Ғабдол Жанділдәұлы ӘУЕЗОВ
тарих магистрі, тарих және археология бөлімінің басшысы
Бекзат Еспаиевич БАЛТАБЕКОВ
тарих магистр, аға ғылыми қызметкер
Жезқазған тарихи-археологиялық музейі
Қарағанды/Қазақстан
kabdol.auezov.78@mail.ru, bekzat-baltabekov@mail.ru
Зерде мен сананың, ғылымның кемеліне келген қазіргі замандағы кез-келген мемлекеттің тарихы-сол елдің мүддесін көздейтін, өткеннің оқиғасының өзін бүгіннің көзқарасына бейімдеп, тігісін жатқызып жазылған тарих.
Тарихи тағдыр ұмытылған тұста тарихи көзқарас та түзелмейді. Тарихи дәстүрсіз, рухани танымдық негізгі салынбаған, алдыңғы толқын ағалардың өсиеті ескерілмеген, тек қана заман ауқымына бейімделген құрғақ қағидаға құрылған (Карл Ясперс) тарихи жолмен жүріп келеміз. Осы бір тұс алаңдарлық. Жалғанды жалпағынан басып, аяғы аспаннан салбырап түскен халық жоқ. Барлық халық этностық қалыптасуында “тар жол тайғақ кешіп”, мың өліп мың тірілді. Тәңірдің тәлкегіне шыдап, бодандықтың бұғауынан бостандықтың байрағына талып жеткен халықтардың бірі- қазақ жұрты. Түркі халқының рухани дүниесінің мәйегіне ие болып қалуы сонар тарих көшінде басқа жұрттарға сіңіп кетпеуіне негіз болғаны анық. Бәлкім осы рухани күш тұжырымдамасы “Мәңгілік ел” идеясының өзегі тұлғаның тектілік қасиетінде шығар.
Тұран жұртының сондай қасиетті оғландарының бірі- елдік пен ерліктің ұлы үлгісі Кетбұқа бабамыз. Кетбұқа бабамыздың ғұмыры күрделі әрі қызық. Себебі ол XIII ғасырда ғұмыр кешіп, сол заманның суығы мен ыстығына төзіп, қанша уақыт өтсе де тарих тұңғиығына батып сейілмеген Шыңғыс хан, Жошы хан, Батый хан, Құлағу хан, Бейбарыс сұлтан іспетті билеушілер мен Рашид ад-дин, Киракос Гандзакеци, Абу-ль-Фарадж, Смбат (Гундстабл) Спарапет сынды сол ғасырды толық суреттеп жазған шежірешілермен тағдырлас еді.
Тарихи тұрғыдан, Кетбұқаның ғұмырын екі кезеңге бөліп қарастыруға болады. Алғашқы кезең, найман елінің Шыңғысханға он жылдан артық бағынбай соғысатын, жеңілгеннен кейін азып-тозған елдің басын біріктіріп Шыңғысханның оң тізесін басып, Жошыға аталық болатын тұсы. Бұл тартыс 1182 жылы Темучин (Шыңғыс хан) ақ киізге көтеріліп өз тайпасының ( бөржіген-қият) билеушісі сайланғаннан басталды. Шыңғыс хан айналасындағы елдерді біртіңдеп бағындыруға кірісті. Соның ішінде қайын-жұрты қоңыраттар мен өкіл әкесінің елі- керейіттер өз билігінен айырылды. 1202 жылы ірі мемлекет-найман хандығына шабуыл жасап, 1197 жылы елді екіге бөліп алған Инан-Білге-Бұқа қағанның қос ұлдары Таян мен Бұйрықты біртіндеп қиратты. 1202 жылы Бұйрық хан Урунгу өзенінің бойында өлтірілсе, 1204 жылы 16 маусымда Хангай тауларының бөктерінде Таян хан қаза тапты. Наймандардың қалғанын ертіп Таянның ұлы Күшілік Алтай арқылы Ертіске қоныс аударды [1]. 1208 жылы Сүбедей ноян Күшілікпен қақтығысып, елдің қалғаны Жетісуға жылжыды. Қарақытай елінің тағына 1213жылы Күшілік гурхан атағын қабылдап, билікке келді. 1218 жылы Күшілік әскерімен Хорезм мемлекетінің иелігіндегі Алмалық қаласын қоршап тұрғанда Жебе ноянның жасағының шабуылына ұшырады. Шешуі шайқас Сарыкөл маңында өтіп, осында Күшілік қаза тапты. Тарыдай шашылған найман жұртының өкілдері Евразия елдеріне сіңіп кетті.
Тарихи деректерге қарағанда, Шыңғыс хан наймандарды талқандағаннан кейін, Кетбұқа жоғарғы Ертіс пен Алтайдағы өз қоныстарын тастап, батысқа қарай жылжыған. Кетбұқалар қыста Сарысу. Шу өзендерінің төменгі сағасын, Қаратаудың батыс бөктері мен Сырдария жағасын мекендеп, жазда Ұлытау, Сарыкеңгір, Жезді өзендерінің алқаптарын жайлаған. Моңғол шапқыншылығынан есеңгіреп қалған елінің санын қалпына келтіріп оңлату үшін еркек кіндіктіні жесірлерге үйлендірген. Шежіреші Мұхаммед Нәбиев “Найман шалдың бір тұқымы Тоқпан жиырма төрт жасында қаза табады. Келіні керей қызы Ақсұлу жесір қалады. Оған арғынның алты ұлы әмеңгерлік етеді. Ақсұлу қалай да ұрпақ қалу үшін, атасына сіңілісі Момын сұлуды алып береді де, сіңілісіне, белінен қатты қысып құшақтап, тамырын иіт деп ақыл айтады. Сөйтіп, Момынның бойына бала бітеді, үш айдан соң Ақсұлудың атасы қайтыс болады. Туған ұлдың атын Белгібай қояды, одан Сүгірші, одан Төлегетай, Төлегетайдың төрт ұлы- Қаракерей, Дөртуыл, Садыр, Матай…
Наймандардың “кереймен енеміз бір, арғынмен атамыз бір” дейтіні сондықтан. Сөйтіп, Ақсұлу әулие келін атанған. Дәл осы кезде Елатаның ұлы Серікбайдың балалары Кетбұқа мен Келбұқа ел билеген. Тозған елді тірілтіп, “Тоғыз таңбалы найман” дәрежесіне жеткізген. Жиырма ауылдан соң Ақсұлу келін Кетбұқаға кісі салып, енді әрқайсысына енші үлестірсін деген. Төлегетайдың төрт ұлы, саржомартпен- бес , балталымен-алты, көк жарлымен – жеті, бурамен- сегіз, бағаналымен – тоғыз. Кетбұқа осы бағаналыдан. Тоғызыншы, белгі жетпей қалғандықтан,таңбаны теріс салып, содан бағаналы – “терістаңбалы” атанып кетті. Кетбұқа – терістаңбалы найманның ноқта ағасы. Оның еншісі тоғыз ұлға ортақ” [8], — деп қоғамның келбетін көрсеткен. Ал 1925 жылы М.Тынышбаевтың “Кетбұқа- аңыз бойынша көне замандағы қазақтың ең ұлы абызы, сиынатын пірі, бақсылар осы күнге дейіноның атын атап, аруағын шақырады”- деген [9] пікірі оның түркі жұртындағы беделін ағартады. Ғалым В.Т.Тизенгаузеннің “Сборник материалов относящихся к истории Золотой Орды. Извлечения из персидских источников” атты еңбегінде Шыңғыс хан мен Ұлы Жыршының арасындағы сұхбатты Тарақты Ақселеу аударған еді. Ұлы қаған мен Ұлы Жыршының сөз қағысуы былай өрбіген:
Теңіз бастан былғанды,
Кім тұндырар, а ханым?
Терек түптеп жығылды,
Кім тұрғызар, а ханым?
Жыршының сөзіне Шыңғыс хан түркі тілінде жауап берді:
Теңіз бастан былғанса,
Тұндырар ұлым Жошы дүр
Терек түптеп жығылса,
Тұрғызар ұлым Жошы дүр…
Ұлы Жыршы сөз бастағаннан-ақ көзінің жасына ие бола алмаса керек. Сонда Шыңғыс хан былай деп түркі тілінде жыр айтады:
Көзін жасың жүгіртед
Көңілің тұлды болмай ма?
Жырың көңіл уүркітед,
Жошы өлді болмай ма?
Шыңғыс ханға жауап ретінде Жыршы түркі тілінде жыр айтады:
Сөйлемеске еркім жоқ ,
Сен сөйледің, а ханым!
Өз жарлығың өзіне жау,
Не ойладың, а ханым!
Сонда Шыңғыс хан былай деп түркі тілінде жыр айтады:
Құлынын алған құлындай
Құлынымнан айырылдым!
Айырылысқан аққудай,
Ер ұлымнан айырлдым![8]
Шыңғыс хан осылай деген кезде, бүкіл әмірлер мен нояндар көңіл айту дәстүрі бойынша орындарынан тұрып көрісе бастайды.Жошы хан өлген соң, араға алты ай салып Ұлы қаған 1227 жылдан 1252 жылдарға дейін бүкіл Алтын Орданың ішкі әрі сыртқы саясатына әлеуметтік-экономикалық жағдайына Кетбұқа араласып, оған ноян (“нойон”моңғол тілінен аударғанда князь немесе бек,би ) деген атақ берілді. Ал, ресми билікті Батый хан жүргізді. Кейінгі кезең, 1253 жылы Онон өзенінің жағасында құрылтайға Батый хан Ұлығ би Кетбұқа ноян мен Ұлы империяның тізгінін кімге ұстатып, сыртқы саясаттағы бағыт-бағдарды шешудің жолдарын талқылауға аттанды. Сол құрылтайда Мөңке қарашаңырақтың билігіне қол жеткізіп, Қытайға Құбылай, Палестинаға Құлағу аттанып өз иеліктерін кеңейту қажеттілігі шешілді.Кетбұқа Құлағу ханның әскери кеңесшісі , “штаб бастығы” (Л.Н.Гумилев) боп құрылтайда бекітілді. 1253-1256 жылдары Құлағу Кетбұқаның кеңесі бойынша дайындық жұмыстарын жүргізіп, қытай елінен парсы тарихшысы 1000 әскери инженерлерді алдыртады. Жорыққа дайындық барысында 1254 жылы армян тарихшысы “Жылнамалар” еңбегінің авторы Смбат Спарапеттің жолбасшылығымен Кіші Армения патшасы Гетум Қарақорымға келіп, әскери одақ құруға екіарада жеті түрлі шарт бойынша уағдаласады. Олар мыналар: 1.Барлық халықты шоқындыру. 2. Христиандар мен моңғолдарды татуластыру. 3.Дінбасыларын салықтан құтқару. 4. Христиандардың қасиетті жерін қайтару. 5.Бағдат халифатын құрту. 6.Барлық әскербасылары мұның жарлығын орындау. 7. Мұсылмандар тартып алған армян жерін қайтару [5].
Мөңке ханның армян патшасының шарттарының қайсысн қабылдағаны белгісіз, анығы “әскери одақ” құру жөніндегі ұсынысы толық қанағаттандырылып, армян-грузин жасағын патшаның ағасы Смбат (Гунстабл) Спарапет басқарсын деп шешіледі. Ал қытай әскеріне Гокан қолбасшы басшылық етті. 1256 жылы ақпанда Құлағу хан 150000 әскерімен Әмударияның сол жақ жағалауына өтті.
Мемлекет қайраткері, әмбебап- ғалым “Жылнамалар жинағы ” еңбегінің авторы Рашид ад-Дин
жорықтың 1252-1253 жылдары Кетбұқаның жасағымен бастлағанын меңзеп, мына мәліметтерді баяндайды: Китбука-нойон в месяце джумада-л-ахыре лета650 (VIII 1252) от Менгу-каана отправился в поход с передовой ратью Хулагу хана на крепости еретиков. В начале меяца мухаррама лета 651 (III 1253) он, переправившись через реку, приступил к набегам в области Кухистан. Он завоевал некоторую часть этой области и оттуда с пятью тысячами конных и пеших подступил к Гирдекуху. В месяце раби-ал-авваль 651 года (V1253) он приказал, чтобы вокруг крепости вырыли ров, а вдоль него набросали прочный вал. За этим валом войско оцепило (крепость) кругом. Позади войска возвели еще высокий вал и выры — ликеще очень глубокий ров, дабы войско посрединеоставалось в безопасности, а (враги) не могли бы сообщаться на сторону. (Китбука) оставил там Бури, (а сам) пошел к крепости Михрин, осадил (ее) и расставил камнеметы. 8 числа месяца джумада-л-ахыре того же года он подошел к Шахдизу, многих перебил и повернул обратно. Меркитай с дружиною отправился в области Тарум и Рудбар, произвел опустошения, а оттуда подступил к Мансурийе и Улухнишину и восемнадцать дней учинял резню. 9 числа месяца шавваля лета 651 (2 XII 1253) из Гирдекуха произвели ночную вылазку, прорвали кольцо оцепления и перебили сто человек монголов. Эмир Бури, который был их предводителем, умер. Китбука – нойон снова сделал набег на Кухистан , угнал стада Туна, Туршиз и Зиркуха и, произведя резню и грабеж, увел пленных. 10 числа месяца джумада-л-уля упомянутого года заняли Тун и Туршиз, а в начале месяца рамазана Диз-и Михрин и 27числа месяца рамазана Диз-и Кемали [4]. Бұл деректерді жорықты жүргізудің стратегиясы деп ұққан жөн.
Тарихи деректер, моңғол қолбасшылары Байджу Шормаған Елдигидай 1238,1242,1246 жылдары Аббасидтер халифатына (қазіргі Ирак елінің жері) басып кіргендігі айтылады. XXғ.орт. ірі ориенталист Ренэ Гроссенің шығыс елдері жайында француз медивистикасының қорытынды жұмысы “Империя степей” История Центральной Азии монографиясы 1960 жылы Париж қаласында жарық көрді. Осы еңбекте көшпелі халықтардың құрған мемлекеттері мен империялары, ірі қолбасшылары мен ел тізгінін ұстаған қайраткерлер жайында мол мағлұмат бар.
Бағдат шайқасы. 1256 жылы Аламут қамалын соғыссыз алған Құлағу ханның әскері 1257 жылы қарашада Бағдат қаласына шабуыл бастады. Ренэ Гроссе:Армия Байджу достигла Багдада по мосулской дороге с тыла на западном берегу реки Тигр. Лучший командир Гулюгу Найман Китбука (несторианец),вел дороги к аббасидской столице. 22 января монгольские генералы Байджу, Бука Тимур и Сугуняк или Сунджак передвинулись для занятия позиций в пригороде к западу от реки Тигр, в то время как с другой стороны Гулюгу и Китбука двигались вперед с целью окружения[7] 29 қаңтарда қытай инженерлері қаланы қоршап қатапультпен қиратқыш қарулардың құрылысын бастайды. 5 ақпанда Құлағудың қытай, армян, грузин, парсы, түркі моңғол, француздардан құралған одақтас әскері қаланың бір жақ қабырғасын құлатып 10ақпанда Бағдад қаласы тізе бүгіп, 13 ақпанда Құлағу әскері қалаға басып кіреді. Ренэ Гроссе: “Для восточных христиан захват Багдада монголами казался подобно божественному дару. Большая армия монголов отправилась в поход из Азербайджана в Сирию в сентябре 1256 года.Ноян Китбука несторианский найман прославившийся во время осады Багдада, ушел с передовыми отрядами войск. Дамаск покинутый своими защитниками, сдался сразу, 1марта 1260 года Китбука прибыл в город с монгольским оккупационным корпусом в сопровождении короля Армении и БогемундаVI. Администрация Дамаска была поручена моенгольскому губернатору, которому помогали три пер-сидских секретаря. Цитадель который оказал сопротивление сдался 6 апреля и по приказу Гулюгу Китбука своими руками обезглавил его губернатора. В течение последующих трех недель Китбука завершил завоевание мусульманской Сирии” [7].
Құлағудың жорықтарын үнемі жеңіспен аяқтап отырған Кетбұқаның соғысты жүргізу шеберлігі, Мөңке ханның кездейсоқ өлімі болмағанда сәтті шешілуі әбден мүмкін еді.Осы бір жайсыз хабар Құлағу ханның Иранға қайтуына негіз боп, Сирия мен Палестинаға өз өкілі етіп, Кетбұқаны бекітеді. Міне, осы тұста тарихтың шығырданы шыр айналып оқиғалардың барлығы олардың қарсылыстарының пайдасына шешіле бастайды. Құлағу Иранға аттанарында парсы тарихшысы Рашид-ад-диннің мәлімдеуінше мамлюктердің сұлтаны Құтызға Каирге елшілік жіберіп бағынуы жайында шарттар ұсынған, жауап орнына Құтыз Бейбарыстың ақылымен елшілерді өлтіріп, соғысқа дайындалуды бұйырады.
Моңғолдардың одақтастары Палестина христиандары келісімді бұзып мамлюктерге көмекке келді. Ал Сидонның графы Жюльен Гренье еш себепсіз, әрі ескертусіз моңғолдардың күзетшілер жасағына шабуыл жасап, біраз жауынгерін өлтіреді. Р.Груссе оны “ ауыр денелі, жел басты” еді деп ісіне баға берді. Сидон тұрғындары мол олжаны бөлісіп үлгермей жатып-ақ қала қамалын моңғол әскерін қоршап алды. Сэр Жюлбен франктерге тән қайсарлықпен қаланы қорғаған. Моңғолдар қамалдың қабырғасын құлатқанда, кемеге мініп қашқан еді. Осы ісі үшін қайын атасы, армян патшасы Гетум I: “Менің күйеу баламды ағашы ұзын, тұзағы қысқа дар ағашына асып қою керек еді”,-деді. Кетбұқа Сидонды басып алып қамалдың қабырғаларын жермен жексен етті. Ойда болмаған екінші бір қиыншылық Грузияда туды. Елді басқарған Давид Нарин және Ұлы Давид ( кіші және үлкен) бүлік шығарды. Шығыстанушы Л.Гумилев: “Моңғолдар грузиндерді өздерінің табиғи одақтастары деп есептеді, сондықтан оларды өздерін басқарудан айырған жоқ. Ұлы Давид моңғол князінің қызына үйленген болатын. Грузиядан тек алым-салығын төлеп отыру (моңғолдардың өздері де жан басынан салық төлейтін) және Грузияның ежелгі жауы мұсылмандарға қарсы соғысқа қатысу ғана талап етілетін. Міне, енді 1259 жылы грузиндер көтеріліске шықты.
Олар мұны тереңірек ойластырмай істеді. Әуелі Давид көтерілді, бірақ табысқа жете алмай елін жауға құрбандыққа тастап, таудағы имеретиндік қорғандарға қашып кетті. Сонан соң Ұлы Давид көтеріліп, жеңіліске ұшырады, сөйтіп ол да өзхалқын жаудың зәбіріне қалдырып қашып құтылды. Патшалардың есалаңдығы Грузияны көп қанға бөктірді, ал христиан ісі үшін трагедиялы болды. Өйткені Палестинада әрбір адам тапшы саналған сәтте моңғолдар грузин әскерлеріне арқа сүйеудің орнына, өз резервтерін соларды талқандауға сарп етті”- деген деректерінен [6] саяси үстемдіктің шексіздігі үшін қан төгілгені анық көрінеді.
Айн-Джаулт шайқасы. 1260 жылдың тамыз айының соңында Құтыз мәмлүктер мен оған қосылған еріктілерден тұратын үлкен әскерді бастап Мысырдан шығады. Айн Джалут Палестиндағы Назерет қаласының маңында орналасқан елді мекен. Байсан қаласының солтүстік-батыс жағында он шақырым жерде Джалут өзенінің бойында орналасқан. Осы елді мекенде 1260 жылдың 3 қыркүйегінде мәмлүк әскері мен Кетбұқа ноянның әскері кездеседі. Бейбарыс әскердің сол қанатын, әмір Бахадүр оң қанатын,ал сұлтан ортасын басқарған. Тарихшы Ибн йиастың хабарлауынша, әскер саны қырық мыңға жеткен. Құрамы: мәмлүктер, бедуиндер, курдтар. Кетбұқа әскерінің құрамы: армяндар, грузиндер, моңғолар, наймандар.Әскерінің санын Киракос Гандзакецзи 20мың адам деп [3], Гетум Патмич пен Абуль-Фарадж 10мың деп көрсетеді. Онымен бірге Киликия армяндарының патшасы Гетум I және оның күйеу баласы Антиохия билеушісі Боғмунд болды. 1260жылдың 3 қыркүйегінде таңертең екі әскер шайқас алдында бетпе-бет келді. Моңғол әскерінің алдында ақ боз ат мініп, моңғол әдеті бойынша екі қолына екі қылыш ұстаған қолбасы Кетбұқа ноян шығады. Қарсы жақтан шұбар ат мініп сұлтан Құтыз тұрды. Шайқас моңғолдардың ұранымен басталады. Әл-Макризи “Мұсылмандардың жүрегінде татарлардан үлкен қорқыныш бар еді”, — дейді. Мәмлүктер де дабыл қағып шайқасқа кіруге белгі берді. Солақ екен, Кетбұқа садақшыларының екі тобы жылдам алға шығып, қарсы жаққа оқ жаудырды. Алайда оған қарамастан мәмлүк әскері сұлтан Құтыздың бастауымен қоян-қолтық соғысуға алға лап қойды. Қиян-кескі шайқас басталып кетеді. Екі жақта жанқиярлықпен шайқасты.Кетбұқа әскерінің берген соққысынан мәмлүк әскерінің оң қанаты артқа шегіне бастайды. Сол кезде Құтыз мәмлүк әскерінің ерауылын да артқа шегіндіреді, моңғолдар мәмлүктер қашты деп алға ұмтылады. Бейбарыс бастаған сол қанат тіресіп тұрып алады. Жау шегінді деп ойлаған моңғолдар Бейбарыс бастаған қанатты қоршауға ала бастайды. Екі жақтан да көптеген шығын болады. Моңғол әскері екіге бөлінеді. Мұсылман тарихшыларының айтуынша, сұлтан Құтыз дулығасын лақтырып тастап, “уассалама” деген ұранмен мәмлүктерді қарсы шабуылға бастап, шегініп бара жатқан әскерінің оң қанатын бірте-бірте жандандырып, моңғол әскерінің орта тұсы мен сол қанатын ығыстыра бастайды. Әмір Бахдүр бастаған мәмлүк атты әскері жағының сол қанатын орайды. Кескілескен ұрыстан соң Құтыз мәмлүктері сол қанаты мен орта арасын бөліп, сол қанатын толық қоршауға алып күйрете соққы береді. Мәмлүктер моңғолдарды Алеппоға дейін өкшелеп қуады. Тарихшы һанаданидің жазуынша Кетбұқа қолға түсіп, сұлтан Құтыздың алдына әкелінеді. Билеушінің бұйрығымен басы алынып, Каир қақпаларының біріне ілінеді. Тарихшы Кутбуддин әл Юнин: “Татарлар Баалбекті құрсауға алғанда Кетбұқа ноянды көрдім. Жалбыраған ұзын, жұмсақ сақалды, кейде оны құлағына іліп қоятын әдемі қария. Салтанатты, өктем болатын. Құтыз әскерінің оң қанатын тасталқан етті, алайда құдай жеңісті мұсылмандарға береді.Осы шайқаста Кетбұқа ноян қаза тауып, ұлы тұтқынға түседі.”- деп көрсетеді [2].
Түйіндей келсек, Кетбұқа бабамыздың тарихи қызметі моңғолдардың жер бетіндегі дара билікке ұмтылып, “Ұлы империя” құру үшін жүздеген этностарды қыспаққа түсірген тұста түркі жұртының тұтастығын сақтауымен маңызды. Қазіргі кезде баспасөзде, осы бір тағдыры қилы тұлғаның айналасындағы ақтаңдақ пен қайшылыққа толы оқиғалардың тізбегі өз зерттеушілерін күтуде. Сонымен қатар осы тақырыптың негізгі өзегі елдікті сақтаудың мәнінде жатқанын естен шығармағанымыз жөн.