шақырымдық межеге жеткізді.
Тас жолдарының желісі үлғайды, автомобиль келігінің жүк тасу айналымы 1940 жылға қарағанда 1950 жылы 1,9 есе өсті. Қазақсташіың 21 қаласында автобустар жүре бас-тады. Әуе және өзен көлігі дамыды. Ұшақпен және өзен кемелерімен жүк пен жолаушылар тасу едәуір атты. Бес-жылдықтың тек соңғы жылында 119 мың адам су жолда-рымен қатынады.
3.1953 жылы 5 наурызда Коммунистік партия мен Кеңес Одағының басында 30 жьтлдан астам отырған И. В. Сталин қайтыс болды.1953-1964 ж.ж. аралығындағы кезең Н.С.Хрущевтің атымен байланысты. Айтылып өткен кезең қазіргі тарихи ғылымда «Хрущевтік жылымық» деп аталынды. Ол ең алдымен саяси режимнің әлсірегенін білдіреді. КСРО-ның Жоғарғы Кеңесі кешірім жасау жайлы Жарлық қабылдады.Ауылды одан әрі қамаудың мүмкін еместігін түсінген Хрущев мемелекеттік салықты азайту аграрлы секторды инвистицияны ұлғайту тәрізді идеяларды партиялық шешімге енгізе бастады. Сталин өлгеннен кейін елде демократиялық қайта құру процесі қарқынды жүре бастады. Демократиялық өзгерістердің ықпалымен Кеңес өкіметі шамадан тыс орталықтандыруды босаңсытуға және одақтас республика-лардың шаруашылық, саяси-мәдени құрылыс саласындағы құқықтарын кеңейтуге бағытталған кейбір шараларды жүзе-ге асыруға мәжбүр болды. Бүл кезде Қазақстанның бюд-жет қүқықтары кеңсйтіліп, оның көлемі едәуір өсті. Атап айтқанда, 1951-1955 жж. онеркәсіпке жүмсалған қаржы-ның жалпы көлемі 1941-1950 жж. салыстырғанда 2,3 есе артты. Ал 1956 жылдан бастап табыстың кейбір түрлері бойынша республикалық бюджеттерге қаржы бүрынғыдан Да көбірек бөліне бастады. Қазақстан бюджетінің шығыс көлемі — 1953-1960 жылдарда 7 еседен аса үлғайды: 434, 9 млн. сомнан 3 млрд. 53 млн. сомға дейін жетті.
1954-1956 жылдарда одақтык министрліктерден респуб-лика қарамағына 144 ірі кәсіпорны, ал 1959 ж. түсті метал-лУргияның барлық 29 кәсіпорындары берілді. Мүның нәтиесінде одақтық-республикалық өнеркәсіптегі өндіріс көлемі 2 еседен артық ұлғайды.
1954 ж. партияның ОК ақпан – наурыздағы Пленумы Еуразия далаларын жыртуға ұйғарылған «Елдегі астық өндіруді одан әрі ұлғайту мен тың және тыңайған жерлерді игеру жайлы» шешім қабылданды.
Тың және тыңайған жерлерді игерудің алғашқы жылдары қолайлы болды.1956 жылы елде 125 млн. тонна рекордтық астық жиналынды, оның елу пайызы тыңайған жерлерден алынды. Бірақ экологиялық тепетендіктің бұзылуымен жел эрозиясы 50-жылдары аяғында нақты проблемаға айналды. 1960-жылы Солтүстік Қазақстанда тыңайған жерлерді тиімсіз игеру нәтижесінде щаруашылық айналымнан 90 млн.га топырақ шығарылды.
Өзін өзі бақылаудың сұрақтары
Ұсынылатын әдебиет:
3. Қозыбаев М. К. Ақтаңдақтар ақиқаты. А-1992. 247-263 б.