Қазақстан моңғол шапқыншылығы дәуірінде. Алтын орда. Қазақстан ХІҮ-ХҮ ғғ. 1-ші жартысында.

1206 жылы Моңғол мемлекеті құрылды. Темучин бүкіл моңғол тайпаларының билеушісі болып сайланды, Шынғыс хан деген атпен таққа отырды. 1207-1211 жылдары Шыңғыс хан Оңтүстік Сібір халықтарын және Шығыс Түркістанды бағындырды, ал 1215 жылы Пекинді, 1217 жылы бүкіл Солтүстік Қытайды жаулап алды. Моңғолдардың батысқа жорығы Жетісу жерін жаулап алудан басталды. «Отырар апаты» оқиғасы Қазақстан территориясына жорықтар жасауға сылтау болды. 1219-1224 жж. Қазақстан мен Орта Азия территориясы жаулап алынды. Бұл территория Шынғыс хан империясының құрамына кірді.

     Моңғол империясының территориясы ұлыстарға бөлініп бағындырылды. Шыңғыс хан мемлекет жерін төрт ұлысқа бөлді. Жошы ұлысына Ертістен төменгі Еділ өзеніне дейінгі бүкіл Дешті Қыпшақ жерлері кірді. Шағатай ұлысы – Шығыс Түркістан, Жетісу және Мауереннахр территориясы. Үгедей ұлысының құрамында Батыс Моңғолия, жоғарғы Ертіс және Тарбағатай жерлері кірді. Сонымен Қазақстан территориясы моңғолдардың үш ұлысының құрамында болды. Шыңғыс ханның тірі кезінде-ақ оның ұлдары өз ұлыстарын тәуелсіз иеліктерге айналдыруға ұмтылды. 1227 жылы Шыңғыс хан және оның үлкен ұлы Жошы өлгеннен кейін олардың дербестікке ұмтылу әрекеттері одан әрі күшейе түсті. Жошының мұрагері Бату Шыңғыс ханның батысқа қарай тоқтап қалған жорығын қайта жалғастырды. Ол 1236-1242 жж. Европаға жорық жасады. Осыдан кейін өз мемлекетінің негізін қалады. Алтын Орда мемлекетінің астанасы Сарай-Бату қаласы болды.

    Мемлекеттік құрылымы берік емес Алтын Орда Бату хан кезінде-ақ бір-біріне тәуелді болғысы келмеген ұлыстарға бөлінген болатын. Бату тұсында Жошы ұлысын оң және сол қанат болып бөлінеді, бұл іс жүзіндегі екі әртүрлі екі мемлекет еді, оның оң қанатын Бату мен оның мұрагерлері басқарса, сол қанатына Орда Ежен иелік етті. Ақ Орда моңғол шапқыншылығынан кейінгі кезеңде Қазақстан территориясындағы жергілікті этникалық негіздегі алғашқы ірі мемлекеттік құрылым. Орыс хан тұсында Ақ Орда мемлекеті едәуір нығайды. Осы кезде күшейген Самарқан билеушісі Ақсақ Темір Ақ Орда мен Моғолстан мемлекеттеріне қарсы өзінің агрессиялық қимылдарын күшейте түседі.

     14 ғасырдың ортасында Шағатай ұлысының ыдырауына байланысты Оңтүстік-Шығыс Қазақстан мен Қырғызстан жерінде жаңа көшпелі мемлекет пайда болды.Жетісудағы ең қуатты түрік тайпаларының бірі болып саналатын дулат тайпасы көсемдерінің қолдауымен 1348 жылы Шағатай ұрпағы Тоғылық Темір Моғолстанның алғашқы ханы болып сайланады.Моғолстан емлекеті астанасы- Алмалық қаласы. 16 ғ. ортасында жеке мемлекет ретінде Моғолтан өмір сүруін біржолата тоқтатады. Тарихи жазба мәліметтерінде Әбілқайыр хандығы Көшпелі өзбек мемлекеті деп те атанған.Әбілқайыр хан билік еткен уақыт – 1428-1468 жж.

14 ғ. аяғы мен 15 ғ. басында Алтын Орданың ыдырауы мен Ақ Орданың әлсіреуі кезеңінде осы мемлекеттің бөлшектенген қалдықтарының орнына пайда болған ірі мемлекеттік құрылымның бірі Ноғай Ордасы болды. Ноғай Ордасы территориясында өмір сүрген тайпалардың ішінде басым болған маңғыттар. Сондықтан бұл мемлекетті «Маңғыт жұрты» деп те атайды. Мемлекеттің астанасы Сарайшық қаласы болған. Қазақстан территориясында біршама ұзақ уақыт өмір сүрген Ноғай Ордасының ыдырауы Ресейдің Қазан және Астрахань хандықтарын жаулап алуынан кейін едәуір тездей түседі.

 

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

 

1. «Отырар апаты» оқиғасының мазмұны неде?
2. Ақ Орданың, Моғолстанның, Әбілқайыр хандығының мемлекеттік-әкімшілік құрылымы.
3. Ноғай Ордасының пайда болуы.

 

Әдебиет:

1.Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін) Бес томдық. 1 том. А., 1996. 2 том. А.,1997.

2.Қазақстан тарихы. Очерктер. А., 1994.

3.Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан: летопись трех тысячелетий. А., 1992.

4.Пищулина К. Юго-Восточный Казахстан в середине 14 – начале 16 веков. А., 1977.

5. Казахстан, Средняя и Центральная Азия в 16 – 18 веках. А., 1983.

6. Бартольд В.В. Туркестан в эпоху монгольского нашествия. Т. 1. М., 1963.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *