МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА ТҰҒЫРЛЫ ҮШ ТІЛДІ МЕҢГЕРУІ

 

 

Астанакулова Лаззат Нурлановна,

Ақмола облысы, Астрахан ауданы,

Петровка ауылы

«Айгөлек» балабақшасының тәрбиешісі

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту мәселесінің өрісі кеңейіп келеді. Балаларға берілетін білім мазмұнын игерту және оларды тұлғалық жағынан үйлесімді қалыптастыру басты бағыттардың бірі ретінде танылып отыр.

Әсіресе мектепалды даярлық тобындағы балаларды оқу іс-әрекетін меңгеруге даярлау ерекше мәнге ие болып отыр.

Елбасы 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы ассамблеясының XII құрылтайында «Үш тұғырлы тіл» туралы идеяны жария етті. Ал 2008 Жолдауында “Тілдердің үш тұғырлылығы” атты мәдени жобаны кезең-кезеңмен іске асыруды ұсынды. Бұл идеяның негізі мынадай:Осы жобаны түсіндіруде және іске асыруда түрлі жансақтықтарға жол беріп алып жатамыз. «Үш тұғырлы тіл» — қазақ, орыс, ағылшын тілдерін қатар қойып, жарыстыру емес. Керісінше, бұл әр тілді өзіне лайықты орнымен қажетіне қарай лайықты пайдалану деген сөз. Мұнда мемлекеттік тілдің орны тіпті бөлек. Оған ешкімнің таласы жоқ. Осы жерде Қадір Мырза-Әлінің «Өзге тілдің бәрін біл өз тіліңді құрметте» деген мақалды айта кетсем артық айтқаным болмасы анық.

Қазақстанды бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек. Олар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қарым-қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономиканы ойдағыдай түсіну тілі. Дәлірек айтқанда, үштұғырлы тіл идеясын мынадай әрі қарапайым, әрі түсінікті формуламен көрсетуге болады: мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз және ағылшын тілін үйренеміз.

Ағылшын тілінің қажеттілігі әлемге тән қажеттілік, бүгінгі күн талабы.Ал орыс тілін жақсы білу-біздің байлығымыз десе, қазақ тілін білу ол біздің басты мәртебеміз, мақтанымыз.

Осы мәселе бойынша мектепалды даярлық топтарын алатын болсақ, яғни мектеп табалдырығын жаңа аттап отырған балалардың өз тілін білсе дағы орыс және ағылшын тілдері азда болсада қиындық тудыратыны анық. Солай бола тұрсадағы бүлдіршіндерімізге үйретеуден бас тартпасымыз анық. Керсінше, Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім кеңістігіне үйлестіруге мейлінше ұмтылуымыз қажет. Себебі елбасымыз айтқандай «Ел болашағы-білімді жастардың қолында» деген сөзінде білімділер ғана мақсатына жете алатынын көздеген. Ендеше еліміздің болашағын қалайтын, осы өсіп келе жатқан азаматтар мен азаматшалар. Сол себепті мемлекетіміз үш тұғырлы тіл саясатын ұсынып отыр.Бұл бір жағынан дамыған елдердің талабы болса, екінші жағынан жастардың білімін арттыру керек екенін көрсетеді. Сондықтан мен балабақшадан бастап үш тілді үйреткенін жөн санаймын.Бала кішкентай кезінен бастап алғыр болады. Сондықтан не де болсада баланың білімді тез әрі жылдам түсінетін уақытында білім алғаны дұрыс деп санаймын.

ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытпен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышыны болып табылады. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлынғыр болмайды дегендей, жас ұрпаққа саналы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру бүгінгі күннің талабы. Еліміздің басқа мемлекеттермен қарым-қатынас артып отырған шақта ағылшын тілін еркін менгерген, келешек білімін түрлі саладағы қарым-қатынас жағдайында пайдалана алатын адамды балабақша қабырғасынан оқытып шығару- біздің қазіргі кездегі міндетіміз.

Мектепке дейінгі мекемелерде мемлекеттік тілді үйренумен қатар шет тілдерін үйренулеріне барлық жағдай жасалынып отыр. Мектепке дейінгі мекемелерде үштілділікті үйрету кіші топтан басталады. Тілді дамыту жүйесі кешенді жүргізіледі, сондықтан баланың санасында адамзат тілдерінің әр алуандығы туралы түсінікті және оларға деген құрмет сезімін дұрыс қалыптастыру керек. Мектепке дейінгі білім беруге үштілділікті енгізу, мұның арқасында, тілдерді меңгерудің логикалық жүйесін жасай аламыз. Яғни, балабақшада шет тілмен танысса, мектептерде оның негізін меңгеріп, жоғарғы оқу орындарында мамандықтарына сәйкес кәсіптік тілді оқитын болады.

«Айгөлек» балабақшасында мектепалды даярлықтан бастап ағылшын тілі, орыс тілі және де қазақ тілінде оқытылуда. Мұнда біз балабақшада балаларға интерактивтік жолмен балалардың үш тілде меңгеруді қалыптастырып жатырмыз. Астарахан ауданы бойынша балабақшалар арасында «Тұғырлы үш тілім» атты тақпақтар жарысы өтті. Сол жарыстан «Айгөлек»балабақшасының «Ақбота» тобының қыз бала Касенова Мадина «Үш тілде еркін сөйлейді» деген нонимация алып келді. «Айгөлек» балабақшасының ашылуына бес жыл болсада, балабақшамызда үш тіліде жақсы дамып қалыптасты. Осы үш тілдік бағыт бойынша балалардың грамматикалық сөйлеу қабілеттерінмен интерактивтік тақтамен жұмыс қатар жүріп дамытуда. Сонымен қатар балабақшамызда тәрбиешілерге арналған үш тілділік курстар өтіп жатыр.Мұнда біз жаңа иновациялық технологиялар арқылы, тәрбиешілер білімдері мен біліктіліктерін арттырып келеді.

Балабақшамызда барлық мерекелерінде балалар өз алған білімдерін көрсетіп отырады, өлең, тақпақ қана айтып қоймай, ағылшын тілінде ертегілерден үзінді көрсетіп, бір-бірімен диалог жүргізеді. Қазақ тіліне тоқтала кетсем, яғни біздің мемлекеттік тіліміз. Сондықтан өз тілдерін жақсы біледі, анық та нақты айтады, еркін сөйлейде алады және де құрметтейді. Мектепалды даярлықта орыс тілін де оқып үйренуде, алдағы уақытта бұл тілді де өз тіліндей анық және жақсы сөйлей алатынына мен кәміл сенемін. Ағылшын тілін ерте жастан бастап оқытылудың мақсаты- бүлдіршіндердің ағылшын тілінде қарым-қатынас жасай алу негіздерін меңгеруі болып табылады. Ерте жастан ағылшын тілі мен орыс тілін оқыту коммуникативті даму біліктілігін арттырады, бүлдіршіндердің қызғушылығын оятуға мүмкіндік береді, бірден көп тілдерде сөйлеуге мүмкіндік алады.Ал, әлемдік тіл ретінде бейресми түрде орныққан ағылшын тілін меңгеру ұлттың бәсекеге қабілеттілігін шыңдай түседі.

Балабақшада жүргізілетін сан – салалы жұмыстар білім сапасының өсуіне және де тәрбиешілердің шыңдалуына ықпалын тигізеді. Педагогтарды жаңа заман талабына сай жолдармен оқытуға бағытталған әдістемелік жұмыс, олардың білімдерінің жоғарлауына, балалармен жұмыс жүргізу барысында жаңа тәсілдер таңдауға, зерттеу және шығармашылақ потенциалдарын анықтауға мүмкіндік туғызды, ал ең маңыздысы өздігімен кәсіби деңгейлерін жоғарлатып, мамандықтарына деген қызығушылықтарын арттырады. Сонымен қатар инновация тек қана педагогтардың кәсіби шеберліктерін жоғарлату емес, әр педагогтың әлеуметтік және рухани деңгейінің жоғарлағандығын көрсетеді.

Негізгі ұстанымымыз: Қазақстан кеңістігіндегі үштілділік бұл өтпелі кезеңнің талабы болып отыр. Егер осы үштілділік тиімді жұмыс істесін, үштілділік біздің мемлекетіміздің болашағына жұмыс істесін десек, онда үштілділікте басымдылық мемлекеттік тілге берілуі керек. Қалған екі тіл сол мемлекеттік тілмен таласпай, керісінше, сол мемлекеттік тілдің әрі қарай дамуына қызмет етуде құрал ретінде пайдаланылу керек.

Қорыта айтатын болсақ, Қазақстанның тілдер саясындағы басты бағыт-тілдердің үш тұғырлығы тіл. Басымдылық мемлекеттік тілге беріліп отырғаны баршаға белгілі. Ағылшын тілін меңгеруге ден қойылуда. Алайда, Қазақстан жерінде тұратын азаматтардың басын біріктіретін тіл ретінде қазақ тілі көш бастауы керек. Келер ұрпақтың мемлекеттік тілде сөйлеуі заман талап етіп отырған жағдай. Елбасымыз атап көрсеткендей: «Мемлекеттік тілді үйрену балабақшадан басталуы тиіс. Бұл заман талабы». Ұлттық мүддемізді ту еткен, ұлттық дәстүрімізді бойына сіңірген жаңа заманда жаңа біліммен сусындаған алымды да, дарынды ұрпақтармыз көп болсын. Елдің ертеңі өресі биік, дүниетанымы кең, кемел ойлы азаматтарын өсіру үшін бүгінгі ұрпаққа ұлттық рухани қазынаны әлемдік озық ой-пікірімен ұштастырған сапалы білім мен тәрбие берілуі қажет.

Қолданылған әдебиеттер

1.Назарбаев Н.Ә. «Казақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауы, қаңтар 2017ж.

  • Рысбаева Г.К. «Шетел тілін білу –жас ұрпақтың басекесі қабілеттілігінің кепілі», «Мектепке дейінгі шет тілі» журналы 2012жыл

3.Ж.Е. Сманқұлова. Оқытудың интерактивтік әдісі. Алматы,2005жыл

  • Отбасы және балабақша №6 (2014)
  • Өзін-өзі тану №10 (2012)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *