Кеңес халқының бейбіт тұрмысқа өтуі. Халықаралық жағдайдың капиталистік елдермен қатынастың күрделі сипаты. Соған байланысты ішкі дамуда әскери-өнеркәсіптік базаны жедел дамыту бағытын көздеу. Қазақстанда өнеркәсіп өндірісінің жаңа салаларының қалыптасуы. Транспорт. 1947 ж. азық-түлік және өндірістік тауарларды бөлудің карточкалық жүйесінің жойылуы.
Ауыл шаруашылығы. Үкіметтің колхоздарды ірілендіру, шаруалардың жеке белсенділігін басу шаралары. Жеке меншіктегі мал санын өсіруге тыйым салу. Нарықтық қатынастарға қойылған шектеулер. «Тың және тыңайған» жерлерді игерудің басталуы.
Тоталитарлық тәртіптің күшеюі. Барлық өмір саласын қамтыған бақылау. Соғыста тұтқынға түсіп оралғандардың ауыр жағдайы. Жалпыға бірдей жеті жылдық білім талабының енгізілуі. Жоғары және арнаулы орта білім беретін оқу орындарының ашылуы. Кәсіптік-техникалық білім беру жүйесі. 1946 ж. Қазақстанда республикалық Ғылым Академиясының ұйымдастырылуы. Қ.И.Сәтпаев Қазақ КСР ҒА тұңғыш президенті. 1949 ж. қазақ жазушысы М.Әуезов «Абай жолы» роман-эпопеясы үшін КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағының берілуі. «Қазақ КСР тарихы» атты еңбектің жарық көруі және авторлары. Л.Н.Гумилевтің «Көне түріктер», «Ежелгі Русь және Ұлы Дала» еңбектері.
«Қазақ КСР Ғылым Академиясы тіл және әдебиет институты жұмысындағы өрескел саяси қателер туралы» қаулысына сәйкес, ұлтшыл деп айыпталған зиялылар. Қазақстандағы ұлт зиялыларын қудалаудың жаңа толқынына жол ашқан БК(б)П Орталық Комитетінің 1946 жылғы қаулысы. «ХІХ ғ. 20-40 жылдарындағы Қазақстан» Е.Бекмахановтың саяси зиянды деп танылған еңбегі. 1952 ж. Е.Бекмаханов Ғылым Академиясынан қуылып, Қаз КСР жоғары сотының қылмысты істер жөніндегі коллегиясының үкімімен буржуазиялық-ұлтшылдық көзқарастары үшін 25 жылға бас бостандығынан айрылуы. Орыс халқына қатысты бұрынғы концепцияның өзгеріске ұшырауы. 1948 ж. КСРО Министрлер кеңесінің қаулысы бойынша Қазақстан жерінде (Семей, Павлодар, Қарағанды обл. түйіскен жерінде) салынған ядролық полигон. 1949 ж. Семей полигонында өткізілген ядролық сынақ. Республикадағы транспорт жүйесі (Мойынты-Шу темір жол торабы).
Қазақстан Хрущев реформалары тұсында (1956-1964 жж.)
Сталиннің өлімі. Жоғарғы билік үшін күрес. Н.С.Хрущевтың билікке келуі. Партияның ХХ-съезі. И.Сталиннің жеке басына табынушылық саясатын сынау. Елдегі «жылымық» кезеңі. Партияның ХХІІ-съезі, оның шешімдерінің волюнтаристік сипаты. «Американы қуып жетіп, басып озу!» ұраны. Ж.Шаяхметов Қазақ КСР КПОК 1-ші хатшысы қызметінде. Қазақстан Компаритиясының ҮІІ съезінде Ж.Шаяхметовтың орнына Понамаренконың келуі. 1954 жылы Қазақстанның «тың және тыңайған» жерлерін игеру. Эксперименттің алғашқы нәтижелері. 1954 жылы тамыз айының басына қарай Қазақстанда жыртылған жер көлемі. Қазақстандағы тың игерудің экологиялық, экономикалық және демографиялық салдары. Табиғи жайылымдардың жойылуы, жер қыртысының эрозияға ұшырауы. Мал шаруашылығындағы жағдай. 1962 ж. Экономиканы басқарудағы реформалар. Қазақстан өнеркәсібіндегі жаңа салалар. Қазақстан өнеркәсібінің шикізаттық, отарлық бағытының тереңдей түсуі. 1959 жылғы «Теміртау оқиғасы». 1960 ж. Мәскеуде құрылған «Жас тұлпар» бейресми бірлестігі және оның ұйымдастырушылары. Семейде қазақ жастары құрған ұйым. Қазақстан Коммунистік партиясының Беғазы атты қола және темір ғасырының керемет археологиялық ескерткіштерін ашқан белгілі тарихшы Ә.Марғұланның ғылыми көзқарасының «жалған» деп танылуы.Еңбегі лениндік сыйлықпен атап өтілген генетика мен микробиология саласының ғылымы.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
Әдебиет:
1.Қазақстан тарихы. Очерктер. А., 1994. 2.История Казахстана: белые пятна. А., 1991.
3. Козыбаев И.М. Историография Казахстана: уроки истории. А., 1990.
4. Козыбаев М. История и современность. А., 1991.
5.Әбуев Қ. Қазақстан тарихының «ақтаңдақә беттерінең. А., 1994.
6.Баишев С. Социально-экономическое развитие Советского Казахстана. А., 1979.
7. Кунаев Д.А. О моем времени. А., 1992.