ПОЛИМӘДЕНИЕТТІ ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ҮШТІЛДІЛІКТІҢ РӨЛІ

 

Аманова Айгуль Сериковна,
№74 Ж.Баласағун ат.ЖОМ
орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі
ОҚО, Сарыағаш ауданы

Қазіргі таңда кез-келген мемлекеттің XXI ғасырдағы әлемдік аренадан алатын орны оның интеллектуалды әлеуетімен мамандардың біліктілік және шығармашылық шеберлік деңгейімен сипатталатыны белгілі болып отыр, яғни қоғамның кез келген мүшесінің танымдық деңгейі, кәсіби даярлығы және шығармашылық дамуы мемлекеттің тұтастай дамуына тікелей ықпал ететіні сөзсіз.

Елбасымыз Н.Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын. Олай болса, болашақтың бүгінгіден де жарқын болуына жол ашатын құдіретті күш тек білімде ғана. Ендеше қазіргі заман оқушысы сыни ойлап, өзін-өзі бағалай алатын, алған білімін күнделікті өмірдегі жағдайларға қолдана алатын, бәсекеге қабілетті жан-жақты дамыған тұлға болуға тиіс

Сондықтан оқушыларға қазіргі заманға сәйкес көптілді білім беру мақсатында қазақ тілі мен ағылшын тілі пәндерінің пәнаралық байланысын оқыту процесінде жүйелі жүргізу керек деген тұжырымға келдік. Тіл – көп нәрсенің түйінін шешетін табылмас құрал. Қазақ халқы «жеті түрлі білім біл, жеті жұрттың тілін біл» деп үлкен философиялық ой түйіп, жастарға өшпейтіндей өнеге қалдырған. Тілдің көп нәрсені шешетінін, көп мәселеге арқау болатынын да жақсы білген.

Ел тәуелсіздігінің маңызды нышаны – мемлекеттік тіл. Ол – тәуелсіз ұлттың мәдениеті мен салт-санасының, рухани болмысының тірегі. Тіл арқылы халық өзге халықтардан ерекшеленеді. Тіл – ұлттың өзгеден бөлек даралығын анықтайтын белгі. «Қай ұлт болсын тілі арқылы ғана халықтың өзге туыс және туыс емес халықтардан ерекше болмысы мен табиғи қалпын, өзіндік дәстүрін көрсете алады».

Интеграция – ғылымдардың жақындай отырып байланысуы, ол дифференциация үрдісімен қатар жүреді. Пәнаралық байланыстан басталған интеграциялық үрдіс әлемдік білім кеңістігімен интеграциялануға жол ашады. Пәнаралық байланыстарды іске асыру оқушылардың біртұтас дүниетанымын қалыптастырады. Ол өз кезегіңде білімдерді мәнді, мағыналы және қолдануға болатындай жағдайға жеткізеді. Пәнаралық байланыстар оқушыларға басқа пәндерді оқыған кездегі алған білім мен дағдыны қолдануға көмектеседі.


Бүгінгі таңда үш тілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін қажеттілік. Үш тілде оқыту – заман талабы десек, оның негізгі мақсаты: бірнеше тілді меңгерген, әлеуметтік және кәсіптік бағдарға қабілетті, мәдениетті тұлғаны дамыту және қалыптастыру.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» деген болатын.

Үш тілді білім беруді ендірудің қызметіне мыналар жатады:

білім беру ұйымдарында үш тілді білім беру жобасын кезең-кезеңмен ендіруді ұйымдастыру;

үш тілді білім беру бағдарламасы бойынша оқыту үдерісін жүргізетін оқытушыларға тілді білу деңгейіне қарай үздіксіз тілдік оқу курстарын ұйымдастыру;

«Үш тұғырлы тіл» жобасы бойынша қала, облыс мектепке дейінгі ұйымдары мен мектептері базасында оқытушылар құрамы мен білім алушыларының тәжірибе алмасуын ұйымдастыру;

үш тілді білім беру бағдарламасымен оқитын оқу курстарының тыңдаушыларына оқу үдерісіне алыс және жақын шет ел ғалымдарын, оқытушыларды және өңірде жұмыс істейтін шет елдік компаниялардың мамандарын дәріс оқуға, практикалық сабақ жүргізуге тарту;

оқу жоспарларына қосымша оқу түрі ретінде «Сөйлеу мәдениеті мен мәдениетаралық қатынас» пәнін ендіру;

қосымша оқу курстарының оқулықпен, оқу- әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілуіне талдау жүргізу;

кітапхана қорын осы заманғы көптілді әдебиеттермен (оқу, әдістемелік, ғылыми және т.б) толықтырып отыру;

кітапхананың электронды базасын әдебиеттермен және мультимедиялық материалдармен толықтыру;

шетелдік әріптестермен бірлесе отырып оқулық және оқу-әдістемелік құралдар жазу;

шетел тілінде «Кәсіби қазақ (орыс) тілі», «Кәсіби бағытталған шетел (ағылшын) тілі» пәндерінен біріктірілген оқу бағдарламасын жасау;

үш тілді білім беру бағдарламасы бойынша пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін даярлау. Үш тілде оқыту – заман талабы десек одан күтілетін нәтижеміз қандай болмақ:

Үш тілді енгізу негізінде полимәдениетті тұлға, бәсекеге қабілетті маман даярланады; Президентіміз айтқандай әлемде Қазақстан үш тілді де еркін, әрі ерікті қолданатын жоғары білімді ел ретінде танылады;

Ағылшын тілін меңгерту арқылы –халықаралық қатынастың, ғылым мен техниканың, бизнес пен журналистиканың барлық салаларында емін-еркін жұмыс жасай алатын ұрпақ даярланып, тәрбиеленеді.

Көптілді білім беру дегеніміз — оқу үрдісі барысында екі не одан да көп тілде меңгерту. Мемлекетіміздің мектеп реформасында қаралған үш тілде оқыту – қазіргі заман қажеттілігі. Осы мақсатта қазақ, орыс, ағылшын тілдері ұлтына қарамастан тең дәрежеде асырылады.

Бүгінде оқушыларымыз үш тілде еркін сөйлеп, әр түрлі сайыстарды үш тілде өткізе алатын деңгейге жетуі, сол жас ұрпақтың өз болмысын тануға ұмтылысына көмектесіп, тереңде жатқан талап-тілегін, қабілеттерін дамыту болып отыр, сол арқылы оған толыққанды өмір сүру үшін рухани күш беру – бүгінгі мұғалімнің басты мақсаты. Бұл мақсаттың орындалуы үшін оқыту мазмұнының жаңартылуы, әдіс-тәсілдің озығы өмірге келуі, ол тәсілдер әрбір оқушының қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, шығармашылығын, талантын ұштайтын болып ұйымдастырылуы қажет.

Осыған орай түрлі пәндерді ағылшын тілінде жүргізу арқылы үш тілді оқыту бағдарламасы іске асырылады. Пәндерді ағылшын тілінде оқыту оқушылардың сөздік қорын кеңейте отырып, жаңалық ашуға, әртүрлі бақылаулар, тәжірибелер жүргізуге құлшындырады. Қарапайым көрсетулер оқушыны өз бетімен ізденуге, танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамытуға бағыттайды. Сонымен қатар, алған білімі өмірге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгерілуі қажет екендігі оқушы санасына сіңіріледі. Ең бастысы оқушының ағылшын тілін меңгерудегі сөздік қоры толығады, сөйлеу дағдысы қалыптасады.

Сабақ барысында қосымша берілетін терминдер сөздігі оқушының сөз қорын қалыптастыруда өз көмегін тигізеді деген сенімдеміз.

Дарынды оқушыға қажет білімді тек өзгертуге ыңғайлы, иілмелі әдістер арқылы жүзеге асырауға болатындығы сөзсіз. ХХ ғасырдың басында орыс философы В.В.Розанов «дарынды бала шаршауды білмейді, ойын оятатын, жетілдіретін пән төңірегінде еңбектене береді, еңбектене береді», — деген. Сондықтан да 7-9 сыныптар үшін ағылшын тілін тереңдетіп оқыту, бір немесе бірнеше пәннен жеделдетіп оқыту –дарындылықты тану мен дамытудың тағы бір жолы.

«Қоғам тек таңдаулылардың арқасында адамзатты ілгері жылжытады» деген Вине. Олай болса, көп тілдерді жетік меңгерген шәкірттер – Қазақстан Республикасының жарқын болашағы екендігі сөзсіз.

Қорыта айтқанда, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, күннен күнге қарқынды дамып келе жатқан Қазақстанның көптілді, көпмәдениетті қоғамында, сонымен қатар, басқа елдің азаматтарымен тіл табысып, табысты қарым-қатынаста бола білген адамды толығымен қалыптасқан коммуникативті тұлға ретінде қарастыруға болады. Оқушыдан дәл осындай тұлғаны қалыптастыру – қазіргі білім саласының негізгі міндеттерінің бірі болып саналады.

Осыған орай білім беру жүйесінде оқытушыларға қойылатын басты талаптардың бірі — өмірден өз орнын таңдай алатын, өзара қарым-қатынаста өзін еркін ұстап, кез-келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласынан білімі мен білігін көрсете алатын, өз ойы мен пікірін айта білетін мәдениетті жеке тұлға қалыптастырып, бәсекеге қабілетті маман тәрбиелеу. Көптілді мемлекеттер арасында әлеуметтік-мәдени қатынастар жасай алатын, түрлі елдердің мәдениеті, әдебиеті, тарихымен танысып, қажетін пайдалана отырып, бөтен мәдениеттің ішіне сіңіп кетпей, өзінің елі мен мәдениетін басқаларға таныта алатын, санатты да саналы, көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыру – өмір талабы.

Қолданылған әдебиеттер:

1.«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі №151 Заңы;

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы -2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауы 17 қаңтар 2014 ж.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 ақпандағы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Қазақстан халқына Жолдауы;

2011 жылдың 29 маусымдағы № 110 Президентің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *