ХІХ ғасырда қазақ халқының үш көрнекті шамшырағы – Шоқан, Ыбырай, Абайлар еді. Олар көп салалы мәдениеттің барлық саласын дамытуға үлес қосты. Оның үстіне олардың әрқайсысының мәдениетте түбегейлі айналысқан белгілі бір бағыттары болды. Осы қызметіне қарап халық шоқанды – ғылымды дамытушы, Ыбырайды – оқу ағарту ісін дамытушы, Абайды — әдебиетті дамытушы деп бағалайды.
ХІХ ғасырда қазақтың ауыз әдебиеті бұрынғы уақытпен салыстырғанда дами түсті.Көп замандардан бері қалыптасып қалған халықтың ауыз әдебиеті мен жыраулар шығармаларынан нәр алған ақындардың, әншілердің, күйшілердің үлкен тобы өмірге келді. Олардың арасынан қазақ халқының әдебиеті мен өнерін дамытып, жаңа белеске көтеруге үлес қосқан, есімдері елге мәлім қайраткерлер шықты. Олар: Сүйінбай Аронұлы /1815-1898/, Ақан сері Қорамсаұлы /1843-1918/, Мұхит Мералыұлы /1841-1918/, Құрманғазы Сағырбайұлы /1818-1889/, Тәттімбет Қазанғапұлы /1815-1862/.
2.1920-шы жылдардан бастап «жоғарыдан» берілген бұйрық бойынша одақтың көптеген республикаларында оларды мекендейтін халықтарды тарихи зердесінен айыру үшін әр түрлі шаралар жүұргізіле бастады. Мұның кесірінің барысында қазақ, өзбек, түркімен, башқұрт, татар, қырғыздардың басым көпшілігі араб жазуымен жарық көрген ата-бабаларының мұрасын пайдалануға қабілетсіз болып шықты. Медреселер мен мешіттер жаппай жабылды.
Өзін өзі бақылаудың сұрақтары
1. Абай Құнанбайұлы, Ы.Алтынсарин мен Ш.Уәлиханұлы қай жылдары өмір сүрген:
Ұсынылатын әдебиет:
2. Қазақстан тарихы Очерктер, А-1993. 224-283б.