Патша өкіметі Қазақстан жеріндегі отарлау шараларың біртіндеп жүзеге асырды. Оның 1742 жылғы 19 қазандағьі жарлығы бойынша Жайық өзені жағасының қамалдар ма-ңында қазақтардың көшіп-қонуына тыйым салынды, соны-мен қатар олардың Каспий теңізінің жағалауында көшіп-қонып жүрген жерлері шектелді. XVIII ғасырдың 50-60 жылдары Ертіс, Тобыл, Есіл, Үй өзендері алқаптарындағы Орта жұздің қазақтары да өздерінің мекендеген жерлері-нен ығыстырылды.
Қазақ даласында патша екіметінің отарлау саясаты үш бағытта: біріншіден, гарнизондар мен күшейтілген бекіністі әскери шептер қүрылысын тездетіп салу және түрақты казак-орыс (Орынбор, Жайық, Батыс-Сібір, кейін Жетісу) мекендерін күру жолымен, екіншіден, саяси әкімшілік ре-формалар жасау, сыртқы округтер мен приказдарды одан ары күру, басқарудың дистанциялық жүмыс түрін енгізу жолымен, үшіншіден, қазақ даласын өзіне біржолата қосу, ал Орта Азия хандықтармен сауда-саттықты кеңейту жо-лымен жүргізілді. Алайда, отарлау барысында патша үкіме-тіне жергілікті барлық билікті ресейлік әкімшіліктің қолы-на шоғырландыру саясатын жүзеге асыру сүлтандардың, ру шонжарларының, билердің наразылығын тудырды. Өйткені оларды патша өкіметі орындары сот-әкімшілік қызметіне қатыстырмауға тырысты.
Патша өкіметі қазақ даласын түпкілікті билеу үшін әуелі әр түрлі реформалар жүргізіп, қазақтың елдік-этникалык үйытқысын ірітіп, үлыстарды бөлшектеп, оларды губерни-яларға, округтерге теліп, үлтанды елді түтастықтан айыр-ды. Рас, олар мүның бәрін бірден жүзеге асыра қойған жок Бүқпантайлап, торғай ұстаған мысықтай, жақыннан кар-мау үшін алыстан арбап, зымияндық саясат жүргізді. Патша өкіметі оны кезең-кезеңімен іске асырды.
Оның алғашқысы — 1731 жылдан 1822 жылға дейін со-зылған ел билеу жүйесіндегі протектораттық дәуір, яғни күшті мемлекеттің әлсіз мемлекетке формальды түрде бол-са да қамқорлық жасау саясатын жүргізу еді. Бүл кезДе патша окіметі ел билеудің бүрынғы хандық жүйесін сактап, оның ішкі тірлігіне араласпай, түзақты алыстан күрып, сырт иелігін жасады, яғни казак елін өзіне жағынып, бас щүлғып, бағынышты болған хандар арқылы басқарды. Сөйте түра, қазак жүртының арасына өз білімдар адамда-рьін қаптатып, ғылымды бет перде етіп алға үстап, соның тасасында түрып, елдің әдет-ғүрпын, салт-дәстүрін, мінез-күлқын жан-жақты зерттеп, қазақ халқының осал түстарын пайдалануға тырысты. Оны меңгергеннен кейін хан тағына үміткер ханзадалар мен сүлтандар арасында ши жүгіртіп, оларды тақ таласына итермеледі. Солардың ішінде шенге күмар, атаққүмарлары ерекше бағаланып, бүлардан патша өкіметі ештемені де аяған жоқ. Патша отаршылары казак жүртшылығының арасына алауыздық үрығын осылайша енгізе бастады.
Патша үкіметініц казақ елінің басына тәуелділік нокта-сын біржола кигізуі 1822 жылдан 1867 жылға дейін со-зылды. Сөйтіп, патша үкіметінің отаршылдық саясаты-ның екінші кезеңі басталды. Бүл кезде ол әскер күші арқылы елдің ішкі тірлігіне араласып, жергілікті қазақ шаруаларын қонысынан куа бастады. Олардың орнына ішкі Ресейде жоқшылыққа үшыраған орыс босқындарын әкеп орналастырды.
Отарлаудың осы әскери-әкімшілік кезеңінде патша өкіметінің тірек пункттері ретінде әскери бекіністердің іргесі қалана бастады. Оларды түрақтандыру үшін шекаралық белгілермен бөлді. Біртіндеп бекіністер Қазақстанның ішкі аймақтарына тамыр жайды. Бастапқы кезде бүл бекіністер Орал, Ертіс сияқты өзен-арналарына орналасты. Ал кейінірек патша өкіметініц отарлау саясатының күшеюі нәтижесінде әскери қамалдар салу Қазақстанның батыс, солтүстік-шығыс аймақтарын тегіс қамтыды. 1744 жылы Орынбор қаласы, 1752 жылы Петропавл қаласы салынды. Ресейдің Шығыс Қазақстан жеріндегі экспансиясы бұрынғысынан неғүрлым күшейе түсті. 1752 жылдан бастап Оңтүстік Алтайдың, Ертістің жоғарғы ағысындағы Үлбі, «Үктырма және Нарым бойьшдағы жерлердің Ресейге қосылғаны туралы ресми түрде жарияланды. 1760 жылы Өскемен бекінісінен Телецк коліне дейін бекіністер салына бастады. Келесі 1761 жылы Өскеменнен Зайсан көліне дейін ҮКтырма шебінің бекіністері пайда болды.
2.Абылай хан (1771-1781ж.ж.) қазақтың мемлекеттелігін сақтап, берік ұстау мақсатында данышпандық саясат жүргізді. 1740-жылы, 1756-жылы Орынборда Ресеймен жақсы көршілес болу жөнінде және оны сақтай отырып, Әбілмәмбет ханмен бірге Қытаймен бейбіт қатынаста болу жөнінде келісімдерге қол қойды. 1733-1734 ж.ж. ұлы жүздің бірнеше сыйлы адамдары Ресей бодандығына көшуге ниет білдіреді. 1734-жылы 10-маусымдағы императрицаның грамотасында ұлы жүздің ірі ру басыларының орыс бодандығын қабылдағандығын жариялады.Бірақ, ұлы жүз жерінің Ресейден алыс орналасуы, халықаралық және ішкі жағдайлардың қиындығына байланысты ұлы жүз шын мәнінде Ресейге кейінірек қосылды.
Көтерілістің басты мақсаты — ғасырлар бойы Кіші жүз жерінде қалыптасқан жерді пайдалану жүйесін қалпына кел-тіру, Орал казак-орыс әскерінің қазақ жерлерін басып алу-ын тоқтату, Нүралы хан мен оның сарайындағы ақсүйек-тердің озбырлығына шек қою еді.
Көтеріліс басында Кіші жүздің Байбақты руынан шык-қан Сырым батыр /1742-1802 жж./ түрды. 1783 жылы бүл көтеріліс басталғанда — Сырым ақыл тоқгатқан, орнықты, елге өзін танытқан, сөзін тындатқан беделі зор адам болған. 1773-1775 жылдардағы Е. Пугачев көтерілісі кезінде орыс шаруа-ларының азаттық идеясын қолдап, оған катысқан қазақтар-дың арасында Сырымньщ болғаны туралы да үзік-үзік деректер бар. Соның бірі шаруалар көтерілісін басуға басшылык еткен орыс әскерлерінің даңқты қолбасшысы СуворовтыН граф Панинге жазған хатында /1775 ж. 22 маусым/: «Сырым бастаған қарулы топтар тосыннан келіп шабуыл жасайды, тез арада жоқ болады. Оның артынан куғанмен ешкім жете алмайды», — деген анықтама келтірілген. Бүдан әрі қолбас-шы: «әскерлерге мынадай бүйрық бердім: реті келген бірде-бір колайлы сәтті қүр жібермей, бүгіннен бастап Сырым батыр бастаған өз беттерімен кеткеи үры-қары қырғыздар-ды кай жерде кездессе де, қапдайлық алысқа қууға тура келсе де, оның өзін үстап алып, тамырына балта шауып немесе сол жерде олтіріңдер дедім», — дейді.
Бүл айтылғандар Сырымның көтеріліс кезінде белгілі адам болғанын, оныц орыс әсксрлерін де тыныш қалдыр-мағанын, сонымен біргс азаттық күресіне көтерілген орыс шаруаларымен бір тілектес болғанын байқатады.
Ар-ожданына, намысына дақ түсірмей, халқының алдын-дағы азаматтық парызына әрқашан адал болған Сырым бірге туған апасына үйленген Нүралы хан жақыны болса Да, хан мен халықтың біріне таіщау жасауға келгенде ой-ланбастан халық жағына шыққан, халыққа тізесін батырғ-андарды, зорлық-зомбылық жасағандарды аямай жазалаған. Осындай озбырлығымен аты шыққан Шағанов деген ^рал казак-орыс атаманып қолға түсіріп, Хиуа хандығына ^Үлдыққа сатып жібереді.1783 жылдың көктемінде қазақтардың Орал бекінісі желС]не шабуылы басталды. Ағамандар Тасболат пен Ерболат «астаған қазақ жасақтары Гирьяль бекінісіне шабуыл жасап,ондағы солдаттарды түтқынға алды, малдарын айдап кетті.
Осы кезде қазақтардың ашық түрде патшаға қарсылығы үлкен аумақта жүрді. Олардың бағыты Жайықтың төменгі ағысындағы бекіністерге және Ор бекінісінің ауданына бағытталды.Сырым Датұлы өзіне 2700 адамнан тұратын әскер жинаса, негізінен барлығы 6000 көтерілісшілер болған. Сырым Датұлы бастаған кіші жүздегі қазақтардың көтерілісі Ресей патшалығының орталық саясатына қарсы болған алғашқы ашық көтеріліс.
Бөкей ордасы жан-жағынан Астрахань, Саратов, Орьщ-бор губернияларының жерлерімен, Орал бойындағы патша әскери бекінісімен және Каспийдің солтүстік жағалауын-дағы балық кәсіпшілігі аймағымен шектесті. Оның ауқымы шығыстан батысқа қарай 350 шақырым және солтүстіктен оңтүстікке қарай 200 шақырым жерді алып жатқан ықшам әрі шағын хандық болды. Орынбор әкімшілігінің қолдауы-мен Бөкей сүлтан 1812 жылы өзі қүрған орданың ханы болып сайланды. 30-шы жылдардың аяғына қарай мүнда 20 мыңдай шаруашылық пен 80 мың адам қоныстады. Бірақ жер мен жайылымдар біркелкі бөлінбеді. Қысқа мерзім ішінде жердің үштен екі бөлігі қазақ феодалдары мен орыс помещиктері Юсупов пен Безбородконың жекеменшік иел-ігіне өтті.
Оралдьщ әскери мекемесі Үлкен және Кіші өзен бойын-дағы, Қамыс-Самар көлі төңірегіндегі жерлерді казак-оры-стардың пайдалануына алып қойды. Жерге байланысты өткір дағдарысқа басқа да маңызды зор жағдайлар келіп қосылды. Бүл кезде патша үкіметі Ішкі орда мен Кіші жүзді басқаруды өздерінің мүдделеріне қарай бейімдеп жатты. Дистанциялар /аралық басқару жүйесі/ қүрылып, оның ба-стығы қызметі енгізілді. Жайык езені бойындағы жерлерді Орал казак-орыс әскері иемденді. Қазақтарға Жайық өзені-нен өтуге және казак-орыстардың өзен жағалауындағы бел-деулеріне көшіп келулеріне қатаң тиым салынды.
Бүдан басқа қазак шаруалары орыс помещиктері мен қазақ сүлтандарынан жалға алған жерлерінің қүны үшін уақтылы есеп айырысуға тиісті болды. Тек есеп айырыск-аннан кейін ғана олар помещиктер мен қазақ байларыныН жеріне өздерінің малдарын бағуға рүқсат алды. Қанаушы таптар өкілдері қазақ ауылдарынан арендалық ақыны жыл-дан-жылға өз қалауынша ала бастады, олардан айыптар, әр түрлі салықтар жинап отырды.
1815 жылы Бөкей хан қайтыс болды. Осыдан кейін хан-дык билік оның баласы Жәңгірге көшті. Бірақ оның кәме-летке толуына дейін орданы уақытша Бөкей ханның туған інісі Шығай сүлтан басқарды. 1824 жылы Жәңгір патша үкіметінің жарлығымен хан деп жарияланды. Жәңгір хан тағына отырған соң, патша әкімшілігінің қолдауымен, ха-лыктың қоғамдық омірі мен түрмысының жекелеген жақ-тарын, сондай-ақ жергілікті басқарудың дәстүрлі жүйесін қайта қүруға кірісті. Ол кошпенділердің отрықшылануын, олардың орыс хуторлары сияқты мекендер салуын, кырда пішен шабуын, ағаш өсіруді, малдың түқымдарын асыл-дандыруын және ауыл шаруашылығы қүрал-саймандары-ның жаңа түрлерін алдыруды, мектсптер, училищелер, ме-шіттер ашуын жәие ауылдарда мал санының артуына, сау-дағіың және басқарудың жаңа фомаларына көшуді көтер-меледі. Ол патша өкімет орындары мен қазақ шонжарла-рының мүдделерін жаца әдістермен үштастыруға күш сал-ды.
1827 жылы Жоңгір хан Нарын күмындағы Жасқүс ме-кенінде түрақты хан ордасын орнатып, елді осы орталык-тан басқаратын болды. Сол жылы хан кеңесі күрылып, оған 12 ата Байұлы руларынан бір-бір биден кірді. Ханға 12 старшын, сондай-ақ бірпеше базар сүлтандар қызмет етті. Оның татар белімі жәнс жалпы бөлімнен түратын өз кен-сесі болды. Кеңсе жаныида арнаулы тергеуші штатта түрды.
Жәңгір хан 1845 жылы өлді. Бүған дейін Қазақстанның барлық бөліктерінде хандық билік жойылған болатын. Өкіметтік топтар ішкі Ордада хандықты жоюды үйғарды, хан билігі орыс шенеунігі баскарған Уақытша кенестін Қолына көшті.
Патша үкіметінің жергілікті феодалдар мен шонжарла-рға сүйене отырып, барынша күш сала жүргізген саясаты орталық езгінің күшеюіне, қазақ бүқарасының наразылығьіна әкелді.
Наразылық жер дауынан басталды. Ішкі Ордада қазак байлары мен орыс помещиктері ең қүнарлы жерлерді өздеріне алып алған-ды. Кедей шаруаларға қүнарсыз жерлерді қалдырған еді
XIX ғасырдың 30-шы жылдарында патша өкіметі Қазаі станда отарлау саясатын онан ары өрістетіп, қазақ халқының саяси дербестігін біржола жоюға бағытталған шара-ларды кеңінен жүргізе бастады. Әбілқайыр, Абылай хан-дармен жасасқан шарттардағы Қазақстан жеріне кірмеу, солдат алмау, тек салық төлеу жөніндегі міндеттемелер аяқ асты етілді. Қазақ жерінде әскери шептер, бекіністер салы-нып, шұрайлы жерлерге патша өкіметінің қол шоқпары бо-лып келген казак-орыстарды қоныстандыру шаралары жүр-гізілді. Ресейдің қазақ жеріндегі әкімшілігі өзен-көлдерді, құнарлы жерлерді, орман-тоғайды өз қармағына алды, ал оны пайдаланған казақтарға салық салынатын болды.
Әкімшілік басқару жүйесін қайта қүру барысында қазак жерлері округтерге бөлінді. Бүл округтер Батыс-Сібір және Орынбор генерал-губернаторлығына қарады. Олар қазак жерінде «бөліп ал да билей бер» деген отаршылдық қағида-ны бүлжытпай іске асырды. Алдымен қазақ жерін сырты-нан қүрсаулап көптеген бекіністер салынды. Іргелеп ішке кіріп айнала қоршау-қүрсау орнатқан Ресей отаршылдары Абылай көз жүмғаннан кейін Қазақстанның ең бір шүрайлы жерлеріне бекіністер салуға кірісті. Сөйтіп, Ырғыз, То-рғай, Акмола, Көкшетау, Ортау, Қарқаралы бекіністері бой көтерді-
Қазак жеріне кеулеп еніп келе жатқан патша екіметінің отаршылдық саясатына ашық қарсы шыққан Абылай хан-ныи баласы Қасым болды. Ол патша әкімшілігіне хат жа-зып, кісі жіберіп, оларды түсінісуге, пәтуаға шақырды. Қазақтың ежелгі қоныстарына бекіністер салуды, қазақ жер-леріне казак-орыстарды әкелуді, олар арқылы халыққа қысым көрсетуді тоқтатуын талап етті. Оның бүл хаттары-на жауап болмады, жібсрген адамдары қайтарылмады. Сон-да барып, Қасым патша өкіметіне ашық қарсы шығуды ой-лады. Ол бүл күресте Қоқан хаидығына сүйенбекші болды. Патша өкіметі тарапынан қысым көре бастаған ол 40 мың үймен Қоқан хандығыыың қол астына көшіп барды. Оның діні бір, тілі бір қоқандықтардан күткен үміті ақталмады. Олар оның қайсар үлдары Саржан мен Есенгелдіні, кейіні-рек озін өлтірді. Медрсседе оқып жүрген ұлы Кенесарыны /1802 жылы туған/ Ташкеит түрмесіне қаматты.
Қайырымды адамдардың комегімен абақтыдан аман шыққан Кенесары ата мекені Ұлытауға келіп қоныстанды. Осы Ұлытауда жүріп, ол оз өмірін қазақтың тәуелсіз ел, дербес мемлекет болуы жолындағы күреске арнады. Ол Ре-сей сияқты аса қуатты ірі мемлекетпен күресу — қазақтың үш жүзінің күштерін біріктіруді, едәуір қүрбандықтарды, тек әскери ғана емсс, сонымен бірге дипломатиялық күш жігерді де талап ететінін ой таразысыиан өткерді. Кенеса-ры Қазақстан патшалык Ресейге де, Орта Азия хандықта-рына да тәуелді емес, олармен тең қарым-катьшаста болу керек деп есептеді. Ол патша әкімдеріне жазған бір хатын-Да: Есіл, Нүра, Ақтау, Ортау, Қарқаралы, Қазылық, Жарқ-аиың, Обаған, Тобыл, Қүсмүрын, Ақият, Тоқзақ сияқты ата-бабаларымыз мүра еткен жерлер қазіргі патша түсында оізден тартып алыиып, бекіністер салынды. Күн сайын ‘здің жерлерімізді басып алып, әскери қамалдар салу арқ-ылы халықты ашыидыруға жол берілуде. Мүның өзі біздің елешегіміз үшін ғана емес, бүгінгі тіршілігіміз үшін де Қаутті болып отыр деп көрсетті.Патшаның жазалаушы отрядтары мен жергілікті сүлтанрдың озбырлығы туралы айта келіп тағы бір хатында ол былай деп жазды: «1825-1840 жылдар аралығында олар біздің ауылдарымызды 15 рет тонауға, талауға салды. Мұндай қысым мен тонауға, талауға, кісілерімізді өлтіруге шыдай алмаған біз бетіміз ауған жаққа көшуге мәжбүр бол-дық. Бірақ, олар бізге мұнда да тыныштық бермеді. Сон-дықтан мен, Қасымұлы қолыма қару алып халқымның ұлы күресін басқаруға шықтым». Бұл хаттан Кенесарының пат-ша үкіметіне ашық қарсы шыққанын көреміз.
Кенесары көтерілісінің басты мақсаты — патшалық Ре-сейдің қүрамына қосылып үлгермеген аймақтардың дербестігін сақтау, қазақ жерлерін бекіністер мен жаңа ок-ругтік билеу арқылы жан-жақты отарлауды тоқтату еді. Сондай-ақ Кенесарының тағы бір көздеген мақсаты — қоқандықтардың тепкісіндегі Оңтүстік өңірдегі қазақтарды бо-сатып, оларды Қазақ хандығына қосу еді.
Кенесары Қасымүлының қозғалысы бүкіл Қазақстанды қамтыды. Он жылға созылған көтерілістің басты қозғаушы күші — бүқара халық болды. Олар күшейе бастаған отарлық езгіден, феодалдық топтардың қысымынан қүтылуға ты-рысты. Көтеріліске сонымен қатар ақсүйек өкілдері де қаты-сты. Олар көтерілісті, бір жағынан, өз мүдделеріне пайда-лану, бүрынғы артықшылықтарын қайта алу, екінші жағы-нан, көшпенді дербес феодалдық мемлекет қүруды көздеді.
1838 жылы Кенесары туының астына мындаған сарбаз жиналған еді. Олардың арасында үш жүздің қазақтары бол-ды. Кенесарыны белсенді қолдағандардың арасында Орта жүз бен Кіші жүздің белгілі рулары — Қыпшақ, Төртқара, Жағалбайлы, Шекті, Алшын, Керей, Жаппас, Бағаналы, Тама, Табын, Арғын т. б. ру тайпаларының жігіттері аз емес-ті. Олардың көпшілігі мал өсірген, егін еккен. Осыған орай, жер шаруашылығынан зардап шеккендер кедей және орта шаруалар болды. Кенесарының қол басқарған батыр-лары да халық ішінде аты кеңінен мәлім адамдар еді. Олар-дың қатарында Шүбыртпалы Ағыбай, Қыпшақтың батыры — Иман, Табынның батырлары — Бүхарбай, Тіленшіүлы Жо-ламан, Дулаттың батыры — Бүғыбай, Шапырашты руының батыры — Сүраншы т. б., Кенесарының інілері — Наурызбай, Әбілғазы, әпкесі — Бопай көтеріліске белсене қатысты.
Кенесары жасақтарында қазақтармен бірге қарақалпақ-тар, түрікмен, қырғыз, өзбек, өкілдері де аз болған жоқ. Дегенмен Кенесары барлық әдіс-амалдарын қолданып ты-рысып бақса да, кейбір феодалдық топтарды, үш жүздің ру-тайпалык бөлімдерін біріктіре алмады. Көтерілістің ба-стапқы кезінен-ақ қазақ ақсүйектері бір-біріне қарсы күре-суші екі жаққа бөлінді: патша өкіметі әлпештеген бөлігі отарлаушы әкімшіліктің қолдауына сүйеніп, өздерінің сая-си қарсыластарын күйретуге күш салды. Кенесарының ымы-раға келмейтін қарсыластары Ақмола округінің аға сүлта-ны Қоңырқүлжа Қүдаймендин, Кіші жүздің басқарушы сүлтандары Ахмет пен Мүхаммед Жанториндер, сүлтан Бай-мағамбет Айшуақов т. б. болды. Кенесары Жетісуға өткен-нен кейін көтеріліске қарсы ымырасыздық позицияны Абы-лай ханның түқымдары, яғни езінің туысқаидары — Әли мен Сыйықта үстанды. Бірақ осыған қарамастан, Кенесары Қасымов өзінің туы астында үш жүздегі қазақ руларының едәуір бөлігін топтастыра алды. Омбы облыстық басқарма-сына қарасты сот-жазалау мекемелері жинастырған мәлі-меттер бойынша тек Қүсмүрын, Көкшетау, Ақмола, Қарқа-ралы және Баянауыл округтерінде ғана көтерілісшілерді 80-нен астам сүлтандар мен билер, ағамандар қолдаған.
1838 жылдың көктемінен бастап Кенесары жасақтары патша әскерлеріне қарсы алдын ала жасалған жоспар бой-ынша дәйекті күрес жүргізді. Олармен шайқаста Ақмола қаласын қиратып, Ақмола округіндегі патша әкімдерімен ауыз жаласып жүрген Қоңырқүлжа сүлтанның ауылын шап-ты. 1840 жылы күзде котерілісшілер Ырғыз бен Торғай маңында патша әскеріне, орыс әкімшілігін қолдаушы жергілікті бай-шонжарларға қарсы күресті күшейтті. Бүл түста Кенесарының аты қазақ арасында кеңінен тарап, оның беделі бүкіл қазақ даласында дүрілдеп түрды. 1841 жылы қыркүйекте Кенесары үш жүзден адам жинап, әкесі Қасым ханның өлгеніне бір жьтл толуына байланысты ас берді.О-сы астан кейін үш жүзден жиналған жамағат Кенесарыны ақ киізге салып, бүкіл қазақ халқының ханы етіп сайлады.
Кенесары хан болып сайланғаннан кейін ел билеу тәртібі өзгеріп, алым-салық реформасы іске асырылды. Егіншілікті дамытуға, көрші елдермен сауда-саттық байланысын орна-туға көңіл бөлінді. Керуеншілерді тоқтатып, олардан са-лық алынатын болды.
Өзін өзі бақылаудың сұрақтары
Ұсынылатын әдебиет:
3. Сулейменов Б., Басин В. Казахстан в составе России в XVIII— XIX вв. А-1993. гл.2-3.